Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туристік қызметтерді өткізу сатылары





(23-24 бирге)

Терең ғылыми зерттеуді, талдауды және жүйелендіруді қажет етіп отырған, туризм құбылысының, туристік саланың елімізде дамуының, туристік қызметтің жұмылдыра көрсетілуінің басты себеп-салдары ретінде көрінуі және адамдардың әл-ауқатын жақсартудағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғауы, осы бөлімде оларға негізделе тоқталуымызға түрткі болды.

Отандық ғылым «туризмді», белгілі бір аймақтарды, елдерді тану мақсатымен жасалатын саяхатты білдіретін белсенді демалыс түрі ретінде сипаттайды. Түсінік берудегі келістерді қорытындыласақ, онда «туризмді» адамдардың тұрақты мекен-жайларынан тыс жерлерде уақытша тоқталуы немесе саяхат жасауы нәтижесінде пайда болатын қатынастар жүйесі ретінде анықтауға болады. Жалпылама сипат алған бұл анықтама, аталмыш құбылыстың әлеуметтік және экономикалық аспектілерін қозғамай, бейнелеумен ғана шектелген. Алдындағы тарауда қозғаған ойлар мен қарастырылған әдебиеттердің негізінде, диссертант, туризмге өзінің рухани және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене мен мінезқұлықты саулығын нығайту, қоршаған ортаның жаңаша әсерін тану мақсатымен, туристік қызметті тұтыну негізінде туристің бос уақытты пайдалануы ретінде анықтама береді.

Қазіргі заман ғалымдарының ішінен алғашқылардың бірі болып, туризмге экономикалық құбылыс ретінде назар аударған П.Ротоу, елдер дамуындағы экономикалық кезеңдер мен олардағы туризмнің даму ерекшеліктері арасындағы корреляцияны анықтау арқылы ұсынған үлгісі бүгінгі күнге дейін экономистермен мойындалуда. Халықаралық рынокқа туристік қызметпен шығу, экономикалық әлуеті жоғары, дамыған елдер үлесіне тисе, онда туризм «орта кластың» өркендеу белгісіне және жаппай тұтыну өніміне айналған. П.Ротоудың болжамына сәйкес, рынок жолына түскен дамушы елдерде, ал бұған біз өз кезегімізбен Қазақстанды енгіземіз, қызметтер аясындағы мультипликативті табыс құралы, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту және инфрақұрылымның даму құралы болатын, ішкі туризмнің дамуына жағымды әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туындап отыр. Теориялық тұжырымдар мен жорамалдарға сүйенбей, статистикалық мәліметтерге жүгінетін, бүгінгі күнгі туристік қызмет аясының ел экономикасына ықпалын бейнелейтін үлгілер, экономикалық тұрғыдан ғана ұсынылып, әлеуметтік жағы назардан тыс қалған.

Қазақстанның өтпелі кезеңнен кейінгі туризм саласының, халыққа ұсынылатын туристік қызметтер жағдайының әлі де болса тұрақтанбауына қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайын реформалау процесі ауқымды үлесін қосты. Қазіргі туристік аядағы «қайшылықтар» қайдан пайда болғанын анықтау үшін, өткен бірнеше жыл ішіндегі Қазақстандағы осы саланың даму процесін қарастыру қажет.

Арнайы әдебиеттерде туристік қызметтер аясы Қазақстанда XX ғасырдың бас кезінде пайда болғандығы жайлы сөз етілген. Туристік сала, халық шаруашылығының барлық салалары секілді кешегі күнге дейін орталықпен қатаң түрде басқарылып келген. Қазақстанда халықаралық туристік қызметпен алмасудың бастамасы ретінде, ресми түрде шетелден келген 25 қонақты қабылдауымен ерекшеленген 1956 жыл белгіленеді. Тап осы жылы КСРО, сол кездегі БҰҰ-да әрекет еткен ресми туристік ұйымдардың Халықаралық Одағына мүше болып кірген болатын. Қарастырылып отырған, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, туристік саланың индустриализациясы мен монополизациясы кезеңі болып табылады. Экономиканың жалпы дамуы мен соның ішіндегі туристік қызмет саласына тиісті маңызды шешімдерді орталық мемлекеттік органдар қабылдады. Халықаралық және ішкі туризмнің жоспарлы даму міндеттері әртүрлі Орталық органдарға бекітілді: жас өспірімдер және спорттық туризм мүдделері туристік-экскурсиялық, кәсіподақтық және қоғамдық органдардың құзырында болса, ішкі туризм мәселелерін - кәсіподақтар қарастырса, халықаралық - әртүрлі қалаларда өз бөлімшесі және шетелде өкілеті бар жеке ұйымдарға бекітіледі; ал жастар туризмін Орталық жастар ұйымы ұйымдастырады.


1962 жылы туристік-экскурсиялық басқару негізінде, туристік саланы жаппай дамыту міндетін алған, туризм мен экскурсиялар бойынша кеңес жүйесі құрылған болатын. Туризм мен экскурсия бойынша кеңестің қызметі Орталық Кеңеспен реттелініп отырған, ал олардың құрылуы елдегі туристік-экскурсиялық қозғалыс ауқымының кеңеюіне жол ашты. 1965 жылы Қазақстан мен барлық Одақтас республикаларда туризм бойынша Кеңестер ұйымдастырылып, туристік саланың материалдық базасы біршама кеңейтіледі. Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Шығыс Қазақстан облыстарында алғашқы кездері тек жалға алынған көлік құралдарымен жұмыс істеген, саяхат пен экскурсия бюролары пайда болған. 70-жылдардың орта кездерінде Қазтур Кеңесінде шетел туристерін қабылдау мен оларға қызмет көрсету бойынша бюролар жүмыс істей бастайды.

Алматы, Жамбыл (қазіргі Тараз), Шымкент, Қарағанды және Целиноград (қазіргі Астана) қалаларында «Интурист» атты Бүкіл Одақтық акционерлік қоғам агенттіктері ашылды. Ол КСРО-ның Министірлер Кеңесіндегі шетел туризмі бойынша бас басқармасына бағынышты болды. Сол жылдары біздің отандастарымызды Жерорта теңізінің жағалауындағы - Греция, Түркия, Тунис, Мальта, Испания, Франция, Ұлыбритания, Италия елдері арқылы өтетін, социалистік елдерге саяхат; Финляндия, Үндістан бойынша өтетін маршруттар қызықтырды. Туристік саланың дамуының жоспарлы реттелуі елімізден шетел валютасы «ағымының» мүмкіншілігін мейлінше азайтты, ал айырбастан тыс келген халықаралық топтарға туристік қызмет көрсету шетел валютасының түсімін арттыруға айтарлықтай әсерін тигізді.


Сол кездегі КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары болып Кавказ, Қрым, Балтық жағалауы, Ресейдің тарихи орталықтары мен Орта Азия саналды. Ал Қазақстанның бірқатар табиғи көрнекті жерлері мен мәдени ескерткіштері, архитектурасы мен археологиясы мүлдем көңілден тыс қалып қойды. Бүл кездері қазақстандық туризм идеологиялық функция атқаратын мәдени-ағартушылық жұмыс жүйесінің элементтерінің бірі ретінде көрінді. Мемлекеттің туристік саланы экономикалық сала ретінде қарастырмауы, кешенді болжаулардың жүргізілмеуі, ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалмауы, Қазақстанда туристік қызмет индустриясының артта қалып қоюының негізгі себептерінің біріне айналды. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.

Постсоветтік уақыттағы халықаралық туристік қызметпен алмасуын шектеу саясаты, оның республикадағы дамуына кедергі жасап, тек ішкі туризм, не болмаса өзара туристік ағымның дамуына әкелді және де ол қалдық принципі бойынша қаржыландырылды.

80-жылдардың орталарына қарай орын алған түбегейлі реформалар, социалистік құрылысты «жылдамдатуы» бойынша дәстүрлі әкімшілік-әміршілдік шаралар шеңберінде жүргізілді. Реформаторлық ойдың негізі мынадай екі нұсқамадан тұрды:

1. жылдамдатылған қарқынмен бір бесжьлдық ішінде өркениетті батыс елдерін негізгі технологиялық көрсеткіштер бойынша қуып жету.

2. социализм жүйесі өз бетінше батыс елдерінің қоғамына қарағанда кіршіксіз, ал оның экономикалық артта қалуының себебін «социализмнің әлуетті мүмкіншіліктерін жеткілікті пайдаланбауында» деп сендіре түсіндіру.

 







Date: 2015-09-24; view: 642; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию