Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР
Комплексті қосылыстар туралы ілімнің негізін жасаған Швейцария ғалымы Альфред Вернер (1893 жылы). Комплексті қосылыспен танысу үшін мынадай мысал келтірейік. HF және SiF4 реакцияласқанда:
2HF + SiF4 → H2SiF6
кремний фторсутек қышқылы түзіледі. Мұндай химиялық қосылыстың түзілуін валентікке сай химиялық байланыстың түрлерімен түсіндіре алмаймыз, шынында HF мен SiF4 молекулаларының құрамындағы атомдардың валенттіктері қанық бұл молекулаларда химиялық байланыстың негізі — электрон жұбын түзетін не бұлттары тоғысып қаптасатын жалқы электрон жок. Солай бола тұрса да екі газ жап-жақсы реакцияласады, су ерітіндісінде eкeyi түгел қосылады. Мұндағы қосылысудың ретін түзілген H2SiF6 қасиеттері көрсетеді, бұл екі негізді күшті қышқыл былай диссоциацияланады:
H2SiF6 ↔ 2Н+ + SiF62-
SiFe2- ионының түзілуі бейтарап молекула SiF4 фтор ионымен F- қосылысатындығын көрсетеді. Айталық, HF мен SiF4 арасындағы реакцияны көрнекті түрде былай жазуға болады: 2- H+ F- F- F- 2HF + SiF4 = Si4+ H+ F- F- F-
Демек, SiF4 құрамындағы кремний HF құрамындағы F- ионын өзіне тартып алады. Осы арадағы тepic зарядты фтор иондары, әрине, кейін тебіседі, бipaқ, оң зарядты кремнийдің оларды өзіне тартуы басым болғандықтан, оң 4 зарядты бip кремний тepic зарядты алты фтормен бipiгiп, өткенде көрсеткендей комплекс түзеді, ол комплекс тepic 2 зарядты ион болып шығады. Комплекс иондары әдетте квадрат жақшаға алып жазылады. Құрамында осындай комплекс ионы бар қосылыстар комплексті қосылыстарға жатады. Координациялық теория бойынша комплексті қосылыста орталық орын алып тұрған ион, не атом (мысалымызда кремний) комплекс түзуші деп аталады. Мысалы, мына қосылыстар CuSО4· 4NH3 не PtCl4· 2KCl комплексті қосылыстар болады. Бұлардағы [Cu(NH3)4]SО4, K2[Pt(Cl)6] мыс жене платина иондары комплекс түзуші. Комплекс түзушінің айналасына, соның әcepi жететіндей жақындатқанда жиналған, яғни координацияланған иондарды, не молекулаларды лигандтар (ligare - байланыстыру), аддендтер деп атайды. Міне, осылар (комплекс түзуші мен лигандтар) бірігіп, комплексті қосылыстардың ішкі сферасын құрайды. Ішкі сфераға араласпай қалған иондар комплекс түзушіден алысырақ орналасады, олар комплексті қосылыстың сыртқы сферасын құрайды. Комплексті қосылыстарды жазғанда олардың ішкі және сыртқы сфераларын айырып көрсету үшін ішкі сфераны жоғарыда айтқандай квадрат жақшаға алады. Мысалы, [Pt(NH3)4Cl2], [NH4]C1, [Pt(NH3)2Cl2] т.б.
Комплексті қосылыстың құрамы белгілі болса, комплекс түзушінің зарядың табу қиын емес. Ол үшін комплексті қосылыстың формуласына кіретін басқа иондардың барлығының зарядтарының алгебралық қосындысын шығарып, оған тepic мән қояды, мысалы комплекс ион оң екі валентті, [Pt(NH3)4Cl2]Cl2 оның қосындысы (4·0)+(2-) + (2-)= (4-)демек, бұл арада комплекс түзуші платина оң төрт валентті. Координациялық сан және комплексті қосылыстардың құрылымы. Бос орбитальдары бар атомдар немесе металл иондары әдетте комплекс түзушілер бола алады, яғни, лигандтармен байланыс құру кезінде комплекс түзушілер акцептордың функциясын атқарады. Орталық атомның төңірегіне лигандтардың орналасуы әр түрлі, ол комплекс түзушінің лигандтардың қандай санын ұстап қалуына, яғни оның координациялық, санына (К.С.) байланысты. Әртүрлі комплекс түзушілерде координациялық сан 2-ден 10-ға дейін өзгереді, 4жене 6 сандары жиі, 8 және 2 сандары сирек кездеседі. Координациялық саны 2 бip валентті күміс Ag (I), алтын Au (I) жене мыстың Cu (I) комплексті қосылыстары жиі кездеседі. Date: 2015-09-22; view: 2811; Нарушение авторских прав |