Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес





(М.Әуезов)

 

Мерзімді басылымдарға, әсіресе қазақ тілді басылымдарға жазылу жолға қойылған. Ағымдағы жылы басқарма қызметкерлерінің «Егемен Қазақстан», «Орал өңірі», «Жайық үні-Жизнь города» газеттеріне (10 данадан) жазылуы ұйымдастырылды. Басқарманың мемлекеттік тілдегі басылымдарға жазылу үлесі («Егемен Қазақстан», «Орал өңірі», «Жайық үні-Жизнь города») орыс тіліндегі («Казахстанская правда», «Приуралье») басылымдардың 50% құрайды.

Басқармада орыс тіліндегі «Казахстанская правда», «Приуралье» газеттерімен қатар, аралас және орыс тілінде шығатын мерзімді кәсіби басылымдарға («Бюллетень бухгалтера», «Бухгалтерский учет и налоги в государственных и бюджетных организациях», «Финансы Казахстана», «Налоги и финансы», «Налоговый вестник в Казахстане», «Бухгалтерия организации-получателей бюджетных средств», «Труд-зарплаты-пенсии в Казахстане») жазылу жүргізіледі (осы басылымдар мемлекеттік тілде шығарылмайды)

Аталған басылымдарда қызмет атқару барысында қажетті жан-жақты және күнделікті тәжірибемен байланыстырылған терең талдау мен шолу мақалалар жарияланады, сондықтан оларға жазылу қажеттігі туындайды.

Слайд

Басқармада күні бүгінге дейін арнайы көрнекіліктермен жабдықталған «қазақ тілін үйрену кабинеті» жұмыс істеп келді, алайда мемлекеттік мекемелер орналасқан аумақтарды оңтайландыруға және барлық қызметшілердің қазақ тілді толық меңгерулеріне байланысты аталған кабинет «тілдерді дамыту бұрышы» ретінде жасақталып, қолданылуда.

Слайд

Қағаз және электронды түрдегі ішкі және сыртқы хат алмасулар тек қазақ тілінде жүргізіледі. Шығыс құжаттары қажеттілігіне қарай орыс тілінде қоса дайындалады.

Мысалы, өткен жылы 2 405 хаттың барлығы мемлекеттік тілде дайындалып тиісті адресаттарға жолданған болса ағымдағы жылы 1 568 хат жолданды.

 

2014 жыл басынан бері басқармаға 2 629 хат түсті (2013ж – 3 658, 80%), оның 96,2 пайызы мемлекеттік тілде әзірленген (3,8 пайыз). Орыс тіліндегі хаттардың басым бөлігі жеке ұйымдар мен тұлғалардан түскен хаттар болып табылады. Деректі ұйымдастырушы өкімдік құжаттар (ДИРОРД) бағытындағы 205 хат толығымен мемлекеттік тілде келіп түсті (2013ж – 165).

Ағымдағы жылы 187 өтініш келіп түсті (2013ж – 529), оның 23-і жеке (2013ж – 53), 164-і (2013ж – 476) заңды тұлғалардың өтініштері. Келіп түскен барлық өтініштердің 70 пайызы мемлекеттік тілде, 30 пайызы орыс тілінде келіп түсті.

Слайд

Құқықтық түсіндіру, мәдениет деңгейін арттыру, құқықтық оқыту жұмыстары шеңберінде басқарма қызметкерлерімен өткізілетін тақырыптық сабақтар мемлекеттік тілде жүргізіледі.

2013 жылы «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» кәсіпорны базасында 5 қызметкер мемлекеттік тілді меңгеру бойынша біліктілігін арттырды. Ағымдағы жылы біліктілік арттыру курстарына қатысу басқарма қызметкерлерінің қажеттіліктеріне қарай жалғасатын болады.

Қазақ тілін білу деңгейін анықтау құралы - ҚАЗТЕСТ тапсыру барысында мемлекеттік тіл білімін анықтаудың белгілі бір деңгейіне қатысты біліктілік талаптары қойылды: айтылым, лексикалық-грамматикалық бөлім және оқылым.

Өткен жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы 10 маман тест тапсырса, ағымдағы жылдың мамыр айында басқарманың 24 маманы тестілеуден өтті.


Оның ішінде 13 адам-ортадан жоғары (С.Минасов-150-ден 133 бал жинады, М.Мукаева, С.Джунусова, А.Аминов, А.Исенбаева, С.Шалтаева, Т.Савиных, Р.Оспанов, А.Сарсенғали, В.Исинжулова, А.Хамитов, Р.Уашева,П.Топалова), 6 адам-орта (М.Тажбаева, Ф.Жумалиева, М.Темиргалиев, Н.Белугина, С.Сарсенгалиева, М.Рамазанов), 5 адам-базалық (Е.Мухамеджанов, М.Мирская, В.Исбулатова, Л.Баймагамбетов, Т.Кушакова) деңгейдегі нәтижеге ие болды.

Тестілеу кезінде басқарманың қазақы тілді мамандарымен қатар, өзге ұлт өкілдері болып табылатын қызметкерлері де мемлекеттік тілдегі білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті.

Мәселен, білім беру, мәдениет, спорт, ішкі және жастар саясаты салалары шығыстарының атқарылуын талдау және қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жүргізу бөлімінің басшысы Т.П.Савиных мүмкін болатын 150 баллдың 129-ын жинап, мемлекеттік тілді жетік білетіндігін дәлелдесе, басқарма мамандары Т.Кушакова, Н.Белугина және М.Мирская мемлекеттік тіл бойынша базалық білім деңгейлерін көрсетті.

Слайд

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес 2013 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының тілдері күні» мерекесі қарсаңында Басқарманың кәсіподақ ұйымының, «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының тікелей қатысуымен ұжымдағы этникалық топ арасында кездесулер, пікір-таластар, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ұлттық киім киген әр түрлі ұлт өкілдері ана тілдерінде өз елінің тарихы мен мәдениеті туралы ақпарат берді. Бұл шара барысында іс-шараны мемлекеттік тілде ұйымдастырып, өткізіп қана қоймай, әр түрлі ұлт өкілдерін осы шараларға тартуға, қатыстыруға баса назар аударылады.

Сонымен қатар «Қазақстан халықтарының тілдері күнін» мерекелеу аясында облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдерімен кездесу өткізіліп, басқарма қызметкерлері арасында «Ең үздік мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізуші», «Ең үздік тапқыр», «Тіл – келісім тірегі» атты конкурстар ұйымдастырылды.

Слайд

Біздің мекемеде қалыптасқан тағы бір жақсы үрдіс – әрбір маман, бөлім басшылары, мекеме басшысына дейінгі барлық лауазымды тұлғалар қаржы саласындағы мемлекеттік тілдің жай – күйіне сараптама ретінде мақалалар жазып, оны баспасөз беттерінде жариялап отырады.


Ағымдағы жылы басқарма басшысы мен қызметкерлерінің қаржы саласы тақырыбы бойынша «Орал өңірі» газетінде 2 (2013ж.-1), «Приуралье» газетінде 3 (2013ж.-2) «Тиімсіз шығындар неғұрлым нәтижелі бағдарламаларға қайта бөлінеді», «Бюджет қаржысы уақытылы әрі сапалы игерілуі тиіс» атты мақалалары жарық көрді.

Қазақстан халқының мемлекеттік және өзге де тілдерін дамыту, насихаттау шеңберінде басқарма мамандары телебағдарламаларға белсенді қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарына, интернет ресурстарына мақалалар жариялап келеді.

Мәселен, ағымдағы жылдың маусымында облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «ТДК-42» телерадиокомпаниясымен бірге қаржы басқармасы базасында «Тіл- халықтың рухани арқауы» телебағдарламасы түсіріліп, көрсетілді.

Әрине, қаржы саласындағы арнайы терминдерді қолдану ерекшеліктеріне қарай бірқатар қиындықтар да орын алып отырғанын айта кеткен жөн, әсіресе қолданыстағы «Қазынашылық-клиент» бағдарламасы, «1С» бухгалтерлік есептілік, нысаналы трансферттердің игерілуі бойынша «Модуль» есебін жүргізу кезінде бағдарламалардың тек орыс тілде болуына байланысты қиыншылықтар орын алуда, алайда басқарма қызметкерлерінің терминология саласындағы мамандармен, сонымен қатар облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандарымен үйлесімді жұмыс жүргізу нәтижесінде қаржылық терминдер мен түсініктерді мемлекеттік тілге түпнұсқалық аудару бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жинақталған тәжірибе 2013 жылы қаржылық есептіліктің қоғамдық секторына арналған Халықаралық стандарттарына көшу бойынша макроэкономика саласындағы (МЕР) USAID жобасы шеңберінде Орал қаласында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының бухгалтерлеріне арналған семинар-кеңесті ұйымдастыру барысында өз нәтижесін көрсетті деуге болады.

Өз кезегінде, қаржы саласында мемлекеттік тілді енгізу аясында басқарма мамандарымен аудандық, қалалық деңгейдегі қаржы саласы қызметкерлеріне әдістемелік және кәсіби көмектер көрсетіледі.


«Көп сөйлеген —

көптен айрылар.»

(ұлттық мақал)

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығының екінші сатысын (1 саты-2011-2013ж.ж., 2 саты-2014-2016 ж.ж., 3 саты-2017-2020 ж.ж.) жүзеге асыру мақсатында мүлік мен қаржыны заңдастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс жоспарлары белгіленді.

«Біз өзіміздің бірлігіміз арқылы күштіміз», «Мемлекеттік қызметте–мемлекеттік тілмен» тақырыптарындағы дөңгелек үстелдер, «Қаржы саласы терминдерінің бірізділігі» атты семинар өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар облыстық тілдерді дамыту басқармасымен арада орнатылған әріптестік байланыстың нәтижесінде жыл сайын қаржы саласына қатысты сөздіктер, әдістемелік құралдар, сондай-ақ жаңадан шыққан салалық термин-сөздіктермен қамтылып келеміз.

Осы ұйымдастырылған ауқымды жұмыстардың барлығы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, қызметкерлердің қазақ тілін жоғары дәрежеде меңгерулеріне, олардың қызметтік құжаттарды қазақ тілінде әзірлеуге деген ынтасын арттыруға сенімді негіз болатынын ескере келе, қаржы саласында мемлекеттік тілді дамыту шаралары лайықты жалғасын табатын болады.

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!







Date: 2015-07-27; view: 1030; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию