Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






леуметтік-экологиялық білімнің құрамы

 
 

 

 


Оның негізгі компоненттері:

· өзара қатынастар туралы (процестер, табиғатты пайдалану, адамның іс-әрекеті),

· объектілер туралы (табиғат, қоғам, адам, техника)

· теориялық және эмпирикалық білім және таным құралы ретіндегі жаратылыстану пәндеріндегі әртүрлі көрнекіліктер (карта, кесте, практикалық құрал-жабдықтар, диаграмма және т.б.).

Мұндағы басты заңдылықтар ретінде жер қабықтарының өзара байланысын, тірі организмдер мен адамның табиғат жағдайлары мен ресурстарға тәуелділігін, адам мен қоғам дамуының еңбек іс-әрекеттеріне тәуелділігін, табиғи орта жағдайының әлеуметтік күштің әсеріне тәуелділігін айтамыз. Ал әлеуметтік-экологиялық білім берудегі дүниетанымдық идеяларға табиғат, қоғам және мәдениеттің өзара байланысы жатады. Қоғам – қоршаған ортаның белсенді бөлігі, адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған орта өзгеріске ұшырайды, ал табиғат – дара құндылық, жер бетіндегі барлық тіршілік ол жалпыадамзаттық құндылыққа жатады. Бұдан біз табиғатты тиімді пайдалану әлеуметтік-экологиялық қатынастарды сақтаудың, оның қызметі мен дамуының негізі деген қорытынды жасаймыз. Әлеуметтік-экологиялық білімді қалыптастыруда ғылымның пайда болуы, қоғамның табиғи ортамен тығыз байланысы мәселелерімен айналысқан зерттеушілер туралы мәліметтердің болуы тәрізді тарихи мәселелер қарастырылуы қажет. Осы берілетін білімнің барлығы да бір-бірімен өте тығыз байланысты, сондықтан оларды оқушылардың игеруі үшін жүйелілік тәсілді пайдалану керек. Дегенмен олар бір-бірімен байланыста бола тұра әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар.

Қазіргі экологиялық мәселелер тек қана биологиялық мазмұнмен шектеліп отырған жоқ, соңғы онжылдықта экологиялық зерттеулер әлеуметтік бағытқа ие болып, «адам-табиғат-қоғам» жүйесі арақатынастарын реттеп, басқарушы экологияның жаңа бір саласы әлеуметтік экологияның туындап, дамуына әкелді. Әлеуметтік экология идеяларын адамның және адамзаттың барлық табиғат жүйелеріне араласуы; антропогенді факторлардың әсерінен табиғат жүйелерінің эволюциясы мен өзгеру жылдамдығы; табиғат жүйелеріне геологиялық күштер мен адамның салыстырмалы және сипатты әсері құрайды.

Жалпы әлеуметтік экология ұғымы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тікелей байланысты дамиды, сондықтан, оны шешу үшін жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылым салаларының кіріктіру қажеттігі туындады. Бұндай кіріктіру біріншіден, жаңа пәнаралық зерттеулердің жүргізілуіне әсер етеді, екіншіден, қазіргі оқытылатын пәндердің экологиялық мазмұны әдіснамалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етіледі.

Қазіргі мектепте оқытылатын география пәніндегі экологиялық сипаттағы оқу материалдары 6 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін сабақтастырыла жалғасын тауып беріліп келеді. Мысалы, 6 сыныпта экологиялық материалдар «Адам және табиғат» тұрғысында сипатталса, ол 7 сыныпта «Табиғат пен қоғамның өзара әсері. Табиғат жағдайларының адам өміріндегі маңызы. Адамның іс-әрекетінің әсерінен табиғатта болатын өзгерістер» тақырыптарымен жалғасады. 8-9 сыныптарда «Адам және табиғат», «Табиғатты тиімді пайдалану», «Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары» тақырыптары еліміздің экологиялық жағдайымен ұштастырыла беріледі.

Ал 10-11 бағдарлы сыныптарда берілетін «Биосфера», «Табиғат ресурстары», «Дүние жүзінің халқы» «Дүниежүзілік шаруашылық», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыптары бойынша жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік-экологиялық білімін жетілдіруге мүмкіндік туады.

Жоғары сынып бағдарламаларының мазмұнына талдау жасай келе, «табиғатты пайдалану», «табиғат жағдайлары», «табиғат ресурстары», «өндіріс құралдары, өндіріс түрлері», «халықтар географиясы», «табиғат ресурстарын тиімді пайдалану», «адамзат» және т.б. әлеуметтік-экологиялық ұғымдардың ішінара ретсіз берілгендігі байқалады. Осы оқу материалдарында кездесетін ұғымдардың оқушылардың әлеуметтік-экологиялық біліктерін қалыптастырудағы күрделілігі мен жан-жақтылығы оны ары қарай дамытуды қажет етеді. Табиғаттағы әлеуметтік аспектілер, ғаламшардағы адам мен қоғамның ролі туралы білім қалыптаспайынша оқушылардың экологиялық мәдениеттілігі мен экологиялық сауаттылығын дамыту мүмкін еместігіне көзімізді жеткізді, сондықтан географиядан «Қоғам мен табиғаттың өзара әсері» «Адамзаттың ғаламдық проблемалары», «Биосфера» және т.б., биологиядан «Экология негіздері», «Биосфера туралы ілім негіздері», «Биосфера және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыптарына әлеуметтік-экологиялық ұғымдарды ендіру қажеттігі туындады.

Ұғымдарды қалыптастыру биологиялық ұғымдардың әлеуметтік-экологиялық аспектілері мен жеке әлеуметтік-экологиялық ұғымдар ретінде қарастырылатын, олардың мазмұнын тереңдете келе, неғұрлым күрделі ұғымдарға ауысатын «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам және оның денсаулығы» тарауларында берілетін экологиялық білімсіз мүмкін емес. Бірақ бағдарламаларда пәнішілік және пәнаралық негізде жетекші әлеуметтік-экологиялық ұғымдарды қалыптастыратын сабақтастық ескерілмеген.

Жаратылыстану пәндері бойынша оқулық мазмұнына талдау жасауда олардың әлеуметтік-экологиялық білімді қалыптастыруға мүмкіндігі мол екендігі айқындалды. Мысалы, 10 сыныптағы «Жалпы биология» оқулығының «Кіріспе» бөлімінде оқушыларды табиғи ортаның ластануы, табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ресурстарды қайта жаңғырту, қоршаған орта сапасына бақылау жасау, адамның табиғи процестерді басқаруы сияқты мәселелерді оқып үйренуге бағыттайды.

ХХ ғасырдың соңында қоршаған ортаға антропогендік тұрғыда, ең бастысы технологиялық қысым көрсету күшейе түсті. Халық санының өсуі, олардың материалдық-энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыру мен табиғи экожүйе мүмкіндіктерінің шектеулілігі арасындағы қарама-қайшылық биосферадағы өзгерістерге алып келді, ол болашақта адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіреді. Бұл жағдай қазіргі ғаламдық мәселелердің ішінде экологиялық мәселелерді алға шығаруға, оның ішінде әлеуметтік-экологиялық білімнің алатын орны мен қызметін анықтап алуға көмектеседі.

Адам мен қоғам ара-қатынасының жаңа кезеңі жүйелілік тәсілдерімен сипатталады, сондықтан мектепте білім беруді қазіргі заманғы әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыруға қайта бағдарлау қажет. Мұны біз мектептегі жаратылыстану-ғылыми пәндерді бір-бірімен байланыстыру арқылы экологияландырудан көреміз. Экологиялық білім беру бүгінгі таңда мектеп бағдарламалдарына толығынан еніп, оның жаңа бір құраушысы әлеуметтік-экология көрініс таба бастады.

«Әлеуметтік-экология» ұғымы қоғамның қоршаған тіршілік ортасымен өзара қатынастары заңдылықтарын және адамзаттың биологиялық, географиялық, әлеуметтік және мәдени ортамен қатынастарын зерттейтін кешенді ғылыми бағытты білдіреді.

Әлеуметтік экология басқа да ғылым салалары сияқты өз заңдарына бағынады. Н.Ф.Реймерс әлеуметтік-экологияны:

· әлеуметтік-экологиялық тепе-теңдік заңы (қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау, табиғи және жасанды қоршаған ортаны қалпына келтіру);

· дамуды мәдени басқару ұстанымы (қарқынды дамуға шек қою, экологиялық шек қоюды есепке алу);

· әлеуметтік-экологиялық орын басу ережелері (адами сұраныстардың алмастыру жолдарын айқындау қажеттігі);

· әлеуметтік-экологиялық заңдардың қайтымсыздығы (әлеуметтік қозғалысты күрделі формадан барынша қарапайым формаға кері қайтарудың мүмкін еместігі);

· В.И.Вернадскийдің ноосфералық заңы (адам-табиғат жүйесінің дамуындағы ақыл-ой мен еңбектің басымдылығы), – деп жіктейді.

Ал А.В.Лосев пен Г.Г.Провадкиннің еңбектеріне талдау жасауда олар әлеуметтік-экологиялық білім берудің төмендегідей:

· рухани-адамгершілік және эстетикалық тұрғыдан экологиялық-дүниетанымдық білім беруді күшейту;

· түрлі ғылым салаларының әлеуметтік-экологиялық қырларын бөліп көрсету;

· аймақтық-салалық ерекшеліктермен байланысты қоршаған ортаны зерттеудегі жаңа жетістіктерді экологиялық білім беруге қосу сияқты бағыттарын бөліп көрсеткен.

Қазіргі кезеңде қоғам мен биосфераның, адамның табиғатпен теңдігін қайтадан орнына келтіру мақсатында философтар жаңа коэволюциялық зерттеу тәсілдерін қолдануда. Ол ХХІ ғасыр өркениетінің жаңа парадигмасы ретінде қарастырылады.

Адамдардың экологиялық белсенділігі мен жауапкершілігін арттыруда ұлттық және мемлекетаралық экологиялық-саяси бағдарламалар мен жобалар жасау үлкен мәдени және саяси маңызға ие. Экологиялық мәселелерге әлеуметтік тұрғыда баға беру, оның қазіргі ғаламдық проблемалардың ішінде басымдылығын танытты.

Экологиялық мәселелердің мұндай көкейкестілігі мен әлеуметтік маңыздылығы оқушылардың экологиялық білімін жетілдіруді, сондай-ақ жаратылыстану пәндері бойынша бағдарлама мазмұнына әлеуметтік экология мәселелерін енгізуді талап етті. Бұл әрине бағдарламадағы экологиялық оқу материалдарын жаңа мазмұнмен толықтырды, дегенмен, бағдарламаларда жаратылыстану пәндерін оқытудағы әлеуметтік-экологиялық білімнің алатын орны мен қызметі нақтыланбағандықтан, әлеуметтік-экологиялық ұғымдар жүйесіз, шашыраңқы түрде берілгендіктен ол оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және олардың әлеуметтік-экологиялық біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік бермеді.

Қоғам тарихы мен табиғаттың өзара байланысы мектепте оқытылатын жаратылыстану пәндерінде жеткілікті түрде ашылмаған. Физиканы зерделеу барысында физикалық теориялар уақыт пен тарихтан тысқары карастырылатын әлдебір тұйық жүйелер түрінде беріліп келген. Мәселен, Галилей-Ньютонның таным әдістері табиғат құбылыстарын басқа табиғаттан оқшау қарастырады. Бұдан шығатын қорытынды жаратылыстану заңдылықтары нақты тарихи жағдайларға сәйкес өзгеріске ұшырауына байланысты жаңа мазмұнмен толықтырылып отыруы, яғни оқу материалында табиғатты пайдаланудағы жетістіктер мен кемшіліктердің, қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты шаралардың кең ауқымды бағдарламасының көрсетілуі қажет деп санаймыз.

Энергетиканың, транспорттың, өнеркәсіптің дамуы биосфераның өте күшті ластануына, оның негізгі параметрлерінің қалыпты мөлшерден ауытқуына әкелуде, бұл өз кезегінде жеке биологиялық жүйелердің, жалпы биосфераның әрекет ету заңдылықтарының өзгеруіне, өзін-өзі реттеу қабілеттіліктерінің, жойылуына, қалыптасқан динамикалық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Антропогендік фактордың биосфераға әсері артып келе жатқандықтан, алдағы уақытта бұл фактордың мұқият қадағаланбауы жағдайында, температуралық режимді, атмосфераның газ құрамын және де тіршілікке қажетті басқа да параметрлерді қамтамасыз етіп отырған өзін-өзі реттейтін ауқымды атмосфералық тетіктер «істен шығуы» мүмкін. Сондықтан да адамдардың негізгі биосфералық зандылықтарды білуі және өздерінің практикалық әрекетін өмір сүріп отырған ортамызды жақсарта түсуге бағыттаулары тиіс. Жаратылыстану пәндері мазмұнындағы нақты оқу материалдарын келтіре отырып, ластану – адам мен табиғат арасындағы «зат айналымының» бұзылу көрсеткіші екенін, табиғаттан алынған және пайдаланылған заттардың орнына, егер олар қалыпты жағдайда белгіленген орнына қажетті мөлшерде түспеген жағдайда, табиғатты ластайтын заттар түзілуі мүмкін екендігін түсіндіруге болады. Мектепте жаратылыстану пәндерінің оқушыларды ластандырғыштармен, ауа, су, топырақтың ластану салдарымен және олардан қалай қорғану қажет екендігін көрсететін әдістермен таныстыру мүмкіндігі өте жоғары.

Сонымен, адамның өмір сүру ортасы организмнің бейімделу функциясының бұзылуына әкелетін радиацияның жоғары деңгейінде, электромагниттік өрістің, вибрацияның, шудың және т.б. жоғары шегінде өтіп жатыр. Сондықтан да қоршаған өндіріс ортасының ерекшеліктерін қарастыру кезінде қауіпсіздік техникасының ұстанымдарына сүйену және физикалық параметрлердің мүмкін болатын шегін көрсету оның адам денсаулығына тигізетін түрлі әсерін айқындауға мүмкіндік береді.

 


<== предыдущая | следующая ==>
Плавка во взвешенном состоянии | Класс фосфаты

Date: 2015-11-13; view: 902; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию