Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру





Жоспар:

1. Мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты жоспарлау

2. Балабақшада балаларды топтастыру мен іріктеу принциптері

3. Медико -психолого-педагогикалық комисисия құжаттамасы

4. Балабақшадағы сөйлеу тілі бұзылған балалардың логопедиялық құжаттары

5. Жоспар түрлері

Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларды түзету мен тәрбиелеу, арнайы балабақша тобының құрамдас бөлігі болып табылады.

Логопедиялық түзету – педагогикалық іс –шара балалардың тіліндегі кемістікті түзетуге, тіл кемістіктерінің алдын алуға, мектепке дайындыққа (марапатқа тарарлық жоғары білімге, дисграфияның алдын алуға, баланың жан –жақты дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған.

Алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында оқыту, тәрбиелеу, түзету мен дамыту жұмыстарын логопед пен тәрбиешілер арнайы, жеке сабақтарда жүргізеді (фронтальды топпен сабақ). Сонымен қатар бірыңғай тілді қалыптастыру кезінде жүзеге асырады (балалардың тілін қалыптастыру бірінші күнде бақыланады).

Түзете –оқыту жұмыстарының жұмыс жоспары мен мазмұны бағдарламаға сүйене тоырып жоспарланады. Әдістемелік құжаттар балалардың жас ерекшеліктеріне, тобына, сөйлеу тіліндегі кемістіктерді ескере отырып құрастырылады. Арнайы логопедиялық топты құру, логопедиялық жұмысты жоспарлау бірнеше кезеңдерден тұрады:

- Топты құру мен топтастыру;

- балаларды комплексті тексерістен өткізу

- жеке сабақ пен фронтальды сабақты ұйымдастырудың қолайлы жоспарын құру

- сабақ беру жоспарларының жүзеге асуы негізгі кезеңде

- бақылау, аралық бақылау мен қорытынды бақылауды қамтамасыз ету.

- қорытынды анализ (түзете оқытуды қорытындылап, балаларға мінездеме жасау)

Дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс жасаудан бөлек түзету жұмыстарын жүргізу логопедтің іс-әрекетіне кіреді.

- МПП тексеруді жүргізу

- Ата-налармен педагогикалық кеңес жүргізу

- Құжаттармен жұмыс жүргізу

- Тәрбиешілерге әдістемелік кеңес көрсету.

- Педагогикалық түзету кафедрасының шарттарына сай студенттермен оқыту әдістемелік жұмыстар жүргізу.

- Педагогикалық түзету кафедрасының жетекшілігімен бірлесіп экспериментальды жұмыстардың қорытындысын шығару.

Балабақшада логопедиялық жұмыстың бағыт- бағдарының қарқынды дамуы сөйлеу тілінде мүкістігі бар балаларды оқытудығ әдістемелік мазмұны мен жұмыс жоспарына байланысты.

Балабақшада балаларды топтастыру мен іріктеу принциптері

Дизартрия, ринолалия, ЖСТД диагнозы қойылған балалардың арнайы балабақшада немесе жалпы балабақшадағы жеке топтарда тәрбиеленуі туралы шешімі ПМПК –мен анықталады. Балаларды балабақшаға топтастыру мен іріктеу келесідей принциптерді орындау барысында іске асады: Мінезлдеменің соңында қорытынды мен ұсыныс болады,логопедиялық топқа белгілі бір тіл кемістігі анықталынады.Мінедземе тек тәрбиешігі бала балабақшада барғанда қажет етеді.Құжаттарда көрсетіледі,қай жастан балабақшаға барды,қайдан келді (үйден,басқа балабақшадан) қалай бейімделіп кетті,қаншалықты клммуникативті,үлкендер мен балалармен қарым-қатынасқа жылдам түсеме.Барлық оқу материалдарын жетіп меңгерді ма,тәртібі,психикалық үдерістерін бейнелейді, жұмысқа қабілеттілігін, қажымаушылық, тиянақ,оқуға ынтасы.

Білуі тиіс: бала қалай ойнайды,қаншалықты ұзақ ойнай алады,шығармашылық ойындар құрай ала ма,құрбыларынын ішінде ең үздігі ма.Ауытқуына бала қандай реакцияда екенін анықтаған жөн,байқайды,біледі,жасқанады,тұйықталады.

Медико -психолого-педагогикалық комисисия құжаттамасы

Баланың тіркеу журналы. Осы журналда 7 негізгі бағандары болады (нысан 1),үш кезеңнен тұрады,онда баланың алғашқы тіл кемістігімен балабақшаға қабылданғанынан күнінен түзету жұмыстарына дейін жазылады.

МППК мәжілісінің хаттамасы. Әр МППКның жиналысы сайын жеке хаттамалар тіркеледі және нөмірленеді.Хаттаманың келесі бағанында (нысан 2) мыналар кіреді: ретімен нөмірлер,тегі,баланың аты,туған жылы(айы,күні,туған жылы).

Баланың айналадағы сөздерді қабылдауын,сөздік қорын,грамматикалық жіктелуді,сөздің айтылуы мен қабылдауы,буынның құрылымын және дыбыстолықтыруын,ситуациялық және контексті жағдайда қолдануын.Тіл кемістіктігі бар балалрды III деңгейін тексереді,фонетко-фонематикалық жетіспеуін,сөздің айтылуында ауытқушылығы мен тұтықпа балаладры.Бағанды тексеріс кезінде толтырылуы мүмкін,егер бала тез арада контактіге түсіп,қойылған сұраққа жылдам жауап берсе,немесе біткен соң алған әсерлері болса.Сөзді жақсы түсінсе «+»,жеткіліксіз болса _«_» қояды.

Баланың сөйлеу тілін тексеруге картиналар арқылы,сюжеттік картиналар арқылы білеміз,немесе тәжірбиеден.Баған егер бала тапсырманы орындаса «+» толтырылады,немесе «_» орындай алмаса осындай белгімен толтырылады.Оған баланың сөйлеу тіліндегі өзгешіліктерін кіргізуге болады.

Сөздік қорының қорытындысы әңгімелесу әдісі,сөйлемдер құрау арқылы жүргізіледі. Баған сөздермен толады: жеткілікті (жазылады «ж/і»), жеткіліксіз («ж/з»),шұғыл шектеулі («ш/ш») т.б.

Грамматикалық қорытынды болса,баланың сөйлем мене түрлі грамматикалық сөздерді қолданғанда байқалады,аграмматизм ажыратылады.Осындай жұмыстар баланың басқа немесе оқуында байқалады.Баған толтырылмас бұрын (қарапайым,қиын) оның қолданған формасы:активный (акт),немесе пассивті (пас).Аграмматизмнің баған,формасы осылай толтырылады: дөрекі аграмматизм (д\а),айтылмайтын аграмматизм (а\а),егер бала баріне үлгерсе онда осындай таңбаны қоямыз «+».

«+» белгісі балада кекештік бар болса, «-» белгісі кекештігі жоқ болса қойылады. Кекештіктің түрі мен деңгейі көрсетілмейді.

Егер де балалар сұрақтарды қайта сұраса, дауысты дыбыстарды анық айтпаса есту қабілетінің қалыптылығына күмән келсе, баланың есту қабілетін тексереді. Бұл графада есту қабілеті қалыпты болса «+» белгісі, ал егер де есту қабілетінде бұзылыс байқалса «н/е» белгісі, яғни нашар еститін белгісі қойылады.

Ақыл – ой дамуын тексергнде баланың сан және сандық операциялар, қарапайым жалпылау, конструктивті қалпын ескеру қажет. Бұл тексеріс ЖСТД I және II деңгейіндегі балаларға міндетті болып табылады. Сандық есептеулер мен сандық операциялар баланың есепті білуіне байланыстыграфада «5-ке дейінгі есеп», «3-ке дейінгі есеп» т.б. жазылады. Егер де бала мүлде есеп білмесе «-» белгісі қойылады. Қалған барлық графалар «+» немесе «-» белгісімен баланың тапсырмаларды орындауына байланысты толтырылады. Сөздермен де толықтырып жазуға болады. Мысалы: «суреттерді көрсеткеннен кейін ғана құрастырады», «үлкендер көмегімен ғана құрастырады» т.б.

«Интеллект қалпы» графасы ақыл ой дамуын тексеру нәтижесінде «+» белгісі қалыпты, ал интеллект бұзылысы байқалса ақыл –ойы кемдіктің жеңіл деңгейі немесе ПДТ деп толтырылады. Интеллект бұзылысының типін психоневролог немесе психиатр анықтайды.

Қорытынды графа ПМПК шешімі мен ұсыныстарына байланысты және баланы келесідей тексерістерден өткізгеннен кейін толтырылады:

- ЖСТД (ОНР)

- ФФЖ (Фонетика –фонематикалық жеткіліксіздік)

- Дислалия

- Кекештену

Сонымен қатар бұл графада мектепке дейінгі мекеме номері, топ аты (кекештігі бар үлкен топ т.б.) және өту уақыты (2 жыл т.б.) көрсетіледі.

Сөйлеу тілі бұзылысы байқалмаған балалар қорытынды шешімге байланысты арнайы мекемелерге жіберіледі. Бұл графада балалардың қандай мектепке дейінгі мекемеге жіберілгендігі көрсетіледі. Мысалы: есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп алды мекемесі, интеллект бұзылысы бар мектепке дейінгі мекеме немесе психоневрологиялық диспансер т.б.

«Ескерту» графасына интеллект пен есту қабілетінің диагностикада қажет болар ерекшеліктер жазылады. Бұл графа тексерістен кейін толтырылады. Балалардың өзгелермен қарым –қатынас жасау деңгейі, оның еңбекке қабілеттілігі, психологиялық реакциясы жазылады. Мысалы: қарым –қатынасқа түспесе «қарым –қатынасқа жоқ (қ/қ/ж)» деп, тез шаршағыш болса «т/ш» деп, зейіні тұрақсыз болса «з/т» деп жазылады.

Тексеру нәтижесінен кейін бүкіл графа толтырылып болған соң ПМПК отырысында протокол соңына барлық ПМПК мүшелері қол қояды.

ПМПК директоры, хатшы, мүшелері: бас логопед, логопед, психоневролог.

Сөйлеу тілі бұзылған әр жеке балаларға ПМПК отырысынан кейін мектепке дейінгі мекемелерге жіберуге жолдама беріледі. (форма 3)

Балабақшадағы сөйлеу тілі бұзылған балалардың логопедиялық құжаттары

Балалардың топқа қосылғаннан кейінгі алғашқы 2 аптасында сөйлеу тіліне логопедиялық тексеріс жүргізіледі. Балалардың сөздік қорына, лексико –грамматикалық анализінің дұрыстығына, дыбыстық анализінің дайындығына, сөздер синтездеуіне, фонетикалық құрамына, сөйлеуді түсінуіне, буындық жүйені құрағанына және артикуляциялық аппараттың құрылысына мән береді.

Сөздік карта №1

(Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға арналған)

1. Баланың топқа қосылған уақыты_______________________

2. Аты – жөні _________________________________________

3. Туған күні, айы, жылы_______________________________

4. Мекен – жайы_____________________________________

5. Қай балабақшадан ауысты__________________________

6. Ата – ана арызы__________________________________

7. Есту қабілеті______________________________________

8. Интеллект________________________________________

9. Сөйлеу тілінің дамуы (гуіл, былдыр,алғашқы сөздер мен

сөйлемдер. Сөйлеу тілі дамуы тежелді ме, не себепті,

қаншалықты ұзаққа) _____________________________

10. Баланың ерте физикалық дамуы ____________________

11. Байланыстырып сөйлеу:_____________________________

а) әңгіме__________________________________________

б) суретке қарап әңгіме құрау_________________________

в) суреттер желісіне қарап әңгіме айту__________________

г) әңгімелеп айтып беру______________________________

д) әңгіме құрау, заттарды сипаттау____________________

12. Сөздік (белсенді, енжар)_____________________________

13. Сөздің грамматикалық құрылысы (грамматикалық форманы түсінуі және белсенді сөйлеуде қолдануы)___________________________

14. Артикуляциялық аппарат жағдайы_________________________

15. Дыбыстарды айту мен ажырату____________________________

16. Сөздерді синтездеу мен талдауға дайындығы_______________

17. Күрделі буындық сөздерді айтуы_________________________

18. Қорытынды ______________________________________________________________________________________________________________________

Сөздік карта №2

(Фонетикалық сөйлеуі дамымаған балаларға арналған)

1. Баланың топқа қосылған уақыты____________________________

2. Аты – жөні ______________________________________________

3. Туған күні, айы, жылы____________________________________

4. Мекен – жайы__________________________________________

5. Қай балабақшадан ауысты_______________________________

6. Ата – ана арызы________________________________________

7. Сөйлеу тілі дамуы______________________________________

8. Жалпы моторика жағдайы________________________________

9. Физиологиялық есту _______________фонематикалық____________

10. Баланың жалпы дамуы_______________________________ _____

11. Зейін _________________еңбекке қабілеттілігі_______________

12. Жалпы сөздердің дыбысталуы (темп, дауыс, артикуляция, дем алу анықтылығы)______________________________________________

13. Артикуляциялық аппарат жағдайы(құрылысы, қозғалғыштығы)_______________________________________________________________

14. Дыбыстарды айту мен ажырату ______________________________

15. Сөз құрамын синтездеу мен талдау____________________________

16. Күрделі буындық сөздерді айтуы (велосипед, балапан, құрылыс т.б.)________________________________________________________________

17. Сөздердің грамматикалық құрылысы

Сөздік_________________________Сөзжасам қабілеттілігі________________________________________________________

(картаға баланың айтқан сөздері, мысалдары жазылады.)________________________________________________________

Тексерісті аяқтап, сөздік картаны негізге ала отырып логопед тәрбиешілерге балалардың дамуындағы негізгі кемістіктерін, сөйлеу тіліндегі күрделі ауытқуларын айтып береді, кемістік түрін және оған жүргізілетін түзете – оқыту мазмұнына ерекше тоқталады. Логопед әр түрлі оқу кезеңдеріндегі сөйлеу тілінің қажеттіліктерін анықтайды. Балалардың дыбыс айтуда қандай кемшіліктері бар, сөйлеу тіліндегі аграмматизмі қандай, сөйлеу тілі бұзылысының сюжетін анық түсіну, Сөйлеу тілі бқзылысының динамикасын, қай балада қандай дыбысты қою кезеңі екенін білу, ауызшы сөйлеу тілінің сабақ уақытында ғана емес, күүнделікті тұрмыста бақылау қажеттігін әрбір ұстаз жақсы түсіну керек.

Жоспар түрлері

Оқу жылы басында логопед құрастырады:

а) жұмыс жоспарын

б) фронтальды, топтық және жеке сабақ жоспарларын әзірлеу.

Логопед әр балаға жеке дәптер бастап оған апталық түзету жұмыс жоспарын жазады, ал тәрбиеші күнделікті баламен жасалған жұмыстарды дәптерге тіркеп отырады. Логопел перспективті жоспар құрғанда

- Тәрбиешілермен сұхбат әңгіме жүргізуі тиіс

- Жоғарғы және дайындық топтарында логопедиялық тексеріс жүргізуі қажет.

- Логопедпен, тәрбиешімен, түзетуші топтармен логопедиялық сабақтарды жүргізу;

- Күрделі тіл кемістігі бар балаларға басқа мамандардың қатысуымен консультативті тексеріс өткізу (психоневролог, тәрбиеші, музыкалық қызметкер).

- Мұғалім жиналыстарды, семинарларда, консультацияларға методикалық бірлестіктерде және конференцияларға қатысу керек.

- Ата-анамен байланыс (жеке басты әңгіме, үй тапсырмасын орындауға ата-ананы тарту, тематикалық көрмелерді ұйымдастыру, ата\ананың қатысуымен шығарылым өткізу және т.б).

Әрбір фронтальдық сабақтарға жоспар құру міндетті. Жоспарда сабақтың нысанын, жабдықтарды, оның өнегелі жүру барысын сілтеп көрсету тиіс. Тәрбиеші сабақтарға қатысып, оның жүру барысын, балалардың қателіктеріне көрсетіп, анализ жасап есеп бағанына тіркейді.

Балалардың жеке дәптері. Әрбір балаға жеке дәптер басталады. Логопед сабақтың өткен күнін, оның мазмұнын тіркейді. Дәптер әр түрлі түстермен безендіріледі; логопед, мұғалім немесе ата\ана (тапсырма байынша) сүреттер жабыстырып, тақпақ және ертегілер жазады. Тапсырмаларды қайталау үшін демалыс күндерге дәптерді ата\ананың қолына тапсырылады, кейін осы дәптермен тәрбиеші балалармен жұмыс істейді.

Логопед пен тәрбиешінің өзара байланыс дәптері. Логопед әрбір баламен логопедиялық жұмыстар өткізу туралы тәрбиешіге тапсырма жазады (уш алы бала). Мысалы, жеке артикуляциялық жаттығулар, сюжетті картинкалармен және логопедпен алынған заттарды, алдын\ала логопедпен өткен әңгімелер мен өлеңдерді қайталау, тілдік лексико\грамматикалық құрылымын, назарын, зейінін дамытатын әр нұсқадағы жаттығулар және дыбыстарды ажыратуға байланысты тапсырмаларды жазуға болады. Тапсырмалардық барлық түрлері балаларға таныс және тәрбиеші нақты түсінік беру тиіс. Тәрбиеші балалар материалды қалай меңгергенін, кімде және қиындықтар қайдан пайда болғанын есеп бағанына белгілеу керек.

Ата-аналармен жұмыс. Коррекциялық жұмыс логопед пен ата\аналармен бірлескен жұмыста табысқа жетеді. Логопед ата\анамен әр дайым кездесіп, баласы қандай жетістіктермен жұмыс барысында қиындықтар туралы үнемі мағлұмат беру тиіс. Ата\аналармен жиналыс, консультациялар, ашық логопедиялық сабақтар, семинарлар осы нысандармен жүргізіледі; арнайы стендтер, жылжымалы папкалар әзірленеді.

Алғашқы ата\аналар жиналысы тамыз айының соңы мен қыркүйер айының басында өткізіледі. Жиналыста ата\аналар берілген мекеменін құрылымы мен жылдық оқу мақсаттарымен бала\бақшадағы кун тәртібімен танысады. Ереже бойынша осы жиналыстар барлық топтардың логопедтері мен бала-бақшаның меңгерүшісімен өткізіледі.

Екінші жиналыс әр логопед қазан айында өз тообымен өткізеді. Осы уақытқа дейін логопед тексерістерді бітіп, оның нәтижесін ата-аналармен таныстырады, жеке балаға жалпы және тілдің дамуына нақты мінездеме береді. Ата-аналарға баланың бойындағы негізгі тілдік ауытқушылықты, себептерін оның шығу тегін, үлгермеушілік дәрежесін және ауытқушылықты бірлескен күшпен алдын-алуға болатындығын түсінікті жыне жетімді түрде түсіндірі маңызды. Логопед бірінші кездегі жұмыс жоспарын оның мақсаты мен мазмүнын мәлімдейді.

Қаңтар айында үшінші ата-аналар жиналысы өткізіледі. Жиналыста басты коррекциялық жұмыс жолдары және бірінші жарты жылдықтағы жұмыстар қорытындылады. Әр бір балаға тілдік және жалпы дамуына мінездеме беріледі, баланың жетістіктері мен коррекциялық сабақ барысында болған қиындықтар жайлы ата-анаға көңіл бөлу керек туралы айтылады.

Жылдық қорытындымен, өткен өткен материалдарды бекіту туралы ұсыныстар мамыр айындағы ақырғы жиналыста айтылады. Логопед ата-аналарға комиссия шешімімен таныстырады, шешімде бала жалпы мектепте, тілдік немесе арнайы түзетуші топтарда қайта оқуы туралы жазылады. Комиссия шешімі нақты белгіленген.

 

Date: 2015-09-02; view: 8930; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию