Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Глоссарий





Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды, өсімдіктерді жұқпалы аурулардан, зиянкестерден сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, фитосанитарлық кешенді шаралар жүйесі.

Өсімдіктердің сыртқы карантині – карантиндік нысанға жататын карантиндік материалдарды импорт ретінде кіргізу немесе экспортқа шығаруға тосқауыл қою.

Өсімдіктердің ішкі карантині – мемлекеттің ішінде карантиндік нысандардың таралмауына тосқауыл қою, дер кезінде анықтап, карантиндік нысандардың ошақтарын оқшаулау.

Карантиндік шара — ауру ошағын толық оқшаулау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.

Өсімдіктер карантині (фитосанитарлық қорғау) -Республиканың өсімдік ресурстары мен өсімдік текті өнімін карантинді объектілердің басқа мемлекеттерден, сондай-ақ республиканың карантинді аймағынан әкелуінен және енуінен қорғауға, ал олар таралған жағдайда — олардың таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.

Алу актісі — Қазахстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен және жағдайларда алуға жататын, залалданған карантинге жатқызылған өнімге (жүктер) мемлекеттік инспектор рәсімдейтін ресми құжат

Жерсіндіру –карантиндік көшеттерді- импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің (нысандардың) және басқа ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттер.

Импорттық карантиндік рұқсат – Қазақстан Республикасының өкілетті органы белгілейтін шарттарда карантинге жатқызылған өнімді республикаға әкелуге, сондай-ақ оның транзитіне рұқсат беретін құжат.

Карантиндік аймақ -карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленетін тәртіппен карантинге жатқызған деп жарияланған аймақ.

Карантинге жатқызылатын өнім — өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер).

Карантинге жатқызылған өнімді қайта экспорттау - Қазақстан Республикасы аумағынан тыс өндірілген, сақталған, бөліктерге бөлінген, қайта қапталған немесе басқадай әдіспен әкты ету алдында карантиндік объектілермен әеуетті залалдануға ұшыраған карантинге жатқызылған өнімді, Қазақстан Республикасында өндірілген өнімді, Қазақстан Республикасыңда өңдірілген өнімді басқа мемлекеттің кедеңдік аумағынан үшінші елдерге экспорттау.

Карантиндік объект — бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес зиянкес, өсімдіктердің ауру қоздырғыш немесе өсімдіктерге және өсімдік өнімінe айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, республика аумағында жоқ немесе шектеулі таралған арамшөп.

Карантиндік объектінің ошағы - карантинді объект анықталған және карантиндік шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ.

Карантиндік тексеру (бұдан әрі тексеру);— импорттық және отандық карантинге жатқызылған өнімнің (жүктердің) және көлік құралдарының карантиндік жағдайын белгілеу.


Карантиндік сертификат — Қазақстан Республикасы аумағының шегінде орын ауыстыратын және сатылатын, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат.

Карантиндік хабарлама — карантинге жатқызылған материалдың алдағы келіп түсуі, оның карантиндік жағдайы, сондай-ақ өткізілген іс шаралар мен оны пайдалану шарттары туралы өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық мемлекеттік органды хабардар етуші құжат.

Карантиндік ережелер – өсімдіктер карантині бойынша мемлекетаралық келісімшарттар мен әрекет етуші құқықтық жағдайлар келісімі.

Карантиндік шара — Республика аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім.

Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік карантиндік инспектор – өсімдік карантині бойынша мемлекеттік қызметтегі маман, өсімдіктер карантині бойынша іс-шараларды ұйымдастырады, ұйымдардың, мекемелердің, шаруашылықтардың шараларды орындалуын бақылау қызметін атқарады.

Өсімдіктер ауруларын қоздырушылар -- тірі саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өнімдері, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен бунақденелілер.

Өсімдіктер карантині бойынша бақылау - өкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын өсімдіктер карантині жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтар талаптарының орындалуын тексеру қызметі.

Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган -Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның аумақтық органдары.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңдар — өсімдіктер карантині жөніндегі зандары Қазақстан республикасының конституциясында негізделеді, өсімдіктер карантині туралы заңнан және т.б.

Tексepy актісі — карантинге жатқызылған өнімнің (жүктердің) және көлік құралдарының тексерілген сәттегі карантиндік жай-күйін тіркейтін, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін ресми құжат.

Транзит — Қазақстан Республикасынын кедендік аумағы арқылы, сондай-ақ шетелдік мемлекеттін аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнімді сақтаусыз, бөліктерге бөлмей, қайта қапталмай, карантиндік объектілермен залалдану қаупінсіз карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыру.

Фитосанитарлық сертификат - карантингe жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат.

Фумигациялау — газ түріндегі химиялық затпен карантиндік өнімді залалсыздандыру.

Фумигациялық камера — карантинге жатқызылған өнімді химиялық затпен залалсыздандыруға арналған арнайы герметикалық үй-жай.

Фумигациялық отрядтар —өкілетті органның карантиндік өнімді залалсыздандырудың газбен дезинфекциялау әдісімен орындайтын бөлімшелер.

Фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау;

 

 

 

 







Date: 2015-09-05; view: 1500; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию