Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алынып тасталды 3 page
алты ай iшiнде бiр посылка немесе сәлемдеме мен бiр бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға; түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен алты айдың iшiнде бiр қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар. қажетті медициналық көмек алуға; 3. Айыптық оқшаулау орнына шығарылған, камералық үлгiдегi үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандар басқа сотталғандардан бөлек жұмыс iстейдi. 4. Сотталғандар айыптық оқшаулау орындарынан, камералық үлгiдегi үй-жайлардан немесе жалғыз адамдық камералардан қылмыстық атқару жүйесiнiң емдеу-профилактикалық мекемелерiне, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық мекемелеріне көшiрiлген жағдайда олардың аталған емдеу мекемелерiнде болу мерзiмi жазаның өтеу мерзiмiне есептеледi.
115-бап. Түзеу мекемелерiнiң бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары 1. Осы Кодекстiң 109 және 111-баптарында атап өтiлген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын түзеу мекемелерiнiң бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар пайдаланады. 2. Топ бастықтарының мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар: алғыс жариялау; жылына қосымша бiр посылка немесе сәлемдеме алуға рұқсат ету; тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат ету; топ бастығының бұрын қолданған жазасын мерзiмiнен бұрын алу. 3. Топ бастықтарының мынадай жазалау шараларын қолдануға құқығы бар: ескерту немесе сөгiс.
16-тарау. Алуан түрлі түзеу мекемелеріндегі жазаларды атқарудың ерекшеліктері
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 116-бап өзгертілді 116-бап. Жалпы режимдегi түзеу колониялары 1. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ жазасын өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi. 2. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған және дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде алты айын өтегенi бойынша еңбекке адал қараған жағдайда сотталушы жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 3. Өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген және тағайындалған жаза мерзiмiнiң жартысын жеңiлдетiлген жағдайларда кемiнде үш айын өтеген сотталғандар жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бүзушылар дағдылы жағдайға көшіріледі. 5. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмысы үшiн сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады. 6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған кезде алты айдан ерте жүргiзiлмейдi. 7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына, дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына қайта көшiру осы баптың 2, 3 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 8. Жалпы режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздерiне ауыстырылғанға дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 117-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 117-бап. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары 1. Жазасын жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын төрт айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде төрт қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi. 2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын сегiз есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде алты қысқа мерзiмдi және алты ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде он екi посылка немесе сәлемдеме және он екi бандероль алуға рұқсат етiледi. 3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандарға бостандықтағы өмiрге ойдағыдай бейiмделуi мақсатында түзеу колониясы бастығының қаулысымен түзеу колониясы шегiнен тыс қадағалауда арнаулы жатақханаларда тұруға рұқсат етiледi. Олар түзеу мекемесіне іргелес аумақтар шекаралары шегінде еркiн жүрiп-тұра алады, туған-туыстарымен кездесу құқықтары шектелмейдi. 4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар жабық үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға ай сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде тапқан қаражатын ғана жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және екi ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде үш посылка немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 118-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 118-бап. Қатаң режимдегi түзеу колониялары 1. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi. 2. Сотталғандар жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған және дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде тоғыз айын өтеу бойынша еңбекке адал қараған жағдайда жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 3. Өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген және тағайындаған жаза мерзiмiнiң үштен екісі мен кемiнде үш айын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеген сотталғандар жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайға көшіріледі. 5. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады. 6. Ұстаудың қатаң жағдайларын дағдылы жағдайларға көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазалары болмаған кезде тоғыз айдан ерте жүргiзiлмейдi. 7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына көшiру осы баптың 2, 3 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 8. Қатаң режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазаларын өздерiне көшiрiлгенге дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 119-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 119-бап. Қатаң режимдегi түзеу колонияларындағы жазаны өтеудiң жағдайлары 1. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын үш айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және үш ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде төрт посылка немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға рұқсат етiледi. 2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын жетi айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде төрт қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi. 3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандарға түзеу колониясы бастығының қаулысымен түзеу колониясының шегiнен тыс жерде қадағалауда арнаулы жатақханаларда тұруға рұқсат етiледi. Олар түзеу мекемесіне іргелес аумақтар шекаралары шегінде еркiн жүрiп-тұра алады, туған-туысқандарымен кездесу құқығы шектелмейдi. 4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар жабылатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға ай сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде еңбекпен тапқан қаражатын ғана жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және бiр ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде екi посылка немесе сәлемдеме және екi бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағат күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 120-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 120-бап. Айрықша режимдегi түзеу колониялары 1. Айрықша режимдегi түзеу колонияларындағы дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңiлдетiлген жағдайлардан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi. 2. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған, еңбекке адал қараған жағдайда дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде бiр жылын өтеуi бойынша сотталғандар жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 3. Дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшірілуі мүмкін. Жеңілдетілген жағдайда жазасын өтеуші сотталған адамдар - жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар дағдылы жағдайғакөшіріледі. 4. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар мен аса ауыр қылмыстары үшiн сотталғандар бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады. 5. Қатаң жағдайлардан дағдылы жағдайларға көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн жазасы болмаған жағдайда бiр жылдан ерте жүргiзiлмейдi. 6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген жағдайларына қайта көшiру осы баптың 2 және 5-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 7. Жалпы режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздерiне ауыстырылғанға дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 121-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 121-бап. Ерекше режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары 1. Ерекше режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын екi айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және екi ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде үш посылка немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға рұқсат етiледi. 2. Ұстаудың жеңiлдетiлген жағдайларында жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын бес айлық есептiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және үш ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде төрт посылка немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға рұқсат етiледi. 3. Ұстаудың қатаң жағдайларында жазасын өтеушi сотталғандар камералық үлгiдегi үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде тапқан қаражатын ай сайын жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi кездесуге; жыл iшiнде бiр посылка немесе сәлемдеме және бiр бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайын сейiлдеуге рұқсат етiледi. 122-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандарға арналған ерекше режимдегi түзеу колониялары Ерекше режимдегi түзеу колонияларында өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ кешiрiм жасау тәртібімен өлiм жазасы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар жазасын басқа сотталғандардан бөлек өтейдi. 123-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандарға арналған ерекше режимдегi түзеу колонияларында бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары 1. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, әдетте, камераларға екi адамнан артық орналастырылмайды. Сотталғандардың өтiнiшiмен және өзге де қажеттi жағдайларда түзеу колониясы бастығының қаулысы бойынша сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда олар жалғыз адамдық камераларда ұсталуы мүмкiн. Аталған сотталғандардың еңбегi сотталғандарды камераларда ұстаудың талаптары ескерiле отырып ұйымдастырылады. 2. Сотталғандардың ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеуге құқығы бар. Сотталушының мiнез-құлқы үлгiлi және мүмкiндiк болған жағдайда сейiлдеу уақыты екi сағатқа дейiн арттырылуы мүмкiн. 3. Түзеу колониясына келген бойда барлық сотталғандар жазаны өтеудiң қатаң жағдайларында орналастырылады. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан жазаны өтеудiң дағдылы жағдайларына көшiру жазаны өтеудiң қатаң жағдайларында кемiнде он жылын өтеуi бойынша осы Кодекстiң 120-бабының 5-тармағында аталған негiздер бойынша жүргiзiледi. 4. Сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы жағдайларында кемiнде 10 жылын өтеуi бойынша осы Кодекстiң 120-бабының 2-тармағында аталған негiздер бойынша жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 5. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған, жазасын дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жазаны өтеудiң қатаң жағдайларына көшiрiледi. Жазаны өтеудiң дағдылы не жеңiлдетiлген жағдайларына қайта көшiру осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi. 6. Сотталғандардың дағдылы, жеңiлдетiлген және қатаң жағдайларда жазаны өтеудiң тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қаражат жұмсауына, кездесулердiң саны мен түрiне, посылкалардың, сәлемдемелер мен бандерольдардың санына қатысты бөлiгіндегі тәртібі осы Кодекстiң 121-бабымен белгiленедi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 124-бап өзгертілді 124-бап. Колония-қоныстар 1. Абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдар және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар колония-қоныстарда жазасын өтейді; жақсы мiнездемелi сотталғандарға арналған колония-қоныстарда осы Кодекстiң 73-бабында көзделген тәртiппен жалпы және қатаң режимдердегi колониялардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi. 2. Колония-қоныстардың екi түрiнде де дәл сол жағдайларда бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтейдi. 3. Сотталған еркектер мен сотталған әйелдер бiр колония-қоныста ұсталуы мүмкiн. Қатысып қылмыс жасап сотталғандар бас бостандығынан айыруды, әдетте, бөлек өтейдi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 125-бап өзгертілді 125-бап. Колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар колония-қоныстарда: күзетсiз, бiрақ колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң қадағалауында болады; түзеу мекемесінің ішкі тәртібі ережелерiмен ұйқыға бөлiнген уақыттан басқа кезде колония-қоныс аумағы шегінде еркiн жүрiп-тұру құқығын пайдаланады; колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен егер олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, түзеу мекемесіне іргелес аумақ шекаралары шегінде қадағалаусыз жүрiп-тұра алады; азаматтық киiм киiп жүре алады; өзiнде ақша мен бағалы заттар ұстай алады; ақшаны шек қоюсыз пайдаланады; посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алады; санына шек қойылмай кездесе алады; әдетте өздерiне арналған жатақханаларда тұрады. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзуға жол бермеген және отбасы бар сотталғандарға колония-қоныс бастығының қаулысы бойынша түзеу мекемесіне іргелес аумақта, не колония-қоныс орналасқан елді мекен шегінде жалға алған немесе өзiнiң тұрғын алаңында отбасымен тұруына рұқсат етiлуi мүмкiн. Аталған сотталғандар тiркелу үшiн колония-қонысқа айына төрт ретке дейiн келуге мiндеттi. Тiркелу кезеңi колония-қоныс бастығының қаулысымен белгiленедi. Сотталғандар тұратын тұрғын үй-жайларда колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң өкiлi кез келген уақытта бола алады; сотталушының жеке басын куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжаты болады. Сотталушының жеке басының куәлiгi, төлқұжаты мен басқа да жеке құжаттары олардың жеке iстерiнде сақталады. 2. Сотталғандарға тiзбесi түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленген нәрселер мен заттарды колония-қоныс аумағына әкелуге, пайдалануға және сақтауға тыйым салынады. 3. Еңбек шартын жасасу мен тоқтатуды және басқа жұмысқа көшіруді қоспағанда, сотталғандардың еңбегi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi. Сотталған адаммен еңбек шартын жасасуды, тоқтатуды және оны басқа жұмысқа ауыстыруды жұмыс беруші колония-қоныс әкімшілігінің рұқсатымен жүзеге асыра алады. 3-1. Колония-қоныс әкімшілігі сотталған адамдарды түзеу мекемесінің кәсіпорындарына жұмысқа орналастырады. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, сотталған адам әкімшіліктің рұқсатымен колония-қоныс шегінен тыс, бірақ колония-қоныс орналасқан тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде орналасқан ұйымдарға колония-қоныс әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы шарттардың негізінде және сотталған адамдарды тиісінше қадағалауды қамтамасыз ету жағдайында жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Сотталған адамдар дара еңбек қызметімен айналыса алады. Колония-қоныс әкімшілігі мынадай жағдайларда: қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша; оны босату кезінде; төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде; сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғанда; жұмыс беруші шарт бойынша міндеттемелерін орындамағанда сотталған адамды жұмыс объектісінен шақыртып алуға міндетті. 4. Сотталғандарға колония-қоныс орналасқан тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағының шегiнде орналасқан жоғары және орта білімнен кейінгі ұйымдарда сырттай оқуға рұқсат етiледi.
ҚР 10.03.04 ж. № 529-II Заңымен 126-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 126-бап. Түрмелер 1. Түрмелерде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн түрмеде өтеумен бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ жалпы, қатаң және ерекше режимдердегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін бұзғаны үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге түрмеге көшiрiлген сотталғандар, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады. Түрмелерде сондай-ақ осы Кодекстiң 72-бабында көрсетiлген негiздер бойынша сондағы сотталғандар ұсталуы мүмкiн. Date: 2015-09-05; view: 414; Нарушение авторских прав |