Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
III.I ӘУЕ КӨЛІГІНІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА
Биылғы жылдың басында Елбасы Үкіметке отандық әуе компанияларын «қара тізімнен» құтқарып, алып шығуды қадап тапсырған болатын. Кеше Парламентте өткен «Үкімет сағатында» Мәсімов командасының мәртебелі өкілі Президенттің тапсырмасы орындалғанын мәлімдеді. Көлік және коммуникация министрі Ә.Құсайынов Қазақстан тарапы қабылдаған шаралардың арқасында таяуда Еурокомиссияның Ұшулар қауіпсіздігі комитетінің еліміздің тоғыз әуе компаниясына Еуропа аспанын «ашқанын» айтты. Осылайша, қазақстандық «Аэропракт КЗ», «Бүркіт-ЗК», «ІJT Avіatіon», «Навигатор», «Феникс», «АПЛК», «Сәлем», «Sky Servіce», «Тянь-Шань» әуекәсіпорындары батысқа сапар жасауға мүмкіндік алды. Батыс өз көгін «тіліп» өтетін әрбір ұшаққа күдікпен қарайды. Әсіресе, террористер бұл көлік түрін «теріс» міне бастағалы бері, төбеден құлағдар етпей, қылт еткен «көлеңкеден» күнбатыстағыларды қорқыныш билейді. Содан ЕуроОдақ былтырғы жылдың шілдесінде көліктері ескірген қазақстандық әуекомпанияларды «қара тізімге» енгізіп, Еуропа көгінде қалықтауға тыйым салып тастаған. Содан бері ел басшылығының міндеттеуімен Үкіметтегі жауапты тұлғалар келіссөздерге кірісіп, отандық тұтас саланы «батыстық блокададан» шығаруға жан салды. Ал 22 қарашада Еурокомиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитеті алқалы жиын ашқанда, отандық сала «не бүк, не шік» шешім күтті. Жақсы болғанда, ЕуроОдақтың 27 мүше-елінің делегаттары Қазақстан билігінің авиация саласына қатысты есебін оң бағалап, саяси бедел-абыройы асқақтап келе жатқан жас мемлекеттің тоғыз бірдей ірі әуекомпаниясын «қара тізімнен» шығару туралы бірауыздан шешім қабылдаған. Оларға қатысты ЕО бағытында ұшуға шектеулер алынып тасталды. Бұдан былай саланы «қара тізімге» іліктірмеу үшін авиацияға жауапты шенеуніктер де бұл іске жауапкершілікпен қарап, талапты күшейтуге мәжбүр болып отыр. Осы орайда кеше қалаулылардың өзінің төбе шашын тік тұрғызған жаңалық жария етілді. IV. ӘУЕ КӨЛІГІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ (IATA) Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (ӘКХА)- барлық халықаралық әуе тасымалдаушылардың дүниежүзілік ұйымы. Ассоциация үкіметтік емес ұйым болып табылады. Штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан. Женева қаласы- Ұйымның Еуропалық орталығы. ӘКХА-ның әлем бойынша 100-ден аса өкілдігі бар .
Алғаш рет ұйымның негізі 1919 жылы 28 тамызда Гаага қаласында қаланған. ІІ дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін, 1945 жылы Гавана қаласында ұйым қайта құрылған. ӘКХА – халықаралық рейстерді жүзеге асыратын авиациялық компаниялардың кәсіби ассоциациясы болып табылады. Оның басты қызметі – халықаралық коммерциялық авиациялық хабарларды реттеу, барлық мүшелеріне біртұтас ережелер мен тәртіптерді енгізу және халықаралық маршруттарда жолаушылар авиатасымалдарына келісімді тарифтерді орнату. ӘКХА қызметі 3 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: a) халықаралық сұраныстарды құрастыру және азаматтық авиация саласында әуе тасымалдаушыларына кеңес беру; b) Ұйымға мүше әуе компанияларына мүмкіндігінше барлық қызметтерді көрсету; c) Жаңа технологиялар енгізілген жағдайда әуе компаниясының қызметкерлеріне олардың жұмыс істеу технологиясын түсіндіру; ӘКХА –ның жоғарғы органы – президент және атқарушы комитет сайланатын-жыл сайынғы Бас Ассамблея болып табылады. ӘКХА мақсаты – Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ICAO) жүргізіп отырған саясатты жүзеге асыру. ӘКХА әуе тораптары маршруттарының әртүрлі комбинацияларын пайдалана отырып, бір елден екінші елге адамдарды, пошталарды және жүктерді жеткізуге әрекет жасайды. ӘКХА көліктік конференциясында тек билеттерге қатысты ғана емес, сондай-ақ жол қағаздарына, жүк құжаттарына да қатысты резолюциялар қабылданады. Бұл резолюциялар есептеу процедураларын реттей отырып, брондауды тез жүргізуге және әуе компанияларының арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Соған қоса, ұйым тарифтер мен маршруттардың қатаң тізімін жасаған. Сол арқылы көптеген жеке әуекомпанияларға тиесілі әуе трассалары бір жүйеге келтірілді. Тарифтерді орнату — ӘКХА жұмысының маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Ұйымға мүше барлық әуекомпаниялар арасында келісілген тарифтерді белгілеу қажеттілігі – бір жағынан саясат, бір жағынан тәжіребие болып табылады, себебі, халықаралық әуекомпаниялардың тарифтері әуекомпанияның егесі болып табылатын мемлекет үкіметімен бақыланып отырады. Әрбір ел — өзінің әуе кеңістігінің иесі болғандықтан, өз территориясына кіруге рұқсат етуіне немесе тыйым салуына және өзіне ыңғайлы шарттарды қоюына болады.
Date: 2015-11-14; view: 1327; Нарушение авторских прав |