Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Компьютерлік желілердің түрлері





Бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер жиынтығын жергілікті желі деп атайды. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Біррангілі желінің барлық тораптары тең құқықты, яғни ерекшеленген сервері жоқ. Мұнда әрбір жұмыс бекеті басқаларға өзінің ресурстарын ұсына отырып, әрі клиенттің, әрі сервердің ролін атқарады.

Бір желінің бірнеше сегменттерін біріктіруге арналған құралды хаб (шоғырлауыш) деп атайды. Хаб аралық жадта ақпарат жинайды, түзетеді және іріктейді, басқа арнаға тасымалдайды, жүйеде өңдеу үшін ақпарат дестелерін қарастырады. Ол жеткізу құрылғыларының қызметтік, сызба-құрылымдық және жылдамдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрбір компьютер оған ұзындығы жүз метрден аспайтын сегмент арқылы қосылады. Олар 8, 12 жән 16 портты болады. Сондықтан оған соншама компьютерлер қосыла алады.

Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- құжаттарды ортақ пайдалану;

- мәліметтерді жеткізу жылдамдығы жоғары;

- құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

- сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

- принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатқыл дискілерді және көлемді қолданбалы программаларды ортақ пайдалану және т.б.

Аймақтық желілер (WAN) – алдын-ала анықталған әкімшілік-экономикалық (географиялық) аудандағы абоненттерді немесе осы аудандағы белгілі бір санаттағы абоненттер ауқымын қамтитын есептеу желісі. Ол географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады. Егер желі тұтас қаланы немесе қала ішіндегі бірнеше ғимаратты қамтитын болса, онда кейде оны аймақтық е желісі деп атайды.

Аймақтық желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте кашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе кешендік қызмет (ІSDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.

Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен байланыстыратын ең ауқымды желі. Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Қазіргі кезде интернет желісі компаниялар мен олардың тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқарып отыр. Мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары сияқты жұмыстар да осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Кез-келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы – желінің геометриялық нысаны немесе есептеу машиналарының бір-біріне қатысты орналасуы. Желінің сызба-құрылымы желілік жеткізу ортасының және қосылған құрылғылардың физикалық орналасуын сипаттайды.

Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.

Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Date: 2015-11-13; view: 1422; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию