Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жұмысты орындау реті





 

Тапсырма. 4.9-суретке сәйкес сұлбаны құрыңыз және оны қосыңыз.

а) Босау және қанығу режимінде ағын-бастау кернеуі 10В тең болғанда, өрістік транзистордың затвор-ағын кернеуінен ағын тогының және затвор тогының тәуелділігін жазып алыңыз. Алынған ВАС бойынша ағынның бастапқы тогын, бекіту кернеуін (ағынның тогы шамамен 10 мкА болғанда) және сипаттаманың ортаңғы бөлігіндегі ВАС-тың құлауын анықтаңыз.

б) Бекіту кернеуінен 0В; 0,25 және 0,5 тең болатын кернеуде өрістік транзисторлардың шығыстық сипаттамаларын жазып алыңыз.

 

 

4.9-сурет- Өрістік транзистордың ВАС алуға арналған сұлба

в) Алынған мәліметтерді және құрылған ВАС есеп беруге енгізіңіз.

Транзисторды нұсқа нөмеріне сәйкес Electronics Workbench бағдарламасының деректер қорынан таңдап алу керек, 4.1-кестеде транзисторлардың кейбір модельдерімен мысалдар келтірілген.

 

4.1-кесте – Зертханалық жұмысты орындауға арналған мәліметтер

№ нұс. Транзистор № нұс. Транзистор № нұс. Транзистор № нұс. Транзистор
  BF244A   BF246A   J300   BC264B
  BF244B   BF246B   J304   BC264C
  BF245A   BF247B   J308   BC264D
  BF244B   BF256B   J309   BC26A
  BF244C   BF256C   J310   BF410A

 

 

Есеп беру мазмұны

1. Жұмыстың орындалу мақсаты.

2. Тәжірибенің нәтижелері

3. Өлшеу нәтижелері бойынша есептеулер жүргізу

4. Тәжірибе нәтижелері бойынша қорытынды жасау

 

Бақылау сұрақтары:

1 Транзистордың коллектор тоғы неге байланысты?

2 bDC коэффициенті коллектор тоғына тәуелді ме? Егер тәуелді болса, қандай дәрежеде? Сұраққа толық жауап беру керек.

3 Кесіп тастау іс-тәртібінде транзистордың кему тоғы деген не?

4 Коллектор тоғының база тоғынан және коллектор – эмиттер кернеулігінен тәуелділігі туралы шығу сипаттамасы бойынша не айта аласыз?

5 База-эммитерлік өту мен тік бағытта ығыстырылған диод арасындағы айырмашылық туралы кірістік сипаттама бойынша не айта аласыз?

6 Кіру сипаттамасындағы кез келген нүктеде rкір мәні бірдей болады ма?

7. Қандай транзисторлар өрістік деп аталады?

8. Өрістік транзисторлардағы жоғары кірістік кедергі немен түсіндіріледі?

9. Өрістік транзистордың биполярлы транзистордан айырмашылығы қандай?

10. Өрістік транзисторлар қайда қолданылады?

11. Ағындық сипаттамасы бойынша өрістік транзистордың жұмысын сипаттаңыз?

12. Құрастырылған және индуцирленген каналды МДЖ-транзисторлардың жұмысының айырмашылығы неде?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Гусев В.Г., Гусев Ю.М. Электроника: Учеб. пособие для приборостроит. спец. вузов. – 2-е изд., перераб. и доп.– М.: Высш. шк., 1991. - 622с.: ил.

2. Основы электроники./И.П. Жеребцов. – 5-е изд., перераб. и доп. – Л.: Энергоатомиздат, 1990. - 352с.

3. Электротехника, электроника, электрооборудование: Учебник/Г.А. Фарнасов. – М.: Интермет Инжиниринг, 2000. - 289с.: ил.

4. Прянишников В.А. Электроника. Полный курс лекций: учебное пособие. – 4-е изд. – СПб.:КОРОНА принт, 2004. 414с.: ил.

 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 5, 6].

1. Транзисторлардың түрлері.

2. Транзисторлардағы физикалық үрдістер.

3. Бипполярлы транзисторлардың сипаттамалары және жұмыс істеу принципі.

№5 зертханалық жұмыс «Тұрақтандырылмаған қоректендіру көздерін зерттеу» (2 сағ.)

Жұмыстың мақсаты - түзеткіштердің негізгі сұлбаларын, тұрақтандырылмаған қорек көздерін зерттеу.

 

Жұмысты орындау тәртібі:

1) 2- суретке сәйкес сұлбаны жинау.

2) Осциллографтың көмегімен түзеткіштің шығысындағы кернеудің түрін зерттеу.

3) Нұсқаға сәйкес жүктемені түзеткіштің шыға берісіне қосу.

4) Тегістеуші конденсатордың сыйымдылығын 500 мкФ-дан 1000 мкФ дейінгі ауқымда алдын ала беріп, түзеткіштің шығысында жүктеме жоқ болғанда және 1-кесте бойынша берілген жүктеме кезінде шығыстық кернеудің түрін белгілеу.

5) 1-4-тармақтарға сәйкес 2, 3-суреттердегі сұлбалардың шығыстық кернеуін зерттеу.

6) Жүктеменің кедергісін есептік жүктемеден (1-кестеде берілген ток бойынша) 10%-ке тізбектеп ұлғайта отырып, пульсация кернеуінің жүктемеге (10 нүкте) тәуелділігін алу.

7) Кірістік кернеуді номинал кернеуден (5 нүкте) -30%-тен +30% дейін өзгерте отырып, шығыстық кернеу мен пульсация кернеуі шамасының кірістік кернеуден тәуелділігін алу.

Date: 2015-05-09; view: 1297; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию