Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Президентi⇐ ПредыдущаяСтр 14 из 14
Қосымша Сот үкімі бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктер тiзбесi
Сотталушы мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, оған жеке меншiк құқығында тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын мынадай мүлiк түрлерi мен нәрселер тәркiленуге жатпайды: 1. Егер сотталушы мен оның отбасы тұрақты тұрып жатса, тұрғын үйi, пәтерi немесе олардың жекелеген бөлiктерi. 2. Тәркiленуге жатпайтын үй мен шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге қажеттi жер учаскелерi. 3. Негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдарда шаруашылық құрылыстары мен саны оның отбасының қажеттерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жемшөп. 4. Кезектi ауыл шаруашылық дақылдарын егуге қажеттi тұқым. 5. Үй жабдығы заттары, керек-жарақтар, киiмдер: а) киiлiп жүрген киiм, аяқкиiм, iшкиiм, қолданылатын көрпе-төсек, ас үй және асхана заттары. Мех және басқа қымбат киiм-кешек, асхана сервизi, қымбат металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк жағынан құнды нәрселер тәркiленуi мүмкiн; б) сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажетi шамалы жиhаз; в) балалардың барлық керек-жарақтары. 6. Сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн, егер сотталушының негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болса, жаңа өнiмге дейiн қажеттi мөлшердегi азық-түлiк, ал қалған жағдайларда - азық-түлiк өнiмдерi мен жалпы сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшердегi ақша. 7. Ас дайындауға және отбасының тұрғын-жайын жылытуға арналған отын. 8. Сотталушының кәсiптiк iсiн жалғастыруға қажеттi мүкаммал (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар), бұған сотталушы тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе мүкаммал оның қылмыс жасауы үшiн пайдаланылған жағдайлар қосылмайды. 9. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арнайы арналған көлiк құралдары. 10. Сотталушы марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де сыйлықтар.
Date: 2015-09-05; view: 404; Нарушение авторских прав |