Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Осымша суреттер
Капиллярлы анализ
Бақылау сұрақтар 1. Дисперстi жүйелерге сипаттама берiңiз. Суспензиялардың, коллоидты жүйелердiң және нағыз ерiтiндiлердiң арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары неден байқалады? 2. Коллоидты жүйелердiң нағыз ерiтiндiлерден қандай әдiстер арқылы айыруға болады? 3. Коллоидты жүйелердiң классификациясын: а) олардың агрегаттық күйi байланыстылығыы; б) олардың ерiткiшке қатысына байланыстылығы; в) ерiткiштiң табиғатына байланыстылығы; 4. Коллоидты жүйелердi алу әдiстерiне қарай оларды қандай 2 негiзгі топқа бөлуге болады? Бұл 2 топтың әдiстерi қандай жағдайда қолданылады? 5. Физикалық және химиялық дисперстлеу әдiсi арқылы коллоидты жүйелердi алу әдiстерiн атаңыз. Мысал келтiрiңiз. 6. Физикалық және химиялық конденсация арқылы коллоидты жүйелердi алу әдiстерiн атаңыз. Мысал келтiрiңiз. 7. Гидролиздеу әдiсi арқылы темiр (III) гидроксидiнiң золiн алу процесiн көрсететiн реакция теңдеуiн жазыңыз құрылысын салыңыз. 8. Золь алу әдiстерiнiң бiреуi 2 қайталап алмасу әдiсi болып келедi. Оның маңызы неде? Реагенттi заттардың әр түрлi концентрацияларында да золь алуға бола ма? 9. Лиофобты зольдердiң мицеллалардың құрылыстары қандай? Сурьма (III) сульфидi золiнiң мицелласының мысалында көрсетiңiз. Нелiктен коллоидты бөлшектiң адсорбционды қабатын ионогендi д.а, ал диффузионды қабатын анионды деп атайды? 10. Диализ дегенiмiз не? Нелiктен ұзақ диализде зольдiң бүлiну жүредi? Диализ өндiрiстiң қай саласында және қандай мақсаттарда қолданылады? 11. Нағыз ерiтiндiлер мен жоғары моллекулалы қосылыстар ерiтiндiлерiнiң арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? 12. Электрокинетикалық қасиеттері? Дзета-потенциалдық (дзета) дегенiмiз қандай факторларға тәуелдi? Дзета – потенциалдың шамасы мен зольдiң тұрақтылығы арасында қандай байланыс бар? 13. Колоидтiң изоэлектролiк күйi дегенiмiз не? Ол қалай анықталады? Изоэлектрлiк күйдегi кез-келген коллоидтың мицелласының құрылысының мысалын келтiрiңiз. 14. Натрий бромидi мен күмiс нитратының сұйытылған ерiтiндiсiмен әрекеттесуiнен алынған күмiс бромидi золінiң мицелла құрылысын, формуласын, жазыңыз. Гранула қандай зарядта бола алады? 15. Күмiс нитраты мен калий йодидiнiң сұйытылған ерiтiндiсiмен әретекттесуiнен алынған күмiс йодидi золі мицелласының формуласын жазыңыз. Бұл жағдайда гранула қалай зарядталады? 16. 20 мл 0,01 Н калий йодидi ерiтiндiсiне 28 мл. 0,005 Н күмiс нитратының ерiтiндiсiн қосу арқылы күмiс йодидiнiң золі алынған. Алынған зольдiң мицелласының формуласын жаз және электрофорез кезiнде күмiс йодидi золiндегі грануланың жылжу бағытын анықтаңыз. 17.Коллоидты жүйелердiң тұрақты факторларын атаңыз 18.Зольдiң кинетикалық және агрегативтi тұрақтылықтары дегенiмiз не? 19.Мына түсiнiктерге анықтама берiңiз: коагуляция, седиментация, жасырынды коагуляция анық коагуляция. 20.Қандай факторлар әсерiнен зольдiң коагуляциясы болады? 21.Критикалық потенциал деген не? Критикалық потенциалдың қандай шамасында зольдiң коагуляциясы ең үлкен мәнге ие болады? 22.Коагуляция табалдырығы деп ненi айтады? 23.Шульц-Гарди ережесiн айтып берiңiз. Мысал келтiрiңiз. 24.Кремний қышқылының гелі қалай түзіледі? 25.Гельдер деп қандай коллоидты жүйелердi атаймыз? Олар қалай классификацияланады? 26.Гельдердi алу әдiстерiн атаңыз. Мысал келтiрiңiз. 27.Қандай құбылыс желатиндеу құбылысы деп аталады? Оған қандай факторлар әсер етедi? 28.Желатиндеу процесiне аниондар қалай әсер етедi? Бұл құбылыс қалай түсiндiрiледi? 29.Макромолекулар теориясының және гельдер құрылысының мицелла теориясының маңызы неде? 30.Гиксотропия құбылысы дегенімiз не? Ол қандай коллоидты жүйелерде байқалады? Қандай жағдайларда? 31.Iсiну құбылысының маңызы неде? Оның қатты заттың сұйықты сiңiруден айырмашылығы қандай? Iсiну жылуы деген не және ол немен сипатталады? 32.Iсiнуге қандай факторлар әсер етедi? Iсiнудiң жануарлар және өсiмдiктер дуниесiнде және техникада маңызы қандай? 33.Синерезис деген не? Мысал келтiрiңіз 34.Мына элетролиттердiң қайсысы желатиннiң iсiнуiн төмендетедi қайсысы арттырады? HCl, NaOH, HSCN, Na2SO4? Бұл электролиттер желатиннiң қатысуына қандай әсер етедi? (застудивание желатина) 35.Эмульсиялар деп қандай дисперстi жүйелердi атайды? Эмульсияны әр түрлi кез-келген сұйықтар түзе ала ма? Олардың классификациясы, практикада қолданылуы. 36.Эмульгаторлар деп қандай заттарды атайды? 37.Эмульсияларды алудың қандай әдiстерін бiлесiздер? 38.Жартылай коллоидты жүйелер деп қандай жүйелердi атайды? Көбіктер деп қандай жүйелердi атайды? 40.Көбiк туғызғыштар деген не? Олардың механизмін түсіндіріңіз
Date: 2015-05-08; view: 1309; Нарушение авторских прав |