Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оқу уақытының бөлінуіСтр 1 из 6Следующая ⇒
БЕКІТЕМІН Агрономия факультет деканы _____________ Н.А. Серікпаев
«___»________2014ж.
студенттерге арналған пәннің БАҒДАРЛАМАСЫ
(Силлабус)
Пәні: «Карантиндік нысандар және олармен күресу шаралары» Оқу бағдарламасы: Фитосанитарлық қауіпсіздік Мамандықтар тобы: Ауылшаруашылық ғылымдары Мамандығы: 5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантин»
Астана 2014
Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус) «Карантиндік нысандар және олармен күресу шаралары» бекітілген пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орнының 5В081100- «Өсімдіктерді қорғау және карантин» мамандығына арналған.
Өсімдіктерді қорғау және карантин кафедрасының 2014ж. маусымның «06» отырысында қарастырылған. № 20 хаттама.
Өсімдіктерді қорғау және карантин кафедра меңгерушісі
б.ғ.к. ___________ Қалмақбаев Т.Ж.
Агрономия факультетінің әдістемелік комиссиясымен ұсынылды 2014ж. маусымның 06 № 11 хаттама
ӘК төрағасы __________ Жұмағұлов И.И.
1. ПӘНІ: Карантиндік нысандар және олармен күресу шаралары. ОҚЫТУШЫЛАР ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТТЕР: «Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының аға оқытушысы, а.ш.ғ.к Бекенова Шолпан Шакимардановна, ассистенті а.ш.магистрі Усманова Парасат, аудиториялар 236, 234, 239. 2.ПӘН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: кредит саны -3, оқу мерзімі - 1 семестр, лекциялар - 30, тәжрибелік-зертханалық сабақтар - 30, СОӨЖ - 22,5, СӨЖ - 52,5 Қорытынды бақылау түрі – емтихан.
Оқу уақытының бөлінуі
3.ПРЕРЕКВИЗИТТЕР – химия, ботаника, өсімдік физиологиясы, өсімдік шаруашылығы, егіншілік, агрохимия, топырақтану білімі қажет. 4.ПОСТРЕКВИЗИТТЕР – Карантиндік нысандар және олармен күресу шаралары пәнін оқып-білу басқа арнайы пәндерді: өсімдіктерді химиялық қорғау, өсімдіктерді биологиялық қорғау, өсімдіктер иммунитеті, ауылшаруашылығы дақылдары зиянкестерінің дамуына мониторинг жүргізу және болжау, көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, мал азығын өндіру, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы және т.б. терең игеруіне мүмкіндік жасайды. 5. КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ Мақсаты: Карантиндік нысандарға жататын зиянкестердің, ауру қоздырғыштарының, арамшөптердің жүйелік орнын, морфологиясын, биологиялық ерекшеліктері мен фитоценозға байланысты фенофазалар дамуының ерекшеліктерін, Республика аумағын қауіпті карантиндік нысандардан қорғау үшін оларды оқып үйрену. Міндеттері: Карантиндік нысандар және олармен күресу шаралары пәні курсында оқытылатын материал студентке өсімдік қорғау және карантин мәселелерін, болжамдар және сигнализация, агротехникалық, биологиялық және химиялық өсімдік қорғауды оқып білуде, сондай-ақ карантиндік нысандарды жою шараларын жүргізуде көмектеседі. Пәннің қысқаша мазмұны: Карантиндік нысандар және олармен күресу шаралары пәні – мемлекеттегі өсімдіктер байлығын шеттен келуі мүмкін болған карантиндік зиянкестер, аурулар мен арамшөптерге қарсы үкімет тарапынан жасалатын шараларды қолдану үшін карантиндік нысандарды жою жолдарының жүйесін оқытады. Пәнді оқып білу нәтижесінде студенттер тиісті: Хабардар болуы тиісті: Мемлекеттегі өсімдік карантинініңжүйесі жайлы; карантиндік нысандардың түр құрамы мен олардың таралуын; Карантиндік нысандар және олармен күресу шаралары тәсілдерін; мемлекеттегі карантиндік нысандармен күресу шаралары құжаттарды толтыра білу жөнінде. Білуі тиіс: Өсімдіктердің негізгі карантиндік зиянкестерін, аурулары мен арамшөптерін; олардың биологиялық ерекшеліктерін; өсімдіктермен байланысын; жаппай көбею және таралу себептерін, карантиндік нысандар және олармен күресу шараларын. Істей білуі тиіс: Өсімдіктердің негізгі карантиндік зиянкестерін, аурулары мен арамшөптерінің есепке алу және диагностика әдістерін жүргізуді; қоршаған ортаны қорғау және экология жағдайларын ескере отырып, қорғау шараларын және олармен күресу шаралары жүйесін қолдана отырып дұрыс ұйымдастыра білуді. Білікті болуы тиіс: Өсімдіктердің негізгі карантиндік нысандары және олармен күресу шаралары; зертханалық жағдайда карантиндік нысандардың түр құрамын дұрыс анықтауға және айырмашылық белгілерін сипаттауға; карантиндік өнімдерді ажырата білуге; мемлекеттегі өсімдік карантинініңжүйесін жақсы игеру. Курс талаптары: Оқу уақыты дәріске, зертханалық сабақтарға, СОӨЖ және СӨЖ болып бөлінеді. Негізгі талаптары – сабақтарға жүйелі дайындалу және әр түрдегі бақылау сынақтарын тапсыру. Студенттердің білімін бағалау бақылаудың түрлі формалары арқылы жүзеге асады – ауызша сұрау, сұхбат, көрнекті құралдармен жеке жұмыс, дискуссиялар және т.б. Аралық бақылау 8 және 16 апталарда өткізіледі. Қорытынды бақылау - емтихан. Date: 2015-09-05; view: 753; Нарушение авторских прав |