Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зертханалық жұмыстардың жоспары





№1 Зертханалық жұмыс. Минерал түйіршіктерінің сұйықтықтардың және суспензиялардың тығыздығын анықтау

Тапсырма. Қарапайым тез орындалатын әдістермен тәжірибе жүргізу арқылы кендердің және минералдардың, сұйықтардың, суспензиялардың тығыздықтарын анықтайтын әдістермен танысу.

Әдебиет: 1-нег. [10-27], 3-қос. [5-11]

Бақылау сұрақтары:

1. Заттың тығыздығы және үлесті салмағы деген не, олардың өлшем бірліктерін ата?

2. Минерал түйіршіктерінің және сұйықтықтардың тығыздықтарын тез анықтайтын әдістер.

3. Түйіршіктердің, ығыстырып шығарған су көлемі арқылы олардың тығыздықтарын анықтау?

4. Түйіршіктердің тығыздықтарын анықтау үшін неліктен органикалық сұйықтықтарды қолданған дұрыс?

5. Сұйықтардың тығыздықтарын анықтаудағы ареометрдің жұмыс істеу принципі.

№2 Зертханалық жұмыс. Минерал түйіршіктерінің су ішінде ақырғы еркін шөгу жылдамдығын анықтау

Тапсырма. Пішіні дұрыс емес минерал түйіршігінің көлемін шар көлеміне теңестіру арқылы оның диаметрін анықтау.

Әдебиет: 1-нег. [10-12], 3-қос. [11-14]

Бақылау сұрақтары:

1. Түйіршіктердің эквивалентті диаметрі деген не?

2. Бірнеше түйіршіктердің орташа эквивалентті диаметрін қалай анықтауға болады?

3. Жеке кесектің орта диаметрін табу жолдары?

4. Түйіршіктің эквивалентті диаметрі қандай формуламен анықталады?

№3 Зертханалық жұмыс. Минерал түйіршіктерінің су ішінде ақырғы еркін шөгу жылдамдығын анықтау

Тапсырма: Іріліктері және тығыздықтары әр түрлі түйіршіктердің ақырғы шөгу жылдамдықтарына әсер ететін тәуелділікті анықтау

Әдебиет: 3-қос. [14-18]

Бақылау сұрақтары:

1. Еркін және қысылмалы шөгу деген не?

2. Ақырғы шөгу жылдамдығы деген не?

3. Бірқалыпты қозғалу кезінде түйіршіктерге қандай күштер әсер етеді?

4. Бірдей шөгу коэффициенті деген не?

5. Шөгу жылдамдығына түйіршіктердің пішіні қалай әсер етеді?

6. Ақырғы шөгу жылдамдығын қалай есептеп табуға болады?

№4 Зертханалық жұмыс. Минерал түйіршіктерін гидроциклонда сұрыптау

Тапсырма: Гидроциклон құрылысымен танысу. Сұрыптау процесінің негізгі реттеуші факторларымен гидроциклонда зерттеу. Гидроциклонды және көмекші аппараттарды іске қосуды, тоқтатуды игеру.

Әдебиет: 3-қос. [18-27]

Бақылау сұрақтары:

1. Гидроциклонның құрылысы және ол қалай жұмыс істейді?

2. Гидроциклонның қондырғысына не кіреді?

3. Ағызынды және құмдардағы түйіршіктер ірілігі қалай реттеледі?

4. Ағызынды және құмдардағы қатты зат үлестері қалай реттеледі?

№5 Зертханалық жұмыс. Кенді жинағыш столында байыту.

Тапсырма: Жинағыш столының конструкциясымен және минералдардың бөліну процесімен танысу.

Әдебиет: 3-қос. [27-35]

Бақылау сұрақтары:

1. Жинағыш столдың жұмыс істеу принципі

2. Жинағыш столының бөлшектері.

3. Жинағыш столында байытылатын заттың ірілігі?

4. Дека үстінде түйіршіктерге әсер ететін күштер және оларды өзгерту жолдары.

№6 Зертханалық жұмыс. Пайдалы қазбаларды фракциялық талдау.

Тапсырма: Ұсатылған кендердің фракциялық құрамын зерттеу, гравитациялық байыту қисықтарын салу және оларды сынау.

Әдебиет: 3-қос. [27-34]

Бақылау сұрақтары:

1. Фракциялық талдаудың мақсаты

2. Кендерді талдауда қандай тығыздықтағы ерітінділер қолданылады?

3. Гравитация байытулығы немен сипатталады?

4. Байыту қисықтары қалай салынады және қолданылады?

№7 Зертханалық жұмыс. Кенді диафлрагмалық отсадкалау машинасында байыту

Тапсырма: Диафрагмалық отсадкалау машинасының бөлшектерімен, жалпы конструкциясымен танысып, ол арқылы екі минералдар араласын өткізіп, кенді концентратқа және қалдыққа бөлу машинаның эскизін сызу.

Әдебиет: 4-қос. [18-21]

Бақылау сұрақтары:

1. Жасанды төсеніштің атқаратын ролі

2. Жасанды төсеніштің: құрамы, ірілігі, биіктігі

3. Байыту алдында кенді қалай сұрыптау қажет?

4. Отсадкалауда минерал түйіршіктеріне әсер ететін күштер?

2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ, аудиториялық)

Тапсырма Өткізу түрі Әдістемелік ұсыныстар Ұсынылатын әдебиет
  Көмірді гравитациялық байыту тренинг Байыту мақсаты. Көмірлердің сипаттамалары. Көмірлерді елеу және ұсату гравитациялық байыту. Байыту өнімдерін сусыз-дандыру. Техникалық бақылау. 4-қос. [10-14]  
  Қара металдар кендерін гравитациялық байыту. тренинг Қара металдар кендерін гравитациялық байыту (марганец, темір және хром кендері) 2-нег. [100-150]  
  Сирек металдар кендерін және алтынды гравитациялық байыту тренинг Сирек металды және шашыранды кендерді гравитациялық байыту. Кендер өндеу технологиялық схемалары 2-нег. [120-150]  
  Полиметалл кендерін гравитациялық байыту тренинг Полиметалл кендерін алдын-ала гравитациялық байытудың мақсаты. Өндеудің технологиялық схемалары 2-нег. [122-135]  
  Металл емес кендерін гравитациялық байыту тренинг Барит, флюорит және целестин кендерін гравитациялық байыту. Өндеудің технологиялық схемалары 2-нег. [156-165]  
  Ауыр суспензияларды ірі түйіршікте минералдардың гравитациялық байыту технологиясы тренинг Ірі кесекті ұсатылған кендерді ауыр суспензияда гравитациялық байыту. Қолданылатын аппараттармен технологиялар. 1-нег. [130-177]  
  Ауыр суспензияларда майда түйіршікті минералдардың гравитациялық байыту технологиясы тренинг Майда түйіршікті минералды ортадан тепкіш күштерді қолдану арқылы ауыр суспензияларда гравитациялық байыту. Қолданылатын аппараттар мен технологиялар 1-нег. [160-177]  
  Суспензияларды дайындау, регенерациялау. тренинг Суспензияларды дайындау регенерациялау. Регенера-циялауда қолданылатын әдістер мен аппараттар. Суспензиялардың регене-рациялау схемалары 1-нег. [171-177]  
  Фракциялық талдау (металды кендер негізінде) тренинг Бөлінген фракциялар массасы мен олардың сапасы деректері негізінде кесте құрып байыту қисықтарын салу 1-нег. [27-34]  
  Ортаның кедергі күштері тренинг Кедергі күштердің түрлері, олардың пайда болу себебі 1-нег. [36-42]
  Центрифугалардың түрлері тренинг Сүзуші және бастырушы центрифугалар. Олардың жұмыс істеу принциптері 1-нег. [358-362]  
  Ауыр орталы сепараторлар тренинг Ірі кластарды ауыр суспензияда байытуда қолданылатын сепараторлар 1-нег. [137-154]  
  Ауыр орталы сепараторлар тренинг Ұсақ кластарды ауыр суспензияда байытуда қолданылатын сепараторлар   1-нег. [137-154]  
  Пневматикалық байытуда қолданылатын аппараттар тренинг Пневматикалық сепараторлардың конструкциялары. Негізгі жұмыс істеу принциптері   1-нег. [373-381]  
  Гравитациялық байытудың технологиялық схемалары тренинг Гравитациялық байытудағы технологиялық схемалар түрлері 1-нег. [ ]  

СОӨЖ-ді өткізу тақырыбына және мазмұнына байланысты студенттердің ұсыныстарына сай сөз сайысы талқылау және басқада түрлері қолданылады. Аппараттардың конструкциялары қаралғандағы жұмыс істейтін макеттерін барынша пайдалану көзделеді.

 

Date: 2015-05-18; view: 1070; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию