Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы





 

6.1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы.

6.2 Диплом жұмысының көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет (кейбір жағдайларда гуманитарлық мамандықтар бойынша 100 бетке дейін). Қосымшалар диплом жұмысының көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

6.3 Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқаба (сыртқы беті) (Қосымша А);

- титул беті (Қосымша Б);

- диплом жұмысының орындалуына тапсырма (Қосымша В);

- мазмұны (Қосымша Г);

- кіріспе (Қосымша Д);

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі (Қосымша Е);

- қосымшалар(Қосымша Ж).

6.4 Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы,

- студенттің тегі және аты-жөні,

- диплом жұмысының тақырыбы,

- жұмыстың түрі-диплом жұмысы,

- мамандықтың атауы және коды,

- қала және жыл.

6.5 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы,

- жұмыстың түрі - диплом жұмысы,

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының тақырыбының, атауы,

- мамандықтың атауы және коды,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

- бір жол төмен «нормабақылаушы» және тегі мен аты жөні,

- қала және жыл көрсетіледі,

6.6 Диплом жұмысының мазмұны беттердің нөмірлері көрсетілген кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, қосымшаларын қамтиды. Мазмұнының беті «2» санымен нөмірленеді.

6.7 Кіріспе бөлім диплом жұмысының өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.

6.8 Диплом жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Диплом жұмысының негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

6.9 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

6.10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді. Әдебиет көздері қолданылу ретімен орналастырылады.

6.11 Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

6.12 Диплом жұмысындағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының авторы - өз мойнына алады.

Date: 2015-10-19; view: 1071; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию