Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ауру алды – бұл 2 page





A) Адамның стрессорлық ықпалдарға бейімделу қабілеті

B) Тұқым қуалаушылыққа бейімділік

C) Өмірінің материалдық деңгейінің төмендігі

D) Зат алмасу ерекшелігі

E) Патологиялық конституция

17. Наркоманияның дамуына ықпал ететін, жеке тұлғаның-психологиялық ерекшеліктеріне жатады:

A) Тұқым қуалаушылыққа бейімділігі

B) Өмірінің материалдық деңгейінің төмендігі

C) Ақпараттық жүктемелер

D) Халықтың урбанизацисы

E) Жанұядағы дәстүрлер

18. Наркоманияның бастапқы сатысында дамиды:

A) Тұлғалық деградация

B) Организмнің есірткіге бейімделуі

C) Абстиненттік синдромның қалыптасуы

D) Ішкі ағзалардың органикалық зақымдануы

E) Қабылдаған заттектерге сезімталдықтың төмендеуі

19. Наркоманияның үшінші сатысы (зорығу сатысы) сипатталады:

A) Организмнің есірткілерге бейімделуімен

B) Есірткілерге төзімділіктің төмендеуімен

C) Организмнің жалпы реактивтілігінің жоғарылауымен

D) Есірткіге физикалық тәуелділіктің туындауымен

E) Абстиненцияның пайда болуымен

20. Наркоманияға тән:

A) ОЖЖ тек қызметтік бұзылыстары

B) Ішкі ағзаларда бүліністердің болмауы

C) Есірткі қабылдаудың бастапқы кезеңінде тұлғалық деградация дамуы

D) Есірткі қабылдауды доғарғаннан кейін абстиненцияның туындамауы

E) Есірткіге психикалық және физикалық тәуелділіктің дамуы

Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі»

1. Патогенез - бұл:

A) Аурудың даму механизмін зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

B) Ауру дамуының себептерін зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

C) Ауру дамуының жағдайларын зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

D) Аурудың даму сатыларын зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

E) Аурудың аяқталуын зерттейтін, патофизиологияның бөлімі

2. Патогенездің бастапқы тізбегіне жатады:

A) Түрлі деңгейдегі біріншілік бүліністер

B) Себеп-салдарлың арақатынастар

C) Патологиялық процесстің қалыптасуы

D) Патологиялық процесстің тұрақсыздығы

E) Қорғаныстық-орын толтырушы механизмдер

3. Субмолекулалық деңгейдегі бүліністердің мысалы ретінде қарастырылады:

A) Радиацияның әсерінен атомдар мен молекулалардың қозуы және иондалуы

B) Коллагеноздардағы дәнекер тіндердің бүлінуі

C) Ішкі секреция бездері қызметтерінің жойылуы

D) Мес жасушалардың дегрануляциясы

E) Рибосомалардың бүліністері

4. Патогенездің негізгі тізбегі деп, осыған қажетті процессті атайды:

A) Патогенездің басқа тізбектерінің іске асырылуына

B) Себеп-салдарлың арақатынастардың алмасуына

C) Саногенездік механизмдердің іске асырылуына

D) Аурудың құрылымдық көріністерінің қызметтікке алмасуына

E) Аурудың бейспецификалық даму механизмдерінің спецификалыққа алмасуына

5. Жіті қансыраудың патогенезінің бастапқы тізбегі болып табылады:

A) Айналымдағы қан көлемінің төмендеуі

B) Айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы

C) Қанағыстың минуттық көлемінің артуы

D) Қанағыстың соққылық сиымдылығының артуы

E) Жүректің көлемінің кішіреюі

6. Патогенездің басты тізбегін анықтау қажет:

A) Аурудың себептерін жою үшін

B) Зақымдаушы медиаторларға ықпал ету үшін

C) Салдарлық бүлінулерге ықпал ету үшін

D) Ауыр субъективті сезімдерді жою үшін

E) Себеп-салдарлық арақатынастардың тізбектерін үзу үшін


7. Аурудың патогенезіндегі кері айналып соғу шеңберінің пайда болуы осының айғағы:

A) Патогенездік тізбектердің бірінің оң кері байланыс механизмі бойынша әлсіреуінің

B) Патогенездік тізбектердің бірінің оң кері байланыс механизмі бойынша күшеюінің

C) Патогенездік тізбектердің бірінің теріс кері байланыс механизмі бойынша күшеюінің

D) Патогенездік тізбектердің бірінің оң тікелей байланыс механизмі бойынша күшеюінің

E) Патогенездік тізбектердің бірінің жойылуы

8. Күшті ауыру сезімі (өтте-тас ауруы, тіс ауруы кезіндегі) артериялық қысымның құбылуын, жүрек қағысының, тыныс алудың өзгеруін туындатады – бұл осының мысалы:

A) Патогенездің басты тізбегінің

B) Патогенездің кері айналып соғу шеңберінің

C) Патогенездің себеп-салдарлық арақатынастарының

D) Патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастарының

E) Патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдердің

9. Қансырау ® оттегі тасымалдануының қиындауы ® жүректің жіті жеткіліксіздігі ® оттегі тасымалдануының одан сайын қиындауы. Бұл осының мысалы:

A) Кері айналып соғу шеңберінің

B) Патогенездің басты тізбегінің

C) Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастардың

D) Патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастарының

E) Патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдердің

10. Организмнің шұғыл қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдеріне жатады:

A) Жөтел

B) Антиденелердің өндірілуі

C) Тіндердің гипертрофиясы

D) Тіндердің гиперплазиясы

E) Организмнің қордағы мүмкіндіктерінің іске қосылуы

11. Салыстырмалы тұрғыда тұрақты қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдерге жатады:

A) Құсу

B) Түшкіру

C) Көзден жас ағуы

D) Ағзалардың гипертрофиюсы

E) Жылу реттелуінің жоғары деңгейге көтерілуі

12. Тұрақты қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдерге жатады:

A) Сілекейдің ағуы

B) Ағзалардың гипертрофиюсы

C) Катехоламиндердің шығарылуы

D) Реактивті лейкоцитоз

E) Зақымданған ағзаның қордағы мүмкіндіктерінің іске қосылуы

13. Патогенездік емнің негізінде осыған әсер ету маңызды:

A) Аурудың себебіне

B) Аурудың симптомына

C) Ауру патогенезінің негізгі тізбегіне

D) Ауру туындатқан жағдайға

E) Аурудың спецификалық көріністеріне

14. Патогенездік емге жатады:

A) Вирустарға қарсы ем


B) Бактерияларға қарсы ем

C) Құрттарға қарсы ем

D) Паразиттерге қарсы терапия

E) Қабынуға қарсы терапия

15. Патогенездік алдын алу шараларына жатады:

A) Жол жүру ережелері

B) Инфекциясы бар науқастарды оқшаулау

 

C) Өндірітегі техника қауіпсіздігі

D) Дене шынықтыру мен спортпен айналысу

E) Саз батпақты құрғату және масалармен күресу (безгекті алдын алу ретінде)

16. Патогенездік алдын алу шараларына жатады:

A) Профилактикалық екпелер

B) Жол жүру ережелері

C) Тұмау кезінде маска киіп жүру

D) Өндірітегі техника қауіпсіздігі

E) Шыбындарды жою (ішек инфекциясын алдын алу ретінде)

17. Реактивтілік- бұл организмнің осындай қасиеті:

A) Өз тіршілігін өзгерте алуы

B) Ішкі ортаның әсерлеріне жауап қайтара алуы

C) Сыртқы ортаның әсерлеріне қарсы тұра алуы

D) Қоршаған орта әсерлеріне тіршілігін өзгертпей жауап беру қасиеті

E) Қоршаған орта әсерлеріне тіршілігін өзгерте отырып жауап беру қасиеті

18. Реактивтіліктің жалпы түріне жатады:

A) Түрлік

B) Топтық

C) Спецификалық

D) Даралық

E) Физиологиялық

19. Егеуқұйрықтар мен теңіз шошқаларына қарағанда, бақалар гипоксияға төзімдірек. Бұл мысалы:

A) Жыныстық реактивтіліктің

B) Түрлік реактивтіліктің

C) Топтық реактивтіліктің

D) Жас шамасына байланысты реактивтіліктің

E) Даралық реактивтіліктің

20. Жануарлардың қысқы ұйқысы- бұл мысалы:

A) Түрлік реактивтіліктің

B) Топтық реактивтіліктің

C) Жас шамасына байланысты реактивтіліктің

D) Спецификалық реактивтіліктің

E) Даралық реактивтіліктің

21. Қарт адамдар жастарға қарағанда, инфекцияларға, атеросклероз дамуына, өспелерге өте сезімтал. Бұл мысалы:

A) Түрлік реактивтіліктің

B) Топтық реактивтіліктің

C) Биологиялық реактивтіліктің

D) Спецификалық реактивтіліктің

E) Даралық реактивтіліктің

22. Қаны 1 топқа жататын адамдарда асқазанның ойық жара ауруының жиі кездесуі осы ерекшеліктермен байланысты:

A) Түрлік реактивтіліктің

B) Топтық реактивтіліктің

C) Биологиялық реактивтіліктің

D) Даралық реактивтіліктің

E) Бейспецификалық реактивтіліктің

23. Тұмаудың қоздырғышы барлығының организмінде бола тұра, кейбір адамдарда тұмау өте ауыр өтеді, басқасында жеңіл, ал үшіншілері мүлдем ауырмайды. Бұл мысалы:


A) Түрлік реактивтіліктің

B) Топтық реактивтіліктің

C) Жас шамасына байланысты реактивтіліктің

D) Спецификалық реактивтіліктің

E) Даралық реактивтіліктің

24. Патологиялық спецификалық реактивтіліктің мысалы болып табылады:

A) Аллергия

B) Иммунитет

C) Фагоцитоз

D) Наркоз кезіндегі реактивтіліктің өзгеруі

E) Жарақаттық шок кезіндегі реактивтіліктің өзгеруі

25. Спецификалық реактивтіліктің көрсеткіші болып табылады:

A) Тітіркенгіштік

B) Қозымдылық

C) Төзімділік

D) Сезімталдық

E) Антидене түзілуінің қарқындауы

26. Бейспецификалық патологиялық реактивтіліктің мысалы болып табылады:

A) Аллергия

B) Аутоиммундық аурулар

C) Эпилепсия кезіндегі реактивтілік

D) Иммундық тапшылықты жағдайлар

E) Зақымдаушы ықпалдарға антидене түзілуінің жоғарылауы

27. Бейспецификалық реактивтіліктің көрсеткіші болып табылады:

A) Тітіркенгіштік

B) Фагоцитоздың белсенділігі

C) Комплемент жүйесінің белсенділігі

D) Антидене түзілуінің қарқындауы

E) Антиген-антидене кешендерінің түзілуі

28. Резистенттілік – бұл организмнің осы қасиеті:

A) Қоршаған ортаның кез келген әсерлеріне жауап беру қасиеті

B) Қоршаған ортаның адекватты әсерлеріне жауап беру қасиеті

C) Қоршаған ортаның экстремальді әсерлеріне жауап беру қасиеті

D) Патогендік факторлардың әсерлеріне организмнің қарсы тұру қасиеті

E) Организмнің ішкі орта факторларының әсерлеріне тұрақтылығы

29. Енжар резистенттіліктің мысалы болып табылады:

A) Уларды бейтараптау процессі

B) Қабыну кезіндегі лейкоцитоз

C) Антиденелердің түзілуі

D) Сүйек тіні

E) Фагоцитоз

30. Белсенді резистенттіліктің мысалы болып табылады:

A) Жәндіктердің қатты қабықтары

B) Сілемейлі қабықтар

C) Фагоцитоз

D) Сүйек

E) Тері

Тақырыбы: «Тұқымқуалаушылықтың патологиядағы рөлі»

1. Тұқым қуалайтын ауру – бұл:

A) Құрсақ ішінде туындайтын ауру

B) Флогогендердің әсерінен дамитын ауру

C) Протоонкогеннің зақымдануына байланысты дамитын ауру

D) Негізінде фенотип бұзылыстары бар ауру

E) Генетикалық аппараттың бүлінуіне байланысты дамитын ауру

2. Гаметалық мутациялар-бұл осыларда пайда болатын мутациялар:

A) Бағаналық жасушаларда

B) Соматикалық жасушаларда

C) G0 фазадағы жасушаларда

D) Ұрықтық және жыныстық жасушаларда

E) Ылғи бөлінуде болатын жасушаларда

3. Транслокация - бұл:

A) Хромосома бөлшегінің теріс айналуы

B) Хромосома бөлшегінің екі еселенуі

C) Хромосома бөлшегінің түсіп қалуы

D) Хромосоманың өз осьінде теріс айналуы

E) Хромосоманың бір бөлшегінің басқа хромосомаға тасымалдануы

4. Доминантты түрде тұқым қуалайтын ауру:

A) Дальтонизм

B) Гемофилия А

C) Даун ауруы

D) Брахидактилия

E) Шерешевский-Тернер синдромы

5. Моногендік ауруға жатады:

A) Гемофилия B

B) Даун ауруы

C) "Х - трисомия" синдромы

D) Клайнфельтер синдромы

E) Шерешевский – Тернер синдромы

6. Моногендік аурулардың мысалы ретінде қарастырылады:

A) Гликогеноз

B) Даун ауруы

C) Альцгеймер ауруы

D) Клайнфельтер синдромы

E) Шерешевский-Тернер синдромы

7. Фенилкетонурия осының нәтижесінде дамиды:

A) Аутосомдық мутациялардың

B) Гендік мутациялардың

C) Геномдық мутациялардың

D) Хромосомалық мутациялардың

E) Жыныстық хромосомалардың мутациясының

8. Хромосомалық ауруларға жатады:

A) Клайнфельтер синдромы

B) Фенилкетонурия

C) Алкаптонурия

D) Альбинизм

E) Гемофилия

9. Аутосомалар санының бұзылуымен байланысты дамитын ауруларға жатады:

A) Фенилкетонурия

B) Алкаптонурия

C) Даун ауруы

D) Альбинизм

E) Гемофилия

10. Аутосомдық 21 жұп бойынша трисомияда осы синдром дамиды:

A) Даун

B) Патау

C) Х-трисомия

D) Клайнфельтер

E) Шерешевский - Тернер

11. Даун ауруында байқалады:

A) Жоғары қанағыштық

B) Бүйрек жеткіліксіздігі

C) Гиперпигментация

D) Гипергликемия

E) Ақылдың кеміс болуы

12. Туа біткен тұқым қумайтын ауруларға жатады:

A) Альбинизм

B) Гемофилия А

C) Алкаптонурия

D) Фенилкетонурия

E) Нәрестенің сифилисі

13. Жүректің ишемиялық ауруы осы топтағы ауруларға жатады:

A) Жыныспен тіркесіп, тұқым қуатын ауруларға

B) Мультифакторлық ауруларға

C) Нақты тұқым қуатын ауруларға

D) Хромосомалық ауруларға

E) Моногендік ауруларға

14. Физикалық мутагендік факторларға жатады:

A) Вирустар

B) Электр тоғы

C) Ультра күлгін сәулелер

D) Төмен барометрлік қысым

E) Биіктіктегі кіші үдемелі жылдамдықтар

15. Эндогендік мутагендерге жатады:

A) Бос радикалдар

B) Алкилдеуші агенттер

C) Ультра күлгін сәулелер

D) Иондаушы радиациялар

E) Микроорганизмдердің антигендері

16. Гендік аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетіні:

A)Трисомиялар

B) Моносомиялар

C) Энзимопатиялар

D) Полисомия Х синдромдары

E) Жыныстық хромосомалардың ақаулары

17. Науқастың дене бітімі астениялық, бойы ұзын, біріншілік және екіншілік жыныс белгілері жетілмеген, ақылы кем. Кариотипі 22А + ХХУ. Жыныстық хроматин бар. Бұл белгілер тән:

A) Даун синдромына

B) Эдвардс синдромына

C) Клайнфельтер синдромына

D) Мысықша мияулау синдромына

E) Шерешевский-Тернер синдромына

18. Науқас әйел 35 жаста, бойы 100 см. Мойны қысқа, шүйдесінен иығына дейінгі терісі қатпарланған, кеуде қуысы деформацияланған. Бедеулік, екіншілік жыныс белгілері жетілмеген. Кариотипі 44А + Х0. Жыныстық хроматин жоқ. Бұл белгілер тән:

A) Шерешевский Тернер синдромына

B) Клайнфельтер синдромына

C) Х-трисомия синдромына

D) Даун синдромына

E) Патау синдромына

19. Барр денешіктері - бұл:

A) Цитоплазмалық мембрананың қалдықтары

B) Жасуша ядросы қабықтарының қалдықтары

C) Белсенділігі жойылған Х хромосома

D) Түрі өзгерген аутосомалар

E) Белсенді У хромосома

20. Тұқым қуалайтын аурулар жиі кездесетін отбасының шежіресін зерттеу әдісі осылай аталады:

A) Егіздерді зерттеу әдісі

B) Цитологиялық

C) Биохимиялық

D) Клиникалық-генеалогиялық

E) Популяциялық-статистикалық

 

Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Зақымдануларға организмнің жалпы реакциясы»

1. Жасуша зақымдануының экзогендік себептеріне жатады:

A) Бұзылған метаболизм өнімдері

B) Осмостық қысымның құбылуы

C) Жасушада кальций мөлшерінің артуы

D) Аутоантиденелер

E) Дәрілер

2. Жасуша зақымдануының эндогендік себептеріне жатады:

A) Жасушада оттегінің тапшылығы немесе артық болуы

B) Электромагниттік толқындар

C) Психогендік факторлар

D) Ауыр металл тұздары

E) Механикалық ықпалдар

3. Жасушалар зақымдалуының бейспецификалық көріністеріне жатады:

A) Жасушада калий мөлшерінің артуы

B) Жасушада кальций мөлшерінің азаюы

C) Цитоплазманың бояғыштармен байланысу қабілетінің жоғарылауы

D) Жасуша ішілік рН в сілті жаққа ығысуы

E) Антиоксиданттық қорғаныстың белсенуі

4. Жасушалар зақымдалуының бейспецификалық көріністеріне жатады:

A) Сорбциялық қасиеттерінің әлсіреуі

B) Цитохромоксидаза белсенділігінің төмендеуі

C) Ферменттік белсенділігінің төмендеуі

D) Паранекроз, сорбциялық қасиеттерінің күшеюі

E) Цитоплазманың бояғыштармен байланысу қабілетінің төмендеуі

5. Фосфолипазалар мен басқа гидролазар әсерінен жасуша цитоқаңқасының ыдырауы осы ионның жиналуына байланысты:

A) Натрийдің

B) Калийдің

C) Хлордың

D) Магнийдің

E) Кальцийдің

6. Жасуша зақымдалуының көрсеткіші:

A) Жасуша ішінде калий мөлшерінің төмендеуі

B) Жасуша ішінде кальций мөлшерінің төмендеуі

C) Жасуша ішінде натрий мөлшерінің төмендеуі

D) Жасуша ішінде кальций мөлшерінің жоғарылауы

E) Жасуша ішінде калий мөлшерінің жоғарылауы

7. Липидтердің асқын тотығуының белсендірілуі ықпал етеді:

A) Д- гипервитаминозға

B) Каталаза белсенділігінің артуына

C) Өзгерімді валенттілігі бар металлдардың жоғарылауына

D) Супероксиддисмутаза белсенділігінің артуына

E) Альфа-токоферролдың артуына

8. Мембраналардағы липидтердің асқын тотығуының салдарынан- осының жоғарылауы байқалады:

A) Мембрана өткізгіштігінің

B) Липидтердің гидрофобтығының

C) Мембрана байланыстырушы рецепторлар қызметінің

D) Жасуша ішіндегі калий мөлшерінің

E) Жасуша сыртындағы кальций мөлшерінің

9. Митохондрия мембаранасының зақымдалуы ең алдымен осыған әкеледі:

A) Нәруыздар түзілуінің бұзылуына

B) Переаминделудің бұзылуына

C) Протеолиз процесстерінің бұзылуына

D) Тотығулық фосфорланудың бұзылуына

E) Уытты өнімдердің бейтараптануының бұзылуына

10. Жасушалар мембараналарының өткізгіштігінің артуы әкеледі:

A) Жасушалардан натрийдің шығуына

B) Жасуша ішілік калийдің жоғарылауына

C) Жасуша ішілік кальцийдің азаюына

D) Жасуша ішілік оттегінің жоғарылауына

E) Жасушалардан ферментетрдің шығуына және гиперферментемияға

11. Жасуша зақымдалуының жетіспейтін тізбегін қойыңыз: мембраналар зақымдалуы → иондық дисбаланс → жасушада? жоғарылауы → осмостық қысымның өсуі → жасушаның гипергидратациясы:

A) магний және калийдің

B) калий және натрийдің

C) натрий және кальцийдің

D) оттегі және азоттың

E) хлор және фосфордың

12. Жасушалардың осы ықпалмен зақымданғанында белоктардың (нәруздардың) және белоктық-полисахаридтік кешендердің денатурациясы байқалады:

A) Термиялық фактормен

B) Химиялық фактормен

C) Механикалық фактормен

D) Биологиялық фактормен

E) Психогендік фактормен

13. Иондаушы сәулелену ең айқын түрде осыған әсер етеді:

A) Жасушаның ядросына

B) Жасушаның мембранасына

C) Жасушаның рибосомасына

D) Жасушаның митохондриясына

E) Жасушаның эндоплазмалық торына

14. Жасушалардың генетикалық (тұқым қуалайтын) аппаратының спецификалық зақымдалуын шақырады:

A) Жоғары температура

B) Биологиялық факторлар

C) Иондаушы сәулеленулер

D) Механикалық зақымданулар

E) Төмен барометрлік қысым

15. Жасушалар зақымдануының спецификалық көрінісіне жатады:

A) Цитохромоксидазаның цианистік калиймен бөгелуі

B) Жасушадан калийдің шығуы

C) Нәруыздың денатурациясы

D) Ацидоз

E) Ісіну

16. Жасуша зақымдануының липидтік механизмдеріне жатады:

A) Мембраналық фосфолипазалардың белсендірілуі

B) Жасуша ішілік кальцийдің жиналуы

C) Майда еритін антиоксиданттардың көптеп түзілуі

D) Липидтердің асқын тотығу процесстерінің тежелуі

E) Бос радикалдардың түзілуінің төмендеуі

17. Ядроның бүрісуі аталады:

A) Некроз

B) Пикноз

C) Аутолиз

D) Парабиоз

E) Кариорексис

18. Некроз - бұл:

A) Жасуша мембранасының деструкциясы

B) Жасуша метаболизмінің бұзылуы

C) Жасушаның қайтымсыз зақымданулары

D) Жасушаның генетикалық бағдарланған өлімі

E) Протеолиздік ферменттердің әсерінен жасушалардың өлуі

19. Апоптоз - это:

A) Өзгерген жасушалардың өлімі

B) Сыртқы ықпалдардың әсерінен жасушалардың өлуі

C) Ішкі ортаның өзгеруінен жасушалардың өлуі

D) Жасушаның генетикалық бағдарланған өлімі

E) Лизосомалық ферменттермен жасушалардың зақымдануы

20. Жасуша зақымдануы кезіндегі қорғаныстық механизмдерге жатады:

A) Липидтердің асқын тотығу процесстерінің белсендірілуі

B) Мембраналық фосфолипазалардың белсендірілуі

C) Антиоксиданттар түзілуінің белсендірілуі

D) Комплемент жүйесінің белсендірілуі

E) Протеолиз жүйесінің белсендірілуі

21. Жедел фаза жауабының негізгі медиаторы болып табылады:

A) Лизоцим

B) Пропердин

C) Комплемент

D) Интерферон

E) Интерлейкин-1

22. "Стресс" атауын енгізген автор:

A) И.Павлов

B) И.Сеченов

C) И.Мечников

D) Р.Вирхов

E) Г.Селье

23. Стресс-реакцияларға тән:

A) Гипотермия

B) Лимфалық тіндердің гиперплазиясы

C) Артериялық қысымның төмендеуі

D) Қанда глюкокортикоидтар мөлшерінің азаюы







Date: 2015-11-13; view: 878; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.108 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию