Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Алдын-ала тергеудің аяқталуы





Дәріс мақсаты: Алдын-ала тергеудің аяқталуын сипаттау.

Қысқаша мазмұны:

1. Алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігі, оның нысандары. Алдын ала тергеудің аяқталуының негізі мен жағдайлары. Қылмыстық істердің материалдарымен танысу кезінде туындалға өтініштерді қарау мен шешу. Қылмыстық іс материалдарымен таныстыру туралы хаттама: құрылысы мен мазмұны.

2. Айыптау қорытындысы: түсінігі, маңызы. Айыптау қорытындысының мазмұны мен нысаны, оның тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы каулымен байланысы. Айыптау қорытындысының қосымшасы.

3. Қылмыстық істі прокурорға жолдау.

4. Алдын-ала тергеудің аяқтау нысандары. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, олардың өкілдерінің іс материалдарымен танысуы. Айыпталушы мен онын қорғаушысының іс материалдарымен танысуы. Айыптау қорытындысы, оның мазмұны мен нысаны. Прокурордың айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша іс-әрекетті. Айыпталушыны сотқа беру.

 

1. Алдын ала тергеудің аяқталуы деп жүмыстың қорытындысын, тергеуші қызметінің аяқталған сатысын - оның барлық іс жүргізу және айыпталушының жасаған қылмысы туралы заңды және негізді айыптау қорытындысына негізделген өзге де тергеу әрекеттерінің аяқталуын айтады.

Әдебиетте төмендегі шешімдердің біреуін қабылдауға тән алдын ала тергеуді аяқтаудың үш түрі қабылданған:

- айыптау қорытындысын шығару және оны сотқа тапсыру үшін іспен бірге прокурорға жіберу;

- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа жіберу жайында қаулы шығару;

- қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны енгізу. Айыптау қорытындысы егер де қылмыстың барлық белгілері анықталып, айыпталушының қылмысты жасаған кінәсі дәленденген кезде және қылмыстық істі тоқтатуға ешбір мән-жай жоқ болса ғана шығарылады.

Тергеуші алдын ала тергеу жүргізуді аяқтай отырып, айыптау қорытындысын жасауға жинақталған дәлелдердің жеткілікті екендігіне кез жеткізгеннен кейін тергеудің аяқталғанын хабарлайды, айыпталушы және оның қорғаушысын, жәбірленуші мен оның өкілін, азаматтық талап етуші мен азаматтық жауап берушіні немесе олардың өкілдерін қылмыстық істің материалдарымен таныстырады, бір мезгілде олардың құқықтарын түсіндіреді (ҚР ҚІЖК 273, 274-баптардың, 2-бөлігі).

Аты аталған адамдардың жазбаша немесе ауызша өтінімдері түскен жағдайда тергеуші кылмыстық істің материалдарымен таныстырады және азаматтық жауап беруші және оның өкілі шағымданған талапқа қатысты материалдармен ғана танысады.

Алдын ала тергеудің материалдарымен таныса отырып, қылмыстық процестің қатысушылары егер де іске маңызы бар бо-латын болса, тергеуге қанағатгандыруға жататын толықтырулар енгізу туралы өтінім жасай алады. Өтінімді қанағаттандыруға қарсылық білдірген жағдайда тергеуші шағымданушыға хабарланатын дөлелді қаулы шығарады.

Осы адамдардың қылмыстық іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама толтырылады, онда олардың қандай материалдармен танысқандары және олардың қандай өтінім жасағандары жазылады (жазбаша өтінім іске тіркеледі).

Істі тергеуді ақтау кезіндегі ең бастысы - тергеуші ҚР ҚІЖК-нің 273-баптың талаптарын орындай отырып, айыпталушы мен оның қорғаушысына тергеудің аяқталғаны туралы хабарлап, істің барлық материалдарымен танысуды үсынуы болып табылады. Қылмыстық іс танысуға жапсыра тігілген және нөмірленген түрінде барлық қосымшалармен бірге беріледі. Айыпталушы мен оның қорғаушысы өз қалаулары бойынша іс материалдарымен жеке-жеке не бірге танысуларына болады. Танысу барысында кез келген құжаттың, кез келген көлемдегі көшірмесін алуға болады. Танысуға уақыт шектелмейді.


Істі материалдарымен танысу туралы хаттама толтырылады, оған айыпталушы, қорғаушы және тергеуші қол қояды (ҚР ҚІЖК 277-бап).

Іспен танысып болғаннан кейін айыпталушы мен қорғаушы тергеуге толықтырулар енгізу туралы өтінім жасауға құқылары бар. Оларды қанағатгандырған жағдайда тергеуші іс өндірісін жаңартады, ал қарсылық білдірген жағдайда — тиісті қаулыны енгізеді (ҚР ҚІЖК 276-бап). Егер де айыпталушы істін материалдарымен танысудан бас тартса, бұл туралы сол хаттамада егер де айыпталушы хабарлаған болса, қарсылықтың себебі баяндалып, көрсетіледі.

Заң әдебиеттерінде көптеген авторлар айыптау қорытындысын өктем түрдегі жарлық сипаттағы істі тергеуді жинақтаушы іс жүргізу құжаты деп санайды.

2. Айыптау қорытындысы(ҚР ҚІЖК 278-бап). Айыптау қорытындысы — бұл алдын ала жүргізілген тергеуді аяқтайтын және айыпталушының қылмыс жасағандығын айқындайтын дәлелдер бар болған кезде, қылмыстық істі сотқа жіберген жағдайдағы айыптайтын іс жүргізу актісі.

Айыптау қорытындысы сот үкім шығара алатын айыптау шектерін анықтайды. Тергеушінің жинаған дәлелдерін бір жүйеге келтіре және тергеумен аяқталған іс бойынша заңды тұжырымдар жасай отырып айыптау қорытындысы қылмыстық іспен танысуды және істе бар материалдарға сүйенуді жеңілдетеді. Айыптау қорытындысы заңдылықтың, негізділіктің, дәлелділіктің жалпы талаптарына, ал мазмұны мен нысаны заңмен бекітілген арнайы талаптарына сай келуі тиіс.

Айыптау қорытындысы заңға сәйкес кірістік, сипаттау және қарар бөлімдерінен түрады:

Кірістік бөлімде айыпталушының сұрақ-жауап мәліметтері керсетіледі, осыған орай айыптау қорытындысы, жауапкершілікке тартылатын Қылмыстық кодекстің бабы жазылады.

Айыптау қорытындысының сипаттамалы-дәлелдемелік бөлімі тергеушінің анықтаған істің нақты мән-жайлары айыпталушының кінәсі туралы оның тұжырымдарына негізделген дәлелдер мен айғақтар істің томы мен бетіне сілтеме жасала отырып баяндалады.


Айыптау қорытыңдысыньщ қарар бөлімінде айыпталушының жеке басы туралы мәліметтер, тағылған айып, жасалған қылмысқа қарастыратын қылмыстық заң нұсқауы болады.

Айыптау қорытындысына қосымша (ҚР ҚІЖК 279-бап). Айыптау қорытындысына жөбірленушілердің, куөгерлердің, тергеушінің пікірі бойынша сот отырысынан шақырылатын сарапшылардың тізімі қосып тіркеледі. Тізім екі бөлімнен түруы тиіс — айыпталушы мен қорғаушының атаған адамдар тізімі (қорғаушы тізімі) және тергеушінің жасаған тізімі (айыптау тізімі). Сот отырысына шақырылатын тізімде олардың тұрғылықты жері немесе тұрған жері және олардың жауаптары мен қорытындылары баяндалған іс парақтары көрсетіледі.

Жәбірленушілердің, куөгерлердің, күдікіілердің, айыпталушылардың немесе сот отырысына шақырылуға тиісті ҚР ҚІЖК 100-бапта қарастырылған тізімдегі өзге де адамдардың қауіпсіздігіне шаралар қолданған жағдайда тізімде олардың бүркеншік аттары олардың тұрғылықты жерлері көрсетілмей-ақ жазылуы тиіс.

Сонымен бірге, айыптау қорытындысына тергеу мерзімдері, тұтқындау уақыты мен үйде түтқында ұстау көрсетілген алдын-алу шаралары, заттай айғақтар, талап ету арызы, талап ету арызын қамтамасыз ету туралы қабылданған шаралар және мүлікті тәркілеу мүмкіндігі, сот шығындары туралы тиісті парақтарда көрсетілген анықтамалар тіркеледі (ҚР ҚІЖК 279-бап).

3. Тергеушi айыптау қорытындысына қол қойғаннан кейiн iс осы iс бойынша қадағалауды жүзеге асырып отырған прокурорға дереу жiберiледi. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде болған және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық iске айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тiркелуге тиiс. Айыпталушыда - Қазақстан Республикасының азаматында жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық процестi жүргiзетiн органның өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган iс бойынша тергеу аяқталғанға дейiн оны құжаттауға тиiс.


Айыпталушыда - шетелдiкте жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық iске айрықша жағдайларда өзге құжат қоса тiркелуi мүмкiн. Ескерту. Осы бапта:

1) азаматтың паспорты;

2) жеке басының куәлiгi;

3) шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына берiлетiн ықтиярхат;

4) азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;

5) жүргiзушiнiң куәлiгi;

6) әскери билет;

7) тууы туралы куәлiк (он алты жасқа толмаған адам үшiн);

8) азаматтың тууы туралы акт жазбасы жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.

Прокурор айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеуге және мыналарды:

1) айыпталушыға таңылып отырған әрекеттiң жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын;

2) iсте оны тоқтатуға әкелетiн мән-жайлардың бар-жоғын;

3) тағылған айыптың негiздi-негiзсiз екенiн, оның iсте бар дәлелдемелермен расталатынын;

4) айыпталушыға iс бойынша барлық анықталған және дәлелденген қылмыстық әрекеттерi бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын;

5) қылмыс жасағаны туралы iс бойынша дәлелдер табылған барлық адамның айыпталушылар ретiнде жауапқа тартылғанын-тартылмағанын;

6) айыпталушының әрекетi дұрыс сараланғанын-сараланбағанын;

7) бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және iсте оны өзгертуге не алып тастауға негiздердiң бар-жоғын;

8) азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлiктi ықтимал тәркiлеу шараларының қабылданған-қабылданбағанын;

9) айыптау қорытындысының осы Кодекстiң талаптарына сәйкес жасалғанын-жасалмағанын;

10) алдын ала тергеу жүргiзуде қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi бұзушылыққа жол берiлгенi-берiлмегенiн;

11) қылмыстық қудалау органының оларды сотпен өндiрудi қамтамасыз ету үшiн iс жүргiзу шығасыларының сомаларын белгiлеу шараларын қабылдаған-қабылдамағанын тексеруге мiндеттi.

4. Айыпталушыны сотқа беру туралы прокурор қаулы шығарады, бұдан соң ол қылмыстық iстi айыптау қорытындысымен және осы Кодекстiң 280-бабының ескертуiнде аталған жеке басын куәландыратын құжатпен бiрге дереу оны қарайтын сотқа жiбередi.

Iстiң сотқа жiберiлгенi туралы айыпталушы, қорғаушы, жәбiрленушi және оның өкiлдерi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi хабарландырылады. Прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшiрмесi және оған қосымшалардың табыс етiлуiн қамтамасыз етедi, бұл ретте қорғау куәларының тiзiмiн қоспағанда, сотқа шақырылуға жататын адамдардың тiзiмiнде бұл адамдардың мекен-жайы көрсетiлмейдi. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде болған және прокуратура органдарына келуден жалтарған жағдайларда, прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшiрмесiн тапсырмай-ақ, қылмыстық iстi сотқа жiбередi. Егер айыпталушының тұрып жатқан жерi белгiлi болса, айыптау қорытындысының көшiрмесi оған почта арқылы жiберiледi. Қажет болған жағдайда прокурор республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, айыпталушының тұрып жатқан жерi бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететiн телекоммуникация желiлерiнде айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық iстi сотқа жiберу туралы хабарлама жариялауды ұйымдастыруға құқылы. Айыптау қорытындысының көшiрмесi қорғаушыға, жәбiрленушiге және оның өкiлiне табыс етiледi. Айыптау қорытындысы жасалған тiлдi бiлмейтiн айыпталушы мен жәбiрленушiге көшiрме олардың бiлетiн тiлiнде аударылып табыс етiлуге тиiс. Iс сотқа жiберiлген соң iс бойынша өтiнiш пен шағымдар тiкелей сотқа жолданады.

Айыпталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң қылмыстық iс материалдарымен таныстырылғаны туралы осы Кодекстiң 203-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттамалар жасалады. Хаттамаларда танысуға қандай материалдар ұсынылғаны, қандай өтiнiштердiң мәлiмделгенi және өзге қандай мәлiмдемелер жасалғаны, сондай-ақ iс бойынша жауап алынған қандай куәларды, iске қатысқан қандай сарапшыларды, мамандар мен куәгерлердi айыпталушы мен қорғаушы сот отырысына шақырылуы қажет деп мәлiмдегенi немесе олардың тiзiмi қоса тiркелгенi көрсетiледi.

Егер iс материалдарымен айыпталушы және оның қорғаушысы немесе жәбiрленушi мен оның өкiлi бiрге таныстырылса, онда тиiсiнше бiр хаттама жасалады.







Date: 2015-09-19; view: 1559; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию