Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жан туралы ілімі білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары





Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан-қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалды. Мәселен, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483ж.ж.) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі «Шипагерлік баянда»көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.) туралы қызықты мағұлматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүкіл тіршіліктің басқарушысы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарынбасқаруда мидың атқаратын ролін де жоққа шығармайды. Жан құбылыстары туралы ғылыми мәні зор, тың пікірлерді кейінгі заманда ғұмыр кешкен Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан т.б. шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады. Қазақ топырағында жан мәселелері жайлы ХХ-ғасырдың басында өндірте жазған адамдардың бірі- Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931ж.ж.). Ол бас аяғы 5-6 жылдың ішінде осы салада 6 кітап жазды. Олар: «Тәрбие жетекші» (1924.), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926), «Комплкеспен оқыту жолдары» (1929), мектеп оқушыларына арналған оқу кітабы, «Жаңа ауыл» (1929-30), «Сауатсыздықты қалай жою керек?». Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе, Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында(Алматы мемлекеттік университеті) тұңғыш рет психология кафедрасы ашылды, 1947 жылы қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық мәселелері, мал шаруашылғына қажетті мамандардың, сондай-ақ жаңа типтегі лицей, гимназия, колледж, медресе шәкірттерін оқытып, тәрбиелеудің психологиялық проблеммалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, қос тілдік пен көптілдіктің психологиялық астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жәйттер алдағы жерде өз шешімін күтіп тұрған өміршең ғылыми мәселелер болып табылады.







Date: 2015-09-24; view: 1803; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию