Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Акушерство каз
Әйелдер консультацияға бірінші рет жүкті болушы әйел дәрігерге қаралуға келді, жүктілік мерзімі 35-36 апта. Ұрықтың қимылының белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Ұрықтың жүрек соғуы тұйықтау, ырғақты, 136 рет/мин. Бұл жағдайда қандай зерттеу әдісі тиімді? A) «ана- плацента – ұрық» жүйесінің қан тамырларының доплерометриясы +В)КТГ – ұрықтың биофизикалық профилі С) ұрықтың қимылының жиілігін зерттеу D)УДЗ Е) ұрықтың ЭКГ -сы
30 жастағы, бір баласы бар, әйелде жатыр миомасы анықталды, мөлшері 13-14 апталық жүктілікке сәйкес. Менструация кезінде көп қан кетуге, ішінің төменгі жағының ауырсынуына, ішінің үлкейгеніне шағымданады. Акушер-гинекологтың тактикасы қандай болу керек? А) менструация кезінде утеротоникалық препараттарды тағайындау; В) гормональдік препараттарды тағайындау; +С) жатыр кілегей қабатының диагностикалық қыруына жолдау; D) бақылау; Е) гистерэктомияға жолдау;
Әйелде бала жолдасы туулғаннан кейін қан кету басталды, кеткен қанның мөлшері 700 мл-ге жетті. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт, ұстағанда салқын. АҚ 80/40 мм с. б. ЦВД 60 мм су. б. төмен. Пульсі 120 рет/минутына дейін. Пальпация жасағанда жатыр жұмсақ, түбі кіндік тұсында. Қан кету жалғасып жатыр. Қандай формула бойынша шок индексін анықтайды? +A) ЧСС/САД B) ЧСС/ДАД C) САД/ЧСС D) ДАД/ЧСС E) ЧСС/САДхДАД
Алғашқы босанушы перзентханаға 13 сағат 30 минутта толғағы басталғаннан 3 сағаттан кейін және 1 сағат 20 минуттан қағанақ суы кеткеннен кейін түсті. Партограмманы қандай уақыттан баста жүргізу керек? A) с 10 сағ 00 минуттан B) с 10 сағ 30 минуттан C) с 13 сағ 00 минуттан +D) с 13 сағ 30 минуттан E) с 14 сағ 00 минуттан
35 апталық жүктілік. Ауыр емес преэклампсия. Ұрықтың болжам салмағы 2350 г. Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойнының жетілуі 7 балл. Доплерометрияда диастолалық қанайналымның жоқ екені анықталды. Екі рет 1 сағат интервалмен КТГ жасағанда – монотондық базальдік ритм, терең децелерациялар. Жүргізу тактикасы:// A) Ұрықтың жағдайы бойынша жүктілікті 1 аптаға созу// B) Амниотомия жасап, көк тамырға окситоцин тамшылап босандыру// C) Жатыр мойнын босануға дайындау// +D) Жедел түрде кесар тілігін жасап босандыру// E) Допплерометрияны қайталау, КТГ динамикада
Қант диабеті бойынша Д-есепте тұратын жүкті әйелде жүктіліктің 18-19 аптасында қанда қанттың 12 ммоль/л көбейгені анықталды. Учаскілік дәрігердің тактикасы: A) Зерттелуді жалғастыру, қаралуға 2 аптадан кейін келу +B) Жүргізу коррекциясын реттеу үшін эндокринологиялық бөлімге жолдау C) Жүргізу тактикасын шешу үшін III денгейдегі перзентханаға жатқызу D) Квота алып IV денгейлі перзентханаға жолдау E) Мекен жайы бойынша эндокринологтың бақылауында амбулаторлық ем алу
Жүрек ауруы бар жүкті әйелдерде акушериялық тактика біріншіден байланысты: А) жүктіліктің мерзіміне В) жүрек ақауының түріне + С) қанайналымның бұзылу дәрежесіне D) әйелдің жасына Е) паритетке
ЖДАмбулаторияға жүкті әйел әлсіздікке, шаршағандыққа шағымданып кеді. Жүктілік мерзімі 27 апта. Ашқарында алынған қан анализінде гипергликемия анықталды 7,1 ммоль/л, кетоз белгілері жоқ. Болжам диагноз? +A) 27 апталық жүктілік. Гестациялық қант диабеті B) 27 апталық жүктілік. Қант диабеті II дәр C) 27 апталық жүктілік. Қант диабеті I типі D) 27 апталық жүктілік. Қант диабеті III дәр E) 27 апталық жүктілік. Қант диабеті II типі
Жүкті әйелдердегі антиретровирустік алдын алудың жоғары тиімді схемасы кіреді:// +А) жүктіліктің 28 –ші аптасынан зидовудиннің курсы 300 мг тәулігіне 2 рет// В) невирапин суспензиясы 2 мг/кг + зидовудин 240 мг тәулігіне 2 рет 7 күн бойы// С) суспензия невирапин суспензиясы 2000 мг 7 күн бойы// D) Жүктіліктің 26-шы аптасынан ламивудин тәулігіне 150 мг 2 рет// Е) тек ғана босанудың басында зидовудин 300 мг
Ана сүтінде көбінесе май компоненттері тұрады: A) холестерин B) фосфолипидтер +C) триглицеридтер D) бос майлы қышқылдар E) линолевая қышқыл
32 жастағы босанған әйел, босанудан кейін 3 тәулік. Клиникалық жатырдың инволюциясының кідіру белгілері байқаладына. УДЗ жасалды – плацентарлық тіннің қалдықтарына күдіктену. Жүргізу тактикасы қандай? A) Бақылау B) Көк тамырға 400 мл физиологиялық ертіндімен+ 10 бірлік окситоцинді тамшылау және УДЗ жасап бақылау. C) Антибиотикотерапия +D) Жатыр қуысының инструментальдік ревизиясы Е) физиотерапевтік ем
28 жастағы некеде бар, бір жыныстық партнеры бар, бір баласы бар, аяқтарының созылмалы тромбофлебиті бар, әйелге қандай контрацепція әдісі қажет: A)оральдік контрацептивтер B)механикалық контрацепция +C)жатырішілік контрацепция D)хирургиялық стерилизация E)инъекциондық контрацептивтер
40 жастағы ауру әйел З., гинекологиялық бөлімге ішінің төменгі жағының толғақ тәрізді ауырсынуына, көп мөлшердегі қанды бөліністерге шағымданып түсті. 4 жылдан бері менструация кезінде қан айқын кетеді. Обьективті: тері жамылғысы және көрінетін кілегей қабықтары бозғылт. Пульсі 96 рет/минуту. АҚ 120/80 мм.с.б. Айнамен зерттегенде: жатыр мойнының каналынан диаметрі 6 см-ге тең ұзын аяқшасы бар түзіліс шығып тұр, қанды бөліністер көп мөлшерде PV: жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Жатыр мойнынан шығып тұрған домалақ түзіліс анықталады, консистенциясы тығыз, қатты, ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз: A) цервикальдік өзектің полипі B) жатыр мойнының қатерлі ісігі +C) туылып жатқан субмукозды миоматозды түйін D) жатыр мойынның миомасы E) жатыр мойынның эндометриозы
50 жастағы пациентка 12 күн бойы жыныс жолдарынан ауырсынусыз қанды бөліністерге шағымданып келді. Осының алдында 9 айға менструациясының кідіруі болған. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының кілегей қабаты таза, цервикальдік өзектен – аз мөлшерде қанды бөліністер байқалады. Вагинальдік зерттеу: жатыр мойнының пішіні және консистенциясы қалыпты, жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған. Сіздің тактикаңыз: А) простагландиндармен гемостаз В) эстрогенмен гормональдік гемостаз. С) гестаген препараттарымен гемостаз +D) жатыр кілегей қабатының фракциондық қыруы Е) андрогендармен гормональдік гемостаз.
23 жастағы біріншілік бедеулігі бар әйелге гистеросальпингография жасалды. Снимокта: жатыр қуысы Т-тәрізді пішінді, жатыр түтіктері қысқарған, ригидті, ампулярлық бөліктерінде булавовидтік кеңейюлерімен, контрасттық заттың құрсақ қуысына шығуы анықталмайды. Осы өзгерістер қандай ауруларға тән? А) хламидиялық инфекция себебінен созылмалы сальпингоофорит В) аденомиоз және жатырдың түтіктерінің эндометриозы +С) жыныс мүшелерінің туберкулезы D) жедел сальпингоофорит Е) жатыр түтіктерінің айналасындағы жабысқақ процесс
22 жастағы әйелде зерттеу жасағанда цервикальдік өзектен иісі қолайсыз шырышты-іріңді бөліністер, жатыр мойнының сыртқы ернеуінің айналасында эрозиялық бет анықталды. Микроскопиялық зерттеу жасағанда «кілттік» жасушалар анықталған. Қандай патология туралы ойлауға болады? А) вагинит; В) жатыр мойнының эрозиясы; +С) вагиноз; D) цервицит; Е) эндоцервицит;
25 жастағы ауру әйел оң жақ үлкен жыныс ернінің ауырсынуына, әсіресе жүрген кезде, дене қызуының 390С дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: оң жақтағы үлкен жыныс ерні ісінген, пальпация жасағанда ауырсынады, жұмсарған жері байқалады, гиперемиясы бар. Диагноз? А) бартолин безінің кистасы; В) бартолинит; +С) бартолин безінің абсцессы; D) вульвовагинит; Е) бартолин безінің кистасының іріңдеуі;
Климактериялық қан кету негізі байланысты: А) психикалық бұзылыспен B) аналық бездің гипофункциясымен +C) гипоталамустың инволюциялық қалыптасуымен D) гипофиздің гипофункциясымен E) эндометрийдің қанайналымының бұзылысымен
Пациентка 42 жастағы пациентка миокардтың инфарктысымен аурған, контрацепцияның қандай әдісін қолдануға болады: А) КОК В) КИК +С) Тазапрогестин таблеткары, инъекциялар D) КОК және ЖІС Е) КИК және презерватив
29 жастағы ауру әйелде диагностикалық жатыр кілегеі қабатын қырғаннан кейін гистологиялық нәтижесі: эндометрийдің атипиялық гиперплазиясы. Қандай тактика: + А) Гормонотерапия// В) Қосалқыларымен бірге жатырдың қынап үстілік ампутациясы// С) Қосалқыларымен бірге жатырдың экстирпациясы// D) Саулету ем// Е) Химиотерапия
УДЗ бойынша қынаптың орта қабаты көрінеді: А) эхокөрінісі төмен болып В) эхокөрінісі анықталмайды +С) эхогендік жолақ болып D) эхокөрінісі ақшыл сызық болып
24 жастағы алғашқы жүкті болушыда медициналық аборт кезінде жатырдың перфорациясы болды. Не істеу қажет? A) Жатыр қуысының тазалауын жалғастыру. +B) лапаротомия, перфорациялық тесікті тігу. C) Жатыр қуысының қыруын жалғастырып әйелдің жағдайын бақылау D) жатыр қуысының қыруын тоқтатып утеротониктерді тағайындау. E) лапаротомия – жатырдың қынап үстілік ампутациясы.
Әйелдер консультацияға бірінші рет жүкті болушы әйел дәрігерге қаралуға келді, жүктілік мерзімі 35-36 апта. Ұрықтың қимылының белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Ұрықтың жүрек соғуы тұйықтау, ырғақты, 136 рет/мин. Бұл жағдайда қандай зерттеу әдісі тиімді? A) «ана- плацента – ұрық» жүйесінің қан тамырларының доплерометриясы +В)КТГ – ұрықтың биофизикалық профилі С) ұрықтың қимылының жиілігін зерттеу D)УДЗ Е) ұрықтың ЭКГ -сы
024. 26 жастағы жүкті әйел жүктілік патология бөліміне басының ауруына, құлағының шулауына шағымданып түсті. Жүктілік мерзімі 32 апта. Объективті айқын жайылған денесінің ісінуі анықталады, АҚ 170/115 мм.с.б. Зәр анализінде белок 3, 8 г/л. Сіздің тактикаңыз? А) Құрусыға қарсы терапияны бастау, әйелдің жағдайы қалыптасқаннан кейін босандыру В) Құрусыға қарсы терапияны бастау және босандыруға дайындықты бастау С) Реанимация бөліміне аударып магнезиальдік терапияны бастау, көрсеткіштер болса гипотензивтік препараттарды тағайындау Д) Ұрықтың респираторлық бұзылыс синдромының алдын алуын жасағаннан кейін жедел кесар тілігі операция жасау +Е) Реанимация бөлімінде 48 жағдайын қалыптастырып РБС алдын алуын жасап босандыру
Диффузды және орта ауырлық дәрежелі түйінді токсикалық зобы бар жүкті әйелдерді жүргізгенде дәрігердің мүмкіндік тактикасы: A) 1 триместрдің соңында хирургиялық ем B) гормональдік емдеуді жүргізу үшін госпитализация +C) жүктіліктің асқынуларында госпитализация D) жүктілікті үзу E) жүктіліктің 2 триместрдің соңында хирургиялық ем
Жатырының тыртығы бар жүкті әйелде жатыр жыртылу қауіпінің клиникалық симптомы: A) жыныс жолдарынан қанды бөліністердің пайда болуы B) жатыр піші ні құм салат тәрізді C) толғақ қызметінің дискоординациясы +D) жатыр тыртығы бойы ауырсыну E) сыртқы жыныс мүшелердің ісінуі
«Онкология» Лимфагранулематоз осы жаста жиірек кездеседі: +30 жасқа дейін 50 жасқа дейін 60 жасқа дейін 60 жастан асқанда 10 жасқа дейін
Лимфагранулематоз қортынды диагнозы осы негізде қойылады: +Морфологиялық Эндоскопиялық Биохимиялық қан анализі негізінде Рентгенологиялық Компьютерлі томография негізінде
Лимфагранулематоздың ІІ б сатысының емі осыдан басталады: Химиотерапиядан +Рентгендік терапиядан Гормондық терапиядан Радиқалды программа бойынша сәулелік терапиядан Хирургиялық емнен
Лимфасаркоманы ең тиімді емдеу әдісі: +Химиотерапия Жақын фокусты рентгентерапия Қуысішілік саулелі терапия Гормондық терапия Хирургиялық ем
Лимфагранулематоз кезінде лимфа түйіндерінің зақымдалу сипаты: Пальпация кезінде ұлғайған, консистенциясы ірімшік тәрізді, тізбектеліп орналасқан лимфа түйіні теріге жыланкөз болып шығады +Ұлғайған, эластиқалық, аурсынбайтын, қозғалмалы, айналадағы тінмен бітіспеген лимфа түйіндері Пальпация кезінде тығыз, тас тәрізді консистенциялы, ауырсынбайтын, қозғалмалы, айналадағы тіндермен бітісіп кеткен, 10 см дейінгі және оданда үлкен лимфа түйіні Пальпация кезінде ұсақ, бұршақ тәріздес, ауырсынбайтын, өзара бітіспеген лимфа түйіндер. Барлық шеткері лимфа түйіндер топтары зақымдалған Пальпация кезінде ауырсынатын, көлемі ұлғайған, терінің гиперемиясы бар, түйіннің беткейіндегі ошақты температурасы жоғарлаған
Тері меланомасының ең тиімді емдеу әдісі: В) Жақынфокусты 100-120 Гр рентгентерапия, кейінннен ісікті экономды алып тасталуымен С) Полихимиотерапия Химиогормонотерапия Жалпы дозасы 40-60 грей гамма терапия
Тері меланомасы жиі осы түзілістен дамиды: Тері атеромасынан Терінің кәрілік кератозынан Тері сүйелінен Тері папилломасынан +Терінің дақты невусынан
Тері меланомасы келесі аурулар кезінде дамиды: +Дюбрей меланозы Педжет ауруы «Моңғол дағы» Кейр эритроплазиясы Боуэн ауруы
Тері меланомасының диагностикасындағы негізгі әдіс: +Морфологиялық верификация Тері термографиясы Якша реакциясы Радиоактивті фосформен сынама Абелеев-Татаринов реакциясы
Тері невусының малигнизациясының клиникалық белгісі: +Жаралану мен қан кету Невустың түсі өзгермейді Дақты невустың өсу ырғағы баяу (7-10 жыл бойы өсе береді) Невустың беткейінде жергілікті температура 3С-ге төмендейді Невустың айналасында тері асты веналардың диаметрі кеңейді
Радиотерапияға сезімтал обыр: Асқазан аденокарциномасы +Юинга обыры Хондросаркома Фибросаркома Гепатоцеллюлярды обыр
Остеогенді сүйек саркомасы кезінде неоадъювантты химиотерапия тағайындалады: Операциядан кейінгі химиотерапия Монохимиотерапия Қуыс ішіндегі химиотерапия Сәулулі терапиямен бірге синхронизациялау// +Операцияға дейінгі химиотерапиялық курс
Date: 2015-08-24; view: 959; Нарушение авторских прав |