Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
I. ӘУЕ КӨЛІГІСтр 1 из 5Следующая ⇒
КІРІСПЕ Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Су көлігінің көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен “тоғысатын” өзіндік ерек - шелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық,Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көлі); теңіз көлігі Каспий теңізі алабында қызмет көрсетеді. Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты. Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. · Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 ж. ұшып келді (Мәртөк – Новосергеевка бағытында). · 1923 ж. “Добролет” қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды. · 1924 ж. “Ю-13” ұшағымен Ташкент – Алматы, Алматы – Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді. · 1925 ж. Бішкек – Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды. · 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуе компаниялары (“Эйр Қазақстан”, “Эйр Астана”) құрылды. Әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, т.б. орындайды. I. ӘУЕ КӨЛІГІ Әуе көлігі - әуемен жолаушылар, пошта және жүк таситын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен артықшылығы - жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүние жүз соғыстан кейін пайда болды. Франция менГерманияда көліктің бір түрі ретінде 1920 жылдан кейін дами бастады. Ресейде алғашқы әуе жолы (Мәскеу - Төм. Новгород) 1923 жылы ашылды.
Әуе көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге әуежайлар, әуе айлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерiлу - қону белдеулерiн және жер бетi мен жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа да жер үстiндегi объектiлердi және әуе көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады. Жалпы осы ҚР-ның Үкіметінің әуе тасымалын дамыту және кеңейтуге байланысты қабылдаған бағдарламасында авиация нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік саясат сапалы авиациялық қызметтерге халық сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қабілетті қазақстандық бәсекеге қабілетті авиа компанияларды қалыптастыруға бағытталатын болады. Біртұтас саясатты, оның ішінде нормативтік - техникалық саясатты іске асыру арқылы авиа тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті дамыту және жекелеген тасымалдаушылардың мүдделеріне қолдау көрсетуге жол бермеу қамтамасыз етіледі. Азаматтық авиацияның нарық жағдайларында перспективалы дамуын назарға ала отырып, оның шығынсыз деңгейге жетуіне қарай барлық бағыттарда жолаушылардың авиатасымалдарын субсидиялау кезең - кезеңімен қысқартылатын болады. Тұрақты емес авиатасымалдарды, чартерлік рейстерді тиімдірек пайдалану керек. Сондықтанда, осы әуе көлігі жеріне де баса назар аударылуы қажет.
Date: 2015-11-14; view: 2868; Нарушение авторских прав |