Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ферромагнетиктер





Ферромагнетиктерге сыртқы магнит өрісі жоқ болса да магниттік қасиетке ие болатын заттар жатады. Диа- және парамагнетиктермен салыстырғанда (бұлар әлсіз магнитті заттар) ферромагнетиктер күшті магниттік заттар болып саналады. Ферромагнетиктердің негізгі өкілі темір (Fe)болып саналады, оларға сонымен бірге кобальт, никель, гадолиний және олардың қоспалары жатады (мысалы, Fe–Nі не Fe–Nі–Al). Соңғыжылдары өндірісте ферромагнитті шала өткізгіштер – ферриттер үлкен роль атқаратын болды.

 
 

Ферромагнетиктердің магниттелінуі диа- және парамагнетиктердің магниттелуінен орасан есе (1010-ға дейін) көп.

2.4-сурет. Магниттелудің магнит өрісі кернеулігіне тәуелділігі.

 
 

Ферромагнетиктердің магниттелінуі Н-қа тәуелді (2.4-сурет).Магнит өтімділігі m мен магнит сезімталдығы χ да Н-қа тәуелді.. А.Г.Столетов жұмыстары бойынша Н-тың өсуімен бірге магниттеліну бастапқыда жылдам өседі де, сонан соң баяулайды, шамасы 100 А/м өрісте Н-қа тәуелді болмайтын магниттік қанығуға (jқан) жетеді. Бұл құбылысты магниттік қанығу деп атайды. 2.5-суретте Столетовтың темір үшінχ шамасы өріс кернеулігінің функциясы ретінде келтірілген. Ферромагнетиктердің ерекшелігі болып саналатын, магнит гистерезисі деп аталатын құбылыс бар.

2.5-сурет. Заттың магнит сезімталдығының магнит өрісі кернеулігіне тәуелділігі.

 

Енді осы құбылысты қарастырайық. Бастапқыда ферромагнетик қанығуға дейін магниттеледі (1 нүкте, 2.6-сурет), сонан кейін өріс кернеулігінің (Н) азаюы нәтижесінде магнитсізденеді, 1-2 қисығы, 1-0 қисығынан жоғары орналасқан. Н=0 ( =0) болғанда, J нолге тең болмайды, яғни магниттеліну жоғалмайды. Қалдық магниттелінуінің jқалбар болуы тұрақты магниттерді жасауға мүмкіндік береді. Ферромагнетикті магнитсіздендіру үшін магниттеу өрісі бағытына қарама-қарсы бағыттағы өрісті Н пайдалану керек. Бұл кернеулік НС коэрцитивтік күш деп аталады. Әрі қарай қарама-қарсы бағыттағы өрісті арттырғанда, ферромагнетик қайтадан магниттеледі (3-4 қисығы), 4 нүкте қанығуға сәйкес келеді, мұнда Н=-Нс.. Ферромагнетикті магнитсіздендіруге (4-5-6 қисығы) және қайтадан қанығуға дейін магниттеуге (6-1 қисығы) болады.Сонымен, ферромагнетикке айнымалы магнит өрісі әсер еткенде, магниттеу 1-2-3-4-5-6-1 қисығына сәйкес жүргізіледі.

2.6-сурет. Гистерезис қисығы.

 

Бұл қисық - гистерезис тұзағы деп аталады (осындай тұзақ В-Н диаграммасы бойынша да алынады).

jқал (не Вқал. .), Нс және mмах шамалары ферромагнетиктің негізгі сипаттамалары болып табылады. Егер Нс үлкен шама болса, ферромагнетик қатаң деп аталады. Қатаң ферромагнетикке кең тұзақ тән. Егер Нс аз шама болса, ферромагнетик – жұмсақ (гистерезис тұзағы енсіз) деп аталады. Трансформаторлардың өзекшесі жұмсақ ферромагнетиктерден, ал тұрақты магниттер - қатаң ферромагнетиктерден жасалады. Әр ферромагнетик үшін магнит қасиеттерін жоғалтатын температура болады, ол Кюри нүктесі деп аталады. Темір үшін, мәселен, Кюри нүктесі Тс = 7680С, ал никель үшін Тс =3650С.







Date: 2015-07-22; view: 2596; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию