Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






кататониялық ступор

*+реактивті ступор

*депрессивті ступор

*есеңгіреу

*транс жағдайы

 

79. 14 жастағы жасөспірімде үш жыл бұрынғы бас-ми жарақатынан кейін әсіресе сабақ уақытында аса шаршағыштық, оқу материалдарын есте сақтау қиындығы, агрессиялық ұстамалар бақыланды. Бас ауыруына, бас айналуына шағымданады. Ыстықты, транспортты көтере алмайды, бір қызмет түрінен екіншісіне ауысқанда қиындық сезінеді.

Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

*пароксизмальды синдром

*+жарақаттық церебрастения

*жарқаттық энцефалопатия

*жарақаттық деменция

*амнестикалық синдром

 

80. 32 жастағы ер адам, ден саулығына мүлдем шағымы жоқ деуге болады, туысының өлімінен кейін үнемі өлім қорқынышын сезінеді. Өзінің күдіктерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол ойларынан құтыла алмайды. Әртүрлі мамандардың тексеруінен өтті, көптеген инструментальды және лабораторлы зерттеулер жасады, жақындарын жанынан аластатпайды. Зерттеулер нәтижесі аздап сабырға келтіреді, бірақ ұзаққа созылмайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*фобофобия

*канцерофобия

*+танатофобия

*клаустрофобия

*агорофобия

 

81. 32 жастағы ер адам, ден саулығына мүлдем шағымы жоқ деуге болады, туысының өлімінен кейін үнемі өлім қорқынышын сезінеді. Өзінің күдіктерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол ойларынан құтыла алмайды. Әртүрлі мамандардың тексеруінен өтті, көптеген инструментальды және лабораторлы зерттеулер жасады, жақындарын жанынан аластатпайды. Зерттеулер нәтижесі аздап сабырға келтіреді, бірақ ұзаққа созылмайды.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

*фобиялық

*+обсессивті-фобиялық

*жабысқақтық

*истериялық

*невроз тәрізді

 

82. 19 жастағы қыз бала күйеуімен жанжалдасқаннан кейін, туыстарының көз алдында диванға құлады, көздері айналды, артынан қолдарында тоникалық тырысулар пайда болды, олар 5 минутқа созылып, ірі сілтемелі клоникалық тілін тістеусіз тырысуларға ауысты. Еріксіз зәр жіберу бақыланған жоқ. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, конфликтті ситуацияны бейнелейтін жеке сөздерді қайталады. Ұстама кезінде қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған. Ұстама 30 минуттан аса уақытқа созылды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*«самайлық эпилепсия» ұстамасы

*генерализацияланған тырысулық ұстама

*джексондық ұстама

*+истериялық ұстама

*абсанс

 

83. 20 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқас, айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайды өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. өз күйзелістерін ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста.

Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?

*галлюцинаторлы-сандырақтық

*+дисморфоманиялық

*галлюцинаторлы

*вербальды иллюзиялар

*психикалық автоматизм

 

84. 74 жастағы ер адамда эмоциональды лабильділік көрінетін эмоциональды дәрменсіздік. Оның көңіл-күйі үнемі болмашы себептерге байланысты тербелістермен сипатталады. Жасаурағыштық бақыланады, ал көңіл-күйі көтеріңкі болғанда– сентиментальды

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*дисфория

*+рух әлсіздігі

*гипертимия

*эйфория

*амбиваленттілік

 

85. 35 науқас, угарлы газбен уланғаннан кейін, есте сақтау бұзылысы бақыланды. Естен шыққан сәттерді науқас ойдан құрастырылған естеліктермен толықтырады, шын мәнінде болмаған оқиғаларды “есіне алады”.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*ретроградты амнезия

*псевдореминисценция

*+конфабуляция

*конградты амнезия

*криптомнезия

 

86. 37 жастағы ер адамда конфликтті ситуация нәтижесінде қарқынды қозу және вазовегетативті көріністермен, сананың алдымен күрт тарылып, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған іс-әрекет мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональды реакция дамыды. Аталған реакция қозу кезеңінің толық амнезиялануымен, терең ұйқымен аяқталды

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*сананың аментивті бұзылысы

*сананың делириозды бұзылысы

*сананың истериялық бұзылысы

*+сананың қарауытқан бұзылысы

*дисфория жағдайы

 

87. 35 жастағы әйел, сатушы. Бала кезінен күдікшілдікпен, ұяңдықпен ерекшеленген. Тапсырмаларға өте ұқыпты қараған. Ерлермен қарым-қатынастан, әсіресе өзі танымайтын ер адамдардан үнемі алшақ жүруге тырысқан. Жұмысында таныс емес ер адам қолынан ұстап алғаннан кейін ”оның тазалығы жөнінде” күдік пайда болды, таныс емес ер адамдармен таңдаусыз контакттардан кейінгі салдар жөнінде көп оқығандықтан бұл күдігі мерез ауруын жұқтыру қорқынышына ұласты. Өз күйзелістерінің негізсіздігін түсінеді, дегенмен олардан құтылуға күш-жігері жетпейді.

Төмендегі аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?

*+обсессивті-фобиялық

*контрастты жабысқақтықтар

*жабысқақ көз алдына келтірулер

*фобиялық

*психопатия тәрізді

 

88. 27 жастағы науқас, бас-ми жарақатына байланысты емделіп жатыр. Үшінші күнінде кешкі уақытта психикалық жағдайы өзгерді. Үрейшіл, мазасыз, ұйқысы бұзылды. Қоршаған ортаны қате қабылдайды, персоналдарға, емдік процедураларға күдікпен қарады. Артынан уақыт бойынша, қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды бағдарлау бұзылды. Қозған, мазасыз, тоқтамастан бір нәрсені іздейді, ауадан қармайды.

Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?

*галлюцинаторлы қозу

*кататониялық қозу

*реактивті қозу

*аментивті қозу

*+делириозды қозу

 

89. 42 жастағы ер адам төсекте байланыссыз былдырлап жатты, хаотикалы қимылдар жасайды, көрпесін тартқылайды. Қоршаған ортадан ажыраған, сұрақтарға жауап бермейді. Осы күйден шыққаннан кейін ешнәрсе есінде қалмады. Артынан, бірнеше апта деңгейінде әлсіздік, адинамия, есте сақтау бұзылысы бақыланды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*делириозды

*амнестикалық

*кататониялық

*+аментивті

*қарауытқан

 

90. Психопатияларға төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:

 

*көріністердің тотальдылығы

*көріністердің тұрақтылығы

*тұлға қорының дисгармониясы

*әлеуметтік дезадаптация

*+әлеуметтік адаптация

 

91. 16 жастағы боз бала үйінен шығуды қойды, мектепке бармайды, ешнәрсемен айналыспайды, шағымданбайды, өзін науқас деп санамайды. 8 сыныпқа дейін үздік оқыған, тәртіпті болған, ата-анасына жақын. 8 сыныптан бастап себепсіз дөрекіленді, тәртіпке көнбейді, оқуына қызығушылығын жоғалтты, қаңғырады, алкогольді шектен тыс қолданады. Ата-анасына суып кетті, немқұрайды, агрессивті.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*шизоидты психопатия

*тұрақсыз психопатия

*истериялық психопатия

*қозғыш психопатия

*+психопатия тәрізді синдром

 

92. 80 жастағы науқас есте сақтау қабілетінің нашарлауына шағымданып түсті. Ұмытшақ, жақын уақыт аралығында болған оқиғаларды нашар есіне түсіреді. Сонымен қатар өзінің бұрынғы өткенін, соғыс жылдарының оқиғаларын ұсақ-түйегіне дейін жақсы есіне алады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*антероградты амнезия

*фиксациялық амнезия

*антероретроградты амнезия

*+ұдемелі амнезия

*конградты амнезия

 

93. 18 жастағы науқас дәрігермен әңгімелесу кезінде ата-анасына махаббат, жақындық сезінетінін, және сонымен қатар мотивсіз ыза мен жеккөрініш сезімі бар екендігін айтады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*эмоциональды лабильділік

*рух әлсіздігі

*+амбиваленттілік

*дисфория

*амбитенденттілік

 

94. 29 жастағы науқас, бірнеше жыл бұрын бас-ми жарақатын алған, кезеңмен пайда болатын қолдары “ұзарып, еденге дейін түсетін, басы ұлғайып, дәп қазір жарылатындай” сезімге шағымданады. Осы сезімдері өте айқын болуына қарамастан, науқас қолдары мен басының көлемдерінің қалыпты екенін көреді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*деперсонализация

*дереализация

*+дене схемасының бұзылысы

*парэйдолиялар

*псевдогаллюцинацииялар

 

95. 30 жастағы науқас әйел, азпрогредиентті шизофренияға байланысты көп жылдар бойы ем қабылдаған, өзінің өзгергендігі сезіміне шағымданады. Өзін “жоғалтқандай, ақымақтанып, сезім толықтығын жоғалтқандаймын” деп сипаттайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*дереализация

*+деперсонализация

*психосенсорлы бұзылыстар

*сенестопатиялар

*дене схемасының бұзылысы

 

96. Күйеуін жоғалтқан 30 жастағы әйел, оның суретімен сөйлеседі, күйеуінің жүрген қадамдарын, өз жұмысы жөнінде “әңгімелегенін”, жылы сөздер “айтқанын” “естиді”.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*функциональды галлюцинациялар

*+истериялық галлюцинациялар

*комментирлеуші галлюцинациялар

*псевдогаллюцинациялар

*рефлекторлы галлюцинациялар

 

97. 28 жастағы науқас, бірнеше жыл бұрын бас-ми жарақатын алған, соңғы жыл деңгейінде құлағының жанынан “дауыс естиді”, олар оның жасаған істері мен басында пайда болған ойларға қатысты ескертулер жасайды. “Дауыс” кейде оны мақтайды, бірақ жиі “сөгеді”. “Дұрыс ойламайсың, дұрыс жасамайсың” “дейді”. Бұл науқаста тітіркендіру шақырады, ол “дауыспен” сөз таластыруға тырысады, ақталады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*+комментирлеуші галлюцинациялар

*императивті галлюцинациялар

*рефлекторлы галлюцинациялар

*антагонисттік галлюцинациялар

*сахна тәрізді галлюцинациялар

 

98. 20 жасар боз бала ұстама тәрізді, реттілігін жоғалтқан, басының ішіндегі жүйесіз өтіп жатқан ойлар ағынының ауыр жағдайын басынан кешіруде. Бұл сәтте ол әдеттегі жұмысын жалғастыра алмайды, әңгімеге қосыла алмайды. өз күйін толық түсіндіруде қиналады. Ойлары “секіреді, қиылысады, бір-бірімен шатасады” дейді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*шперрунг

*+ментизм

*аутистикалық ойлау

*ойлау жылдамдауы

*символдық ойлау

 

99. 20 жасар боз бала ұстама тәрізді, реттілігін жоғалтқан, басының ішіндегі жүйесіз өтіп жатқан ойлар ағынының ауыр жағдайын басынан кешіруде. Бұл сәтте ол әдеттегі жұмысын жалғастыра алмайды, әңгімеге қосыла алмайды. өз күйін толық түсіндіруде қиналады. Оның ойларын әлдекім «басқарып» тұрғандай сезім болады, оларды біресе жылжып, біресе тоқтауға “мәжбүрлейді”.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*+ойлық автоматизм

*сенсорлы автоматизм

*моторлы автоматизм

*аутистикалық ойлау

*ойлау жылдамдауы

 

100. Науқас 25 жаста, өзінің жанға бататындай өзгергендігін, өз “Мендігін”, “сезімдер толықтығын, өзінің тұтастығын жоғалтуды” сезінеді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*дереализация

*психосенсорлы бұзылыс

*+деперсонализация

*дене схемасының бұзылысы

*сананың ерекше күйі

 

101. 19 жастағы науқас қоршаған әлемнің өзгергендік сезіміне шағымданады. Айнала “шынайылығын жоғалтқан, бөтендік” сезімін тудырады дейді. Барлығы “жасанды, шынайы емес” тәрізді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*психосенсорлы бұзылыс

*+дереализация

*деперсонализация

*сананың ерекше күйі

*метаморфопсия

 

102. ”Психопатия” ауруына төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:

*тұлғаның жан-жақты бұзылыстарының тотальдылығы

*әлеуметтік адаптация бұзылысы

*+әлеуметтік жетістіктер

*психопатологиялық көріністердің тұрақтылығы

*интеллекттің сақталуы

 

103. 23 жастағы студент жүріс-тұрысында оғаштық бақылана бастады. Баяу қимылдайтын болған, созып сөйлейді. Күн бойында бірнеше рет бірнеше секундқа қатып қалады, осындай жағдайда ешнәрсені естімейді, сұрақтарға жауап бермейді. Науқастың өзі бұл бұзылыстарды байқамайды және есінде қалмайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*депрессивті ступор

*кататониялық ступор

*+кіші ұстама

*джексондық ұстама

*қарауытқан жағдай

 

104. 35 жастағы науқас, дәрігер қабылдауында нақты, детальді түрде шағымдарын әңгімелейді. Осы кезде өз ауруының көріністеріндегі маңыздысын ажыратуда қиналады.

Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы болуы мүмкін?

*персеверация

*+байымдылық

*стереотипиялар

*неологизмдер

*резонерлік

105. 35 жастағы әйел, жұмысындағы конфликтен кейін “дауысын жоғалтты». Дәрігер қабылдауында демонстративті, сыбырлап сөйлейді. Тамағындағы спазмдарға байланысты сөйлей алмайтынына, тамақ жұта алмайтынына шағымданады. Әңгімелесу кезінде кезеңмен еңіреп жылайды, көпке дейін сабырға түсе алмайды. Зейіні жұмысындағы жағдайға фиксацияланған, басшылыққа “ауыр ауруға жеткізгендіктері” жөнінде хабарлауларын өтінеді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*неврастения

*реактивті депрессия

*+истериялық невроз

*пуэрилизм

*псевдодеменция

 

106. 67 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулығына аса көңіл бөлетін болды. Үнемі өзінің артериялық қысымын бақылап отырады, тамырларындағы тартылу, қозғалу, шаншу, кернеу тәрізді жағымсыз сезімдерге шағымданып, жиі үйіне дәргер шақыратын болды. Науқас өмірінде өз денсаулығына мазалану басым орын алатын болды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*фобиялық синдром

*сенестопатиялық синдром

*+сенесто-ипохондриялық синдром

*обсессивті синдром

*истериялық синдром

 

107. Екіншілік психопрофилактикаға төменде аталған іс-шаралардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:

*диспансерлік бақылау

*сүйемелдеуші терапия жүргізу

*психикалық ауруды ерте анықтау

*+санитарлық ағарту

*ауру рецидивтерінің профилактикасы

108. Науқас әйел 47 жаста, өзінің соматикалық күйіне эмоциональды түрде шағымданады. Осы кезде науқастың өз дертінің белгілерін субъективті күшейтіп тұрғаны, дәрігердің зейінін өз жағдайына аударуға тырысуы байқалады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?

*+аггравация

*симуляция

*диссимуляция

*анозогнозия

*ипохондрия

 

109. Галлюцинаторлы бұзылыстармен түскен 27 жастағы науқас, жүргізілген емнен кейін, “дауыстардың жоғалғанын” айтты. Дегенмен, науқастың сыртқы бейнесінен кезеңмен үрейшіл, мазасызданып, бірдеңеге құлақ түретіні байқалады. Бірақ дәрігердің сұрағына табанды түрде “дауыстар жоқ” деп жауап береді.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

*анозогнозия

*+диссимуляция

*симуляция

*аггравация

*гипернозогнозия

 

110. Рациональды психотерапия негізінде төменде аталған факторлардың қайсысы болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*науқастың эмоциональды сферасына әсер ету

*+науқастың ойлау қызметіне әсер ету

*науқастың ерік саласына әсер ету

*біріншілік сигналды жүйеге әсер ету

*науқас тұлғасына әсер ету

 

111. Суггестивті психотерапия негізінде төменде аталған факторлардың қайсысы болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*екіншілік сигналды жүйеге әсер ету

*науқас санасына әсер ету

*науқастың ойына әсер ету

*+науқастың эмоциясына әсер ету

*науқастың интеллектіне әсер ету

 

112. Продуктивті (позитивті) психопатологиялық симптоматикаға төменде аталған бұзылыстар тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*галлюцинациялар

*жабысқақтықтар

*+аутизм

*фобиялар

*сандырақ

 

113. Негативті психопатологиялық симптоматикаға төменде аталған бұзылыстар тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*ақыл аздығы (олгофрения)

*ақыл кемістігі

*+каталепсия

*тұлға деңгейінің төмендеуі

*абулия

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
Методические указания для курсантов по подготовке к семинару | Современные психотехнологии в оценке маркетинговых коммуникаций с потребителем

Date: 2015-06-07; view: 371; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию