Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы
Негізгі түсініктер: революция, эмиграция, еуразияшылдық қозғалысы. 1. Еуразияшылдық идеясын ұстанушы орыс зиялылары алдымен еуразияшылдық топ, одан қозғалыс болып қалыптасып, одан саяси партия құрған болатын. 20-30 жж. олардың бастамасымен бірқатар баспа орындары қызмет жасады. Олар жинақтар, альманах, журнал мен газеттер, сондай-ақ, бағдарламалық шығармалар жеке кітапшалар болып жарыққа шықты. Мәселен, еуразияшылдық баспаханаларынан Савицкий, Трубецкой, Алексеев, Толь, Полковников, Бромбергтердің еңбектері жарияланды. Сонымен бірге Ұлыбритания, АҚШ, Еуропаның жетекші қалаларында тұрған еуразияшылдықтың көшбасшылары хат жазысып отырған. Мұндай хаттар Мәскеу, Прага, Париж, Берлин, София және т.б. қалалардағы мұрағаттарда сақталған. Еуразияшылдық тобының қалыптасуыН. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» атты еңбегінің шығуымен байланысты болды. Бұл еңбектен соң еуразияшылдық үйірмесі құрылған болатын. 1921жылы София қаласында ең алғашқы еуразияшылдыққа қатысты «Утверждений» — «Исход к Востоку. Утверждение евразийцев. Предчувствия и свершения. Книга 1» атты жинақ шығарылады. 1922 жылы Берлинде «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» деген келесі жинақ жарық көрді. 1923 жылы «Россия и латинство. Сборник статей» деген жинақ шығады. 1923 жылдан бастап еуразияшылдықтың баспа органы — «Евразийский временник» шыққан. 1927 жылға дейін 3 нөмірі жарық көрген. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында еуразияшылдық топ арасындажікке бөліну басталғанда тағы екі жинақ жарық көрген. Парижден 1931жылы «Тридцатые годы. Утверждение евразийцев. Книга седьмая» атты келесі кітап шыққан. Сондай-ақ, жинақтармен қатар мерзімді басылымдар да жарияланған. 1925 жылдан 1935 жылдар аралығында «Евразийские хроники» (барлығы 12) шыққан. Бұлар негізінен еуразияшылдықты насихаттауға мақсатталды. Ал 5 шығарылымында теориялық мақалалар шығарыла бастады. Әсіресе, Париж қаласында 1926-1928 жж. шыққан 6-10, 1935 ж. – 11 және 1937 ж.- 12 шығарылымдары маңызды болды. 1928 жылдың 24 қарашасынан 1929 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Парижде солшыл еуразияшылдардың «Евразия» (барлығы 35 нөмір) деген апталық газет шығарылған. Сонымен қатар, солшыл еуразияшылдардың ұстанымын «Евразиец» атты журнал насихаттады (Брюссель, 1928–1934, барлығы 25 нөмір шыққан). «Версты» деген тақырыппен альманах 1925, 1926, 1927 жж. бойы Парижден шығарылған. Барлығы 3 нөмір жарияланды. Ал кейінгі еуразияшылдардың ұстанымын «Евразийские тетради» журналы (Прага, 1934 — 1936, барлығы 6 нөмір), «Свой путь» айсайынғы газет насихаттаған. 2. Кеңес үкіметі кезінді әрине еуразиящылдардың еңбектері қайта басылынған жоқ. Жалпы еуразияшылдық идесы КСРО-да көп мәлім болмады. Тіпті КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, оларды кеңестік барлау органдарымен арнайы «Трест» деген операция жүргізілген болатын. Чол кезде кеңестік арнайы органдар қызметкерлері де еуразияшылыдық туралы түсініктері болмаған. Не болмаса оларда көбінесе бұрмаланған пікір қалыптасты. Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы «Вопросы языкознания» журналының №2- де Н. С. Трубецкойдың «Общеславянский элемент в русской культуре» деген мақаласы жарияланды, осы жылы №№4,5,6 және 1991 жылы "Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широков бастамасымен келесідей еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың «К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)», П. П. Сувчинскийдің «Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы «Новый мир» журналының №1 Карсавингің «Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева) атты мақаласы шықты. Сонымен қатар, көрсетілген жылы «Литературная учебаның» №6 нөмірінде Трубецкойдың «Религии Индии и христианство», «Об истинном и ложном патриотизме», «О расизме» деген еңбектері қайта басылды. 1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарық көрді. 1992 жылы «Нашего современник» журналының №№2,3 нөмірлерінде Савицктйдің «Евразийство», «К преодолению революции», Трубецкойдың «Мы и другие», «К украинской проблеме», Вернадскийдың «Два подвига Св. Александра Невского» атты еңбектері басылды. Осы жылы «Вопросы философии» журналының 2 нөмірінде Карсавин мен Кожевниковтың «Философия и ВКП» деген ортақ атпен жарық көрді. 1992 жылы «Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России» атты кітап (құрастырушы И. А. Исаев) жарияланды. 1993 жылы Мәскеуде Н. Клепининнің «Святой и благоверный великий князь Александр Невский» (бірінші басылым — Париж, 1927) еңбегі шықты. 1995 жылы аталған басылымда жаңа антология жарияланды, лгы құрастырушылар — Новиков пен Сиземсктй: "Мир Россия-Евразия. М, 1995., Г. Флоровский «О народах неисторических (страна отцов и страна детей)», Сувчинского «Сила слабых», Савицкий «Подданство идеи» и «Географический обзор России-Евразии», Трубецкой «Вавилонская башня и смешение языков», Алексеев «Советский федерализм», Бромберг «Еврейское восточничество в прошлом и будущем». 1997 жылы «Беловодье» басылымында «Русский узел евразийства. Восток в русской мысли. Сборник трудов евразийцев» (құрастырушы С. Ключников) жарық көрді. 1999 жылы Мәскеуде «Политическая история русской эмиграции. 1920–1940 г.г. Документы и материалы. Под ред. Проф. А. Ф. Киселева» атты кітап шықты. 1995 жылдан бастап еуразияшылдардың еңбектері шыққан болатын. Мәселен, Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык» кітабы. 1997 жылы «Добросвет» баспасында «Исход к Востоку» қайта жарияланды. Сондай-ақ, П. Н. Савицкийлің «Континент Евразия» атты еңбегі жарыққа шықты. 1999 эылы Трубецкойдың «Наследие Чингисхана» атты кңбегі қайта басылды. Соңғы жылдары «Аграф» баспасынан Бромбергтің «Евреи и Евразия», (М., 2002) және Э. Хара-Давананың «Русь монгольская» (М., 2003) және «Чингисхан как полководец» шықты. 2000 жылы Санкт-Петербургте «Лань» баспасында Г. В. Вернадскйдің «Начертание русской истории» және Савицкийдің «Геополитические заметки по русской истории» мақаласымен қосымша жарияланды. Әдістемелік нұсқаулар: Еуразияшылдар қозғалысының қалыптасу кезеңдеріне тоқталған кезде сол уақыттағы Ресейдегі саяси жағдайды ескеру керек. Негізгі әдебиеттер тізімі: 1. Савицкий П.И. О задачах кочевниковеденъя: (почему скифы и гунны должны быть интересны для русского:).- Прага: Евраз. Книгоиздательство, 1928. 2. Вернадский Г. В. «Россия в средние века Тверь», Тверь-М.: «Леан», «Аграф», 1997. 3. Вернадский Г. В. «Монголы и Русь. Тверь-М.: «Леан»; Аграф», 1997. Қосымша әдебиеттер тізімі: 1. Савицкий П.Н. Исход к Востоку, 1921 2. Савицкий П.Н. К вопросу об экономической доктрине евразийства//Евразийская хроника. 1926. Вып. 6. 3. Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920.
Date: 2015-07-22; view: 923; Нарушение авторских прав |