Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туризм саласына әсер ететін факторларды топтастыру





(Екі сурактын жауабы бирге карастырылган)

Туристік қызмет – туроператорлық және турагенттік қызмет, сонымен қатар саяхатты ұйымдастыру жөніндегі басқа қызмет.

Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) қызметтің рсы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну, және өткізу жөніндегі қызметі.

Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өткізу (халыққа сату) жөніндегі қызметі.

Тур – туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені, экскурсиялық қызметтер, сонымен қатар гид – аудармашылардың көрсететін қызметтері мен саяхат мақсатына қарай көрсетілетін басқа қызметтер.

Турист – жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби – іскерлік, спорттық, діни және өзге мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.

Ішкі туризм: келуші – резиденттің осы ел экономикасының аумағы шагіндегі қызметі.

Келу туризмі: келуші – резидент еместің осы ел экономикасының аумағы шегіндегі қызметі, сол ел тұрғындары емес адамдардың, қандайда бір ел бойынша саяхат жасауы. Қазақстан Республикасынан басқа, кез – келген мемлекет олардың тұрақты мекені болатын, кез – келген жеке тұлғалар резидент емес болып табылады.

Шығу туризмі: келуші – резиденттің осы ел экономикасының аумағы шагінен тыс қызметі, кез – келген мемлекет тұрғынының басқа елге саяхатқа баруы. Азаматтығы мен ұлтына тәуелсіз Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан жеке тұлғалар Қазақстан резиденті болып табылады.

Ел ішіндегі туризм: келуші – резидент пен келуші – резидент еместің соы ел экономикасының аумағы шегіндегі қызметі.

Ұлттық туризм: келуші – резидент пен келуші – резидент еместің осы ел экономикасының аумағы шегіндегі және шегінен тыс қызметі.

Халықаралық туризм, келу туризмінен және шығу туризмінен тұрады.

Резидент – [латынша resident – орнында қалушы]- белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай – ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға. Қазақстанда салық салу мақсатымен мынандай түрлерге бөлінеді: 1) басталған немесе аяқталған салық жылындағы кез – келген тізбекті 12 – айлық кезеңде 183 күн бойында және одан да көп уақыт бойында республикада жүоген немесе шетелде республиканың мемлекеттік қызметін атқарып жүоген жеке тұлға. Жеке тұлғаның республикада болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылы ғана бұл тұлға резидент болса, республикада болған соңғы күннен кейінгі кезең үшін ол резидент ретінде қаралады. 2) Қазақстан заңдары бойынша құрылған заңды тұлға немесе оның Қазақстандағы басқару органдары орналасқан мекен.

Резидент емес – заңды ұйым немесе жеке адам, оның тұрақты орны басқа елде болды; резиденттер емес үшін салық салу және реттеу тәртібі резиденттер үшін қолданылатын тәртіптен өзгеше болады, ол көбінсе мемлетаралық келісіммен айқындалады.

1993 жылдан бастап, қызмет көрсетілген резидент пен резидент еместердің жалпы санына, жолдама мен турдың құңын төлеген туристердің саны жатады.

Рекреация – адамның демалу арқылы дене күші мен рухани күшін қайта қалпына келтіріп, жетілдіруі. Рекреациялық ресурстарға оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын қоршаған ортаның мына компаненттері жатады: климат, бедер, өсімдік, үстіңгі, және жер асты суы, соның ішінде минералдысы, жағажай, лайлы және шымтезекті батпақ, тұз және т.с.с.

Аумақтың емдік – сауықтыру әлуетін айқындайтын табиғи – климаттық факторлардан басқа, рекреаациялық ресурстарға туристік әлуетті айқындау көзқарасы жағынан зор маңызы бар тарихи – мәдени обьектілер: ертедегі храмдар, ұмытылмас орындар, сәулет жауһарлары, мұражайлар мен с.с жатады.

Қоғамдық қызмет түрінің мақсаты заң тарапынан тиым салынбайтын қызметтен табыс алу болып табылады.

Қоғамдық қызмет түрі болып:

- Қазақстан Республикасында шетел туристеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, коммерциялық негізде шетел туристеріне сапарларды сату, туризмнің жаңа бағыттарын құру және енгізу, ТМД елдері мен 3 – ші әлем елдерінің азаматтарына шетел сапарларын ұйымдастыру және сату;

- Гидтер – тілмаш (аудармашы) қызметін ұйымдастыру мен ұсыну, кездесу өткізуді қамтамасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету, театрлы – көріністерді және басқа да шараларды, сонымен қатар, транспорттың кез – келген түріде транзитті туристер мен қоса, туристерге транспорттық және басқа да қызметтермен қамтамасыз ету;

- Брондау, транспорт және қонақ үйлер және басқа да қызмет түрлерін келісім шарт негізінде жүзеге асыру, қызметке келісілген және туристермен төленген Қазақстан Республикасының территориясында ұсынуларын қамтамасыз ету;

- Виза мен төлқұжаттарын рәсімдеу;

- Мемлекет ішінде және оның сыртында делдалдық қызмет көрсету;

- Шетел және шекарадан тыс туризмнің экономикалық тиімділігінің аз шығын шығару арқылы сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;

- Ғылыми – техникалық, лизингтік, жарнамалық, патентті – лицензиялық, ақпараттық және өкілдік қызмет көрсету;

- Қоғамдық тамақтандыру сферасында қызмет ету (мейрамхана, кафе, асханаларды қолдану);

- Ойын – сауық индустриясы (казино, парктер, аттракциондар, концерттік қызмет, кафе, және асханалар);

Сонымен қатар, қоғам Қазақстан Респуьликасының заңдылығы бойынша тиым салыбайтын кез –келген басқа да қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Лицензиялауды қажет ететін қызметтің барлық түрлері, сәйкес келетін лицензияны алғаннан кейін қоғам арқылы жүзеге асырылады.

Date: 2015-09-24; view: 590; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию