Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Н-парафиндердің изомерленуі





 

Өнеркәсіпте н-бутанның изомерленуі маңызды орын алады. Бұл реакция 0-100°С аралығындағы температурада және бутан булары идеал газ заңдарына бағынатын қысымда қайтымды; реакцияның тепе-теңдік тұрақтысының температураға тәуелділігі келесі теңдеумен өрнектеледі

RlnKp= 2318/(273+t) – 4,250.

Мұнда Kp – н-бутанның изомерлену реакциясының тепе-теңдік тұрақтысы.

Төмен температуралар изобутан түзілуіне септігін тигізеді. Негізінде реакция сұйық немесе булы фазада 60-120°С температура мен 2 МПа жуық артық қысымда жүргізіледі. Процессті сұйық фазада жүргізгенде негізгі аппарат араластырғышы бар реактор болып табылады, ал катализатор ретінде SbCl3-дағы AlCl3 ерітіндісі қолданылады. Процессті булы фазада жүргізгенде құбырлы реакторлар қолданылады, катализатор – тасымалдағыштағы (Al2O3+AlCl3) платина.

Қазіргі уақытта жеңіл бензиндер мен н-гексан изомерленуі кеңінен қолданылады; алынатын изомерлер жоғарғы октанды бензиндердің компоненттері ретінде қолданылады. Изомерлену төмен температуралы реакция болып табылады: төмен температуралар көп тармақталған изомерлердің түзілуіне әсер етеді. Мұндай көмірсутектердің октан саны біршама жоғары болғандықтан, төмен температуралы режимде изомерлегенде сапасы жақсы бензин алынады.

Н-парафиндердің изомерлену жылдамдығы олардың молекулалық массасы жоғарылағанда бірден өседі. Осылайша, вольфрам сульфиді қатысында 340°С-та изомерлену жылдамдығы құрайды: н-пентан үшін – 1,0; н-гексан үшін – 1,2; н-октан үшін – 4,2. Осыдан, изомерлену процесін талғамды жүргізген дұрыс, яғни бензиннің жеңіл фракциялары үшін – қатал режимде және керісінше.

Алюминий хлориді қатысында изомерлеуді жұмсақ температуралық режимде жүргізеді, бұл –процесстің артықшылығы. Өндірістік процесстің температурасы 90-120°С аралығында. Температураны жоғарылату изомерленуді жылдамдатады, бірақ бір мезгілде крекинг процесінің өтуіне әсер етеді. Мақсатты өнімнің шығымын жоғарылату үшін процессті өзгермеген шикізатты рециркуляциялаумен жүргізеді.

Шет елде «Изомейт» атауына ие болған алғашқы өнекәсіптік изомерлену процесінде катализатор ретінде хлорсутекпен белсендірілген сұйық кешенді қолданған, оның құрамына алюминий хлориді мен көмірсутектер, оның ішінде промоторлаушы олефиндер кірген. Соңғы уақытта дамытылған процессте құрғақ хлорсутекпен белсендірілген сурьманың үш хлоридіндегі алюминий хлориді ерітіндісі катализатор ретінде қолданылады («Бутамер» процесі). Процессті сұйық фазада жүргізу үшін қоғарылатылғын қысым (≈2 МПа) қолданады. Н-пентан мен ауыр көмірсутектерді өңдеуде реакциондық зона арқылы сутектің аздаған мөлшерін циркуляциялау талап етіледі.

Алюминий хлориді қатысында көмірсутектерді изомерлеу реакторы араластырғышы бар аппарат болып табылады, оның ішкі жабыны никльден немесе никельді балқымадан. Шикізаттағы ылғал мөлшері 0,001%-дан аспауы керек.

Реактордағы катализатор мен шикізаттың көлемдік қатынасы 1:1. Көмірсутекті фазаның реакторға келу ұзақтығы 10-15 мин. Катализатордың жоғары белсенділігін қамтамасыз ету үшін оның бір бөлігін шлам түрінде жүйеден периодты жояды және орнын жаңа ерітіндімен толтырады.

Платиналы катализатордағы изомерленудің барлық процесін жүйедегі жоғары қысымда (2-4 МПа) сутекті рециркуляциялап жүргізеді.

Қазіргі уақытта платиналы катализатордағы изомерлену процесінің бірнеше модификациясы бар («Бутамер», «Пенекс», «Пентафайнинг»), олар аппаратурасы және катализаторлық құрамымен ерекшеленеді.


1-суретте изомерлену процесінің кең таралғандарының бір технологиялық схемасы көрсетілген.

 

 

1-сурет. С56 көмірсутектерінің изомерленуінің технологиялық схемасы:

1,8 – ректификациялық колонналар; 2 – циркуляциялық компрессор; 3 – жылу алмастырғыш; 4 – сепаратор; 5 – құбырлы пеш; 6 – изомерлеу реакторы; 7 – тұрақтандырғыш колонна.

 

Қондырғы н-пентанды немесе С56 көмірсутектерінің фракцияларын изомерлеуге арналған. Бастапқы шикізат пентанды фракциямен араласқаннан кейін 1 колоннада бөлінеді, оның жоғарғы жағынан изопентанды концентрат шығады. 1 колоннаның кубты қалдығын сутекпен араластырады және 3 жылу алмастырғыш арқылы 5 құбырлы пешке жібереді. 370-450°С-қа дейін қыздырылған шикізат 6 изомерлеу реакторына келіп түседі. Процесс 0,7-5,0 МПа қысымда платина катализаторы қатысында өтеді. Реакция өнімдері циркуляциялаушы сутек бөлінетін 4 сепаратордан өтіп, 7 тұрақтандырғыш колоннаға түседі. Осы колоннаның жоғарысынан отындық газ ретінде қолданылатын төмен молекулалы көмірсутектер шығарылады, ал кубты қалдық 8 колоннаға түседі. Онда пентанды және изогександы фракциялардың бөлінуі жүзеге асырылады. Н-пентанды осындай схема бойынша өңдеу арқылы изопентан алынады, ал С56 фракцияларын өңдеуде – сәйкесінше бензинге жоғары октанды қоспалар.

 
Алкилдеу дегеніміз – органикалық немесе кейбір бейорганикалық заттар молекулаларына алкил топтарын енгізу процесі. Бұндай реакциялар алкилденген араматты қосылыстардың, изопарафиндердің, көптеген меркаптандар мен сульфидтердің, аминдердің, жай эфир байланысты металлорганикалық қосылыстар, α-оксидтер мен ацетилен өндірісі өнімдерінің синтезі үшін практикалық мәні зор. Алкилдеу процесі көбінесе моналерлеп, жуғыш заттар өндірісінде б. т. Сондықтан алкилдеу процесінің өнімдерінің көп бөлігі үлкен масштабта өндіріледі. Берілген жоба тақырыбы бутан-бутадиен фракциясын алкилдеу. Бутан-бутадиен фракциясының алкилдеу процесі негізгі органикалық немесе мұнай химиялық синтезде маңызы зор. Малекуланың құрылысы тұрғысынан қарағанда алкилпарафинді бастапқы зат деп қарастырып ондағы сутек атомының орнын алкил тобы мен басылған. Бұнда негізгі реакция нәтижесінде азды көпті күрделі көмірсутекті қосылыстар түзіле жүретін жанама реакцияларда жүреді. Бұл процестің мақсатты өнімі болып жоғары октанды авиациялық бензин компоненті болып табылады. Бірақ қазіргі кезде алкилдеу процесі тауарлық автомобиль бензиндерінің моторлық қасиетін жақсарту үшін де қолданылып келеді. Бұл бензиндер изооктанмен байытылған және осы процесс нәтижесінде авиациялық жоғары жылдамдықты бензиндер сұранысы айтарлықтай жоғарылады.

 







Date: 2015-05-04; view: 1309; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию