Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Салыстырмалы атомдық масса





Қазіргі зерттеу тәсілдері атомдардың тым кіші массаларын үлкен дәлдікпен анықтайды. Мәселен, сутегі атомының массасы 1,674·10−27 кг, оттегінікі, 2,667·10−26 кг, көміртегінікі 1,993·10−26 килограмға тең.

Химияда атомдық массаның абсолюттік емес, оның салыстырмалы мәндерін қолданады. 1961 ж. атомдық масса бірлігіне көміртек изотопының атом массасының 1/12 бөлігіне тең атомдық масса бірлігі (қысқартып а. м. б.) қабылданған. Химиялық элементтердің көпшілігінің атомының әралуан массасы болады (изотоптарды, §2.4 қара). Сондықтан:

Табиғи изотоптық құрамы бар элемент атомының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасын химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы* Аr деп атайды.

Элементтердің салыстырмалы атомдық массасын Аr, белгілейді, мұндағы r —ағылшын сөзінің геlаtіvе — салыстырмалы бастапқы әрпі А r (Н), А r (О),

А r (С) жазуы сутегінің, оттегінің, көміртегінің салыстырмалы атомдық массаларын көрсетеді.

Мәселен,

Салыстырмалы атомдық масса химиялық элементтің негізгі си-паттамаларының бірі. Атомдық массалардың қазіргі мәндері Д. И. Менделеевтің элементтердің периодтық системасында келтірілген (кітаптың алғашқы бетін қара).

 

Салыстырмалы молекулалық масса

Табиғи изотоптық құрамы бар элемент молекуласының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасын заттың салыстырмалы молекулалық массасы Мr деп атайды.

Сан жағынан салыстырмалы молекулалық масса зат молекуласының кұрамына кіретін барлық атомдардың салыстырмалы атомдық массасының қосындысына тең. Ол заттың формуласы бойынша оңай есептелінеді. Мысалы Мr( Н2О) дегеніміз.

Демек, судың салыстырмалы молекулалық массасы 18,01534-ке немесе жинақтаса 18-ге тең. Салыстырмалы молекулалық масса берілген заттың молекулалық массасының 12С— атом массасының 1/12 бөлігінен неше есе көп екендігін көрсетеді. Мәселен судың молекулалық массасы 18-ге тең. Бұл су молекуласының массасы 12С атом массасының 1/12 бөлігінен 18 есе ауыр деген сөз. Салыстырмалы молекулалық масса — бұл заттың негізгі сипаттамаларының бірі.

 

Date: 2015-11-13; view: 4279; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию