Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері





Көбінесе қабатты шөгінділер еңісті жатысты болып келеді. Ал олардың кеңістікте орналасуын жатыс элементтері айқындайды. Оларға созылу, құлау бағыттары мен құлау бұрышы жатады. Созылу бағыты дегеніміз қабат бетінде орналасқан жер бетіне параллелді кез келген түзу сызық. Құлау бағыты – созылу бағытына перпендикуляр, қабаттың еңіс жағына қарай бағыттала орналасқан түзу. Құлау бағыты мен оның горизонталды жзықтықтағы проекциясы арасындағы бұрыш құлау бұрышы болады. Созылу бағытының азимуты деп, созылу сызығы екі бағытының бірімен, географиялық меридиананың солтүстік бағыты арасындағы оң векторлық бұрышты атаймыз. Құлау бағытының азимуты, географиялық меридиананың солтүстік жағы мен құлау сызығының горизонталь жазықтықтағы проекциясы арасындағы оң векторлық бұрыш. Құлау азимуты қабаттың орналасу жағдайына байланысты 0-ден 360° аралығында өзгереді. Жер бетіне шығып жатқан еңіс қабаттардың жатыс элементтері тау компасы көмегімен қабаттардың созылуы мен құлау бағыттарының азимуттары жəне құлау бұрышы анықталады. Қабаттың жатыс элементтерін үш нүкте арқылы анықтау. Геологиялық зерттеулер жүргізу кезінде кейбір геологиялық дененің жер бетіне толық шығып жатпауынан оның жатыс элементтерін тау компасымен өлшеу мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда геологиялық құрылымдардың жатыс элементтерін үш нүкте арқылы анықтау əдісін қолданамыз. Оның теориялық негізінен кез келген жазықтықтың кеңістіктегі орналасуын, бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте айқындайды деген қағиданы аламыз. Ол үшін аталған нүктелердің абсолюттік мəнін анықтау қажет. Сол табылған мəндерді пайдаланып, қабат жатыс элементтерін анықтаймыз. Мұның негізі-құрылымдық нүктелердің қабат бетінде орналасуының əртүрлілігінде жатыр. Үш нүкте де жер бетіне шығып жатқан қабат бетінде немесе қабат жер астында, соңғысында нүкте мəндерін білу үшін бұрғылау құбырының мəліметтерін пайдалану керек. Екі нүкте жер бетінде орналасып, ал үшіншісі тереңдікте, керісінше, екеуі тереңде, біреуі жер бетінде болуы мүмкін.

 

Date: 2015-09-05; view: 2564; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию