Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






БаҒаныҢ негізсіз Өсуіне жол берілмеуі тиіс12-ақпан, 2014 билік 58 рет оқылды





БАҒАНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

Ұлттық валютаның жаңа айырбас бағамы халықтың жағдайына кері әсерін тигізбеуі тиіс. Ең алдымен, елімізде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек. Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте Премьер-министр Серік Ахметов осылай деді. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің пікірінше, өткен жылдардың жұмыстарын есепке алып, Үкімет пен Ұлттық банк жыл қорытындысында жоспарланған дәліз бойынша 6-8 пайыз көлеміндегі инфляция деңгейін ұстап тұруға қауқарлы. «Тұтастай алғанда, біз айырбастау бағамына түзетпе енгізу нәтижесінде, экономиканың экспорттық және импорт алмастыру салаларында жұмыс істейтін отандық тауарлар мен кәсіпкерлер үшін бәскелестік жағдайлар жақсарады деп есептейміз», дейді ҰБ басшысы. Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстандағы бензин және дизель отыны қорлары таяу арада жанар-жағармай тапшылығын болдырмауға мүмкіндік беретінін айтып өтті. Десе де, мұнай өнімдерінің біраз бөлігі Қазақстанға Ресейден импортталады, жеткізушілер бұл бизнеске қызығушылық танытып отыр. Оның сөзіне қарағанда, баға қазіргі валюта бағамында сақталса, Қазақстанға мұнай өнімдерін әкелуге қызығушылық болмайды және бұл жағдай бірден тапшылыққа ұрындыруы мүмкін. Сондықтан жанар-жағармай бағасы мәселелерін Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен пысықтау қажет. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков: «Бізге жылына шамамен 4 млрд долларға пара-пар азық-түлік пен өнім сырттан әкелінеді. Теңге курсының өзгеруі аталған тауарлардың қым­бат­тауына әкелетіндігі түсінікті. Сон­дықтан бұған қарсы қандай да әкімшілік жолдар қолдану барын­ша қиын, тіпті кері әсер де туындатуы мүмкін», деді. Министрдің пайымдауынша, әкімшілік шаралар қолдану аталған тауарлардың елге келуіне тосқауыл болып, ол ішкі нарықта тапшылықтың орын алуына әкелуі мүмкін. Сонымен бірге, министр арнайы құрылған тұрақтандыру қорларының жұмы­сын мұндай жағдайда тиімді басқару маңызды екендігін баса айтты. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда республикада­ғы тұрақ­тандыру қорларында 43 мың тауар бар. Оның 20 пайызы Шығыс Қазақстанда, тағы 20 пайызы Солтүстік Қазақстанда шоғырланған. Ал қалғаны басқа облыстарға бөлінген. «Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорлары бос тұрған облыстар да бар. Өкінішке орай, бұл басқарудың дұрыс еместігіне дәлел. Бөлінген қаржы депозиттерде жатуы мүмкін. Сондықтан бүгіннен бастап оларды толтыру мүмкіншіліктерін іздестіру қажет», деді сала басшысы. Отырыс барысында өңір әкім­дері кейбір валюта айырбастау пункттерінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының шекті деңгейі жоғары екендігін айтты. «Бұл мәселе барлық әкімдерге қатысты, яғни өңірлерде Ұлттық банктің филиалдарымен бірлесе жедел жұмыс топтарын құру керек. Бір-екі күнде бұл жағдай бір ізге түседі. Дегенмен, Ұлттық банктің қаулысы орындалуы үшін валюта айырбас­тау пункттерінде болып жатқан үдерістерге шұғыл әрекет етуі тұр­ғысында жедел жұмыс топтарын құру қажет», деді Серік Ахметов. Бұл ретте атқару жұмыстарын жергілікті жерлерге дейін жеткізу маңызды. Сондықтан әкімдер бұл мәселелерді Ұлттық банк филиалдарының басшыларымен өңірлерде ерекше ба­қылауға алулары керек. Шетел валюталарын сатып алу курсы мен сату бағамы арасындағы шек­теулі ауытқушылықтар бойынша Ұлттық банк қаулысын орындауды мұқият қадағалау қажет. Осы орайда С.Ахметов ең бастысы – валюта айырбастау пункттері халықты дүрліктірмеуі тиіс екендігін қадап айтты. Әсіресе, азық-түлік өнімдері мен ең қажетті тауарлар бағасына баса мән берілуі, өңір­лер рыноктарындағы жағдайларға күн­делікті мониторинг жүргізілуі қа­жет. Сондай-ақ, тиісті жалақы, зей­нетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік өтемақыларды уа­қы­тында төлеу бойынша қатаң ба­қылау орнату тапсырылды.

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ







Date: 2015-09-22; view: 382; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию