Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы





Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері.Ақша-бұл барлық тауарлардың құнын көрсетіп,олардың айырбасында аралық қызмет атқаратын жалпы тауарлық эквивалент.Ақшаның мәні оның тауар өндірісі мен айналыс сферасында атқаратын қызметінен көрінеді.Ақшы өзара байланысты 5 қызмет атқарады:құн өлшеуіш,айналыс құралы,қор жинау құралы,төлем құралы және дүние жүзілік ақша қызметі.2.Ақша формаларының эволюциясы:тауарлық-ақша,метал ақша,қағаз ақша,несиелік ақшалар және электрондық ақшалар.Айырбас ұлғайып жергілікті нарық шеңберінен шыққан кезде өндіргіш күштердің қарқынды дамуымен байланысты жалпылама эквивалент рөлін әр елде әр түрлі тауарлардың атқару тәртібі қала бастады,оны тек бір ғана тауар яғни ақша атқаратын болды.Осылайша құнның ақшалай формасы дүниеге келді.Бұл форма эквивалент рөлін тек алтын,бағалы металдар атқарған кезде ғана беки бастайды.Сөйтіп айырбас процесі тауарлар әлемінен ерекше тауар ақшаныі бөлініп шығуына әкелді.Құнның ақшалай формасының пайда болуымен байланысты бүкіл тауарлы әлем әлем тауарлар және ақшалар болып екіге бөлінеді.Ақша толық құнды ақшалар және толық құнды емес ақшалар деп бөлінеді.Толық құнды ақшаларға-алтын,күміс сияқты металдарды жатқызамыз, ал толық құнды емес ақшаларға қағаз ақшалар,биллиондық теңгелер және несие ақшалар жатады:-қағаз ақшалар деп айналысқа түсетін толық құнды ақшаларды алмастыратын ақшалық белгілер. –Биллиондық теңгелер-төмен сапалы күміс,мыс,алюминий сияқты металдар қорытпасынан жасалған көрсетілген бағасы ондағы метал құнынан төмен толық емес,майда айырбас тиындар.-Несиелік ақшалар деп қарызға берілген немесе қарызға алынған ақшалардың ерекше түрі.Оларға вексель,чек,банкнот,несие карточкалары жатады.3.Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.Ұдайы өндірістің түрлері мен типтері.Өндіріс деп адамның өміріне қажетті игіліктерді өндіру кезіндегі адам мен табиғат арасындағы байланыс.Материялдық игіліктерді өндіру тәсілі-өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады.Эконмикалық өрлеу қоғамдық өндірістің дамуына байланысты.Қоғамдық өндіріс үздіксіз дамып отырады.Өндірістің үздіксіз дамып,қайталанып,ұлғайып отыруын ұдайы өндіріс дейді.Ұдайы өндіріс жай және ұлғалмал ы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді.Жай ұдайы өндіріс-бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда қайталануы,сондықтан да алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.Ұлғаймалы ұдайы өндіріс бұл өндірістің ұлғаймалы ауқымда қайталануы,өйткені алынған табыстың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатылып алынады.Ұлғаймалы ұдайы өндірістің 3 типі бар. –интенсивті бұл өндіріс факторларын сапалық жетілдіру,құрал-жабдықтарды үнемді пайдалану,жұмыс күшінің біліктілігін арттыру және қуаттарды тиімді пайдалану арқылы өнімді өндіру көлемін сапалық жағынан ұлғайту.-Экстенсивті бұл өндіріс процесінің сан жағынан өсуі,өнімді екі есе көбейту үшін қолда бар өндіріс құрал-жабдықтарын,жұмыс күшін екі есе ұлғайту.-аралас өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту.4.Қоғамдық өндірістің нәтижелері: заттар,қызметтер,байлық.Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі оның өнімі.Ол қоғамдық сипатта болады.Өйткені қоғамдық еңбек бөліндісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар және әрқилы материалдық және материалдықө еме,с игіліктер мен қызмет көрсетулер қатысады.Сондықтан да қоғамдық өндіріс-материалдық және материалдық емес өндіріс саласы болып екіге бөлінеді.Материалдық өндіріске:материалдық игілік өндіру,материалдық қызмет көрсету жатады,ал материалдық емес өндіріске:материалдық емес игілік өндіру және материалдық емес қызмет көрсету жатады.Материалдық қызмет көрсету мен материалдық емес қызмет көрсету қызмет көрсету сферасына жатады.5.Қажеттіліктердің жіктемесі.Ресурстардың түрлері.Өндірістік мүмкіндіктер қисығы.Өндіріс процесінде әр түрлі өндіріс ресурстары қолданылады.Ресурстар-бұл материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдалануы мүмкін түрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы.Ресурстарды 5 топқа жіктеуге болады:Олар:табиғи ресурстар,еңбек ресурстары,қаржы ресурстары,ақпараттық ресурстар,материалдық ресурстар.Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады.Өндіріс факторлары адамзат қоғамының даиу деңгейіне сәйкес ұдайы дамып,жетіліп отырады.Маржинализм теориясының өкілдері өндіріс факторларын 4 топқа бөледі. Олар:жер,капитал,еңбек,кәсіпкерлік қабілет.7.Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары мен түрлері.Әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны яғни ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі бірнеше элементтен тұрады: ақша бірлігі, баға ауқымы (масштабы), эмиссиялық жүйе,ақша түрлері,ақша жүйесінің институттары.Қоғамдық шаруашылықтың негізгі түрлері 2 бөлінеді. 1.Натуралдық шаруашылық.Оның негізгі белгілері:экономикалық қатынастар жүйесінің тұтастығы,еңбектің универсалдығы,өндіру мен тұтыну арасындағы тікелей экономикалық байланыстар. 2.Тауарлы шаруашылық.Оның негізгі белгілері:ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың ашықтығы,еңбек бөлінісінің болуы және оның әсерінен тауар айырбасының орын алуы,өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама делдалдық байланыстар..9.Меншік экономикалық,заңы және тарихи категория ретінде.Меншіктің мазмұны.Меншік-бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты туындайтын қатынастар.Меншік категориясы бір мезгілде заңдық та,экономикалық та категория бола алады.Меншіктің заңдық мазмұны меншік иелерінің қоғамдық өндірісте әр түрлі еңбек өнімдерін иелену қатынастары арқылы анықталады.Меншік 2-ге бөлінеді.1. Меншіктің заңдық мазмұнына:иелену қатынасы(затты физикалық иемдену),пайдалану қатынасы (өз қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында мүлікті тқтыну),билік ету(сату,сатып алу,сыйға беру.т.б зат тиімділігін өзгерту).2.Меншіктің экономикалық мазмұны:иемдену-жатсыну,жекешелену-қоғамдану,жеке және заттық факторларды біріктіру,субьектілік-обьектілік талдау.Меншік құқығы теориясының негізін салушылар американ экономистері Рональд Коуз бен Армен Алчиан меншік құқығын төмендегідей он бір элементтен тұрады деп көрсеткен:1.иелену құқығы,яғни игілікті физикалық бақылау құқығы.2.пайдалану құқығы,яғни игіліктің пайдалану қасиеттерін іске асыру құқығы.3.басқару құқығы,яғни игілікті кім,қалай пайдаланатынын шешу құқығы.4.табыс алу құқығы,яғни игілікті пайдалану нәтижесін иелену құқығы.5.егемендік құқығы,яғни игілікті тұтыну,өзгерту,бас тарту,жою құқығы.6.қауіпсіздік құқығы,яғни игіліктерді бүлінуден және қоршаған орта залалдарына қорғау құқығы.7.мұраға қалдыруқұқығы.8.игілікті мерзімсіз иелену құқығы.9.қоршаған ортаға зиянды тәсілмен пайдалануға тиым салу құқығы.10.жауапкершілік құқығы,яғни қарызы үшін игілікті алу.11.қалдық құқығы,яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың болу құқығы.Ал экономикалық категория ретінде меншік бүкіл шаруашылық үрдісін қамтып,адамдардың тұтыну игіліктері мен қызметтерін өндіру,бөлу,айырбастау және тұтыну қатынастарын білдіреді.Меншіктің экономикалық мазмұны бірнеше жұп категориялар арқылы сипатталады.10.Меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру:кезеңдері,формалары,әдістері.проблемалары.Нарықты экономиканың қалыптасуы меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігн туғызды.Бұл меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру үрдісі арқылы жүзеге асырылады және меншіктің алуан түрлі формаларының қалыптасуына себепті болды.Мемлекет иелігінен алу-мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс рөлін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.Ол мынадай бағыттар бойынша жүреді:-иемдену процесін мемлекет қарамағынан алу.-шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын қалыптастыру.-жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру.Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру тығыз байланысты.Жекешелендіру-мемлекет қарамағындағы мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарды жеке және заңды тұлғалардың меншігіне беру.Жекешелендіру жүргізудің 3 түрлі тәсілі бар:-аукцион немесе конкурс бойынша сату немесе сатып алу.-кәсіпорын капиталындағы үлестерді сатып алу.-жалға берілген кәсіпорын мүлкін сатып алу.Сонымен қатар ұлттық бағдарламаға сәйкес жекешелендірудің үш негізгі түрі бар:шағын жекешелендіру,жаппай жекешелендіру және жеке жоба бойынша жекешелендіру. Жекешелендіру үрдісі ұзаққа созылатын құбылыс.Қазақстанда жекешелендіру қадамдары 1991 жылдан басталған және ол төрт кезеңмен жүрілді.Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары болады.1 кезең-1991-1992-мемлекеттік меншікті басқа нысандарға айналдыру,азаматтарға мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін сату,2 кезең-1993-1995-нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау,3кезең-1996-1998-жекешелендіру үрдісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту.,4кезең-1999-2000-жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқыфқтық негіздерін және оларды басқарудың жолдарын жетілдіру.Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде иемдену әдістері өзгеріп отырған.Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі.Олардың ішінде ортақ меншік,қоғамдық меншік және жеке меншіктер басты түрлері болып табылады.Ортақ меншік-ол ортақ меншікке және оның нәтижесін бірігіп иемденуге негізделеді.Жеке меншік-өз еңбегіне негізделген және өзгенің еңбегіне негізделген жеке меншік болып 2 бөлінеді.Қазақстанда заңға сәйкес жеке,мемлекеттік,муниципалды және басқа меншік түрлері бар.Мемлекеттік меншік-меншік обьектілерін мемлекеттік билік өкілдерін басқаруы мен жаратуын жүзеге асыратын қатынастар жүйесі.Ұжымдық меншік-бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп,пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі.Ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік,акционерлік,қоғамдық ұйымдар және т.б меншік формалары жатады.11.Меншіктің түрлері.Меншіктің көптүрлілігінің обьективті қажеттілігі.Меншік қатынастарын толық түсіну үшін оның обьектісі мен субьектісін ажырата білу керек.Меншік субьектісі-меншік қатынастарының белсенді жағы.Олар меншік обьектісін иемденетін,оған билік ететін және пайдаланатын адамдар.Мысалы:жеке адам,от басы мүшелеріәлеуметтік топтар,мемлекет,еңбек ұжымдары,территория халқы және т,.б. Меншік обьектісі-меншік субьектісінің қарамағындағы заттар.Мысалы,жер,ғимарат,құрылыс,ақша,асыл тастар,ақыл ой меншігі және т.б. Меншік пен иемдену ұғымдарын ажырата білу керек.Меншік абстрактілі ұғым болса,иемдену-нақты ұғым.Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде иемдену әдістері өзгеріп отырған.Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі.Олардың ішінде ортақ меншік,қоғамдық меншік және жеке меншіктер басты түрлері болып табылады.Ортақ меншік-ол ортақ меншікке және оның нәтижесін бірігіп иемденуге негізделеді.Жеке меншік-өз еңбегіне негізделген және өзгенің еңбегіне негізделген жеке меншік болып 2 бөлінеді.Қазақстанда заңға сәйкес жеке,мемлекеттік,муниципалды және басқа меншік түрлері бар.Мемлекеттік меншік-меншік обьектілерін мемлекеттік билік өкілдерін басқаруы мен жаратуын жүзеге асыратын қатынастар жүйесі.Ұжымдық меншік-бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп,пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі.Ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік,акционерлік,қоғамдық ұйымдар және т.б меншік формалары жатады.12.Нарықтың мәні мен құрылымы.Нарықтық экономика-өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет етеін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.Нарық-бұл өндіріс,бөлу,айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесі.Нарықтың мәнін оның қызметтерінде толық көрінеді.Нарық өз ара байланысты мынандай маңызды қызметтерді атқарады:реттеу қызметі,делдалдық қызмет,баға белгілеу,ақпараттық қызмет,ынталандырушылық қызметі.Нарықтың күрделі экономикалық жүйе ретінде өзіндік құрылымы бар.Нарықтың құрлымы бұл-нарықтың жекелеген элементтернінің ішкі құрылымы.Нарықтың құрылымы әр түрлі белгілері бойынша көптеген түрлерге бөлінеді.Нарықтық құрылымның жіктелуі 6га бөлінеді: 1.Экономикалық мүдделері бойынша:тауар мен қызмет нарығы,өндіріс факторларының нарығы,қаржы нарығы. 2.Географиялық орналасуы бойынша--:жергілікті нарық,ұлттық нарық,дүниежүзілік нарық. 3.Бәсекенің шектелу деңгейі б\ша:монолгиялық нарық,олигололиялық нарық,жетілдірілген бәсеке нарығы,монологиялық бәсеке нарығы. 4.Сала б\ша:автомабиль нарығы,компьютерлік нарық. 5.Сатылу сипаты б\ша:көтерме сауда нарығы,бөлшек сауда нарығы,фьючерстік сауда нарығы. 6.Заң нормаларына сәйкестігі б\ша:ресми нарық,жасырын нарық.13.Натуралды шаруашылық,оның белгілері мен ерекшеліктері.Өндіріс мақсатында бай\ты шаруашылық 2ге бөлінеді.Олар:1-натуралды шаруашылық,2-тауарлы шаруашылық.Натуралды шаруашылық деп-өнімін сату,айырбастау үшін емес,тек өзінің тұтынуы үшін өндіретін тұйық шаруашылықты айтамыз.Өндіргіш күштер мен еңбек қатынастар дамыған сайын қарапайым натуралды шаруашылықты бірте-бірте тауарлы шаруашылық ығыстырып шығарады.Натуралды шаруашылықтың белгілері:-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтығы,-еңбектің универсалдылығы,өндіру мен тұтыну арасындағы тікелей экономикалық байланыстар.3.Экономикалық заңдар-бұл адамдардың іс-әрекет қызметінің себеп-салдарлы байланыстарын көрсететін заңдар.4.Экономикалық категориялар-өоғам өмірінің наөты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық ұғымдар.6.Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтарымен ақшалай жинақтары..7.Өндіргіш күштер-бұл қажетті білімі,еңбек тәжірибесі мен іскерлігі бар адамдар мен еңбек барысында пайдаланатын еңбек құралдары.8.Ресурстар-бұл материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдалануы мүмкін түрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы.9.Өндіріс-қоғамдық өндірудің бастапқы сатысы,қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті игіліктерді өндіру процесі.14.Меншік-бұл адамдар арасындағы өндіріс факторларымен нәтижелерін иемденуге байланысты туындайтын қатынастар.15.Меншік субъектісі-меншік қатынастарының белсенді заңы.олар меншік объектісін иемденетін,оған билік ететін және пайдаланатын адамдар.Мысалы:жеке адам,мемлекет,еңбек,территория халқы.16.Меншікобъектісі-меншіксубъектісініңқарамағындағызаттар.Мыс:жер,ғимарат,асыл тас,ақыл ой меншігі,ақша.17.Ортақ меншік-ол ортақ меншікке және оның нәтижесін бірігіп иемденуге негізделеді.18.Жеке меншік-өз еңбегіне негізделген және өзгенің еңбегіне негізделген жеке меншік болып екіге бөлінеді19.Мемлекеттік меншік-меншікобъектілерінмемлекеттікбилікқкілдерініңбасқаруы мен жанартуынжүзегеасыратынқатынастаржүйесі.20.Ұжымдық меншік-бұл еңбек ұжымы өндірісқұраладры мен өнімдерінортақиемденіп,пайдаланыпжекеіскежарататынэкономикалыққатынастар жүйесі.26.Натуралдық шаруашылық-өнімінсатыпалу,айырбастауүшінемес,текөзініңтұтынуыүшінөндіретін тұйық шаруашылық.27.Тауарлы шаруашылық-өндірілгенөнімтұтынуыүшінемесбасқаныңөажеттілігінқанағаттандыруүшін шығарылатын экономикалық қатынастар жүйесі.28.Нарықтық экономика-өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.29.Нарық-бұл өндіріс,бөлуайырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесі.30.Нарықтық инфрақұрылым-бұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін қамтамасыз ететін мекемелер,мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы.

Нарық -бұл өдіріс,бөлу,айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесі.

Нарықтық экономика-өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны

Қазіргі заманғы нарық шаруашылығының қалыптасуы бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезең – қарапайым тауарлық өндіріс. Тауар өндірісі жетістігінің ең жоғарғы деңгейінің дамуы капиталдың алғашқы сатысын құрайтын және оның екі жағын қосатын, алғашқы капиталдың жинақталу үдерісіндегі өндірістің капиталистік әдісінің бекітілуімен байланысты:

1. өндіріс құралдарының барлығынан айрылған, жекелей бос адамдарды өндіруші көпшілікке айналдыру. Бұл үдеріс рынокта жаңа тауар – адам күшінің пайда болғанын көрсетеді;

2. ақшалай байлық пен өндіріс құралының аз адамнын қолына жинақталуы;

Қазіргі нарық экономикасы келесі факторлардың ықпалымен қалыптасты мемлекеттік реттеу, әлемдік экономика, нарық инфрақұрылымының дамуы, әлеуметтендірілген тауарлық өндірісі (нарық экономикасында адамның рөлінің өсуі).

«Нарық» түсінігінің әр түрлі мағынасы тараған. Әуелгі уақытта рынок базар, бөлшек сауда орны, рынок алаңы ретінде қаралған. Тауарлық-ақшалық қатынастардың дамуымен рынокты тауарлық-ақша айырбасы (айналымы) мен тауар нысаны ретінде жаңаша түсіну пайда болды.

Классикалық мектептің көрнекті өкілі А.Смит нарық экономикасы - өзін реттеуші жүйе: өзін-өзі реттеу «көрінбейтін қол» деп аталатын автоматты түрде өзін-өзі реттейтін, сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатын еркін нарықтық баға болып табылады деп есептеді.

Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы

Өндірісті инвестициялау – тұрақты үдеріс. Өндірістің қайталануы мен үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, капитал салымдары бірінен соң бірі жалғасын тауып отырады. Өндірістің үзіліссіз қайталанатын үрдісі – ҰДАЙЫ ӨНДІРІС деп аталады. Ұдайы өндіріс жай (өндіріс бір мөлшерде қайталанатын жағдайда) және ұлғайтылған (ұлғайып отыратын көлемде) болады (2.8 сурет).

Жай ұдайы өндірісте өнім мөлшері әрбір келешек өндіріс цикліндеөзгеріссіз қалады. Бұл жағдайда, өнім тіпті қосымша өнім өндірілсе де, жеке тұтыну мақсатына ғана жұмсалады. Ұлғайтылған ұдайы өндіріс нәтижесінде өнімнің мөлшері әрбір өндіріс циклінде өсіп отырады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің бірден-бір көзі – қосымша өнім. өндірістің жаңа цикліне қосымша, немесе сапасы жоғары ресурстар қажет.

 

Қазіргі экономикада ұлғайтылған өндіріс көбірек кездеседі. Жаңа инвестициялар өндірістің шығындалған капиталын (қолданылған шикізат пен материалдар, тозған жабдықтар) өтеп қана қоймайды, сондай-ақ оның өнімділігін қосымша немесе одан да тиімді өндіріс құралдарының көмегімен арттыра түседі. Соның арқасында капитал жинақталады, яғни өндіріске қосымша капитал салу есебінен ол күрделене түседі. Ұдайы өндіріс үдерісінде капитал үнемі қозғалыста болады және мына сызба бойынша айналым жасайды: Өндіріс құралдарын сатып алу - Өндіріс үрдісі - Өндірілген тауарларды сату. Осындай айналымдар қайта-қайта қайталанып отырады. Өндірісті кең көлемде жалғастыру үшін, кәсіпкер тапқан пайдасының бір бөлігін өзінің тұтынуына емес, өндірісті қаржыландыруына жұмсауы міндетті.

 

 

Date: 2015-10-22; view: 1871; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию