Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Те қауіпті және улы заттар мен жұмыс жасау ережесі





Өте қауіпті заттар мен істеген жұмыстың барлық түрінде міндетті түрде қорғаныштық көзілдірік немесе маска киіп, оларды тек жұмыс аяқталғаннан кейін ғана шешу керек.

Броммен жұмыс істеу ережесі:

1. Бромды қалың қабырғалы аузы жабылған шыны ыдыстарда ұстау керек. Бром салынған шыны ыдыстар желдеткіш шкафтағы құм салынған металл жәшіктерде тұру керек.

2. Бром шырышты қабыққа өте күшті әсер етеді, ол теріге тисе тез жазылмайтын күйікке әкеледі. Броммен жүргізілетін барлық жұмыс жартылай ашылған екі жақты қақпағы бар желдеткіш шкафта тек резиналы қолғаппен қорғаныштық көзілдірікпен жүргізіледі.

3. Бромы бар шыны ыдысты құм салынған ыдыспен тасымалдау керек.

4. Бром құятын құйғыштың краны фосфор қышқылымен майланып, резиналы сақинамен бекітілуі керек. Жұмыс алдында құйғыш кранына ауа кірмеуін тексеру керек. Тамшылық құйғышқы бірден 10 мл – ден астам бром құюға болмайды.

Натрий металымен жұмыс жасау ережесі:

1. Натрий және калий металдары мен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін өте күшті сақтау керек. Олардың сумен және галогенді қосылыстар мен жанасуына жол бермеу керек.

Натриймен жүргізілетін барлық жұмыстар қорғаныштық көзілдірікпен, су жүретін ашық краннан, су соратын насостардан және басқа да су көздерінен алыста өтуі керек.

2. Металдық натрийді қалың қабырғалы шыны немесе темір ыдыстарда құрғатылған керосиннің, жоғары қайнағыш инертті көмірсутектің немесе трансформатор майының қабаты астында сақтауға болады. Натрий салынған банкілер қабықты тығынмен жабылып металл ыдыста немесе құм салынған жәшікке орналастырылуы керек.

3. Жұмыс үшін металдық натрийді банкіден тек қысқышпен алу керек. Алынған натрийдан құрғақ ақ қағаздың бетіне салып қажетті мөлшерін пышақпен кесіп алып, керосиннен тазартып реакцияға кірістіреді, Қалғанын стакандағы керосиннің, құрғақ эфирдің астына орналастырады.

4. Сілтілік металдардың кесілген бөлшектері мен қалдықтарын тәжірибеден кейін керосині бар банкіге жинап, қағазға, ыдысқа техникалық этил спиртін құяды.

5. Натрий қалдықтарын раковина мен қалдықтар жәшігіне лақтыруға болмайды.

6. Натрий бөлшектерін бос колбалар мен шыны ыдыстарда қалдыруға болмайды. Бетін ақ түс жапқан натрийді кальций хлориді мен шатастырып алуға болады. (қауіпті!)

Улағыш заттар мен жұмыс жасау ережесі:

1. Цианидтер мен, диметилсульфатпен, төменгі қышқылдардың хлор ангидридтерімен азот (IV) оксидтерімен, фосгенмен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Бұл заттар мен жүргізілетін тәжірибелер жақсы жұмыс жасайтын сорып алатын шкафтарда қолғаппен жасалуы керек.

2. Фенолмен, галогенді нитро қосылыстармен, қанықпаған карбонильді қосылыстармен, қанықпаған қышқылдармен жұмыс жасағанда қолғаппен, көзілдірікпен жасау керек, себебі бұл заттар теріні күйдіріп, шырышты қабықты тітіркендіреді.

Тез тұтанатын заттар мен жұмыс жасау ережесі:

1. Тез тұтанғыш заттар мен жүргізілетін тәжірибе оттан және электроплиткаларынан алыста жүргізілуі тиіс. Тез тұтанғыш сұйықтарды (эфир, ацетон, күкіртті көмірсутек, бензол, спирт) қыздыруды алдын-ала қыздырылған су моншасында, колбада, қыздырғыш құралдардан алыста су мұздатқышы мен қамтылған жағдайда жүргізілуі тиіс.

2. Тез тұтанғыш заттары бар приборларды айыру жақын жердегі газ жанарғысы айырылғаннан кейін ғана жүргізіледі.

3. Тез тұтанғыш заттарды канализацияға, қалдық салатын жәшікке құюға болмайды, себебі шырпы тисе өрт шығады.

4. Айыруды құрғағанша жүргізуге болмайды, себебі көптеген заттар (диметил эфирі, диоксан) ауамен жанасқанда қопарылыс береді.

Ваккумде жұмыс жасау ережесі:

1. Вакуум астында орналасқан шыны приборлар мен жұмыс жасағанда міндетті түрде қорғаныштық көзілдірік кию керек.

2. Вакуум – эксикатордан ауаны шығаруда оны алдын-ала орамалмен тығыз орау керек.

3. Вакуум астында айдауда жалпақ түпті колбаларды пайдалануға тиым салынады, себебі олар жаншылады.

4. Вакуум астында айдауда көзілдірікті прибор суып, атмосферамен байланысқанға дейін шешуге болмайды. 3-5 минуттан кейін ғана қысым теңескеннен кейін шешуге болады.

Date: 2015-11-13; view: 1803; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию