Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Сулы ортада отсадкалау. Отсадкалау машиналары





Гравитациялық байыту процесінің ішінде отсадка ең жиі қолданылатын және ең өнімді процесс.

Отсадка деп әртүрлі минералдар түйіршіктерінің (кесектерінің) тік бағытта жоғары-төмен қозғалатын су не ауа әсерімен тығыздықтарына қарай бөліну процесін атайды. Отсадка процесі отсадкалау машиналарында атқарылады. Бастапқы өңделінетін зат сумен бірге отсадкалау машинасының ішіндегі (камерада) тор бетіне түсіріледі. Камера ішіндегі су (тор астындағы) арнаулы қондырғымен тік бағытта шайқалмалы қозғалысқа келтіріледі. Осыған сәйкес тор бетіндегі зат тығыздығымен ірілігіне қарай қабаттарға бөлінеді. Астыңғы қабаттарда ауыр өнім жинақталады да, ал жоғарғыларда –жеңіл.

Отсадкалау процесінің (сол сияқты барлық байыту процестерінің) негізін түсіну үшін қажетті жай- сол процесте минерал түйіршіктеріне қандай күштер әсер ететінін білу керек. Әр түрлі минералдар түйіршіктерінің бір-бірінен жақсы бөлінуі соларға әсерлерін тигізетін күштердің айырмашылығына байланысты.

Неғұрлым олардың айырмашылығы үлкен болса, соғұрлым минералдар түйіршіктері жақсы бөлінеді. Енді отсадка процесінде қандай күштердің және басқада факторлардың түйіршіктерге тигізетін әсерін таңдайық.

Бірінші күш – салмақ күші. Ол минерал түйіршігінің тығыздығымен көлемі (диаметріне байланысты) және Архимед заңымен анықталатыны белгілі. Екінші күш судың жоғары бағытта қозғалысынан туатын оның көтеру күші. Үшінші күш- бастапқы затпен бірге түсетін судың горизонталь бағытта ағызу күші. Сонда түйіршіктің тор үстінде қозғалу бағыты осы үш күшке тең әсерлі күштің бағытына сай болады.

Жеңіл түйіршіктер (кесектер) төмен шөкпейтін бет (жоғарғы) қабаттарда жиналады да, ал ауырлары төмен бағытта жылжып, астыңғы қабатқа жиналады. Міне, осылай екі қабатқа бөлініп жиналған әртүрлі минералдар түйіршіктерін камерадан үздіксіз шығарып отыру қажет. Жеңіл минерал жиналған үстіңгі қабат отсадкалау машиналарының барлық түрлерінде бастапқы затпен бірге түсетін судың ағызу күшімен камераның екінші басынан асып шығады.

Төменгі қабатта жиналған ауыр минерал түйіршіктері (кесектері) бастапқы заттың ірілігіне байланысты екі түрлі әдіспен камераның түбіне түседі. Егер түйіршік 5 мм-ден артпаса онда олар тордың тесігі арқылы өтеді де, ал одан ірі зат байытылса төменгі қабат тор тесігінен емес, әдейі жасалған үлкен жарықша тесіктен өтіп жиналады. Камера түбіне жиналған зат көбінде шөмішті элеватор арқылы үздіксіз шығарылып отырады.

Төменгі қабатқа жиналып шығатын өнім ауыр фракция, ал үстіңгі қабатқа жиналатын өнім жеңіл фракция деп аталады. Егер кен байытылса ауыр фракция концентрат ретінде алынады. Себебі құрамында бағалы зат бар минералдардың көбінің тығыздығы тау-жыныс минералдарының тығыздығынан артық болады. Егер көмір байытылса жеңіл фракция концентрат ретінде алынады. Себебі көмірдің тығыздығы (1,2-1,4) барлық минералдардың тығыздығынан аз.

Отсадка процесінің (сол сияқты басқада барлық байыту процестерінің) тиімділігі концектратқа шығатын бағалы заттың шығынымен ғана емес, сонымен бірге оған «бөтен» минералдар көп не аз шығуымен анықталады. Отсадканың тиімділігіне бірден-бір әсер ететін фактор - оған түсетін бастапқы заттың (кен не көмір) ірілігі. Әдетте, бастапқы заттың ірілігі артқан сайын процестің тиімділігі өседі. Керісінше- оның ірілігі төмендеген сайын процестің тиімділігі төмендейді. Сондықтан ұсақ зат отсадкаланғанд процестің тиімділігін жоғарлату үшін арнаулы жағдай жасалынады: тордың үстіне тығыздығы бастапқы зат ішіндегі ауыр минералдардың тығыздығынан аз, ал жеңіл минералдың тығыздығынан жоғары арнаулы зат түйіршектері салынады. Ол зат ж а с а н д ы т ө с е н і ш деп аталады. Оның түйіршіктерінің диаметрі тордың тесіктерінің диаметрінен үлкен болуы керек. Енді оның атқаратын ролін қарастырайық. Төсеніш түйіршіктеріне де жоғарыда келтірілген күштер әсер етеді. Соның нәтижесінде төсеніш түйіршіктері тығыздықтарына сәйкес жеке қабат жасайды. Ол қабат ауыр және жеңіл фракциялар жасайтын қабаттардың аралығына орналасады. Соның нәтижесінде жоғарғы қабаттағы (жеңіл фракция) түйіршіктердің төменгі қабатқа өтуі қиындайды да ауыр фракция (концентрат) сапасы артады. Астыңғы қабатқа төсеніш арқылы тек ауыр түйіршіктер ғана өтеді. Жасанды төсеніш ретінде әртүрлі заттар қолданылады.

Олар минералдар, табиғи және жасанды заттар болуы мүмкін. Тек ол заттың тығыздығы байытылатын кен құрамындағы минералдардың тығыздығынан айырықша болса болды.

Ірі кесекті зат байытылғанда жасанды төсеніш қолданылмайды, ол кен кесектерінің өзінен пайда болады. Оның мәнісі мынада. Ірі кесекті кен байытылғанда көпшілік жағдайда бірден даяр концентрат алу мақсаты емес, тек кеннен тау-жыныс минералдарының негізгі массасын бөліп шығару мақсаты қойылады. Ол үшін кен құрамындағы минералдарды бірінен бірін толық ажыратудың қажеті жоқ. Кен тек тау-жыныс минералдарының денінің ажырап босауына мүмкіндік беретін ірілікке дейін ғана ұсатылады. Бұл жағдайда бағалы минералдар толық ажырамай, бірсыпырасы тау-жыныс минералдарымен біртұтас күйде қалады. Демек, процеске түсетін кенде таза тау-жыныс минералдарынан тұратын кесектер, тек бағалы минералдардан тұратын кесектер және әлі де ажарамай тұтасқан күйде қалған кесектерде кездеседі. Ондай кесектердің тығыздығы құрамындағы бағалы (ауыр) минералдың мөлшеріне қарай өзгереді: неғұрлым көп болса соғұрлым кесектің тығыздығы артады және керісінше. Осының нәтижесінде тор үстінде кесектер тығыздығына қарай үш қабатқа жіктеледі. Ең астында ауыр минералдар кесектері, ең үстіне жеңіл минерал кесектері, ал ол екеуінен де тұратын кесектердің тығыздығы екі аралықта болғандықтан олар ортаншы қабатқа орналасып, төсеніш ролін атқарады.

Жоғарыда ұсак кен байытылғанда үстіңгі және астыңғы қабаттардың машинадан үздіксіз қалай шыгарылатыны көрсетіледі. Мұндай жасанды төсеніш еш қайда кетпей үнемі тордың үстінде қалады. Ал ірі кесекті кен байытылғанда ортадағы қабат орнында қалмайды, олда үздіксіз шығарылып отырады. Ол жеке шығарылу үшін көпшілік жағдайда екі не үш камерадан тұратын отсадкалық машиналар қолданылады. Бірінші камерада тек астыңғы қабат бөлініп, жоғарғы қабаттар екінші камераға түседі. Мұнда орта тығыздықты кен кесектері астыңғы қабатқа жиналып, жеңіл кесектер үстіңгі қабатта болып, екі қабат жоғарыда көрсетілгендей (22-сурет, б) түрде бөлінеді.

Сурет -23. Ұсақ (а) және ірі кесекті (б) кенді отсадкалауда

ауыр фракцияның тор астына түсу жолдары

1-камера; 2-тор; 3-сусыздандырушы элеватор

Соның нәтижесінде бастапқы кеннен үш өнім алынады: ауыр фракция (концентрат), жеңіл фракция (қалдық) және орта тығыздықты фракция. Кейінгі фракцияны одан әрі құрамындағы минералдар ажыратылғанша ұсақтау не ұнтақтау қажет. Содан кейін байыту процесіне қайта түседі. Ал ауыр фракция даяр концентрат түрінде алынуы мүмкін. Егер оның сапасы төмен болса (тау жыныс минералдар құрамында көп болып) онда ұсақтап барып қайта байыту қажет.

Бастапқы кеннен үш өнімді бір камералық машиналарды қолданып алуға да болады. Ол үшін мысалы, алдымен кеннен тек ауыр фракция бөлініп, ал орта тығыздықты кесектерді жеңіл фракциямен бірге алады, бұл фракция екінші бір камералы машинада қайта байытылып жеңіл және орта тығыздықты фракцияларға бөлінеді. Не болмаса басында кеннен тек жеңіл фракция жеке бөлініп, ал ауыр фракциямен орта тығыздықты бір өнім түрінде алынады да екінші машинада қайта байытылып өзара белінеді. Бұл вариант өте тиімді. Себебі кенде тау-жыныс минералдар басым болады. Оларды ал дегенде бірден жеңіл фракция түрінде бөліп, қалдық ретінде шығарып тастағанда екінші фракцияның шығымы азаяды. Демек, кейінгі қосымша ұсатуға аз материал түседі. Ол үшін қолданылатын аппараттар саны азаяды, жалпы жұмсалатын шығын көлемі темендейді.

Технологиялық процесті жүргізгенде қойылатын мақсат неғұрлым бағалы затты концентратқа толығырақ бөлу және оның сапасының жоғары болуы, - демек концентратта тау-жыныс минералдарының аз қалуы қажет. Бұл мақсат негізінде концентраттың шығымын реттеу арқылы іске асады. Неғұрлым концентраттың шығымы көп болса, соғұрлым, әрине, бағалы зат көбірек алынады, бірақ оған керексіз минералдарда көбірек шығады, сапа төмендейді және керісінше. Сондықтан концентрат шығымы қандай дәрежеде болуы қажеттігі тәжірибе жүргізу арқылы анықтау керек. Анықталған шығым мөлшерін процес жүргізу кезінде дәл реттеп отыру қажет. Ол мақсат сол процеске әсер ететін барлық факторларды дұрыс реттеу арқылы орындалады. Енді қысқаша соларды талдайық.

Жоғарыда әр түйіршікке (кесекке) үш күш әсер ететіні керсетілді. Бірінші күш - кесектердің салмағы. Неғұрлым кіші және үлкен тығыздықты минералдар кесектерінің салмақтарының арасындағы айырмашылық үлкен болса соғұрлым олар бір бірінен жақсы бөлінетіні сөзсіз. Ол ү шін әртүрлі минералдар кесектерінің диаметрі (яғни көлемі) бірдейлікке жақын болуы қажет. Сонда ғана олардың тығыздықтарының арасындағы айырмашылықтың ролі арта түседі. Осы шартқа қалай жетуге болады? Ол үшін бастапқы белгілі ірілікке дейін ұсатылған кен грохоттар қолдану арқылы әртүрлі ірілік кластарға бөлінеді. Сонда әр класс ішіндегі кесектердің диаметрлерінің арасындағы айырмашылық азая түседі де, олардың массаларының айырмашылығы арта түседі. Демек, ауырлық күші осылай реттеледі. Отсадкалау алдында жүргізілетін грохочение (елеу) процесі кенді байытуға дайындау процесі ретінде жүргізіледі.

Екінші фактор- судың жоғары бағыта қозғалу кезіндегі көтеру күші. Ол күш су қозгалғанда қандай қашықтыққа кетерілуі және бір минутта неше рет сондай қозғалысқа келетінімен анықталады. Осы екі жайдын өзара байланысы бар: неғұрлым үлкен қашықтыққа қозғалса, соғұрлым оның көтерілу жиілігі төмендейді. Көтерілу қашықтығы артқан сайын бұл күш артады, соның нәтижесінде пайда болатын тең әсерлі күштің бағыты горизонталь бағытқа жақындай түседі. Оның өзі астыңғы қабатка негізінен тек ауыр минералдар кесектері өтіп, жеңіл минералдар кесектерінің өтуіне мүмкіншілік азаяды. Қорыта айтсақ: фракцияның шығымы сонымен бірге бағалы зат шығымыда азаяды, бірақ оның сапасы артады және керісінше. Бұл факторды машинадағы арнаулы қондырғы арқылы реттеуге болады.

Үшінші фактор - кенмен бірге түсетін судың ағызу күші. Су шығыны артқан сайын ағызу күші өсіп кесектердің жылжуы қиындайды. Соның нәтижесінде тең әсерлі күштің бағыты горизонталь бағытқа жақындап ауыр фракцияның шығымы, оған бөлінетін бағалы зат шығымы азайып, ал сапасы артады. Егер су шығыны азайтылса онда барлығы керісінше өзгереді. Барлық машиналарда камера ішіне үнемі қосымша су беріліп отырады.

Төртінші фактор - жасанды төсеніш қабатының қалыңдығы. Оның қалыңдығы артқан сайын минерал түйіршіктерінің төменгі бағытта қозғалуына кедергі молаяды. Соның нәтижесінде төменгі қабатқа тек ең ауыр минералдар түйіршіктері ғана өтеді. Яғни, ауыр фракция және бағалы зат шығымы азаяды, ал сапа көтеріледі.

Бесінші фактор - ауыр не жеңіл фракциялардың шығымын олардың камерадан шығу жолдарын өзгерту арқыла көбейту не азайту. Ұсақ кен байытылса, әдетте, фракциялардың шығымы камерадан жеңіл фракция шығатын жерге орнатылған табалдырықтың биіктігін жоғарылату не төмендету арқылы реттеледі. Ол жоғарылатылса тор үстіндегі зат қабатының жалпы қалыңдығы артады. Түйіршіктердің горизонталь бағытта жылжу жылдамдығы азаяды да олардың төменгі қабатка түсуіне мүмкіншілік артады. Соның салдарынан жеңіл фракция шығымы азайып, ал ауыр фракция шығымы молаяды. Жеңіл фракция таза алынады да, ал ауыр фракцияға бағалы зат шығымы артады. Бірақ оның сапасы төмендейді.

Міне, технологиялық процестің көрсеткіштерін бірсыпыра факторларды өзгерту арқылы ретттеуге болады екен. Сондықтан олардың әр қайсысының мәнін жете білу керек. Іс жүзінде олардың бірнешеуін бірақ, не болмаса кейбіреуін ғана өзгерту арылы мақсатқа жетуге болады. Көбінде процесс үстінде үшінші және бесінші факторлар өзгертіледі. Себебі: оларды процесті тоқтатпай-ақ өзгертуге болады.

Отсадкалау машиналарының көп түрі белгілі. Бірақ барлығының жұмыс принципі бірдей. Олардың негізгі айырмашылығы камерадағы су әр қайсысында әртүрлі әдіспен жоғары-төмен қозғалысқа келтіріледі. Осы тұрғыдан олар мынадай типтерге бөлінеді: диафрагмалы, поршенді (қазір олар шығарылмайды), поршенсіз (ауа қысымымен жұмыс істейтіндер), қозғалмалы торлы және қозғалмалы түпті машиналар (24-сурет) Олардың барлыгының негізгі бөлшектері: камера, тор, суды қозғалысқа келтіретін қондырғылар және камера түбінен ауыр фракцияны шығаратын қондырғы. Көп типті машиналардың шығуына себеп болған жай кеннің ірілігін, оның минералдарының тығыздығын және тағы біраз қасиеттерінің ерекшеліктерін барынша ескеру мұқтаждығы болды.

Сурет-24. Отсадкалау машиналарының түрлерінің схемалы көріністері: а-диафрагмалы; б-поршенді; в-поршенсіз ауалы; г-қозғалмалы торлы; д-қозғалмалы түпті.

 

Қазіргі кезде отсадкалау машиналардың 90-нан астам конструкциялық түрлері белгілі. Олардың бір бірінен айырмашылығы келесі жайларға байланысты: тағайындалуына, жетек механизімінің және өнім шығарушы қондырғының жұмыс істеу принципіне, шығарған байыту өнімдердің санына.

Машиналар келесі белгілермен сұрыпталынады:

1. Бөліну орталардың түрімен:

гидравликалық;

пневматикалық;

суспензиялық;

сумен ауа қосындысы.

2. Жетек механизмнің конструкциясымен:

поршенді;

диафрагмалы;

қозғалмалы конустілер;

қозғалмалы торлы;

қалақша жетекті;

гидравликалық пульсаторлы;

поршенсіз (ауалы-золотникті).

3. Шығарылатын өнімнің қозғалу бағытымен:

тік бағытты; теріс бағытты.

4. Байыту өнімдерді шығару әдісімен:

шиберлі шығару;

тор арқылы шығару;

шибермен тор арқылы қиылысты шығару.

5. Сатылар санымен:

бір сатылы (бір камералы); екі сатылы; үш сатылы; көп сатылы.

6. Тағайындалуына қарай:

ірі түйіршікті затты байытуға;

ұсақ түйіршікті затты байытуға;

сұрыпталынбаған затты байытуға;

шламдыларға.

7. Жетекті механизмнің орналасуына қарай:

машина торына көлденең;

ау камерасымен, поршенмен диафрагмамен,

тор астында;

пульсатордың екі тор астында орналасуы;

ау камераларымен тор үстінде орналасуы.

Отсадкалау машиналардағы камералар бір пішінді: жоғары бөлегі төрт бұрышты, ал төменгі жағы тайқы, конус тәріздес.

Диафрагмалы және поршенді машиналарда (ал кейде поршенсіз ауамен істейтін машиналарда да) жоғарғы төрт бұрышты бөлек екі бөлімшеге бөлінеді. Ол үшін камераның ұзын бойына оны тура екіге бөлетін қалқа орнатылған. Оның төменгі шеті тор деңгейінен төменірек орналасқан (1-сурет а, б, в). Тор осы қалқамен камераның қабырғасы арасында орнатылған. Бұл ШИБЕРМЕН ТОР АРҚЫЛЫ ҚИЫЛЫСТЫ ШЫҒАРУ.бөлімшені торлы бөлімше деп атайды. Екінші бөлімшеге диафрагма, не поршень, не ауа түсетін кеңістік орналасады.

Диафрагмалы және поршенді машиналарда суды қозғалысқа келтіру әдісі бірдей. Екеуі де айналмалы валға эксцентрично орналасқан шатун және онымен қосатын шток арқылы тербетілу қозғалысына келтіріледі. Диафрагма жұқа темірден жасалынады. Ол қабырғалармен созылғыш резеңкемен қосылған. Олар төмен түскенде су қысым әсерімен екінші бөлімшеде көтеріледі. Ал жоғары шыққанда су төмен түседі.

Диафрагмалы машиналар (МОД) ұсақ материалға, ал поршенді және басқалары ірі материалға қолданылады. Сондықтан диафрагманың жүріс қашықтыгы өте аз (2-10 мм), бірақ тербелу жылдамдығы жоғары. Диафрагманың жүріс қашықтығы эксцентрицитет өзгерту арқылы реттеледі. Эксцентрицитет деп айналмалы вал өсімен оған орнатылған айналмалы шатун өсінің аралығындағы қашықтықты айтады.

Қазіргі кезде диафрагмалары басқаша орнатылған машиналарда бар. Мысалы ол камераның көлденең қабырғаларына, не екі аралық қабырғаға орналасуы мүмкін (24-сурет).

 

 

Сурет.25. Диафрагмалық машиналарда диафрагманың

тік орналасу түрлері

Қозғалмалы түпті машиналар (3-сурет) шын мәнісінде диафрагмалы машиналардың бір түріне жатады. Оларда диафрагма ролін корпустың конусты түбінің төменгі жартысы атқарады. Конусты түп тік бағытта екіге бөлінген. Түпкі бөлігі жоғарғы бөлігімен резеңке арқылы жалғасқанда төрт бұрышты рамаға орнатылған. Рама оның ортасына орналасқан арнаулы қондырғы арқылы тербету қозғалысына келтіріледі. Раманың бір басы көтерілсе, екінші басы төмен түседі. Рама көтерілгенде конусты түп бірге қозғалып суды жоғары көтереді. Қайта төмен түскенде суда сол бағытта қозғалады, сөйтіп тербеліске келеді. Камера саны алтыға дейін жетеді.

Диафрагмалық отсадкалау машиналары ұсақ сеппелі, яғни байытылу алдында ірілігі 3-5 мм-ге дейін ұсатылатан кендерді (қалайы, вольфрам, алтын, сирек кездесетін металдар кендері және т. б.) байытуға қолданылады.

Ірі кесекті қазбаларды (сеппелік дәрежесіне қарай олар байытылу алдында 5-50 мм-ге дейін, ал көмір болса 100-150 мм-ге дейін ғана ұсатылады) байыту үшін ең жиі қолданылатындар ауа қысымы әсерімен жұмыс істейтін машиналар (ОМШ, ОМ, ОМК және басқалары). Олардың конструкциялары әртүрлі. Негізгі айырмашылықтары - суды жоғары бағытта көтеретін қысыммен түсетін ауаның камераға түсу жолы.

Сурет-26. Қозғалмалы түпті отсадкалау машинасының

схемалық көрінісі.

Кейбірінде ауа 25, в-суретте керсетілгендей бүйірде орналасқан бөлімшеге түседі, ал кейбірінде камера бірғана бөлімнен тұрады да ауа тор астына орналасқан ячейкаларға түседі. Ауа қысымы 15-40 кПа жетеді және арнаулы золотникті қондырғы (пульсатор) аркылы үзілісті түседі. Үзіліс аралығы тәжірибе жүргізілу нәтижесінде анықталады. Золотник ашылып ауа түскенде ол суды қысып жоғары көтереді, ал жабылған кезде қысым атмосфералық шамаға дейін азайып су деңгейі бұрыңғы орнына келеді.

Ауа қысымын жеткілікті және кең шекте өзгертуге болатындығына байланысты бұл машиналар өте өнімді. Кен түсетін тор ауданы 24-32м2 етіп жасалса өнімділік сағатына 1000 тоннаға дейін жетеді. Бұл машиналар кең шекті ірілікке (кен байытылса 5-150мм, ал көмір байытылса 5-150мм) бейімделген. Соның нәтижесінде қазір көптеген қазба байлық түрлерін байытуда қолданылады.

Қозғалмалы торлы машиналарда камерадағы су қозғалмайды, ал тор арнаулы механизммен жоғары-төмен қозғалысқа келтіріледі. Тор төменгі бағытта қозғалғанда түйіршіктер судың көтеруі әсерімен жоғары көтеріледі, ал тор жоғары бағытта қозғалғанда түйіршіктер төмен құлайды. Осы тұрғыдан бұл машиналарды басқалармен салыстырсақ судың түйіршіктерге тигізіу әсерінде еш өзгеріс жоқ.

0тсадкалау машиналарының өнімділігі төмендегідей эмпирикалық формуламен анықталады:

Q=3,6∙H∙B∙ν∙σ∙θ, т/сағат

мұнда Q- өнімділік т/с; Н- тор үстіндегі материал қабатының биіктігі, м; В- машинаның көлденеңі, м; - кесектердің тор үстінде жылжу жылдамдығы, м/с; - кеннің тығыздығы, кг/м3; - тор үстіндегі материалдың қопсу дәрежесі (коэффициент).

Отсадка процесінің технологиялық параметрлері және отсадкалау машиналарының жұмыс режимі.

Отсадкалау процесіне келесі факторлар әсерін тигізеді:

1. Бастапқы затқа тәуелді:

ірілік; гранулометриялық құрам; физика-механикалық қасиеттер (түйіршіктер

пішіні, мықтылық ж.т.б.); өнімділік (үлесті жүктеме).

2. Гидродинамикалық:

су шығымы (тор астындағы, тасымалдауда, жалпы шығын);

қаттылық үлесі (сұйықпен қаттының қатынасы);

судың қысымы; реологиялық қасиеттер (тығыздық, тұтқырлық ж.т.б.).

3. Аэродинамикалық (ауамен істейтін машиналарда):

ауаның шығыны; ауаның қысымы, 1т байытылатын затқа шығындалатын ауа мөлшері; реологиялық қасиеттер.

4. Аэрогидродинамикалық:

отсадка циклы; шайқалу жиілігі; шайқалу амплитудасы.

5. Конструкциялық:

ауыр өнімдерді шығару әдістері;

отсадкалау камерасында шайқалу жасаудың әдісі;

машинадағы сатылар саны; отсадкалау тордың ауданы.

Барлық факторлар процесті шұғыл реттеуші және шұғылсыз реттеуші болып бөлінеді.

Шұғыл емес реттеуші факторларға конструкциялық факторлар жатады: қысымды ауамен судың қысымы; ірілік, бастапқы заттың гранулометриялық және фракциялық құрамдары, оның физика-механикалық қасиеттері. Бұл факторлар машинаның құрылысын өзгерту кезінде немесе бастапқы заттың қасиеттерін өзгертуде орын алады.

Отсадка процесін реттеуде шұғыл реттеуші факторлар қолданылады. Бұл факторлардың әрекеті бір-біріне себепті болады және берілген байыту көрсеткіштеріне жетуге бағытталған. Осы көрсетілген факторлардың кейбіреуіне талдау жүргізейік:

1. Байытылатын заттың ірілігі төмендеген сайын бөліну операциясы да төмендейді. Отсадкалау алдында затты шламсыздандыру қажет, яғни оның құрамынан ірілігі- 0,5(0,2) мм затты айыру керек.

2. Фракциялық құрам отсадкалауға көп әсерін тигізеді. Пайдалы қазбалардың байытылуы неғұрлым қиындау болса, соғұрлым байыту өнімдер фракцияларының бір-бірімен араласып кетуі жоғарылайды.

3. Байытуға берілетін зат түйіршіктерінің мықтылығы төмендеген сайын шламдану өседі, соған сәйкес пайдалы компоненттің жеңіл өнімге жоғалып кетуі жоғарлайды.

4. Жалпақтау пішінді түйіршіктердің көптігі жасанды және табиғи төсеніштің қасиетіне кері әсер етеді, олардың өтімділігі төмендейді.

5. Жүктеме өскен сайын заттың отсадкалау машинасындағы қозғалу жылдамдығы жоғарлайды, сондықтан оның машинада болу уақыты азаяды да бөліну дәлдігі төмендейді.

6. Отсадка процесінің режиміне көп әсер ететін, ол шайқалу саны және ауаның қысымы. Шайқалу санының аздығында ағынның жоғары көтерілу жылдамдығы көбейеді, толқу амплитудасы өседі, төсеніштің максимальды көтерілуі байқалады, төсеніштің қопсу дәрежесі жоғарлайды. Бірақ осы жағдайда отсадкалау процесінің тұрақтылығы төмендейді, шайқалу саны жоғарлаған сайын режимнің тұрақтылығы өседі, ал бірақ төсеніштің қопсуы төмендейді.

7. Ауа қысымы жоғарлаған сайын оған пропорциональді ағынның көтерілу жылдамдығы мен толқу амплитудасы өседі, ағынның кері ағу жылдамдығы және төсеніштің көтерілуі өсе бастайды. Қолайлы шайқалу режимі технологиялық процестің тиімділігін және оның тұрақтылығын оңтайлайды.

8. Процесті реттеу кезінде тор астындағы судың әсері жоғары болады, өйткені сол арқылы төсеніштің қажетті қопсуы тұрақталынады. Тор астындағы су отсадкалау машинасының жұмыс және ауа бөлімдеріндегі гидростатистикалық қысымның өзгеру мөлшерін төмендетуі арқылы ағынның көтерілу жылдамдығын өсіріп, ал төменгісін азайтады. Тасымалдау суымен бірге тор астындағы су затты ағызынды табалдырығына жеткізуге қатысады. Тор астындағы судың шығынымен төсеніштің қопсу дәрежесін жоғары дәлдікпен реттеуге болады. Қопсу дәрежесін алдымен қысымды ауамен реттеп, сонан соң ақырғы реттеу тор астындағы сумен атқарылады. Көмірді отсадкалауда судың жалпы шығыны 3-тен 6м3/т дейін, ал металдық кендерді өңдеуде 5-8м3/т тең. Байытылатын заттың ірілігі іріленген сайын судың шығыны өседі. Тор астындағы судың шығын үлесі жалпы су шығының 80-90%-ын құрайды, ал қалғаны тасымалдауға жұмсалады.

9. Байыту өнімдердің машинадан шығарылу әдісі бөліну тиімділігіне әсерін тигізеді. Шығарушы құралдар машинадан ауыр фракцияны неғұрлым толық шығаруды қамтамасыз ету керек, яғни бастапқы өнімде қанша ауыр фракция болса, соншасы машинадан шығарылуы керек. Ұсақ түйіршікті өнімдердің жасанды төсеніштен шығуы таңдамалы жағдайда атқарылады. Төсеніш тек қана ауыр түйіршіктерді өткізеді де жеңілдерді ұстап қалады, осылай технологиялық процестің тиімділігі асырылады.

Сурет-27. Ауалы қозғалмалы отсадкалау машиналарының принципті сұлбалары:

а-ауалау камерасы бұйірде орналасқан; б-ауалау камерасы екі жақты бұйірде орналасқан; в-қосақты орталық камералы; д-сұғындырмалы тор асты камералы; е-ауалау камерасы тор үстінде екі жақты қозғалысты машиналар.

Бірақ жасанды төсеніш арқылы ауыр фракцияны шығарудың өнімділігі төмен. Сондықтан кейбір жағдайда ауыр фракцияны шығаруда қиылысты әдіс қолданылады, яғни ауыр фракцияның шығарылуы төсенішпен және механикалық шығарғышпен атқарылады. Қиылысты әдіспен шығаруда жасанды төсеніш тордың жұмыс ауданының бір бөлігін ғана алады, ал ауыр фракцияның негізгі үлесі механикалық шығарғышпен шығарылады. Бұл әдіс машинаның жоғары үлесті өнімділігін және бөліну дәлдігін арттырады.

 

Сурет-28. Отсадкалау машиналары ОМ-12(а) және МОБК-8с (б)

а-ауалау камерасы бұйірде орналасқан; б-ауалау камерасы екі жақты бұйірде орналасқан; в-қосақты орталық камералы; д-сұғындырмалы тор асты камералы; е-ауалау камерасы тор үстінде екі жақты қозғалысты машиналар.

Ауа камералары тор астында орналасқан отсадкалау машиналарында заттың тығыздық бойынша бөлінуі жоғары дәрежеде жүргізіледі, тор астынан берілетін сумен ауа шығыны төмендетіледі, шайқалмалы су массасы және құрастырылған конструкцияға әсер ететін динамикалық жүктеме азаяды, отсадкалаудың жұмысшы ауданы және отсадкалау машинасының өнімділігі едәуір өседі (сур. 26). Өйткені осы конструкцияда сумен ауаның қозғалу жылдамдықтарының өрісі машинаның екі бойында біркелкілі болуына байланысты. Осындай машиналар қазіргі байыту фабрикаларында негізінде қолданыс тапқан. Кокстелінетін және энергетикалық негізінде пайдаланатын көмірлерді байытқанда негізінде ОМ түрлі (сур. 27 а); кендкрді байытқанда- МОБ түрлі (сур. 27 б) машиналар қолданылады ОМ-8 отсадкалау машиналары үш сатыдан тұрады. Олардың жалпы тор аудандарының үлесі негізінен 8,12,12 және 24 м2 құрайды, өнімділігі (бастапқы өнім бойынша) 80-120 дан 240-650 т/сағ дейінге жетеді. Байытылатын өнімділігі бос жыныс және екіаралық фракциялардың үлесіне қарай және оларды жеке бөліп алуға қарасты бір немесе екі сатылы машиналар қолданылады. Егерде қажет болатын болса екіаралық өнімді айналмалы жүк ретінде қайтадан бастапқы өнім түрінде машинаға жіберіледі. Айналмалы жүкті алдын- ала ұсатпай немесе қажетті ірілікке дейін ұсатып беруге болады. ОМ түрлі машиналар (сур 27а) табиғи немесе жасанды төсенішті торлармен (1) жұмыс істей алады, торлардың астында доғалы су-ауалы камералар (2) орналасқан, олардың әрбіреуі бір ауалы пульсатормен (3) жалғасқан. Отсадкалау машинасының (4) тордың астынан су беру коллектор (5) арқылы атқарылады. Сатылардың әрбіреуінің шеткі соңына қарай зат шығарылатын камера (6) орнатылған, соңғысы айналмалы (7) және тік орналасқан (8) шиберлермен жабдықталған камераларда, роторлы жүк түсіргіш құрылғылар (9) орнатылған. Ротордың айналу жиелігі автоматты түрде реттеледі және ол төсеніштегі ауыр фракцияның деңгейіне тәуелді боп келеді және оның айналу жиелігі арнаулы датчик (10) арқылы есептеледі. Егерде ауыр фракцияның шығарылуы жасанды төсеніштен ұйымдастырылса, онда шығару үдемелігі автоматты түрде ауа камераларына берілетін ауа мөлшерін реттеумен жүргізіледі. Берілген ауа мөлшерін реттеу арқылы толқу амплитудасын (130 мм дейін) және төсеніштің қопсу дәрежесін технологияға сай өзгертуге болады.

Бос жыныс (порода) және екіаралық фракция машинадан арнаулы оймыш құймаларынан шығарылып, содан сусыздандырушы элеваторлармен керекті жерге жеткізіледі.

ОМ машиналары әртүрлі іріліктегі (0,5-тен 125 мм дейінгі) көмірлерді байытуда жақсы көрсеткіштерді береді. Концентратқа породалық фракциялардың бөлінбей өтіп кеткен мөлшері 0,2-0,5% құрайды; жеңіл фракциялардың қалдықтағы үлесі 0,3-0,5% аспайды. Кендерді байытуда ОПМ-13 және ОПС-13 машиналары кеңінен қолданылады: ұсақ (4 мм-ге дейін), ал екіншісі орташа ұсақты (30 мм-ге деін) заттарды өңдеуде пайдалынылады.

Ірілігі (4-60 мм) заттарды байытуда өнімділігі (70-120 т/сағ) құрайтын МОБК-8 с отсадкалау машиналары шығарылады (сурет 5б). Машина үш жұмысшы камералардан (1) және олардың ішінде орнатылған торлардан (4) тұрады. Камералар бөлімінде біркелкі болып құбырлармен (2) диффузорлар (3) орнатылған, олардың пішіні кесінді конустар болып келеді. Диффузорлар машинаның торымен қабысқан. Диффузорлар табандары тесіктелінген темір бетпен жалғасқан. Тесіктердің диаметрі патрубок диаметрлеріне сәйкес келеді, соңғылары құбырлармен жалғасқан. Қысыммен берілген ауа пульсатор (5) мен патрубоктар (8) арқылы құбырлар аралығына (9) түсіп, ауа камерасын құрайды. Қысымды ауа құбыр аралығындағы су құбырлармен төмен түсіп және көтеріліп соның нәтижесінде тор бетінде тік бағытта шайқалмалы ағын туғызады. Құбыр аралығынан ауа атмосфераға шығарылса, онда судың жүрісі керісінше болады. Тор астындағы су камераларына коллектордан патрубоктар арқылы беріледі.

Кен отсадкалау машинасының торларына көлбеу болып орналасқан науа арқылы беріледі. Ауыр заттар камерадан жырықша (6) арқылы шығарылады. Жеңіл фракция ағызындымен бірге табалдырықтан асып шығады. Ауыр және екіаралық фракциялар машинадан шөмішті сусыздандырушы элеваторлармен шығарылады.

Диафрагмалы отсадкалау машиналары ірілігі 30 мм дейінгі қара және сирек металдар кендерін байытуда кеңінен қолданылады. Ең көп тараған машиналарда диафрагманың тік орналасу түрлеріне байланысты әртүрлі болады, мысалы ОВМ-1 (сур. 6 а) машинасында диафрагма екі аралық қабырғаларда орналасса, ал МОД-4 машинасында (сур 6б) камера қабырғаларының сырт жағында болады.

Сурет-29. Диафрагмалық отсадкалау машиналарының сұлбасы

 

Қозғалмалы түпті машиналар (сур.29 в) шын мәнісінде диафрагмалы МОД-1, МОД-2, МОД-3 және МОД-6 машиналардың бір түріне жатады. Оларда диафрагма ролін корпустың конусты түбінің төменгі жартысы атқарады. Конусты түп тік бағытта екіге бөлінген. Түпкі бөлегі жоғарғы бөлегімен резеңке арқылы жалғасқанда төрт бұрышты рамаға орнатылған. 7-суретте екі камералы машина көрсетілген. Раманың бір баса көтерілсе, екінші басы төмен түседі. Рама көтерілгенде конусты түп бірге қозғалып суды жоғары көтереді. Қайта төмен түскенде суда сол бағытта қозғалады, сөйтіп тербеліске келеді. Бұл машиналарда камера саны алтыға дейін жетеді. Машиналар жалпы ықшамды, конструкциялары қарапайым, жұмысының реттелуі жеңіл және ондағы судың шайқалуы тұрақты боп келеді. Диафрагманың жүріс қашықтығы 3-50 мм құрайды және оның жүрісі эксцентрикті механизммен атқарылады. Диафрагманың жүріс қашықтығы эксцентрицитеті өзгерту арқылы реттеледі. Эксцентрицитет деп айналмалы вал өсімен оған орнатылған айналмлы шатун өсінің аралығындағы қашықтықты айтады.

Сурет -30. Диафрагмалық отсадкалау машина МОД-2.

1-серіппелі рессора; 2-рама-иінағаш; 3-конусты оймыш; 4-цилиндрлі орауыш; 5-торлар; 6-диафрагма; 7-корпус; 8-эксцентрикті механизм; 9- электроқозғалтқыш; 10-коллектор.

 

Диафрагмалы машиналардың өнімділігі шамалы болып келеді (40 т/сағ аспайды), сондықтан олар көбінде өнімділігі төмен фабрикаларда қолданылады.

Пневматикалық отсадкалау машиналарында (ПОМ) кен байыту процесі ауалы ортада жүргізіледі. ПОМ-1 және ПОМ-2А машиналарының тор ауданы 2,6 дан 4,4 м2 дейін, ал өнімділігі 100 т/сағ дейін болады. Бұларда бет ылғалдылығы 4-5 %-дан аспайтын байытылуы жеңілі және орташа ірілігі ұсақ (0,5-13 мм) және орташа (0,5-25 мм) көмірлер байытылады. Жұмыс істеу принципіне қарай, олар сулы ортада жұмыс атқаратын машиналарға ұқсас келеді. Бұл машиналарда (сур. 8) бастапқы зат бункерлерден (2) алдын-ала қопсыту аумағына (24) түседі. Бункер ішінде дірілдеткіш (1) және заттың шығуын реттейтін шибер (25) орнатылған. Заттың қопсуы канал (23) бойымен берілетін ауа арқылы жүргізіледі. Ауа мөлшері дроссель (20) арқылы реттеледі. Қопсудан шыққан зат екі жартылай жұмысшы декаларға келіп түседі. Декалардың беті тесіктелінген (тесіктердің диаметрі 1,2 мм) және олардың ауданы атқаратын роліне қарай келесі өрістерге бөлінген: алдын- ала бөлуші (22), породалық (16), екі аралық (12) және концептратық (10). Өрістер ауданына ауаның біркелкілік берілуі торлардың арнаулы жерлеріне жинақталған фарфор шариктерінің (диаметрі 14 мм) қабаты боп саналады. Ауаның тор аудандарына берілуін реттейтін құрал ретінде жапқыштар (17) қолданылады.

Жартылай декаларға берілетін үзілімді ауа ағыны пульсаторлар (19) арқылы беріледі. Пульсаторлар жартылай декалар өрістерінің астында орналасқан. Машинадағы зат бөлінуіне қарай арнаулы қалталардан (бос жыныс (13), екіаралық (11)) шығарылады. Қалталардың соңында табалдырықтар (5) болады.

Сурет-31. Пневматикалық отсадкалау машинасы ПОМ-2А.

Концентрат өрісінің соңында затты концентрат және екіарлық қабаттарына бөлуге арналған шибер (8) орнатылған. Концентрат шибердің астында орналасқан қалтадан шығарылады. Әр өнімнің өзіне тиісті қалталардан шығарылуы клапанның (14) тербелу жиілігін өзгертумен реттеледі. Қалдықтар және екіаралық өнім клапандардың астында орналасқан шнектер (15) арқылы шығарылып тұрады. Заттың әрбір жартылай декалар бетінде біркелкілігі боп таралуын шарнирлі тіректерге ілінген болатты торлар (7) іске асырады. Торлардың декалар бетінде қозғалуы жетек (21) арқылы орындалады. Машина жоғарғы жағынан зонтпен (6) жабылған, оның астынан шаңдалған ауа сорылады, ал қабырғалары тез ашылатын әйнекті панельдермен (4) қоршалған. Декаларды көруге, тазалауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қоршау панельдерінде герметикалық люктер ескерілген.

Пневматикалық отсадкалаудың кемшілігіне жататыны-бөліну көрсеткіштерінің байытылатын заттың ылғалдылығына және оның байытылуына тәуелділігі, сондай-ақ сулы ортадағы отсадкалауға қарағанда технологиялық тиімділіктің төмендігі. Сондықтан ол тек қана суға тапшы климаты өте қатты аймақтарда қоңыр және оңай байытылатын көмірлерді байытуда қолданылады.

Әдебиет: 1-нег. [181-237]

Бақылау сұрақтары:

1. Отсадкалаудың теориялық негіздері?

2. Отсадкалау процесіне әсер ететін факторлар?

3. Отсадканың қолдану аумағы?

4. Отсадкалау машиналар төсенішінің қасиеті?

5. Отсадкалау машиналарының сұрыпталынуы?

6. Поршенсіз отсадкалау машиналарының конструкциясы?

7. Диафрагмалық отсадкалау машиналарының конструкциясы?

8. Қозғалмалы түпті (конусты) машиналардың конструкциясы?

9. Пневматикалық отсадкалау машинасының конструкциясы?

10. Отсадкалау машиналарының жұмысын реттеу?

 

Date: 2015-05-18; view: 2420; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию