Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Электрондар мен атомдардың магнит моменттері
Магнит өрісіне енгізілген кез келген зат ерекше күйге келеді – ол магниттелінеді. Бұл құбылысты Ампер гипотезасы негізінде түсіндіруге болады: кез келген денедегі атомдар мен молекулалардағы электрондардың қозғалысы нәтижесінде микроскопиялық токтар пайда болады. Классикалық физиканың қағидаларына байланысты атомдағы электрондар оң зарядтты ядро маңында тұйық орбиталармен қозғалады (2-1.Сурет). Әр электронның мұндай қозғалысы тұйық контурда ағатын токқа эквивалентті. Сондықтан, кез келген атомды не молекуланы олардың магниттік қасиеттері жөнінен магнит өрісі кеңістігіндегі электрондық микротоктардың қайсыбір жиынтығы ретінде қарауға болады. 2.1-сурет. Электронның тұйық орбита бойымен қозғалысы. Жаңа физикалық шамалар ұғымын енгізейік. Электронның орбиталық магнит моменті деп тұйық орбитада электрондардың қозғалысынан пайда болатын электр тогының магнит моменті айтылады. Электронның орбиталық магнит моменті мынаған тең: pm=ІS=eνs, (2.1) мұндағы S– электрон орбитасымен шектелген аудан; І– ток күші;n –электронның орбитадағы айналу жиілігі;е–электрон зарядының абсолют мәні.Ток күші (І) бірлік уақытта тасымалданатын зарядқа тең болғандықтан, орбита бойымен айналатын электрон мынадай ток күшін тасымалдайды: І=en.(2.2) Жиілік , мұндағы –электрон жылдамдығы; r – орбита радиусы.Онда ток күші: . (2.3) Электронның магнит моменті: . (2.4) Бұл формула атомдағы кез келген электрон үшін дұрыс. Магнит моменті – векторлық шама, оның бағыты тогы бар орамның магнит өрісінің индукциясы бағытымен бірдей болады. Магнит моментінің бағыты оң бұранда ережесімен анықталады. векторының ұшынан орамдағы ток сағат тілі қозғалысына қарсы бағытпен айналатын болып көрінеді. Молекуланың не атомның орбиталық магнит моментінің векторы деп осы молекулалардағы не атомдардағы барлық электрондардың орбиталық магнит моменттерінің векторлық қосындысын айтамыз: , (2.5) мұндағыz–Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің реттік нөмірі, ол әр элементтердегі жалпы электрон санын береді. Орбитамен қозғалатын электрон механикалық импульс моменттеріне де ие, оның модулі: , (2.6) мұндағы r, – жылдамдық, S = pr2 – ауданы десек, онда . (2.7) Электронның орбиталық механикалық моменті векторының бағыты оң бұранда ережесімен анықталады: , (2.8) (2.8) қатынас гиромагниттік қатынас деп аталады. Мұндағыминус таңбасы және векторларының қарама-қарсы бағытталғанын көрсетеді. Атомдағы әртүрлі орбиталар үшін электронның жылдамдығымен орбита радиустары r бірдей емес, олай болса мен векторлары да әртүрлі болады, бірақ гиромагниттік қатынас тұрақты шамалармен анықталатындықтан кез-келген орбиталар үшін бір мәнді болады.
Date: 2015-07-22; view: 1647; Нарушение авторских прав |