Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лабораториялық жұмыс. БАЗ ерітінділеріндегі мицелла түзілуін зерттеу
БАЗ ерітінділеріндегі мицелла түзілуін зерттеу Жұмыс мақсаты: БАЗ ерітінділеріндегі мицелла түзілуінің шекті таралымын әр түрлі әдістермен анықтау. 1-нұсқа. БАЗ ерітінділеріндегі МТШТ кондуктометриялық әдіспен анықтау. Аспаптар мен ыдыстар: Су ерітінділерінің электр өткізгіштігін өлшеуге арналған асап, мысалы, айналымы токтың Р-577 көпірі, платиналы электроды болатын кондуктометриялық ұяшық, сыйымдылығы 100 мл өлшеуіш ыдыс-колбалар, сыйымдылығы 25 мл тамызғыштар-пипеткалар. Реактивтер: ионогенді БАЗ ерітндісі, айталық натрий олеаты; 0,02М КСІ ерітндісі. Жұмыс реті: әуелі алдын ала кондуктометриялық тұрақтысын анықтайды. Ол үшін таралымы нақтылы өлшенген калий хлориді ерітіндісін ұяшыққа, ондағы электродтар толық енетіндей мөлшерде құяды. Ұяшықты термостатақа салып, онда 4-5 минуттай ұстаған соң, кондуктометрдің түймесіне электродты жалғастырып, электродтар арасындағы ерітінді кедергісін R0 өлшейді. Тұрақты К формула бойынша есептейді: К=ǽ0 ∙R0 (9) Мұндағы ǽ0-тәжірибе кезіндегі температурадағы калий хлориді ертіндісінің меншікті электр өткізгіші. Калий хлориді ерітіндісінң электр өткізгіштігін өлшегенннен кейін ұяшықты таза сумен бірнеше рет шайып, жуады. Мұнан кейін, берілген таралымдағы БАЗ ертіндіндісінен, бірінен кейін бірін екі есе таза сумен сұйылта отырып,таралымы ылғи екі есе кішірейетін, 10 түрлі ерітінді әзірлейді. Ол үшін көлемі 100 мл болатын, берілген БАЗ ерітіндісінен 50 мл өлшеп болып, оған 50 мл таза су қосады, сонда ол екі есе сұйылады. Сосын мұның өзінен 50 мл алып, 50 мл таза су қосып, екі есе сұйылтады және осылайша қалғандарын да әзірлейді. БАЗ ерітіндісіндегі гидролизді болдырмау мақсатында, әрбір ерітіндіні, тек оның электр өткізгіштігін тікелей өлшерде ғана әзірлейді. Бұлардың кедергісін жоғарыдағы калий хлориді ерітіндісінікін өлшегендегі тәсіл бойынша өлшейді. Ерітінділердің меншікті ǽ және эквивалентті электр өткізгіштігін λ келесі формулалар бойынша есептейді:
ǽ = К: R және λ = ǽ:С (10)
мұндағы К-кондуктометриялық ұяшықтың тұрақтысы, С - БАЗ ерітінділерінің таралымы.
Тәжірибе кезіндегі өлшенген мәліметтерді кестеге жинақтайды
Мұнан кейін λ = ƒ(√СБАЗ), ǽ = ƒ(√СБАЗ) тәуелділіктердегі сызбаны тұрғызып, ондағы зерттелінетін БАз ерітіндісіндегі МТШТ мәнін табады. ІІ нұсқа. БАЗ ерітінділеріндегі беттік керілу өзгерісі бойынша МТШТ анықтау. Аспаптар мен ыдыстар: беттік керілуді өлшейтін аспап, сыйымдылығы 100 мл өлшеуіш ыдыстар, 25 мл тамызғыштар. Реактивтер: БАз ертіндісі, мысалы, натрий олеаты. Жұмыс реті: бірінші нұсқаудағыдай, берілген таралымдағы зерттелінетін БАЗ ертіндісінен таза сумен бірінен кейін бірі екі есе сұйылта отырып, бірнеше түрін әзірлейді. Мұнда да гидролиз құбылысын болдырмау мақсатымен, әрбір ерітінділердегі рН мәні 10-11 шамасында болғаны жөн. Беттік ерілуді бірінші жұмыста мазмұндалған әдістердің бірімен өлшейді. Алынған мәліметтер бойынша σ=ƒ(InCБАЗ) тәуелділіктегі сызбаны тұрғызып, қисықтағы сыну арқылы МТШТ табады. Мұны оқытушы нұсқауына орай фотометриялық, рефрактометриялық әдістермен анықтауға болады. Бақылау сұрақтары: 1. Қандай дисперстік жүйелерді лиофильділікке жатқызады?Мұндай жүйелерге мысал келтір.Лиофильдегі жүйелердегі дисперстік көрініс-фаза бөлшектерінің құрылуы қалай жүреді? 2. БАЗ жіктелуі. 3. Коллоидты БАз нағыз ерітінділерден айырмашылығы.Мицелла түзілетін шекті таралым деген не? 4. МТШТ анықтау әдістері.БАЗ ерітінділеріндегі беттік керілу өзгерісі. 5. МТШТ қандай себептер әсер етеді?
Date: 2015-05-08; view: 1046; Нарушение авторских прав |