Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ежелгі Греция мен Римнің экономикалық тарихы





Ежелгі Грекияның ең алғашқы кезеңі- гомерлік кезең деп аталады. Ол б.з.б XII-VIII ғасырларды қамтиды.ол кезде Грекия мемлекет болып қалыптасқан жоқ, бұл кезде әскери демократиялық құрылысты мемлекет типтес бірлестіктер болған.б.з.б VIII-III ғ- грекияда полистердің өмір сүру кезеңі, сонымен қатар классикалық құл иеленуші кезең.Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Полистің экономикалық принципі- автаркия, яғни өзін—өзі қамту. ежелгі грекияда саяси және экономикалық құрылымның 2 нұсқасы- афинылық және спарталық нұсқасы өмір сүрді. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Жерді басыбайлы құлдар – илоттар өң- деді.Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Экономикалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді.Ал Афины қаласы сауда мен қолөнер дамыған, өндірісте құлдар еңбегін пайдаланатын демократиялық мемлекет болды. Ол Спартаға қарағанда дамыған мемлекет болып саналды.

Ежелгі Римдегі өндірістік қатынастың құл иенушілігі Ежелгі Грециямен салыстырғанда неғұрлым дамыған дәуірде болды. Бөтен жерлерді басып алу арқасында өте үлкен Ұлы құл иеленуші Рим империясы құрылды, көптеген тайпалар мен халықтар құлдарға айналды. Ауыл шаруашылығы құл еңбегін пайдалуныдың басты айласы болды, олар аяусыз қаналып, ауыр жұмысқа жегілді.Сондықтан құлдар мәселесі, ірі құл еңбегін пайдаланатын шаруашылықтарды ұйымдастыру және жүргізу әдістері. Ежелгі Рим империясының маңызды проблемасы болды (Латифундий).

Құлдарды ауылшаруашылық құралдарына жатқызды Ерте Римдік құлиеленуші республиканың ең күрделі экономикалық проблемалар ол жерді атақты – патрицалардың қолдарында шоғырландырып жай Италия шаруаларын - плебейлерді жерсіз қалуында болды. Құлиеленушілік өндіріс тәсіліндегінің қарама - қайшылықтарының асқынуы, құлдарды аюандықпен қанау Спартактың бастауымен (б.д.д. 73-71 жж.) құлдар көтерілісінің шығуына әкелді. Көтерілістің басты мақсаты – тұтқандағы құлдарды босату және Италиядан шеткері аумақтарға кетуі. Көтеріліс аса қатігездікпен басылды, дегенмен, ол құлиеленушілік өндірістік қатынастардың негіздеріне қатты соққы болып тиді.

 

Date: 2015-10-22; view: 1258; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию