Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дистрофияның классификациясын түсіндіріп беріңіз





Дистрофия (гр dys – бұзылу және trophe – қоректендіремін) деп жасушалар мен тіндерде зат алмасуының бұзылуына байланысты дамитын патологиялық үдерістерді түсінеміз. Зат алмасу үдерісі, әсіресе биомолекулалардың бірлігі, тіршіліктің, өмір сүрудің биологиялық негізі болып есептелінеді. Организмнің қалыпты қызметі үшін құрылыс материалы есебінде белоктар, энергия көзі есебінде майлар мен көмірсулар және минералдық заттармен витаминдер қажет. Зат алмасу үдерісінің барысы организмнің туа біткен ферменттік жүйемен реттеліп отырады. Патологиялық жағдайларда, әртүрлі себептерге байланысты зат алмасу үдерісі бұзылады. Бірақта дистрофия дегенде тек зат алмасу бұзылуының ғана түсіну жеткіліксіз, себебі «трофика» сөзі кең мағынаға ие. Сондықтан дистрофияны тек жасушадағы өзгерістер деп қарау дұрыс емес, ол жасушаны қоршаған ортаның, тіпті бүкіл нерв, эндокрин жүйелерінің әсерінің көрінісі. Дистрофия морфологиялық тұрғыдан регрессивті үдеріс болып есептелгенмен, жалпы биологиялық тұрғыдан оны организмге қалыпты жағдайларда жүріп жататын зат алмасу, энергия бөліну сияқты биологиялық мақсатқа сәйкес бейімделу реакицяларының бірі деп қарау керек. Диятрофияның даму механизмдерінің негізінде, зат алмасу үдерісінің қамтамасыз етуші жасушалық және жасушааралық қарым-қатынастар жатады. Оның негізгі себептеріне: әртүрлі ферментопатиялар (туа немесе тұқым қуалау жолымен пайда болған ферменттер жетіспеушілігі), қан айналуының бұзылуына байланысты дамитын гипоксия зат алмасуының нервтік, эндокриндік реттелуінің бұзылуы жатады. Сонымен дистрофия өте күрделі көп себепті (көп этиологиялық) құбылыс болып, әр уақыттада жасуша ішіндегі және жасушааралық құрлымдардың зақымдалуымен және олардың жаңару үдерістерінің бұзылуымен сипатталады

1) Дистрофияның түрлері:

1) Морфологиялық өзгерістердің стромада немесе парензимада дамуына байланысты дистрофиялардың: паренхималық (парензимада өтетін), стромалық – қан тамырлық және аралас түрлерін;

2) Зат алмасуының түріне қарап: белоктық, майлы, көмірсулы және минералдық;

3) Тұқым қуалаушылық жағдайына тәуелдігіне қарап: туа пайда болған және тұқым қуалау жолмен пайда болған түрлері;

4) Таралуына қарап: жалпы және жергілікті түрлерін ажыратады.

Date: 2015-09-27; view: 1863; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию