Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дезоксирибонуклеозидтер
Нуклеинді азоттық негіздерден (пуринді немесе пиримидинді) және β–дезоксирибофуранозадан құралған гликозидтерді дезоксирибонуклеозидтер деп аталады. Азоттық негіздер мен β–2–дезоксирибоза β– 1,3– немесе β– 1,9– гликозидтік байланыс арқылы байланысады. Олардың аттары пиримидиндік азоттық негіздердің аттарына –идин, ал пуриндік азоттық негіздердің аттарына –озин жалғауларын және алдында дезокси– жұрнағын қосып жазу арқылы құрастырылады. Мұндай нуклеозидтерге дезокситимидин, дезоксицитидин, дезоксиаденозин және дезоксигуанозин жатады. Дезоксирибонуклеозидтерге жататын нуклеозидтердің құрылысы мынадай:
N–гликозидтерге жататын нуклеозидтер қышқылдық ортада жақсы гидролизденеді де, әлсіз сілтілік ортада тұрақты болады. Олардың ішінде пуринділер оңай, ал пиримидинділер қиындау гидролизденеді. Жасушаларда кәдімгі нуклеозидтерден басқа минорлы нуклеозидтер де кездеседі, мысалы 3–метилуридин, дигидроуридин т.б. Кейбір жасушада кездесетін нуклеозидтердің антибиотикалық қасиеттері болады, олар сол себепті антиметаболиттердің (кордицепин) ролін атқарады. Пиримидинді немесе нуринді азоттық негізден, көмірсулы компоненттен (рибоза немесе дезоксирибоза) және бір, екі немесе үш молекула фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын күрделі заттар нуклеотидтер деп аталады. Нуклеотидтер күрделі химиялық қосылыстар, олардың құрамына: 1. Пиримидинді немесе пуринді азоттық негіз; 2. көмірсу компоненттері (рибоза немесе 2–дезоксирибоза); 3. бір, екі немесе үш молекула фосфор қышқылының қалдықтары кіреді. Нуклетидтердің жалпы жобасын былай көрсетуге болады:
Нуклеотидтерді нуклеозидтердің фосфорлы эфирлері ретінде қарастыруға болады. Нуклеотидтердің құрамындағы фосфор қышқылының қалдығы екі негізді қышқылдың касиеттерін көрсетеді және екі диссоциациялану константасымен сипатталады. Құрамындағы пентозаның табиғатына байланысты рибонуклеотидтер (құрамында β–D–рибоза) және дезоксирибонуклеотидтер (β–D–2–дезоксирибоза) болып бөлінеді. Нуклеотидтердің аты фосфатты қалдықтың орны санмен және мөлшері (моно–, ди–, три–) көрсетілген нуклеозидтің атынан құралады. Сонымен қатар, азоттық негіздің атына «қышқыл» деген сөзді қосып, атауға да болады. Мысалы, аденозин-3′–монофосфат немесе 3′–аденил қышқылы.
Көбінесе нуклеотидтер қысқартылған түрде азоттық негіз бен фосфор қышқылының мөлшерін көрсететін әріптермен аталады. Мысалы, АМФ (аденозинмонофосфат), АДФ (аденозиндифосфат), АТФ (аденозинтрифосфат). Рибонуклеин қышқылдарын құрайтын рибонуклеотидтерге АМФ, ГМФ, ЦМФ және УМФ жатады. Барлық аталған нуклеотидтер 5′–фосфаттарға жатады. Егер басқа нуклеотидтер болса, оларды атағанда, міндетті түрде, фосфаттық топтың орнын көрсету керек. Мысалы, 3′–АМФ.
Date: 2015-09-22; view: 1296; Нарушение авторских прав |