Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет. Сандар пішімін таңдау терезесі





 

Ұяшықтағы сан пішімін (форматын) өзгерту кезінде ұяшықтағы мәліметтерді бейнелеу тәсілі өзгереді, ал санның мәні өзгермейді. Сандық пішімде нүктеден кейінгі ондық сандардың саны таңдалады. Ақшалық пішім санның соңына валюта белгісін қосып жазады. Санды ақшалық пішімде жазу үшін батырмасы пайдаланылады. Қаржылық пішімнің ақшалық пішімнен айырмашылығы: онда теріс санды да пайдалануға болады. Электрондық кестенің мерзім және уақыт пішімі уақытты ғана белгілеп қоймай, олармен арифметикалық амалдар жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа пайыздық, бөлшектік, экспоненциалдық, мәтіндік және т.с.с сан пішімдері кеңінен қолданылады. Пайыздық пішімді пайдаланудың арнайы батырмасы терезенің жоғары жағында орналасқан. Санның разрядын арттыру және азайту батырмалары да стандартты аспаптар тақтасында орналасқан.

Егер ұяшықтар #### символдары түрінде бейнеленсе, онда санның ені ұяшық енінен артық. Мұндайда ұяшықтың енін кеңейту керек.

Функциялар есептеулерді жеңілдетеді. Олар у=ƒ(х) түрінде жазылады, мұндағы у - есептелуге тиіс функция мәні, х - аргумент, ƒ - функция. Функция дегеніміз мәндері басқа шамалардың (аргументтің) мәндеріне тәуелді болатын шама.

Excel программасында 400-ден астам функциялар бар. Олар қаржылық, мерзім және уақыт, математикалық, статистикалық, мәтіндік, логикалық және т.с.с. 13 топқа біріктірілген.

Формулалар мен функциялармен жұмыс жасау ережелері:

1) Формуланы есептеу нәтижесі белсенді ұяшыққа жазылады;

2) Формулалар теңдік белгісінен басталып жазылады;

3) Бір формулада бірнеше функцияны қолдануға болады;

4) Функция атауынан соң аргументі жақшаға алынып жазылады;

5) Аргумент ретінде ұяшық адресін пайдалануға болады;

6) Формулаларда бос орын қалдыруға болмайды;

7) Аргументтер нүктелі үтір арқылы ажыратылады және функцияның аргументтерінің саны 30-дан аспауы тиіс;

8) Формула ұзындығы 1024 элементтен аспауы керек.

Ехсеl программасында жиі қолданылатын функциялар:

Қаржылық функциялар:

1) АПЛ – берілген аралықтағы мүліктің тозуын есептеу;

2) БС – банк салымының пайыздық мөлшері тұрақты болған кездегі салым өсімін анықтау;

3) ДОХОД – бағалы қағаздан түскен түсімді анықтау;

4) НАКОПДОХОД – бағалы қағазды жинақтау кезіндегі пайыздық түсімді анықтау;

5) СКИДКА – бағалы қағазға арналған жеңілдік мөлшерін анықтау;

Мерзім және уақыт функциялары:

6) ВРЕМЗНАЧ – мәтін түріндегі уақытты сандық түрге айналдыру;

7) ВРЕМЯ – көрсетілген уақыт үшін сандық түрдегі мерзімді қайтару;

8) ДНЕЙ360 – көрсетілген екі мерзім аралығындағы күн санын анықтау;

Математикалық функциялар:

9) ГРАДУСЫ – радиан түріндегі берілген шаманы градусқа айналдыру;

10) КОРЕНЬ – берілген санның квадрат түбірін табу;

11) МОБР – кері матрицаны есептеу;

12) МОПРЕД – матрицаның анықтауышын табу;

13) МУМНОЖ – матрицаларды көбейту;

14) SIN – радианмен берілген бұрыштың синусын анықтау;

15) COS – радианмен берілген бұрыштың косинусын анықтау;

Статистикалық функциялар:

16) МАКС – берілген тізім ішінен ең үлкен мәнді анықтау;

17) МИН – берілген тізім ішінен ең кіші мәнді анықтау;

18) СРЗНАЧ – берілген сандардың арифметикалық ортасын табу;

Мәтіндік функциялар:

19) СЦЕПИТЬ – мәтіндерді бір–бірімен жалғастыру;

20) ЛЕВСИМВ – мәтіннің сол жақтағы бірінші символын бөліп алу;

21) ПРАВСИМВ – мәтіннің оң жақтағы ең шеткі символын анықтау.

Жиі пайдаланылатын автоқосынды функциясы аспаптар тақтасында арнайы батырма түрінде көрсетілген.

 

Date: 2015-11-13; view: 737; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию