Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Назар аударыңыз!





- Барлық диапазондарда ашық конденсатордың нольге тең сыйымдылығы болады (200pF диапазонында бірнеше pF болу мүмкін).

- Сыйымдылықты 200pF диапазонында өлшеу үшін, сынақталушы ұяларды пайдалану мүмкін болмаған жағдайда тек қана қысқа сынақталушы өткізгіштерді пайдалануға кеңес беріледі. Ұзын сынақталушы өткізгіштер тым үлкен сыйымдылыққа ие болуы мүмкін. Егер сынақталушы өткізгіштердің сыйымдылығы 20pF – дан асса, онда аспапты нольге реттеуге болмайды. Сонымен қатар нольді реттеу бастапқы стадияда жүзеге асса, өткізгіш орналасуының келесі өзгерістері нольдің алғашқы реттеулерін жоққа шығаруы мүмкін.

- Егер өткізгіштің сынақталушы сыйымдылығы аспаптағы нольдік реттеудің шегінен асып кетсе, онда тізбекті өткізгіштердің сыйымдылығының мәніне назар аударады және оны аспаптың соңғы көрсеткіштерінің мәнінен алып тастайды.

- Аккумулятордың қызмет ету уақытын ұзарту үшін өлшеу тоқтаған кезде электрлік қосқышты OFF жағдайына келтіріңіз.

- Өлшеу кезінде конденсаторға өте төмен кернеу беріледі. Аспаптан бөлек тұрған кезінде конденсатордан кернеуге байланысты ешқандай да қауіп болмайды.

11. Өз бетімен өлшеу шегін таңдап алу және өлшеу жүргізу.

12. Өлшеу қателігін есептеп шығару және оны келесі түрдегі кестеге жазып қою керек.

 

1.11-кесте - Өлшеу қателігін есептеу

№ п/п Өлшенетін шама Өлшенуші шаманың мәні Орта мән Орта мәннен ауытқу Х- Орташа-квадраттық ауытқу
           
...          
           

13. Зертханалық жұмысты қорғау

 

Бақылау сұрақтары:

1. Резисторлардың қандай түрлері бар?

2. Резистордың қай түрі аса кең таралған?

3. Резисторлардың негізгі параметрлерін атаңыз.

4. Резисторлардың жылулық және токтық шуларының табиғаты қандай?

5. Резисторларды қысқаша шартты белгілеу қандай элементтерден тұрады?

6. Резисторларды толық шартты белгілеу қандай элементтерден тұрады?

7. Конденсатордың қолдану аймағын айтыңыз.

8. Конденсатордың қандай типтерін білесіз?

9. Конденсатордың номиналды сыйымдылығы деген не және ол қандай нормативті құжаттармен орнатылады?

10. Конденсаторлар қандай рұқсатпен шығарылады?

11. Резисторлардың жылулық және тоқты шуының табиғаты қандай?

12. Конденсаторлардың негізгі сипаттамаларын айтыңыз.

13. Сыйымдылығы электрлі басқарылатын конденсаторлардың қандай типтерін сіз білесіз?

14. Конденсатордың толық шартты белгіленуі қандай элементтерден тұрады?

15. Конденсаторды маркерлеу қалай жүзеге асады?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Гусев В.Г., Гусев Ю.М. Электроника: Учеб. пособие для приборостроит. спец. вузов. – 2-е изд., перераб. и доп.– М.: Высш. шк., 1991. - 622с.: ил.

2. Основы электроники./И.П. Жеребцов. – 5-е изд., перераб. и доп. – Л.: Энергоатомиздат, 1990. - 352с.

3. Электротехника и основы электроники./Т.А. Глазенко, В.А. Прянишников. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. школа, 1996. - 207с.

 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 3].

№2 зертханалық жұмыс «Electronics Workbench сұлба-техникалық модельдеу программасы және оны ұқсас электрондық құрамдарды талдау кезінде қолдану» (1 сағ.)

Жұмыстың мақсаты – Бағдарлама ортасымен танысу. Электрлік сұлба моделін құру принциптерін оқып үйрену.


 

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Зертханалық жұмыстар тақырыптары бойынша теориялық мәліметтерді оқып білу

2. Берілген зертханалық жұмыстағы мағұлматтарды бекіту үшін 1 суретте бейнеленген дыбыстық сигнал беру жабдықты сұлбаны жинау қажет.

3. Келесі бөліктерден тұратын, зертханалық жұмыс бойынша есепті дайындау:

1. Жұмыстың орындлу мақсаты.

2. Орындалған тәжірибелер нәтижесі бойынша қорытындылар.

3. Бақылау сұрақтарына жауап

4. Зертханалық жұмысты қорғау

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сұлбаны өзгеріс енгізгеннен кейін алғашқы күйге қандай команданың көмегімен қайта қалпына келтіруге болады?

2. Word мәтіндік редакторында дайындалған, зертханалық жұмыс бойынша сұлбаның бейнесін қандай команданың көмегімен көшіруге болады?

3. Компоненттің графикалық бейнесін қандай командалар көмегімен өзгертуге болады? (мысалы, айнымалы cыйымдылықты конденсатор)

4. Обьектіні бөлу дегеніміз не? Позициялық белгілеуге компонентті меншіктеу қандай команданың көмегімен жүзеге асады (С1, C2, R1 және т.с.с.) және біртипті компоненттерге позициялы белгілерді меншіктеу кезінде қандай ереже қолданылады?

5. Сұлбада бақылау нүктелері қалай белгіленеді (түйіндер нөмірі), олар не үшін қажет?

6. Таңбалар қаріпін және олардың атрибуттарын қандай амалмен ауыстыруға болады?

7. Бақылау-өлшеуіш аспаптарының параметрлерін беру үшін арналған EWB командасын атаңыз?

8. Қандай амал көмегімен EWB жұмыс терезесіндегі деректерді көшіруге болады?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Электротехника, электроника, электрооборудование: Учебник/Г.А. Фарнасов. – М.: Интермет Инжиниринг, 2000. - 289с.: ил.

2. Прянишников В.А. Электроника. Полный курс лекций: учебное пособие. – 4-е изд. – СПб.:КОРОНА принт, 2004. 414с.: ил.







Date: 2015-05-09; view: 1229; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию