Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лабораториялық жұмыс. Жұмыстың мақсаты: Зольдерді тазалау әдістерімен және олардың диффузиялану жылдамдығымен танысу





Зольдерді диализдеу

Жұмыстың мақсаты: Зольдерді тазалау әдістерімен және олардың диффузиялану жылдамдығымен танысу.

Жұмысқа керекті заттар: Диализатор, ультрадиализатор; темір (III) гидроксидінің золі; 0,1 М AgNO3;, берлин лазурының золі; 2% таннин золі, 2% ҒеС13. ерітіндісі; 0,5% крахмал золі; иодтың судағы ерітіндісі; крахмал, 0,1 М ВаС12 ерітіндісі.

Жұмыстың барысы:

1-тәжірибе. Темір (Ш)гидроксиді золін диализдеу. Коллодийден жасалған «қапшыққа» («дорбашық») ыстық темір (III) гидроксиді золін құяды. Золі бар коллодийден жасалған «қапшық» дистилденген суға батып тұруы керек. Біраз уақыттан соң судан бірнеше мл алып, оған AgN03 ерітіндісін қосып сапалык, реакция (анализ) жүргізеді. Сапалык анализды СІ- иондарының суда жоқ екенін көрсеткенше бірнеше рет қайталайды.

2-тәжірибе. Берлин лазуры золін диaлиздеу.

Қоллодийден жасалған «қапшыққа» берлин лазуры золін құяды да, стакандағы суға батырып бекітеді. Бірер уақыттан соң стакандағы судан бірнеше мл алып, оған BaС12 ерітіндісін қосады. He байқалады? Суға қандай иондар өтті? Стакандағы судың түсі өзгерді ме?

3 - тәжірибе. Коллодийден жасалған қапшыққа 2% таннин золін құйып, стакандағы 2% ҒеС13 ерітіндісіне батырады. 20—30 мин өткен соң қандай өзгерістер байкалады? Оны қалай түсіндіруге болады?

4–тәжірибе. Коллодийден жасалған «қапшыққа» 0,5% крахмал ерітіндісін құйып, стакандағы иод ерітіндісіне батырады; 20—30 минуттан соң ерітінділерде қандай өзгерістер байқалады? Оларды қалай түсіндіруге болады.

5 - тәжірибе. Ультрадиализаторда әуелі темір (III) гидроксиді золін диализдейді. Ерітіндіде (фильтрат) хлор-иондарының болатындығын сапалық-реакция жүргізіп дәлелдейді. Онан соң фарфор сүзгішіндегі коллодий беткі қабатымен (пленкамен) қапталған сүзгіш қағазын жай таза сүзгіш қағазымен алмастырып, Ғе(ОН)з золін құяды. Бірінші жағдай мен екінші жағдайдағы диализдеу жылдамдығы қандай? Оны қалай тусіндіруге болады. Коллойдты бөлшектер неліктен таза сүзгіш қағазынан оңай өтеді?

 

Бақылау сұрақтары

1. Коллоидты ерітінділерді қалай тазалайды?

2. Диализ, электрдиализ және ультрадиализ дегеніміз не?

3. Коллоидтар мен электролиттердің жартылай өткізгіш арқылы диффузиялану жылдамдығы бірдей ме?

4. Коллоидтарды диализдеу арқылы электролиттерден толық тазартуға бола ма?

5. Коллоидты ерітінділерді диализдегенде қандай өзгерістер байкалады?

6. Диализдеу кезінде коллоидты ерітіндінің тазаланғанын диализдің, аяқталғанын қалай біледі?

7. Нитроклетчатка (коллодий) ерітіндісінен мембрананы (жартылай өткізгішті) калай дайындайды?

8. Электрдиализатор, диализатор, ультрадиолизаторлардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіздер.

9. Тәжірибе бойынша қандай өзгерістер болды соны түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыздар.







Date: 2015-05-08; view: 1281; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию