Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лабораториялық жұмыс. Зольдерді пептизация әдісімен алу және тазалау
Зольдерді пептизация әдісімен алу және тазалау Қажетті заттар: FeCI3-қаныққан ерітіндісі; HCI - 0,1Н; NH4OH-қаныққан ерітіндісі; K4[Fe(CN)6] 20%; AgNO3 –ерітінді; көлемі 100-200 мл 5 колба; 5-10 мл пипетка; сүзу қағазы; таза - дистилді су. Шөгіндіні шаймалау арқылы пиптизацтялау. Темір хлоридінің қаныққан ерітіндісінен алынған бес тамшысына 20 процентті K4[Fe(CN)6] ерітіндісінің бір тамшысын қосып, берлин лазурының шөгіндісін алады да, оны ақырын шыны таяқшаман араластыра отырып, судың едәуір мөлшерін қосып, сұйылтады. Алынған берлин лазурының зольінің түсі жасыл болады. Ондағы шөгіндінің бір бөлігі ерімей қалады. Ол зольді диализ әдісі бойынша тазалауға дейін сақтайды. Тұзсыздану пиптизациясы. Темір хлоридінің қанық ерітіндісіне, аммиакпен әсер еткенде, шөгінді түзіледі. Ол үшін 2мл FeCI3 қаныққан ерітіндісін 40мл таза сумен сұйылтады да, оған толық шөгінді түскенше аммиак қосады. Сосын шөгіндіні таза сумен бірнеше рет шаймалап, суын тамыза, сорғалатып ағыза отырып электролиттен тазалайды. Енді, осылайша алынған шөгіндіні едәуір таза сумен сұйылтып, 1-1,5 сағаттай қайнатады және осы кезде оған 0,1Н HCI ерітіндісін тамшылап қосады. Мұндайда, шөгіндінің бір бөлігі ериді де, екіншісі темір хлоридімен тұрақтанып, темірдің гидролизін түзеді. Алынған зольдерді диализ әдісі арқылы, қоспалардан тазартады. Диализ. Жоғардағы әдістер бойнша алынған зольдердің әрқайсысын целофаннан арнайы әзірленген дорбашаларға салып,оларды ішінде ыстық не қайнап тұрған суы бар стакандарға салады. Әрбір 30 минут өткен сайын, стакандағы судан 5-10 мл суды пипетка арқылы алып, ондағы хлор ионының барын не жоқтығын сапалық реакция көмегімен тексереді. Егер осындай сапалық реакция кезінде сынауға алынған су үлгісі шөгінді берсе, немесе ылайланса, онда ол суда хлор иондарының болғандығын дәлелдейді. Стакандағы суды әрбір сынаудан кейін, хлор ионы болған жағдайда, жаңа таза сумен ауыстыру арқылы, хлор ионынан толық тазалайды. Ондайда келесі үлгіден алынған стакандағы су мөлдір болып, ылайланбайды, ал бұл хлор ионының жоқтығын көрсетеді. Мінеки,осылайша дорбаша тазаланған дорбаша ішіндегі коллоидты жүйелер (зольдер) едәуір тұрақты болады.
Бақылау сұрақтары. 1.Темір және алюминий гидроксидтері мен берлин лазурының қалайша гелдер түзетінін көрсетіп,реакцияларын жазыңдар. 2.жоғарыда келтірілген үш гидролизден түзілетін мицеллалардың пайда болу жүйесін түсіндіріңдер. 3. тәжірибе реакцияларындағы электролиттердің стабилизаторлық (тұрақтандырушылық), ұйытушы және пептизатор ретіндегі орнын көрсетіп,мән-мағынасын түсіндіріңдер.
Date: 2015-05-08; view: 1115; Нарушение авторских прав |