Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде





Бәрімізге белгілі, ғылым дегеніміз – теориялық жүйеге салынған объективтік білім. Қазіргі ғылыми зерттеулер ағымында үш негізгі бағытты бөліп алуға болады.

2.10.1 Фундаменталдық ғылыми зерттеулер – жаңа білім алу мен зерттелетін құбылыстардың заңдылықтарын анықтау мақсатындағы зерттеулер.

2.10.2 Қабысатын зерттеулер дегеніміз практикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын фундаменталдық ғылымдарға қол жеткізу. Мысалы, атомдардың фундаменталдық физикалық зерттеулеріне сүйеніп, “қабыспалы”-зерттеушілер атомдық энергетиканы ойлап шығарды.

2.10.3 Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер (ҒЗТКӘ). Олар ғылым мен өндірісті біріктіреді, сол арқылы жобаның ғылыми және инженерлік өңделуін қамтамасыз етеді. Айталық, өндірісте жаңа құралды шығару үшін мына кезеңдерден өту керек: фундаменталдық зерттеулер; қабыспалы зерттеулер; жобалау; сынақ; тәжірибелік үлгілер жасау.

Ғылым даму үстінде және ертеден бері өндірісті “қоректендіріп” келе жатыр. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) барлық технологиялық кезеңдерге тән. Алайда қазіргі кезеңнің ерекшелігі ғылыми-техникалық революцияның “шабуылы”, ол баяу емес, жартылай прогрессті білдіреді, ал ғылым мен техниканың дамуындағы сапалық секіріс және осы негіздегі қоғамдық өндірістік күштердің түбегейлі қайта құрылуы. Ғылым мен өндірістің интеграциясы нәтижесінде өндіріс “ғылымданады” және өндірістік тікелей факторына, экономикалық прогресстің мықты қозғалтқышына айналады. Бұл жерде әр түрлі ғылым мен өндірістің даму процесстері тұрақты дамып отыратын бірыңғай жүйеге бірігеді: ғылым-техника-технология-өндіріс.

Алайда, ҒТР қайшылықтарсыз өтпейді. ҒТР қайшылықтары бір жағынан адамзат үшін үлкен БАЙЛЫҚ, себебі адамдардың мүмкіншіліктерін арттырады, олардың қызметінің тиімділігін асырады, еңбекті жеңілдетеді, тұрмыс жағдайларын жақсартады және т.б. Бірақ басқа жағынан ол проблемалар қатары мен кері әсерлерді туғызады. Мысалы, жұмыссыздық мәселесі (машиналар мен автоматтар өндірістегі адамдарды ығыстырады), экологиялық және техникалық қауіпсіздік, бұқаралық зақымдану қаруларынан қорғайды (2.12 сурет).

 

ҒТР тудыратын негізгі проблемалар мен кері әсерлер - жалпылай және хроникалық жұмыссыздық мүмкіндігі - адамдардың қайта біліктіліктерін арттыру және көшіру проблемалары - еңбек ауыртпалығы, психикалық аурулардың көбеюі - ҒТР әскери пайдалану қаупі - Экология, қазіргі техниканың қауіпсіздік проблемалары және т.б.

 

2.11 сурет

 

Сциентизм мен техницизмнің идеялары оптимистер қолдады, ғылым мен техниканың ролін асыра сипаттайды, олардың қолынан бәрі келеді деп есептеген. Пессимистер болса антисциентизм мен технофобиялардықолдады, олар адамдар өміріндегі ғылымның ролін түссіз бояулармен бояйды деп айтты. Олардың пікірінше, ғылым мен техника қоғам проблемаларын шешпейді, қайта оларды өршелендіре түседі. Реалистер болса әрқайсысының “плюстері” мен “минустерін” таразылай отыра, өз кектерін таңдап алады.

 

Date: 2015-10-22; view: 846; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию