Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мақалсыз ел болмайды»





Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесі

Азақ тілім болашағым, ертеңім...» тақырыбы бойынша

БАЯНДАМА

(Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы туралы)

Слайд

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының қағидалары қашанда баршамызды келешегі кемел істерге жұмылдырады. Оның ішінде ананың сүтімен бойымызға дарыған төл тіліміздің қоғам өміріндегі беделін нығайту мемлекеттік органдарға іргелі міндеттер жүктейді.

Осы орайда, облыста қаржылық саясатты жүргізуге құзыретті орган болып табылатын облыстық қаржы басқармасында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қоғам дамуының басты бағыттарының бірі болып «тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы» танылды.

«Мағынасыз сөз болмайды,

Мақалсыз ел болмайды».

(мақал)

 

Басқарманың 45 штаттық бірліктен тұратын құрылымында ұжымның басым бөлігін тұрғылықты ұлт өкілдері, 6 орыс ұлты және 1 дүнген диаспорасының өкілі құрайды. Басқарма штатында аударма қызметі немесе аударма маманы қарастырылмаған.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын арттыруға басымдық беру қажеттігін ескере отырып, басқармада барлық іс –қағаздарды сатылап көшіру және 100% қазақ тілінде жүргізуге арналған толық көлемдегі іс-шаралар жоспары іске асырылды (2012 жылдан бастап).

Заңнама талаптарын орындау мақсатында 2013 жылы «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында тілдерді меңгеру және қолдану аясын кеңейту жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрық қабылданып, осы бағыттағы жұмыстарға жауапты тұлғалар бекітілді.

Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық–техникалық жағдайлар жасалған.

Басқарма ғимаратында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баннерлер орналастырылған, басқарманың іс-қағаздарын және ресми құжаттарды дайындаумен айналысатын барлық бөлімшелерінің мамандарына қойылатын біліктілік талаптарының тізіміне мемлекеттік тілді білу енгізіліп, оларды мемлекет қаржысы есебінен оқыту көзделген. Жас мамандарды тәлімгерлермен қамтамасыз ету барысында мемлекеттік тілді меңгеру қоса қамтылады.







Date: 2015-07-27; view: 482; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию