Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Беткейлер, беткейлік үдерістер және беткей бедері





Беткейлер-құрлықта, сонымен қатар теңіз бен мұхит жағалауларында және олардың түбінде эндогендік және экзогендік үдерістер нәтижесінде қалыптасқан жер бетінің еңісті бөліктері. Тау жыныстарының үгілуі мен беткейлік үдерістер өзара тығыз байланысты, демек беткейлерден борпылдақ тау жыныстарының шайылып кетуі түпкі тау жыныстарының шайылып кетуі түпкі тау жыныстарының жер бетіне шығуына мүмкіндік береді де,оның тез үгілуіне әкеліп соқтырады. Керісінше, беткейлердің баяу шайылуы үгінділердің жиналуына әкеледі,соның себебінен түпкі тау жыныстарының одан әрі үгілуіне кедергі жасалады.Сөйтіп беткейлік үдерістердің қарқындылығы ақырында денудация жылдамдығын белгілейді.Беткейлерді беткейлік үдерістерді зерттеудің ғылыми мағынасы-бедер пішіндерінің жаратылу тегін және даму тарихын анықтау,сонымен қатар,беткейлердің өте зор практикалық маңызын көрсету. Беткейлердің морфологиясы,яғни сыртқы бейнесі әртүрлі.Олар еңістелу дәрежесіне қарай:тік құлайтын 35º-тан аса,құламалы 15-35º,орташа еңісті 8-15º,жайпақ 4-8º,өте жайпақ 2-4º. Беткейлер қима пішініне қарай тік беткей,дөңестеле иілген беткей,ойыңқы еңістеле иілген беткей және кертпешті болуы ықтимал.Дөңестеле иілген беткейлердің табаны біршама айқын көрінеді,ал төменгі бөлігі біршама құламалы болады.Ойыңқы иілген беткейлердің табаны айқын емес.Жоғарғы бөлігі тік,құламалы болады да,төменгі өңірі бірте-бірте жайпақтала түседі.Жер қыртысының көтерілуі сыртқы күштердің әсеріне,яғни денудация үдерісіне теңбе-тең болса,онда тік беткейлер қалыптасады.Бірақ,табиғатта көбінесе дөңестене иілген және ойыңқы иілген беткейлер жиі кездеседі.

17. Эрозиялық және аккумуляциялық террасалар. Эрозиялық терассалар немесе мүсіндік – түгел түпкі тау жыныстарынан тұрады. Мұндай құрылым өзеннің бастапқы даму кезеңіне сәйкес тектоникалық қозғалыстар толассыз жоғары көтерілуінен бедердің көтеріле дамуын және аллювийдің шөкпегенін көрсетеді. Аллювий шөгілгеннің өзінде-ақ тек жұқа қабатты ірі кесек түйірлі арна материалынан тұратын болады.Аккумуляциялық террасалар өзеннің алювийлік шөгінділерінен құралады да, оның іргетасы өзен деңгейінен төмен жатады, яғни ол жер бетіне шықпайды. Мұндай өзен тау жыныстарын терең тілімдеп, жайылмасы толық түзеліп, аллювий шөгіндісі қалың болғанын, ендеше өзен даму жолында толық оралымнан (циклден) өткендігін дәлелдейді.

18. Беткейлік үдерістер мен беткейлік бедер пішіндері. Беткейлер-құрлықта, сонымен қатар теңіз бен мұхит жағалауларында және олардың түбінде эндогендік және экзогендік үдерістер нәтижесінде қалыптасқан жер бетінің еңісті бөліктері. Тау жыныстарының үгілуі мен беткейлік үдерістер өзара тығыз байланысты, демек беткейлерден борпылдақ тау жыныстарының шайылып кетуі түпкі тау жыныстарының шайылып кетуі түпкі тау жыныстарының жер бетіне шығуына мүмкіндік береді де,оның тез үгілуіне әкеліп соқтырады. Керісінше, беткейлердің баяу шайылуы үгінділердің жиналуына әкеледі,соның себебінен түпкі тау жыныстарының одан әрі үгілуіне кедергі жасалады.Сөйтіп беткейлік үдерістердің қарқындылығы ақырында денудация жылдамдығын белгілейді.Беткейлерді беткейлік үдерістерді зерттеудің ғылыми мағынасы-бедер пішіндерінің жаратылу тегін және даму тарихын анықтау,сонымен қатар,беткейлердің өте зор практикалық маңызын көрсету. Беткейлердің морфологиясы,яғни сыртқы бейнесі әртүрлі.Олар еңістелу дәрежесіне қарай:тік құлайтын 35º-тан аса,құламалы 15-35º,орташа еңісті 8-15º,жайпақ 4-8º,өте жайпақ 2-4º. Беткейлер қима пішініне қарай тік беткей,дөңестеле иілген беткей,ойыңқы еңістеле иілген беткей және кертпешті болуы ықтимал.Дөңестеле иілген беткейлердің табаны біршама айқын көрінеді,ал төменгі бөлігі біршама құламалы болады.Ойыңқы иілген беткейлердің табаны айқын емес.Жоғарғы бөлігі тік,құламалы болады да,төменгі өңірі бірте-бірте жайпақтала түседі.Жер қыртысының көтерілуі сыртқы күштердің әсеріне,яғни денудация үдерісіне теңбе-тең болса,онда тік беткейлер қалыптасады.Бірақ,табиғатта көбінесе дөңестене иілген және ойыңқы иілген беткейлер жиі кездеседі.

19.Өзеннің негізгі жер бедер құру факторлары-өзеннің ағысы мен жылдамдығы. Өзеннің ағысы мен шығыны жауын-шашынның мөлшеріне және су жинау алабына тәуелді.Көктемгі су тасқыны кезінде өзеннің су шығыны жоғары болады,сондықтан ол өзен арнасында орасан зор бұзу жұмысын жүргізеді,ал су азайғанда оның жылдамдығы бәсеңдеп,бедер құру әрекеті де төмендейді.Өзен ағысының жылдамдығы оның еңістігіне байланысты.Еңістік-өзеннің құламасы,оның ұзындығына қатынасы.Өзеннің бойлық жылдамдығымен қатар әртүрлі көлденең циркуляциялық ағыстар бар.Өзен иіні бөлікшесінде ең алдымен өзен түбінің ағысы қалыптасады.Ол арнаның жар қабақты ойыңқы жағасынан жайпақтау келген шығыңқы жағасына қарай ағады,ал компенсациялық немесе беткі ағыс,керісінше,өзен бетімен арнаның шығыңқы жағасынан ойыңқы жағасына қарай ұмтылады.

20.Суффозия процесі. Суффозия — топырақ қүрамындағы ерігіш тұздарға (хлор итті, хлор итті-сульфатты, карбонатты түзілімдерге) тән өте ұсақ түйіршіктердің сіңбе сумен шаймалануы және жер асты суларымен ағызып әкетілуі нәтижесінде сол топырақтың микроагрегаттық қүрылым бірегейлігінің бұзылуы салдарынан осы өңірді көмкерген жамылғы таужыныстардың "отыруы", сөйтіп жер бетінде ойдым-ойдым ойыстардың пайда болуы. Әдетте дөңгелек пішінді болып келетін мұндай ойыстардың диаметрі 10-1500 м, тереңдігі 10-200 м аралығында болып келеді; аэрофототүсіру суреттерінде өте анық байқалады.

21.Жанартаудың жер бетінде таралуы және лайлы жанартаулар. Жанартаулар жер бетінде кең тараған.Құрлықтан басқа,жанартау пішіндері,жоғарыда айтылғандай,мұхит түбінде де бар.Кейінгі зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда,тек Тынық мұхит ауқымында 3мыңнан астам суасты жанартаулары кездеседі.Тынық мұхит шеңбері жұқа мұхиттың қыртысы мен құрлықтың қалың қыртысының жапсарын шектейді.Белдеудің мұхит жағындағы тереңдігі 7км-ден 11км-ге дейін жеткен терең науалар,ал құрлық жағында биік тау жоталары Кордильер,Анды немесе арал иіндері Куриль,Жапон,Филиппин орналасқан.Осылардың пайда болуы мұхит пен құрлық жапсарында материкке қарай еңкіш құлап,жер мантиясына дейін жеткен терең тектоникалық жарылымдарға байланысты.Мұндай терең және көлбеу жатқан сейсмоактивті жарылымдарды 1938ж.жапон сейсмологі К.Вадати ашқан.1946ж.совет ғалымы Заварийкий осы жарылымдардың бойымен Тынық мұхиттың отты шығыршығы деген жанартау белдеуі орын тепкенін көрсетті.

1949ж.америкалық сейсмолог Беньофф бұның толық сипаттамасын берген.Қазір солардың құрметіне мұны ВАДАТИ-БЕНЬОФФ-ЗАВАРИЦКИЙ

22. Дизъюнкциялық дислокациялар және олардың жер бетіндегі көрініс беруі. Дизъюнкциялық яғни айырылымды дислокациялар-опырылмалы деформацияға жататын тау жыныстарының өз тұтастығынан айырылуы.Жыртылу жігі бойымен қозғалу бағытына байланысты айырылымды құрылымдар бірнеше түрге бөлінеді:лықсыма,қаусырма,бастырма,ығыспа,тектоникалық бүркеме.Егер жыртылу жігі аспалы қанат төмен қарай ығысыпауысса,ондай дислокацияны лықсыма деп атайды.Ал кейде аспалы қанат жатаған қанатпен салыстырғанда жоғары қарай ығысса оны қаусырма деп айтады.Жыртылу бетінің еңкіштігі 45º-тан кем болған жағдайда бастырма қалыптасады.Тау жыныстарының жеке блоктары тік бағытта ғана емес,сонымен қатар жыртылу беті бойымен жазық бағытты да орын ауыстырады.Мұндай қозғалысты ығыспа деп атайды. Қатпарлы деформациялар сияқты айырылымды дислокациялар жер бетінде тікелей және жанама түрде көрініс береді.Мысалы,лықсыма және қаусырма деформациялары дамыған белдемде біршама тік құлайтын кертпештер байқалады.Кертпештердің биіктігі белгілі дәрежеге блоктардың тік бағыттағы жылжу мөлшерін сипаттайды.Егер блоктар бір бағытта жылжып ауысқан болса,онда лықсу жүйесінде сатылы бедер пішіндері пайда болуы ықтимал,ал блоктар бір-біріне қарама-қарсы ауысқан жағдайда жақпарлы-тектоникалық таулы өлкелер құралады.

23. Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері. Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер-жылғалар.Олар делювийлік беткейлер бойымен жайылып аққан су кішігірім бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады.Эрозиялық жылғалар бір нөсердің кезінде немесе көктемгі қар тез ерігенде пайда болуы ықтимал.Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 1,0-2,0 м-ге,ені 2,0-2,5 м-ге жететін эрозиялық жырмаларға айналады.Алайда кез-келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала бермейді.Ол үшін ағыс күштірек,жиналған судың көлемі молырақ болуы тиіс.Сондықтанда жырмалар эорзиялық жылғаларға қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі және бір-бірінен ондаған метр алшақ жатады. Жыра жылдам өсіп-өршитін эрозиялық пішін.Одан жыралар жүздеген метрге,тіпті километрлерге жетіп тарамдалып кетеді.Жыралардың бастауы планда сопақша,эллипс пішіндес немесе дөңгеленген күрек пішіндес болады да,жер бетінде аса айқын көрінбейтін ойпауыттар турінде байқалады.Бедердің мұндай пішіндерін су жиналатын ойпауыттар деп атайды.Кейде жыралардың бас бөлігінен жоғарырақ,өзен аралығының өлкелеріне баяу ауысатын,терең емес жарқабақтары айқын білінбейтін,жағалары шымтопырақты жайпақ ұзыннан-ұзақ созылған ойпауыттар орналасады.Бедердің мұндай пішіндері қолат деп аталады.

24. Аңғарлардың морфологиялық элементтері. Өзен арнасы. Өзен аңғарлары-жер бетінің ғасырлар бойы аққан судың эрозиялық әрекетінен жуылып-шайылуы арқылы қалыптасқан, ұзына бойы иректеле созылған,бастауынан сағасына дейін түбі еңіс болып келетін,қазіргі кезде ағын арнасы бар бедердің терең теріс пішіні. Олардың көбі тектоникалық элементтермен байланысты. Аңғарлардың төмендегідей негізгі морфологиялық элементтері бар: арна,жайылма,терраса,аңғарлардың беткейлері.

Жайылма- өзен тасығанда су басып кететін және оның сабалық деңгейінен жоғары орналасқан өзен аңғарларының біршама жазық бөлігі.

Террасалар- тегіс,аздаған еңісті келген аңғарлардың беткейлер шегінде сатыланып орналасқан үлкенді-кішілі алаңдар, соның ішінде жайылма ең төменгі терраса болып есептеледі.

Аңғар беткейі- өзен аңғарының екі жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі өзен арнасына бағытталған көлбеу жазықтық. Оның беті жыра,сай және басқа да жуып-шаю әрекеттерінен пайда болған элементтерден тұрады.

Арна- өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең тереңделген бөлігі. Оның ені әдетте ондаған метрден бірнеше жүздеген метрге дейін жетеді, ал Амазонка немесе Янцзыцзян сияқты үлкен өзендердің сағасында арнаның ені бірнеше километрге жетеді. Арнаның ең терең нүктелерін біріктіретін иректелген сызық өзеннің фарватері немесе тальвегі деп аталады.

Өзен арналары планда әдетте ирек бейнелі болып келеді. Арна ұзына бойы бір-бірімен алмасып тұратын терең шұңғымалардан,яғни қарасулардан және тайыз,қайраңдар деген бөліктерден тұрады. Қайраң мынадай негізгі элементтерден тұрады: 1) жоғарғы қайыр(құм), қайраңның астауынан жоғары орналасқан; 2) төменгі қайыр,астаудан төмен орналасқан; 3)жоғарғы иірімдік жыра немесе жылға-қайраңнан жоғары орналасқан арнаның терең жері; 4)төменгі иірімдік жыра немесе жылға-қайраңнан төмен орналасқан арнаның терең бөлігі;5)белқайраңның жоғарғы және төменгі қайырларын жалғастыратын ең биік бөлігі;6)қайраңның астауы-арнаның фарватері өтетін, белдің ең терең бөлігі;7)арынды беткей;8)төменгі беткей.

Өзен арнасы төменгі құрылымдардан тұрады:

Арал- жайылманың бір бөлігі,өзен қолтықтарымен немесе салаларымен қоршалған,өсімдік жамылғысымен бекітілген,орнықты.

Қалдық -өзеннің негізгі арнасы мен өзеннің бөлініп қалған ескі өзен арасындағы жайылманың бір бөлігі. Жеңсала- аралмен бөлінген өзеннің бір бөлігі. Сала -өзеннің негізгі арнасынан алысырақ кеткен және одан енсіздігі,тереңдігі,ағысының жылдамдығымен ерекшеленетін бөлігі. Шығанақ- өзен жағасынан терең біріккен өзен құрылымы. Қайыр- өзен арнасының саяз бөлігі,су тартылған кезден судан босап,құрғақ аралға айналады. Жағажай- кең,тегіс келген,өзен тасындыларынан құралған өзен жағалауындағы жолақ. Түбекше- өзен арнасына сұғына кіріп жатқан құм шөгіндісі.

25. Өзен меандрлары, меандр түрлері. Өзеннің ырғақты түрде ирелеңдеуі меандрлар деп аталады. Меандр төмендегідей бөліктерден тұрады. А-меандр зонасы-меандр иіндерін шектеуші сызықтардың арасындағы белдеу; б-меандр қадамы екі иіндер арасындағы арақашықтық; в-меандр мойыны-иіндердің бір-біріне ең жақындаған бөлігі; г-арна бойындағы жалдар-иіндердің жайпақ шығыңқы жағасында жинақталған аллювийлік материал; д-шпорлар-өзен иіндері ішіндегі түпкі тау жыныстарының қалдықтары; е-жайылма құм жалдарының жылжымалы желпеуіштері; ж- меандр радиусы-иін ортасына өзен ортасына дейін өлшенетін иіннің дөңгелеу радиусы. Жалпы меандрдың екі түрін ажыратуға болады: 1) аңғарлық меандрлар-олар бүкіл аңғардың иілістерін бұлжытпай қайталайды; 2) еркін арналық меандрлар жалпақ тегіс аңғардың түбінде пайда болады. Аңғар бойында екі түрлі меандр кездеседі. Су тасуына байланысты үлкен радиусты және өзеннің төмен сағасына сәйкес кіші радиусты меандр. Арнаның морфологиялық элементтероі негізіннен су тасуы кезінде қалыптасатын болғандықтан,судың қайтқан кезіндегі әсері де аз болады,ол аңғардың морфологиясына аз ғана өзгерістер жасайды. Меандрлану үдерісі-өзен ағысының минималді күш жұмсау нәтижесінде кедергісі ең аз жолмен ағуы салдарынан пайда болағн құбылыс.

26. Сай тәрізді, ернеу типті жыраның қалыптасуы. Сай тәрізді жыраның ұзындығы 1 шақырымға дейін және одан да астам болады, тереңдігі 10-25м. Жыраның көлденең қимасының сипаты әр түрлі,оның жоғарғы жағы лесс топырағының қалыңдығына сәйкес тік,жарлауытты,ал төменгі жағы жайпақтау келеді. Мұндай жыралар жұқа лесс қабаттарымен жабылған малтатас тау жыныстарының эрозиялық тілімделуі нәтижесінде тау етегіндегі пролювиалдық жазықтардың үстінде қалыптасады. Осындай жыралар суландыру далаларында қараусыз қалған каналдар мен арықтардың орнында пайда болуы ықтимал. Мысалы, Алматы маңындағы Ақсай өзенінің құйылысы тұсында суармалы судың 30жылдың ішінде канал бойында осындай жыра түзілді. Ернеу тәрізді жыра - өзен аңғарының екі жағаларында кездеседі,ол өте күрделі түрде ыдырап,жыралы-сайлы торап құрайды. Көбінесе бұлар тереңдігі 30-50м дейінгі сайлар. Олар бір-бірімен кезектесіп жазық бағытта астасқан малтатас құмдар,саздар қабаттарының дамыған аймақтарда болады. Мұндай күрделі жыралы лабиринттердің болуы таңбалы денудацияға немесе климаттың құрғақтығына,өсімдіктер мүлдем жоқ немесе өте сирек кездесетін жағдайларына байланысты,қатты нөсер жауған кезде, тасқын судың шаю күші мейлінше жаңғыра түскен кездерде пайда болады. Сондықтан жыралардың екі жақ беткейі карниз, діңгек,күнқағар түрінде кездеседі.

27. Экзогендік бедер. Экзогендік бедер құратын факторларға әр түрлі климат элементтерінің, өзендер мен көлдердің, теңіздердің,мұздықтар мен қарлардың,желдің және т.б. элементтердің әсері жатады. Экзогендік бедер құратын үдерістердің негізгі көзі күн радиациясы,ол жер бетіне,гидросфераға және атмосфераға өзара әрекеттесіп,әр түрлі климаттық жағдайлар қалыптастырады. Ал климат жағдайлары бүкіл жер бетінің өзгеруінде негізгі факторлардың бірі болып саналады. Климат элементтерінің ішіндегі аса маңызды фактор-ауа температурасы. Жер бетінің құрылуына әрқашан әсерін тигізіп отыратын тағы да бір экзогендік бедер түзетін үдерістердің энергиялық көзі-гравитация немесе ауырлық күші. Бұл күштер арқылы неше түрлі опырылма,сусыма,жылжымалар,қар көшкіндері және т.б. қиратқыш табиғи құбылыстар пайда болады. Экзогендік үдерістер,яғни сыртқы үдерістер(грек.ехо-сыртында,genes-туу пайда болу)деп күн сәулесінің энергиясына және гравитациялық күштер мен организмдердің тіршідігіне байланысты жер бетінде немесе жер қыртысының беткі бөлігінде өтетін үдерістерді айтамыз. Экзогендік үдерістерге үгілу,морылу,эрозия,денудация,абразия,экзарация және т.б. жатады. Экзогендік үдерістердің жер бетінде көрініс беру түрлері: тау жыныстарының бұзылу және оларды құрайтын минералдардың химиялық өзгеруі;қопсыған және еріген тау жыныстарының бұзылу өнімдерінің су,жел және мұздық арқылы шайылып тасымалдануы,құрлықта немесе су алаптарывның түбінде шөгуі және шөгінді тау жыныстарына баяу ауысуы. Экзогендік үдерістер жер беті морфомүсіндердің пайда болуына себепші және эндогендік үдерістермен бірге Жер бедерін қалыптастырады.

28. Геоморфология пәні, оның зерттеу нысаны, бедер туралы ұғым. Геоморфология(гр ge-жер,morphe-пішін, logos-білу,тану)-бедердің құрылысын,жаралуын,даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Геоморфология зерттеуінің негізгі нысаны-бедер (француз тілінде reliev-дөңестілік –құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Бедердің пайда болуына ішкі(эндогендік) және сыртқы(экзогендік) үдерістер әсер етеді. Эндогендік үдерістерге тектоникалық құбылыстар,жер сілкінуі, жанартау әрекеті,тау жаралу және т.б. жатады. Экзогендік процестерге тау жыныстарының үгілуі,жел,ағынды су,мұздық, су толқыны,адам әрекетінің әсері жатады. Геоморфология-жалпы геоморфология және аймақтық геоморфология болып екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология бедердің пайда болуы мен дамуын геоморфологиялық кешен ретінде кең көлемде алып қарайды. Аймақтық геоморфология құрлық,мұхит,теңіз және т.б. бедерінің нақтылы бір немесе бірнеше бөлігін зерттейді. Геоморфологияның тағыда бірнеше салалары бар:қолданбалы геоморфология-бедерді өндіріс-шаруашылқ қажетіне пайдалану жолдарын зерттеумен шұғылданады; палеогеоморфология-өткен дәуірлердегі бедер пішіндерінің даму жолдарын зерттейді; құрылымдық геоморфология-бедер түрінің морфоқұрылымын анықтайды; экологиялық геоморфология және климаттық геоморфология –көбінесе сыртқы күштердің әсерінен пайда болған бедер түрлерін,яғни морфомүсінін зерттеумен шұғылданады. Бедер-географиялық ландшафтың және географиялық ортаның негізгі бөліектерінің бірі. Сондықтан бедер географиялық ортаның өзге құрам бөліктерімен бірге зерттелуі тиіс. Мұның өзі геоморфологияның физикалық географиямен және басқа географиялық ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.

29. Көл және көл қазаншұңқырларының қалыптасуы. Көл шұңқыры — көл суы жиналатын жер бетінің ойысы. Көл шұңқырының су ең көп жиналатын деңгейіне дейінгі бөлігі көл табаны немесе көл ыдысы деп аталады. Көл шұңқыры жер қойнауындағы (эндогендік) және жер бетіндегі (экзогендік) процестердің әрекетінен және адамдардың шаруашылық әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Эндогендік процестердің әсерінен тектоникалық, жанартаулық ойыстар, экзогендік процестердің әсерінен эрозиялық, эолдық, оқпалық, бөгелмелік ойыстар қалыптасады. Бөгелген Көл шұңқыры (бөген, әуіт) — адамдардың шаруашылық өрекетгерінің нәтижесі.

30. Педиплендену процесі. Педиплендену - бедердің біршама тегістелуі; негізінен аңғар жүйелерінің төменгі бөліктерінен басталады. Таулар мен жазықтарды тілімдеген аңғарлардың беткейлері бір-біріне параллель шегініп барып бірігуінен педименттерге ұласады. Қатарлас аңғарлар бірігуінен тұтас тау алды жазықтығы — педиплен қалыптасады.. Педиплендену процесі. Көбінесе беткейлердің дамуы және денудациялық жазықтардың пайда болуы басқа жолмен, ьяғни беткейлердің бір-бірінен параллель шегінуінен де қалыптасуы ықтимал. Мұндай табиғат құбылысын «педиплендену» процесі дейді, ал осы жолмен қалыптасқан жазықтар «педиплен» (лат. pedis – баурай, plain- жазық) деп аталады.

31. Карстық үдерістер және карстық бедер пішіндері. Карст (Югославиядағы Карст үстірті атымен аталған)- тау жыныстарының суда еруінен және онымен байланысты химиялық үдерістерден туындайтын құбылыстар және сол үдерістерден жаралған бедер пішіндері. Карст жер бетіндегі және жер астындағы сулардың бірлескен әрекетінің нәтижесі, олар әктас, доломит, бор, әксаз, мәрмәр, гипс және түрлі-түрлі тұздар тараған өңірлерде байқалады. Карстық үдерістердің жүзеге асуының негізгі себебі- тау жыныстарының атмосфералық, жер бетіндегі және жер астындағы сулармен, кейбір жағдайда теңіз сулары әсерінен еруі. Карстық құбылыстардың пайда болуына басқа табиғи факторлар да әсер етеді, олар: а) бедер- тік немесе құламалы жер бедерлерімен салыстырғанда, тегіс, жайпақтау келген жерлер карст процесіне тезірек ұшырайды; б) әктастың тазалығы мен қалыңдығы: әктас қабаты неғұрлым таза және қалың болса, соғұрлым олар карст түзілуіне қолайлы болады; в) тау жыныстары құрылымы: жұмыр, ірі кесекті әктастар ұсақ түйірлі ізбес тастарға қарағанда карст құбылысына баяу ұшырайды.; г) ауа райның немесе температураның жағдайы, жауын-шашын мөлшері, ауа райымен байланысты өсімдік жамылғысы, өсімдік қалдықтарының ыдырауы; д) карстық тау жыныстарының жарықшақтығы- жарықшақтар пайда болған кезде агрессивті су осы жарықшақтар арқылы тау жыныстарға сіңіп жер астында әр түрлі карст пішіндерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Карстық бедер пішіндеріне беткі (каррлар, карстық шұңқырлар, қазаншұңқырлар, оқпандар, карстық көлшіктер, ойықтар және оң пішіндері – жұрнақтар) және жер асты(карсты үңгірлер, құздар)жатады. Жер асты және жер үсті пішіндерінің арасындағы өтпелі пішіндерге карстық құдықтар,карстық шахталар жатады. Судың тік бағыттағы циркуляциясы мейлінше қарқынды болса карст тау жыныстарының еру процесі оқпандар «понорлар» деген қуыс пішіндердің пайда болуына әкеліп соғады.

32. Педименттер жүйелерінің қалыптасуы, зерттеген ғалым. Педиплендену үдерісінің алғашқы қалыптасқан жай түрі шегінген беткей етегінде түпкі тау жыныстардың үстінде пайда болған көлбеу алаңшаның, яғни «педименттің» дамуы. Алғашқы да беткейлердің етегі осы байрай шөгінділерінен құралған шлейфпен көмкеріледі. Беткей неғұрлым шегінген сайын, соғұрлым олардың өз- өзінен шегінген баурайлар бөлігі үгілу әсерінен жойылып төмендей береді, сонымен қатар шөккен шлейф материалы тау бөктерінен алыстаған сайын шайылып, азайып кетеді де, нәтижесінде шегінген беткей етегінде байырғы тау жыныстары жалаңаштана бастайды. Осы айтылған процес нәтижесінде беткей етегінде көлбеу жазықтық яғни педименттер п.б. Сөйтіп таулар мен қыраттардың құлама беткейлерінің етегінде, түпкі тау жыныстарының үстінде қалыптасқан сәл еңісті келген жазықтарды педименттер(ағылш. Pediment- баурай)дейді. Жер қыртысының қозғалмалы аймақтарында, денудациялық цикл тектоникалық көтерулер үзілген жағдайларда, таулы аймақтарының бөктерлерінде баспалдақты педименттер қалыптасады. Педименттер жүйелерінің «тау бөктеріндегі баспалдақтар» түрінде қалыптасуын алғаш рет В. Пенк, ал жазықтар өлкесінде Л. Кинг зерттеген.

33. Опырылмалы, қорымдық беткейлер. Опырылмалы беткейлер. Опырылмалар деп біршама тік жарлы беткейлердің бір бөлімі тау жыныстарының түпкі массивінен ілініс күшінің кенет кемуі салдарынан немесе уақытша таянышынан айырылып қалуы нәтижесінде ауырлық күші әсерінен төмен қарай қопарыла құлауынан туындаған шоғырларды атайды. Өте ірі опырылымдар құбылысы көбінесе сейсмикалық дүмпулер әсерінен туындайды. Опырылымдардың морфологиялық нәтижесі- беткейдің жоғары бөлігінде құлама қабырға, баурай қуыстар түзілуі және етек тұсында опырыла құлаған бөлшекткрінің үйінділері. Опырылма беткейлердің аккумуляциялық бөлігі ретсіз келген ойлы- қырлы төбешікті пішіндерімен сипатталады, мұндай төбешіктердің биіктігі бірнеше метрден 30 метрге дейн жетеді. Қорымдық беткейлер. Қорымдық беткейлердің пайда болуы, көбінесе физикалық үгілу және гравитациялық процесіне байланысты. Қорымның жылжу жылдамдығы жылына орта есеппен 0,2-0,3 м кейде 1,5 м-ге дейін болады. Қорымдық беткейлерде жоғарыдан төмен қарай денудациялық беткейді сусымалы науаны және қорымдық конусты даралауға болады. Жоғарыдағы денудациялық беткей үнемі физикалық үгілуге ұшырайтын жалаңаштанған түпкі тау жыныстардан тұрады. Үгілуден п.б. жекелегген кесектастар мен қабыршақтар беткей бойымень ауырлық күші әсерінен төмен қарай домалағанда беткей үстінде түйіршіктердің механикалық әсер етуінен ені бірнеше метрге, тереңдігі 1-2 метрлік көптеген науалар пайда болады.

34. Теңіз жағалаулық үдерістер мен бедер пішіндер. Жағалық сызық – құрлық пен су алқабы (теңіз, көл- бөген) арасындағы шартты шекара. Судың деңгейі үнемі өзгеріп тұратындықтан жағалық сызық тұрақты болмайды. Фиордтық жағалар – тіп-тік, әрі жартасты, құрлыққа қарай ондаған км-ге иірімделіп созылған, жіңішке, терең теңіз шығанағының жағалары. Олар өзен аңғарын мұздық жырып кеңіткеннен кейін оны теңіз басуы нәтижесінде түзілген. Шхерлық жағалар, шхерлер- плейстоцен мұз басу атыраптарындағы теңіз жағакларына таяу орналасқан шағын жартасты аралдар. Олар қазіргі кезде жартылай су астында қалған морена қалдықтары мен ежелгі друмлиндер, камалар, боздар. Эстуарий (лат. aestuarium- өзеннің су басатын сағасы)- теңіз шығанағына ұқсас өзен сағкасының кеңейген бөлігі, немесеөзен сағасының арнасына кірген ұзын шығанақ. Эстуарий тек өзеннің теңізге құяр бөлігінде байқалады. Лимандық жағалар- қолтабан (гректің limen-қойнау)- көлтабандық жағалар- жағалай ойпаң жазықтардың өзен аңғарларын теңіз суы басуынан таяз шығанақтар мен көлшіктерге айналып кеңейген өзен сағасы.

35. Аңғарлық және еркін арналық меандрлар. Жалпы меандрдың екі түрін ажыратуға болады: 1) аңғарлық меандрлар – оларь бүкіл аңғардың иілістерін бұлжытпай қайталайды; 2) еркін арналық меандрлар- жалпақ, тегіс аңғардың түбінде п.б. Меандрдың осы екі түрі өзеннің еркін иректену категорясына жатады, бұл су ағыныц мен шайылуға ұшыраған тау жыныстарының өзара әрекеттестігімен ғана белгіленеді. Аңғардың соылыңқы иіндері аңғар жағасындағы түпкі тау жыныстарының әсеріне байланысты. Мұндай тұрақты тау жыныстары өзен өзінің оптималды режиміне сай меандрлар түзілуіне мүмкіндік бермейді. Еркін меандрлар өзеннің иректелу көлеміне әсер ететін төзімді тау жыныстары жырып өтеді. Негізінен бұл құбылыстардың физикалық мәні әр аңғарда бірдей.

36.Карстық аймақтарының бедер пішіндері. Карстық бедер пішіндеріне беткі (каррлар, карстық шұңқырлар, қазаншұңқырлар, оқпандар, карстық көлшіктер, ойықтар және оң пішіндері – жұрнақтар) және жер асты(карсты үңгірлер, құздар)жатады. Жер асты және жер үсті пішіндерінің арасындағы өтпелі пішіндерге карстық құдықтар,карстық шахталар жатады. Жер бетіндегі карст пішіндеріне карр микробедері жатажы. Карр деп тереңдігі 1-2 м-ге жететін карбонатты тау жыныстар бетіндегі көптеген жарықтарды жылғаларды және соларды бөлетін кішігірім үшкір тіске ұқсас ырлар жүйесін атайды. Каррлардың п.б. себебі жауын сулары мен еріген қардың сулары карбонаттық тау жыныстарының үстімен аға келіп, жарықшақтар бойымен төмен сіңісіп олардың жан-жақты қабырғаларын ерітіп, кеңейтуінде. Судың тік бағыттағы циркуляциясы мейлінше қарқынды болса карст тау жыныстарының еру процесі оқпандар «понорлар» деген қуыс пішіндердің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жердің бетінде тік келген табиғи құбырлар іспетті ашылған бтостаған немесе індер тәріздес көрініс береді. Оқпандар ұлғайған сайынь екінші карстық пішіндерге, яғни карстық ьшұңқырларға ауысады. Олардың көлемі және сыртқы бейнесі карстқа ұшыраған тау жыныстардың түрлері мен геологиялық құрылымына тәуелді. Батыс Европа құжаттарында осындай әр түрлі кішігірім келген тұйық ойпаңдарды, қазаңшұңқырларды және таяз карстық құдықтарды долина деп атайды. Оймауыттар деп көлденеңі бірнеше км-ге, кейде ондаған км-ге жететін, табаны тегіс, жан-жағы тік тұйық ойпандарды атайды. Карстық пішіндерге тән ерекшеліктердің бірі-олардың сыртқы бейнесінің тұрақсыздығы, бір пішіннен екіншісіне ауысуы.

37.Солифлюкциялық беткейлер (лат. solum-топырақ, fluxus- ағын) жоғарғы ендіктерде мәңгі тондардың жер бетіне жақын орналасуынан және биік таулардың шымды беткейлерінде суға толық қаныққан жібіген топырақтың және жұқа дисперсті грунттардың су өтпейтін мәңгі тондық қабатының үстімен төмен қарай баяу сырғып ағуы. Солифлюкцияның дамуына жер бетіндегі топырақтың қатуы мен жібуі, жібіген қабаттардың аса ылғалдануы, су фазаларының алмасуы, топырақтың қату кезіндегі ұлғаюы мен шөгуі және т.б. криогендік үдерістер, ылғалды беткейлердегі топырақ салмағының артуы себепші болады., Нәтижесінде топырақ сұйықтану қабілетіне ие болып, жұқа қабатты қоймалжың түрінде төмен қарай сырғиды. Солифлюкция қозғалысының жылдамдығы жылына бірнеше см-ден бірнеше метрге дейін, ол аса жылдам өтетін апатты жағдайларда сағатына жүздеген метрге жетеді. Әдетте солифлюкцияның ағу жылдамдығы жылына 3- метрден 10 иетге дейн жетеді. Солифлюкция ағысы қалың болмайды, не бары 10-60 см. Биік ендіктерде солифлюкция- өзен аңғарларының және уақытша ағын сулардың негізгі тасымалдау материалының көзі б.т.

38. Мұздық үдерістер және бедердің мұздық пішіндері. Мұздық бедер түзілу үдерістері мұз әрекетіне тікелей байланысты. Мұндай үдерістердің дамуы үшін жер бетінің белгілі бір аймағында мұздықтың ұзақ уақыт сақталып тұруы қажет. Егер жер бетінің қандай да бір бөлігі хионосфера шгінде болса, онда мұз қалыптасу жағдайы тууы ықтимал. Хионосфера (грек chion-қар және sparia-шар) деп өз құрамында атмосфералық ылғалдың басым көпшілігі қатты заттар күйінде тұратын тропосфераның қабатшасын айтады. Мұнда қар жауу басым болып, үнемі қар мен мұз бьсақталуы мүмкін. Хионосфераның төменгі шегі – қар сызығы. Табиғи мұз екі түрге – су мұзы және қар мұзы болып ажыратылады. Су мұзы- құрлықтағы судың немесе мұхит суының мұз боп қатқан кезде пайда болса, қар мұзы- қардың метаморфтанғаннан п.б. Қар сан мәрте қату мен ерудің сондай-ақ қысымның нәтижесінде баданадай ірі түйірлі құрылым алып, фирнге айналады. Жер бетінде ұзақ уақыттар бойына сақталатын кристалды мұз шоғырын мұздық д.а. Ол таулы өлкелерде тек қарлы шекарадан жоғары аймақтарда түзіледі. Мұздың қоректенуі оның бетіне қар түрінде түсетін атмосфералық жауын-шашын есебінен. Жел арқылы айдап алып келген және тау баурайларынан құлаған қардан, сонымен қатар ьмұздың үстінде ауадағы булардың суға айналуынан жүзеге асады. Судың қатты фазасының, яғни қардың, фирнның,ь мұздың балансы жағдайларына қарай мұздықтың өзі аккумуляция және абляция зонасына бөлінеді. Мұздық массасының еру және булану арқылы кемуі абляция д.а. Абляцияның қарқындылығы ауа температурасына тікелей байланысты. Температураның ауытқуымен қатар абляция да ауытқып отырады. Сондықтан мұздықтың алдыңғы жиегі тұрақты орнында қалмай өзгеріп тұрады. Оның сәл ғана алға қозғалуы мен артқа шегінуі осциляция д.а.

39. Жылжыма беткейлер, қар көшкінді беткейлер. Қар көшкіндік беткейлер таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар массасы. Қар көшкіні қалың қар жауынының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, қар қабаттарының тереңдігінде қар қылауларының қайта кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бұзылғанда п.б. Қардың беткей бойымен жылжу сипатына қарай Г.К.Тушинский қар көшкіндерін 3 түрге бөледі: алқапты, науалы, секірмелі. Алқапты түрлі қар көшкіндері деп кең ауқымды тұтас жылжитын қарды атайды. Бұл кезде қалыңдығы 30-40 см қар қабаты қозғалысқа ұшырайды. Науалы қар көшкіндері көбінесе уақытша ағын сулар аққан тәрізді бедердің теріс пішіндері бойымен сырғиды. Секірмелі қар көшкіндері дамыған беткейлердің бойлық бейіні тік, құламалы бөлікшелердің болуымен сипатталады. Жылжымалар дегеніміз – тау-төбе беткейлерінен, өзен аңғарлары мен жыра жарқабаттарынан, теңіз, көл жиектерінен тау жыныстарының беткі бөліктерінің өздерінің салмақ күші әсерінен етекке қарай сыпғып орын ауыстыпуы. Жылжыма құбылыстары әдетте әр түрлі топырақ массаларының қар, жаңбыр немесе грунт суларымен лай тәрізді күйге дейін қанығып, олардың тұтастығы кеміген және бөлшектер байланысының үзілген жағдайларында ғана басталады. Жылжыма процестер әрдайым геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларына тікелей байланысты. Жылжымалар қалыптасқан кезде тау жыныстардың жарым-жартысы уатылып, кейде құрылымсыз массаларға айналады. Жылжымалардың өздеріне тәне ерекше пішіндері болады, олар: а) жоғарғы құлама қабырға және осы қабырғамен шектелген сырғыма циркі; б) сырғыма блоктары және алаңша тәрізді сырғыма терассалары. Жылжымалар Тянъ-Шань және Алтай тауларының бөктерлерінде, Қырым түбегінің оңтүстігінде, Кавказ тауының Қара теңіз жағалауларында дамыған.

40. Таулы мұздық бедер пішіндері. Таулы өлкелердегі мұздық түрлері орографиялық орналасу жəне0қоректену жағдайларына байланысты сан алуан түрлі. И. С. Щукин тау мұздықтарының мынандай түрлерін ажытарады:1. Қарлы мұздық (фирн) жəне қар дақтары - қар деңгейінен биігірек орналасқан өңірлерде таудың жайпақтау келген бет-кейлерінің ойпауытты жерлерінде түзелген мұздықтар.2. Құламалы көлеңкелі беткейлердің етегінде қар көш кін-дерінен жиналған баспалдақ тəрізді мұздықтар (ледники ступе-нобразных поверхностей).3. Ілінбелі немесе аспалы мұздықтар (висячие ледники) - таудың құламалы беткейлерінде кішігірім шұңқырларды тол-тырады да одан шағын тілденіп қана шығады. Егер мұздықтар қабақтан асып кетсе, онда төмен құлдырап, жолындағының барлығын қиратып, едəуір апат туғызуы ықтимал.4. Қарлық мұздықтар (каровые ледники) - тау басындағы беткейлерде орындыққа ұқсас шұңқырлардың түбінде түзелген шағын мұздықтар.5. Аңғарлық мұздықтар (долинные ледники) қар жəне жауын-шашын өте мол жағдайда пайда болады.6. Сөнген жанартау кальдерінде орналасқан кальдерлік мұздықтар (кальдерные ледники);7. Жанартау конустарының төбесін жауып жатқан мұздық-тық бөрік (Кавказдағы Эльбрус пен Қазыбектің төбесіндегі мұздықтық бөрік жəне т.б.); 8. Екі биік тау жотасынын, арасынан қоректенген екі жа-ғына бірдей жылжып ағатын қоржын мұздықтар (переметные ледники). 9. Норвегия немесе Скандинавия мұздықтарына ұқсас мұз-дықтар – таулы мұздықтар мен жамылғы мұздықтар арасында-ғы өтпелі мұздықтар (переход-ные ледники). 10. Қайта түзілген мұздықтар (возрожденные лединки) – мұз-дық жолында биіктеу келген жар қабақты ертпештерге кезде-скен кезде мұздықтың тұтастығы бұзылып, төменгі етегіне кесек-кесек мұз сенгірлеріне бөлініп түседі. Егер осы мұз кесектері еріп үлгермесе, олар бір-біріне жабысып, төмен гипсометриялық деңгейде жаңадан мұздықтар құрайды.

41. Жамылғы мұз басқан аймақтардың бедер пішіндері. Жамылғы мұздықтар таулық мұздықтарымен салыстырғанда əлдеқайда көп, ауқымды. Олар тіпті кей түста бүтіндей бір арал-дар мен құрлықтарды алып жатыр. Мəселен, Гренландиядағы сірескен мұздықтардың қалыңдығы 3 км-ден асса, Антрактида-да ол 4 км-ге дейін жетеді. Міне, осындай ғаламат қалыңдығына байланысты мұз астындағы бедер пішіндері мұздықтың таралу-ына пəлендей əсер ете алмайды. Жамылғы мұздықтардың үстіңгі беті əдетте дөңестеу, жазық келеді, яғни қалқанға ұқсас болады. Олар Арктикалық жəне Антрактикалық климат белдеулерінде таралған, ал бұлардағы қардың шегі теңіз деңгейіне дейін жетеді немесе одан сəл биігірек орналасады. Жамылғы мұздықтардың жылжуы қысымның айырмашылығына байланысты пайда болады да, мұздық “қалқанының” ортасынан басталып, жан-жағына жылжып тарамдала тарайды. Мұздықтың қоректену аймағы мұздық “қалқанның” кіндік тұсында орналасқан. Ондағы мұздың жыл сайынғы еруі оған түсетін қар мөлшерінен кем болады.Мұздықтардың үстіңгі бетін əдетте сан тарау жарықтар шимайлап жатады. Олардың пайда болу себептері де алу-ан түрлі: біресе мұз астындағы бедердің əсерінен, енді бірде мұздықтардың жекелеген бөліктерінің əрқилы (əркелкі) жыл-жуынан болуы ықтимал. Бұл жарықтар мұздық бетінің жазда еруінен пайда болатын судың əсерінен кеңейіп тереңдей түседі. Тереңдігі ондаған, тіпті жүздеген метрге жететін мұз үсті канал-дары осылай қалыптасады.Төрттік кезеңде мұз басқан алаңның аумағы талай рет елеулі түрде өсіп отырған. Солтүстік Америка мен Евразия аумақтарындағы орасан зор алқаптарды мұз басты. Төрттік кезеңде мұз басудың ең кең тараған шағында ол 40 млн. шар-шы километрден асты, (құрлықтың 30% алып отырды), яғни ол қазіргі мұз басқан алаңнан 3 еседей артық болды.Еуропада төрттік кезеңде өткен мұзбасудың негізгі орталығы Скандинавия болған, мұндағы мұздықтың қалыңдығы 5 км-ге дейін жеткен. Жаңа жер мен Солтүстік Орал орталықтарын дағы мұздықтың қалыңдығы бұдан сəл кемдеу болған. Сірə, Еуропадағы ең аумақты мұздық днепрлік мұздық болғанға ұқсайды.

42.Бедер және климат. Климат-бедер құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы.Климат пен бедердің өзара байланысы әр түрлі.Мысалы,үгілу процестерінің қарқындылығы климатқа тікелей байланысты,ол белшілі мөлшерде үгілу құбылысының сипатын анықтайды.Климат бедер түзетін процестерге қаншама тікелей әсер етсе,соншама табиғат ортасының басқа компоненттері,мысалы гидросфера,топырақ-өсімдік жамылғысы арқылы,жанама да әсерін тигізеді.Бедер-көрінісі, мөлшері, пайда болуы, жасы және даму тарихы жағынан әр түрлі жер беті пішіндерінің жиынтығы. Қыраттарды түзетін оң пішіндерді және ойпандардан тұратын теріс пішіндерді құрайды.

43. Шөлді аймақтардың бедер пішіндері. Аридты (лат. arіdus- құрғақ) аймақтардағы бедер пішіндері негізінен желдің əрекетінен пайда болады. Желдің əрекетіне байланысты геоморфологиялық үдерістер мен бедер пішіндерін «эолдық»деп атайды (грек. аіlos- желдің тəңірі, құдіреті). Эолдық үдерістердің морфологиялық жағынан көрініс беру үшін мына-дай физикалық-географиялық жəне геологиялық жағдайлардың белгілі түрде үйлесуі: жауын-шашынның өте аз болуы, қатты желдердің жиі болуы, өсімдіктер жамылғысының мүлдем жоқ болуы немесе өте сирек кездесуі, тау жыныстарының мейлінше физикалық үгілуі жəне үгілу заттарының өте ұсақ шаң-тозаң түрінде болуы қажет (О. Леонтьев, Г. Рычагов, 1988).Мұндай жағдайлар қуаңшылық елдерде яғни жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 мм-ден аспайтын тропикалық шөлдерде, сонымен қатар қоңыр салқын ендіктердің қуаңшылық климаттағы шөл жəне шөлейттерде жиі кездеседі. Демек, эолдық үдерістер - алдымен физикалық-географиялық белдемдермен, нақтылы айтқанда ылғал мен жылылықтың белгілі бір өзара қарым-қатынас арасындағы құбылыстармен байланысты. Эол-дық əрекетке қолайлы жағдай арктикалық жəне антарктикалық климаттық белдеулерде де болады. Кезінде эолдық үдерістер материктік мұз жамылғысының шетіне таяу жалғасқан пе-ригляциялдық аймақтардағы “зандр” жазықтарында болған.

44. Қатпарлардың шоқтығына, қанаттарының қарым – қатынасына қарай жіктелуі. Қатпарлардың пішініне және қанаттарының өзгешелігіне қарым-қатынасына қарай: Үшкір пішінді изоклиналды, желпеуіш тәрізді, сандықша тәрізді қатпарларға ажыратылады. Үшкір пішінді қатпарларының шоқтығы үшкір пішінді болып, ал изоклиналды қатпарлардың шоқтығы тар және қанаттары бір-біріне паралель болып келеді. Желпеуіш секілді қатпарлардың шоқтығы жалпақ кең болып қанаттары желпеуіш секілді таралып, жайылып орналасады. Сандықша пішінді қатпарлар өте кең шоқтығымен және қанаттарының тік бұрыштылығына ажыратылады.

45. Лесстен құрылған бедер пішіндері. Лёсс Қазақстан мен Орта Азияның шөл мен шөлейт аймақтарының шеткі зоналарда ұштасатын биік тау етектерінің ық жағында жəне тау баурайының əр деңгейінде жиналған. Олардың негізгі көздері көршілес жатқан кең ауқымды құмды массивтер (Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұм, Балқаш маңыңдағы құмдар жəне т.б.) болып табылады. Лёссті тау жыныстар Орыс жазығының оңтүстік бөлігінде, Қытайда жəне тағы басқа аймақтарда кездеседі.Лёсс төрттік кезең шөгінділерінің арасындағы кең тараған тау жыныстардың бірі. Оның басқа тау жыныстармен салыстырғанда өзіне тəн мынадай төменгі қасиеттері бар.Лёсс (нем. loss- жұмсақ, болбыр) негізінен диаметрі 0,1-0,01 мм аралығындағы өте ұсақ бөлшектерден тұратын құмайтты, жақсы іріктелген таужынысы. Құрамында құм бөлшектері (1-0,1 мм) өте аз, олар 1%-дан аспайды, сазды топырақтар (0,01 мм-ден кіші) - 15%-дан 40%-ға дейін, коллоид факциялары - 2,15%.Минералдық құрамына қарағанда лесс көбінесе кварцитті болады, ол барлық бөлшектердің 50%-ын, кейде 80-90%-ын құрайды. Мұнымен қатар лёсстің құрамында дала шпаты, слюданың қабыршықтары, карбонаттық түйірлер (10-25%) ак-цессорлық минералдар да бар.Лёсс тау жыныстарының өзіне тəн қасиетінің бірі - шөгу қасиеті. Оның бұл қасиетті былай деп түсіндіруге болады: қайта-қайта дымқылданып, ылғалды мол сіңірген жəне кеуіп қалған жағдайларда лестің көлемі үстіне салмақ түскен сайын кеміп, шөгіп отырады, сөйтіп, оның үстіне салынған құрылыстар деформацияға ұшырап қирауына əкеліп соқтырады. Демек, лёсстің шөгу қасиеті оның ұсақ кеуекті қуысты болуына жəне карбонаттылығына байланысты.Лёсстің түсі ашық-сары, сарылау, сұрғылттау, ашық-сұр болып келеді. Сондықтан, лёссті сары топырақтар деп те атайды. Лёсс тау жыныстары көбіне төрттік кезеңде қалыптасқан, кей-де неоген түзілімдерінде де кездеседі.Жер бетіндегі лесс жəне леске ұқсас тау жыныстарының аумағы 13 млн. км2-ден астам, олар бүкіл жер бетінің 10% алып отыр. Кейбір өңірлерде лёсстің қалыңдығы 100 м-ге дейін жетеді. Жер бетіндегі бедердің əр түрлі пішіндері мен элементтеріне байланысты лестің кеңістікте белгілі геоморфологиялық орны жоқ Таулы аймақтарда олар теңіз деңгейінен 4000 м. биіктікте кездеседі.

Date: 2015-11-13; view: 4820; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию