Главная
Случайная страница
Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
СОӨЖ және СӨЖтапсырмаларын орындаудың және тапсырудың тақырыптық жоспары
Модуль пәнінің атауы: Құқық әлеуметтануы
| №
| СОӨЖ
| СӨЖ
| Модуль пәнінің тақырыптары және мазмұнының сұрақтары
| Тапсыру мерзімі(апта және сағат көлемі)
| Жүргізу түрі
| Модуль пәнінің тақырыптары және мазмұнының сұрақтары
| Тапсыру мерзімі
(апта және сағат көлемі)
| Жүргізу түрі
|
| Әлеуметтану ғылым пән ретінде. 1 сағат.
1. Қоғамның әлеуметтанулық анықтамасын жазбаша талдап көрсету.
2. «Әлеуметтік» және «әлеуметтік топ» ұғымдарының сәйкес және айырмашылық мағыналарын ауызша түсіндіру.
3. Әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ортақ және өзіндік ерекшеліктерін жазбаша көрсету.
4. «Әлеуметтік іс-әрекет» ұғымын ауызша талдау.
| 1 cағат
3-апта
| Презентациялық материал дайындау, ауызша сұрау
| Әлеуметтану ғылым ретінде
1. «Қоғам» дегеніміз не?
2. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
3 Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары.
4. Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері.
5. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
Глоссарий құрастыру:әлеуметтік процесс, әлеуметтік топ, әлеуметтік рөлдер, әлеуметтік факт, әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт.
| 3cағат
1-апта
| Презентациялық материал
|
| Әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі.
1. О.Конттың әлеуметтану ғылымының негізін салушы екенін дәлелді тезистер арқылы жазбаша көрсету.
2. Г.Спенсердің әлеуметтану ғылымына қосқан үлесін жазбаша айту.
3. Замандастары К.Марксті ХХ ғасырдың әлеуметтануының кіндік шешесі деп не себепті атағанына тезис түрінде жауап беру.
4. Э.Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтанулық тұжырымдарын нақты жазбаша атап-атап көрсету.
| 1 cағат
5-апта
| Конспект, ауызша сұрау
| Әлеуметтанулық ғылымның дамуының негізгі тарихи кезеңдері
1. О.Конт – әлеуметтанудың негізін салушы.
2. Әлеуметтанудың әдістері туралы Э.Дюркгейм ілімі.
3. Г.Спенсердің әлеуметтану “негіздері” туралы.
4. Макроәлеуметтанулық парадигма.
5. Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт.
Глоссарий құрастыру: теология, эмпиризм, натурализм, неопозитивизм, позитивизм, психоанализ, әлеуметтік динамика, әлеуметтік статика, эволюционизм, интеграция. парадигма, феноменология, этнометодология, фрейдизм.
| 3 cағат
2-апта
| Презентациялық материал
|
| Абайдың әлеуметтанулық көзқарастары. 2 сағат.
1. Абайдың қоғамды тарихи құбылыс ретінде тануына жазбаша мысалдар келтіру керек.
2. Абайдың: «Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ, Наданның көзін қойып көңілін ашпақ...» дегенін қалай түсінесің? Ауызша жауап.
3. Абайша адам баласының бес дұшпанын, бес асыл ісін жазбаша атап-атап көрсету қажет.
4. Адам баласын қор қылатын үш нәрсенің себебін түсіндір?
5. Абайдың адам баласының ең жаманы не дегеніне ауызша жауап.
6. Абайдың адам баласы адам баласынан мына деген нәрселермен озады дегеніне талдай ауызша жауап беру керек.
7. Абайдың адам баласының тәрбиесіндегі еңбектің рөлі туралы айтқан ойларын ауызша жинақтау.
| 1 cағат
7-апта
| Конспект, ауызша
жеке сұрау
| Төмендегі әлеуметтанулық теорияларды қарастырыңыз:
1. әлеуметтік мобильділік;
2. позитивизм;
3. қоғамдық-экономикалық формация;
4. эволюционизм;
5. құрылымдық функционализм;
6. девиация;
7. әлеуметтік конфликт.
| 3 cағат
3-апта
| Презентациялық материал
|
| Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. 1 сағат.
1.Қоғамның әлеуметтанулық анықтамасын әлеуметтік жүйе ретінде жазбаша талдау.
2. Мына тұжырымдамаларды айтқан әлеуметтанушылардың аттарын атай отырып, оларды әлеуметтанулық талдау:
- «Қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе», "Қоғам - адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы", «Қоғам - адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізі - ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады» және «Қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы».
3. Мына сұрақтарға жауап беру:
- Пән ретінде әлеуметтанудың негізгі зерттейтін мәселесі не дегенге жазбаша жауап?
- Алғашқылардың бірі болып қоғамды организм, жүйе ретінде қарастырып, ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын, оның бөліктерінің өзара байланыстылығы мен ықпалдастығын атап көрсеткен кім?
- Өзара бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста болатын, тәртіптелген және тұрақтылықты құрайтын, бірінің өзгерісі екіншісінің немесе басқаларының өзгерісіне әкелетін көптеген элементтердің тұтас жиынтығын не дейміз?
- Әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара қарым-қатынас пен байланыста, өзара ықпалдастықта болып, тұтастықты қамтамасыз ететін жүйе элементтерінің жиынтығын не деп атаймыз?
- Адамдар немесе адамдар тобының арасында белгілі кеңістік пен уақытта нақты мақсатқа жету үшін бірлесе қызмет ету үдерісін не деп атаймыз?
- Жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын оң не теріс үдерістерді не деп айтамыз?
- Адамдар және топтар, әлеуметтік институттар арасындағы тұрақты өзара байланыстар мен өзара әрекеттестікті не деп атаймыз?
- Еңбектің қоғамдық бөлінісіне негізделген ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы және олардың арасындағы әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде қалыптасқан сан алуан байланыстар, қарым-қатынастар мен ықпалдастықты не дейміз?
| 1 cағат
9-апта
| Ауызша сұрау
| Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
1. Қоғам-мемлекет-ел ұғымдарына анықтама беріңіз.
2. «Қоғам» ұғымына түрлі келістер.
3. Қоғамның құрылымы.
4. Қоғамның тарихи типтері.
Глоссарий құрастыру: эволюция; прогресс, капиталистік қоғам, реформа, ашық қоғам, цивилизация, революция, азаматтық қоғам, тоталитарлық мемлекет.
| 3 cағат
4-апта
| Презентациялық материал
|
| Қоғамның әлеуметтік жіктелуі (стратификация) мен әлеуметтік мобильділік теориясы. 1сағат.
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы, стратификация ұғымдары мен олардың негізгі элементтерін көрсету. 2. Әлеуметтік мобильдік теориясының мәнін ашу, тік және көлденен мобильділіктерді сипаттау. 3. Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін көрсету (жазбаша).
| 1 cағат
11-апта
| Реферат
| 1. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
2. Қоғам және индивид
3. Қоғамның эволюциясы
4. Азаматтық қоғамның әлеуметтік аспектілері
5. Қоғамдық құбылыстарды талдаудағы К.Маркстың келісі
| 3 cағат
5-апта
| Презентациялық материал
|
| Этноәлеуметтану. 1 сағат.
1.Этноәлеуметтануды қоғамның этникалық қауымдастығы туралы ғылым ретінде көрсету. 2. Этникалық қауымдастықтың ұлтқа бірігу үдерісін, ұлттық-этникалық қатынастардың мазмұнын ашу. 3. Этникалық әлеуметтанудың негізгі функцияларын көрсету. 4. Қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.
| 1 cағат
13-апта
| Презентациялық материал дайындау
| Әлеуметтік құрылым әлеуметтануы
1. Әлеуметтік стратификация теориясы
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы түрлі тұжырымдамалар
2. Мәртебе, оның түрлері.
3. Рөлдік жүйе. Рөлдер классификациясы.
| 3 cағат
6-апта
| Презентациялық материал
|
| Мәдениет әлеуметтануы. 1 сағат.
1. Мына сұрақтарға ауызша жауап беру керек:
- Неге біз мәдениеттің әлеуметтік құбылыс дейміз?
- Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың «Күтім, бап, үй жануарларының тұқымын қалай жаксартатын болса, мәдениет те адам организмін солай жаксартады» деген пікірін қалай түсінесің?
- Жеке адам бойындағы қасиеттердің сапалық дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік үдерістермен біте қайнауын не дейміз?
- Адамның табиғатқа қатысымен, оны өзгерту, қайта құру үдерістерімен және өз әлеуметтік ортасымен өзара қарым‑қатынасы, өз мұқтажын қанағаттандырумен байланысты болатын қандай мәдениет?
- Ғылым, өнер, әдебиет және адамдарды тіршілікке бағдарлайтын идеялар, құндылықтар, нормалар, салт‑дәстүр, ойлау әдістері және т.б. жататын мәдениет қандай түрі дейміз?
- Адамға әлемді, бүкіл қоршаған ортаны және өзін ғана танытып қоймайды, сонымен қатар өзі де білім және тәжірибемен толығады, бар жинаған құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізетін:
2. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген төмендегідей түсініктемелерді талдап жазу: а) мәдениет - халықтың мәдени саладағы табыстары мен шығармашылығының сапалы жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі сапалы қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.).
3. Студенттерге «Кімді мәдениетті деп санайсың» деген тақырыпта анкета дайындату.
| 1 cағат
14-апта
| Презентациялық материал дайындау
| Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
1. Әлеуметтік институт түсінігі.
2. Әлеуметтік институттар функциялары мен түрлері.
3. Әлеуметтік институттардың құрылымдық элементтері
Глоссарий құрастыру: Институт, социомәдени, полиция, милиция, офис, инаугурация
| 2 cағат
7-апта
| Презентациялық материал
|
| Дін әлеуметтануы. 1 сағат.
1. Діннің әлеуметтік институт екенін айқындау; оның құрылымдары мен функцияларын жазбаша дайындау. Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі қоғамдағы орнын және оның тұлғаның қалыптасуындағы рөлін жазбаша көрсету. Қазіргі қазақ қоғамындағы діни қатынастардың ерекшеліктеріне жазбаша жауап беру.
| 1 cағат
15-апта
| Презентациялық материал дайындау
| Отбасы әлеуметтануы
Отбасы және неке ұғымдарына анықтама.
- Отбасы-неке қатынастарының тарихи типтері мен формалары.
- Отбасының функциялары.
- Қоғамдағы отбасының рөлі туралы әлеуметтанудың негізгі теориялары.
Глоссарий құрастыру: нуклеарлы отбасы, моногамия, полигиния, полиандрия, экзогамия, эндогамия, эгалитаризм, матриархат, патриархат,
| 2 cағат
8-апта
| Презентациялық материал
| Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Социология: Лекциялар курсы / Жалпы редакциясын басқарған -Ә.Х. Тұрғынбаев. - Алматы: Білім, 2001. - 160 бет.
2. Социология: оқулық / Философия және саясаттану институты; [жауапты ред. Ә. Нысанбаев]. - Алматы, 2002. - 222 б.
3. Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004. – 506 бет.
4. А.И. Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.-Алматы:Экономика, 2004. -208 бет.
5. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. - толықт., жаңарт., 2-ші бас.. - Алматы: Қарасай, 2007. - 384 б.
6. Ш.Қ. Қарабаев. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2007. – 528 бет.
7. Бәкір Ә.Қ. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеуметтік көзқарастары: оқу құралы / Ә.Қ. Бәкір; ҚазГЗУ. - Астана: Сарыарқа, 2008. - 156 б.
8. Бәкір Ә.Қ. Әлеуметтану. Оқу әдістемелік құрал. Электрондық нұсқада. 2012 жыл.
Қосымша әдебиеттер:
1. Конт О. Дух позитивной философии: Слово о положительном мышлении. СПб,1910.
2. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. М., 1991.
3. Сорокин П.Челобек. Цивилизация. Общество. М., 1992.
4. Вебер М. Избранные произведения. М., 1990.
5. Уәлиханов Шоқан.Таңдамалы.2-бас. –Алматы: Жазушы,1985. -560 бет.
6. Абай Құнанбаев.Шығармаларының бір томдық толық жинағы.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1961.- 693 бет.
7. Алтынсарин Ыбырай. Таңдамалы шығармалары.-Алматы, 1994.
8. Бөкейхан Ә. Таңдамалы (избранное) / Гл. Ред. Р. Нурғалиев. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. - 478 бет.
9. Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 4 т. Әліппелер мен мақалалар жинағы. –Алматы: «Алаш», 2006.- 320 бет.
10. Әлеуметтану. Оксфорд сөздігі/ Г. Маршалл 632б. Алм. 2002
11. Әлеуметтік ғылымдар мамандықтар тобының мемлекеттік аралық бақылау пәндері бойынша тест жинағы: оқу-әдіст. құрал.2007
12. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндерме сөздігі 2007
Date: 2015-07-22; view: 688; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|