Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тапсырма 2
Бос жол және бос қатар қосу жолдарын көрсетіңіз. Жұмыс парағын қосу және оған атау беру жолдарын көрсетіңіз. Әдістемелік нұсқау Меню қатарынан ҚОЮ (Вставка) – Қатар (строка) немесе бағана (столбец) таңдаймыз. Ағымдағы екпінді ұяшыққа курсорды қойып “Ctrl +”, “Ctrl + Shift +” батырмаларын басу арқылы бос бағана немесе бос жол қосуымызға болады. Меню қатары ҚОЮ (Вставка) – Парақ (лист) белгішесін басамыз. Ал атау қою үшін Меню қатарындағы Формат – Парақ (лист) – атын өзгерту (переименовать) батырмасын таңдаймыз. Сол кезде атау қоюға арналған парағымыз белгілі болады, соны өшіріп пернетақта арқылы керекті атауды тереміз. Тапсырма 3 Тышқанның көмегімен кесте бөліктері қалай беліленеді? Тапсырма 4 Жұмыс кітабының 4-ші парағында: а) 5-ші қатарды белгілеңіз. ә) А, В, С бағаналарын белгілеңіз. б) Жұмыс парағын белгілеңіз. в) C4:F10 блогын пернелердің көмегімен белгілеңіз. EXCEL программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау) Ұяшықтарды адрестеуді В1, А1:А9, С12 т.с.с. тәсілмен жазуға болады. Бұлай жазу ұяшықтарды салыстырмалы түрде адрестеу деп аталады, мұнда адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде беріледі. Мысалы, А4 ұяшығына = A1+A2 формуласын енгізсек, электрондық кестеде нәтижеде А4 ұяшығына бұдан үш қатар жоғары орналасқан ұяшықтағы санды екі қатар жоғары орналасқан санға қосқандағы мән жазылады. Егер =A1+A2 формуласын А4 ұяшығынан В4, С4 ұяшықтарына көшіріп жазсақ, сәйкес түрде =В1+В2, =С1+С2 деп көшіріледі. Егер ұяшықты адрестеуді салыстырмалы емес нақты күйде бергіміз келсе, онда ұяшықты абсолютті түрде адрестеуіміз керек. Ол үшін ұяшық адресіне $ символы қосылып жазылуы керек. Мысалы: $G$4, $B42, 4D427 т.с.с. Формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы адрестеу, ал кейбірін абсолютті адрестеу арқылы жазуға болады, бұл ұяшықты аралас түрдегі адрестеу деп аталады. Аралас түрдегі адрестеу үшін $ символы өзгермейтін баған атауына немесе өзгермейтін жол нөмірінің алдына жазылады. Мысалы: $B4, AC$7 т.с.с. Мәтін енгізу Тапсырма 1 A1:E3 ұялар диопозонына төменде көрсетілген кестені теріңіз.
Әдістемелік нұсқау. B1:B3, C1:C3, D1:D3, E1:E3 ұяларын біріктіріп оларға қажет мәтінді енгізіңіз. Мәтіндерді түрлі әдістермен әртүрлі форматта орналастырыңыз. Ұяларды біріктіру үшін Формат – Ұялар (Формат – Ячейки) командасын орындап Туралау (Выравнивание) парақшасында Ұяларды біріктіру (Объединение ячеек) жалаушасын орнатыңыз. Ұялардағы мәтінді қажет бағыта орналастыру үшін Формат – Ұялар (Формат – Ячейки) командасын орындап, Туралау (Выравнивание) парақшасынның Бағыт (Ориентация) бөлігінен қажет бағытты таңдаңыз. Мәтінді форматтау үшін Формат – Ұялар – Қаріп (Формат – Ячейки –Шрифт) командасын, ал ұя жақтауларын сызу үшін Формат – Ұялар – Шекара (Формат – Ячейки – Граница) командаларын пайдаланыңыз. Date: 2015-11-13; view: 515; Нарушение авторских прав |