Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гиббс энергиясы. Гельмгольц энергиясы





Химиялық жүйелердегі энтальпиялық және энтропиялық факторлардың арасындағы айырма ∆G = ∆Н ­ Т∆S химиялық процестердің белгілі бір бағытта жүру қабылетін анықтауға мүмкіндік береді. Егер ∆G < О болса, процесс өз бетінше жүреді, ал ∆G > О болса, реакцияның жүруі мүмкін емес.

G = Н – ТS шамасы Гиббс энергиясы деп аталады, бұрын изобарлы изотермиялық потенциал деп аталған, ал медицинада еркін энергия деп аталады, негізінде тұрақты қысымдағы еркін энергия деп атау керек. Себебі химиялық термодинамикада еркін энергия болып Гельмгольц энергиясы Ғ немесе изохорлы изотермиялық потенциал есептеледі:

 

Ғ = U ­ ТS

 

Бұл энергия тұрақты көлемде жүретін процестерді сипаттайды, оның Гиббс энергиясынан рV мөлшеріне айырмашылығы бар:

 

G = Ғ + рV

 

G ­ тұрақты қысымдағы еркін энергия.

Ғ ­ тұрақты көлемдегі еркін энергия.

Гиббс және Гельмгольц энергиялары төмендесе, экзэргоникалық, ал олар жоғарыласа, эндэргоникалық процестер орындалады.

Тұрақты қысым мен температурада жүретін химиялық процестердің еркін энергиясының өзгерісі ∆G бастапқы заттар мен түзілген өнімдердің құрамына және күйіне тәуелді болады, бірақ процестің жүру әдісіне байланысты болмайды және мына теңдеу бойынша есептеледі:

 

∆G = ∑ ∆G т.з. – ∑ ∆G б.з.

 

Термодинамиканың екінші заңының әртүрлі анықтамалары бар. Бұл заңның бір теңдеуіне ΔG = ΔН ­ ТΔS жатады. Сондықтан да химиялық термодинамикада қолданылатын қолайлы анықтама былай оқылады: тұрақты температура мен қысымда (немесе көлемде) Гиббс энергиясы (немесе Гельмгольц энергиясы) теріс мәнге ие болатын процестер, яғни жүйе сыртқы күштерге қарсы жұмыс жасай алатын процестер ғана өз бетінше жүруі мүмкін.

Кез келген термодинамикалық жүйенің жұмысқа қабылеті қажетті градиенттердің (температура, қысым, концентрация, электр потенциалы т.б.) болуымен сипатталады. Жүйеде термодинамикалық тепе-теңдік орнағанда, градиенттер жойылып, жүйе жұмыс жасауға қабылетсіз болады. Осыған байланысты мынадай анықтама беруге болады: тұйықталған жүйенің күйін өзгертетін нақты процестер градиенттердің жойылу бағытында орындалады.

Тұйықталған жүйелерде ΔН = 0. Олай болса, ∆G = – Т∆S. Мұндай жүйелерде процестердің өз бетінше жүруі (∆G < 0) энтропия жоғарылағанда ғана орындалады (∆Ѕ > 0). Сонда ғана ∆G < 0. Осыған байланысты тұйықталған жүйенің энтропиясы максимумға ұмтылады.

 







Date: 2015-09-22; view: 4824; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию