Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ)
Тәжіктер - этникалық қалыптасу тарихында соғды және бактриялықтар ықпалы үлкен болған. Тәжіктер таулы және жазықты жер тәжіктері болып бөлінеді. Бұл олардың тілдік және тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Батыс Памир, Пяндждің жоғарғы жағынан Язгулем сағасына дейін памир тәжіктері мекен етеді. Бұлар: язгулем, бартангтар, рушандар, шугнандар, ишкашимдер, вахандар жатады, олар шығыс иран тілінде сөйлейді. Тәңір (Тенгри) – ежелгі түркілер, оның ішінде қазақтардың табиғат құбылысын, әлем құрылысын мифологиялық сарында түсінуі. Жоғарыда бір ғана құдай – «Тәңір» (Тенгри – аспан) жоғарғы әлем саналды. Тәңір дүние мен адам тағдырын биледі. «Ұмай» – молшылық құдай-анасы болды. Тәңір мен Ұмай туралы аңызда олардың түркі қағанаты үшін табынар құдіреті боп танылғанын айтады. Орта дүние саналатын кездің бас құдайы – «ыдық Иер-су» (киелі жер-су). Төменгі дүние мифологиясы деңгейінде зиян келтіретін күш, сақтаушы кие «құт» (жан-дүниені таныту), мекендер мен кейбір жер – киелі деген ұғым кең тараған. Адам мен дүние арасында «қам» рухы жүрді. Исламдық «қам» сөзін қабылданған «бақсы» сөзі ығыстырды, «албасты» және «пері» рухының бейнесі санаға енді. Көшпелілер үнемі жол үстінде болатындықтан олардың ұғымында жол киесі бірнешеу. Мысалы, Тәңір шабармандары – «Шұбар атты жол ие» және «Қара атты жол ие» т.б. Түркі тайпалары – Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда, б.з. 5 ғ-на дейiн) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңтүстігінде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, т.б. аумақтарда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығымен, кен қазумен шұғылданып, отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Қазақтардың шығу тегiне сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Түркі тілдері – Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі болып табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер тобы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады. Славянофильдік - орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты. Славянофильдіктің негізін қалаушылар А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, К.С. Аксаков, Ю.Ф. Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И. Даль, А.Н. Островский, В.И. Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бүл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия – Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі. Этнос – (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс. Этнос ұғымы – халықтың этникалық табиғаты туралы сөз болғанда қолданылады, мысалы, орыс этносы, қазақ этносы, неміс этносы, ұйғыр этносы, корей этносы, т.б. Халық пен этнос бір мәнде де айтылады, сонымен бірге контекстке байланысты бірде халық, бірде этнос мәнісінде қолданылады. Этнос – халықтың этникалық сипаттамасы. Халық – этностың субстанциясы. Халық ауқымды – ұғым. Халықтың этникалық сипаттамасы болмауы өте сирек кездесетін жағдай, мысалы, бұл мәселені шартты түрде американ халқына қатысты айтуға болар. Елдің аталуында тұрғандай, Америка Құрама Штаттардан тұрады. Көптеген нәсіл, этностардан құрылған, этностық жағы біртекті емес. Кезіндегі кеңес халқы деген этностық тарихы жоқ, адамдардың мемлекеттік-территориялық қауымдастығы болатын. Мұндай жағдайда бірыңғай азаматтық басты қағидат болып, этностық істер есепке алына бермейді. Ал Англия, Франция, Германия, Жапония, Ресей т.б. сияқты дәстүрлі елдерде азаматтықпен бірге этностық қасиеттер бірге анықталмақ, себебі, бұл халықтардың ғасырларға кететін этностық тарихы бар. Этногенез – пайда болу, даму және нәсiлдердiң (этностардың) жоғалуының үрдісі. Этникалық дәстүр – ортақ территорияны мекендейтін халықтардың дәстүрлер кешені. Этникалық жүйе – дүниетанымдары мен мінез-құлық стериотиптеріне қарай біріккен адамдар қауымдастығы.
3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау; Date: 2015-07-22; view: 1480; Нарушение авторских прав |