Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәсіпкердің бизнес-идеясын таңдау және іске асыру қызметі технологиялық түрде төрт фазадан немесе кезеңнен өтеді
Бірінші кезеңде шаруашылық бірліктерінің қысқаша анықтамасы, оның негізгі мақсаттары, қызмет ету аясы, белгілі бір аймаққа байланысты әрекет ету нормасы мен әлеуметтік, қоғамдық сұрақтарды шешудегі рөлі қарастырылады. Бұл жағдайда кәсіпорын төмендегідей жүйеде қарастырылады: Ø нарықты қамтамасыз етуге байланысты тауар, қызмет, жұмыс өндіруші; Ø әлеуметтік ұйым ретінде түсіндіріледі, яғни оның құрамындағы жұмысшылар ұйымның дамуына әсерін тигізе отырып, өз қажеттіліктерін қанағаттандырады; Ø басқа тауар өндірушілерге бәсекелес ұйым болып келеді; Ø бүкіл қоғамның мүддесін көздейтін әлеуметтік бірлік болып табылады; Ø нарықтық көп-жүйелі экономиканың бір бөлігі болып келеді. Екінші кезең бизнес-жоспарды өңдеудегі мақсатты анықтаумен байланысты. Мақсат – бұл кәсіпорын қызметінің әрекеті арқылы болашақта жеткісі келетін көзделген жағдайы немесе қызметінің болашақтағы нәтижесі. Бизнес жүйесінде мақсат бес түрлі қызмет атқарады: Ø бастамалар: фирманың нақта және көзделген жағдайын сәйкестендіре қарастыру,әрекет ету мотиві; Ø шешім қабыдаудағы өлшемдер: ақпаратты және альтернативаны таңдаудағы бағалар; Ø басқару құралы: әрекеттерге басқарушылық талаптар, бизнес бағытын анықтау; Ø координация: тұлғалардың қарама-қайшылықсыз қатынастарын қалыптастыру, шешім қабылдауда келіспеушілікті болдырмау, мамандандырылған бөлім жұмыстарының сәйкестігін қалыптастыру; Ø бақылау: шаруашылық көрсеткіштерінің оперативтік жағдайы мен мақсатталған немесе көзделген деңгейімен сәйкестігін қадағалау. Үшінші кезеңде, яғни кәсіпорынның мақсаты мен ұстанымдары, стратегиясы анықталғаннан кейін бизнес-жоспардың жалпы құрылымы қарастырылады. Бизнес-жоспардың құрылымы мен көлеміне кәсіпорынның өлшемі мен алға тартылған міндеттері әсер етеді. Төртінші кезең бизнес-жоспарды құрылымындағы бөлімдерге ақпараттарды жинастырумен байланысты. Бесінші кезең бизнес-жоспар бөлімдерін жетілдіру және де бизнес-жоспарды бір құжат ретінде тәртіпке келтірумен сипатталады. Date: 2015-09-24; view: 442; Нарушение авторских прав |