Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономиканың индустриальды моделінің дамуы





Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады.Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.

 

Ерекшелігі: Ғылымның дамуына еркіндік – қоғамдық сананы жоғары көтерді

u Толық жұмыспен қамту – жапай жұмыссыздықты жойды.

u Артық тауар өндірісін болдыртпады

u Капиталистік қатынастарға жол ашты

u Монополистік капитализм орнады

Ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 — 18 ғасырдағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс, негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби кұпияны қорландырып, машық тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдықта қамалып, өндірістік амал-шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу, қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы және кітап шығару тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. кызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды.

Жалпы, бұл — ғылыми техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Ц.Бернулли, Э.Ма-риотт, Ж.Л. Д'Аламбер, Р.А. Реомюр, П.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка "өндіріс қызметшілері" деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапкыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық тех. ізденістің ғана емес, "ғылымның жемісі" саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі Ғ.-т. п-тің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қаркынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді тех. нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты.

Ғыл.-тех. іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-техникалык революция жетістіктерімен байланысты. Оның ыкпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. мін-деттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революция-ландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғьлымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны күрделі, эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогрестің ерекше қыры — тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: көлік катынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми техникалық прогресс әлеум. прогресстің негізі болып табылады.

 

Date: 2015-10-22; view: 660; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию