Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жалпы қасиеттері
Молекулалары 100 мың - даған атомдардан тұратын қосылыстар ЖМҚ деп аталады. Олардың молекулалық массалары өте үлкен болып келеді. Мысалы, табиғи каучуктың молекулалық массасы 7∙104-2,5∙106. ЖМҚ молекулалары молекулалық массаларының үлкен болуына байланысты макромолекулалар деп атайды. ЖМҚ-дың макромолекулалары көбінесе бірдей болып келетін көп рет қайталанатын бөліктерден, яғни элементарлы буындардан тұрады. Макромолекуланы түзетін молекулалық массасы кіші бастапқы қосылыс мономер деп аталады. ЖМҚ туындау көзі бойынша биогенді және синтетикалык болып бөлінеді. Биогенді ЖМҚ биохимиялық реакциялардың нәтижесінде жанды ағзаларда пайда болады. Мысалы, ақуыздар, нуклеин қышқылдары, т.б. Синтетикалық ЖМҚ-тарды поликонденсация және полимеризация реакцияларының көмегімен алады. Синтетикалық ЖМҚ-ды медициналық тәжірибеде жиі қолданады. Мысалы, лавсан: тамырлы протездер, аорталар және веналар жасау үшін; тефлон: жүрек қақпашаларын дайындау үшін; полиметилакрилат: тістер, жақ, иек дайындау үшін; капрон: сіңір, т.б. жалғастырушы буындарды дайындау үшін қолданылады; полиглюкин, реополиглюкин: қан алмастырғыштар ретінде; дифлон: термометрлер және шприцтерді дайындау үшін пайдаланылады. ЖМҚ-дың ерекшеліктерінің біріне олардың қасиеттерінің макромолекуланың геометриялық пішініне тәуелділігі жатады. ЖМҚ-дың макромолекуласы көбінесе сызықтық, тармақталған және кеңістік пішінде болады. Маңыздысы - сызықтық, себебі макромолекуланың көптеген қасиеттері (иірілу, айналу, икемділік, созылғыштық, механикалық төзімділік) байланысты болады. Мысалы, созылғыштық қасиетті жанды ағзаның көптеген ұлпалары көрсетеді. Мысалы, тері, шаш, бұлшық еттер. Медициналық тұрғыдан маңызды ЖМҚ-ға жатады:
Бұл қосылыстар жасушаның ядролық затының протоплазмасы үшін негізгі құрылыс материалы болып табылады. Сонымен қатар биологиялық сұйықтардың құрамында болады. Сондықтан оларды биополимерлер деп атайды. ЖМҚ-дың жанды ағзалардың құрамында болатын басым бөлігі еріген күйде болады. ЖМҚ-дың ерітінділері коллоидтық ерітінділердің біраз қасиеттерін кайталайды. Мысалы, олар нашар диффузияланады. Мембрана арқылы өтпейді, бөлшектерінің мөлшері коллоидтық жүйелердікіне сәйкес келеді (10-6-10-7см). Бірақ коллоидтық ерітінділерден өзгешеліктері де бар. Мысалы, ерітінділерде бөліну беткейі болмайды, сол себепі гомогенді жүйелерге жатады немесе нақты ерітінділерге жатқызуға болады. Тұрақтылығы жоғары және концентрациясы 10-12% жетуі мүмкін. ЖМҚ-дың ерітінділері өздеріне ғана тән арнайы қасиеттермен де сипатталады. Мысалы, олардың тұтқырлығы өте жоғары, оңай желатинденеді (қоймалжынданады). Еру процесі ісіну процесінен басталады. Ал кей жағдайларда ерекше құбылыстар (синерезис, тиксотропия, коацервация) байқалады.
Date: 2015-09-22; view: 1230; Нарушение авторских прав |